- •№ 1 Емтихан билеті
- •№ 2 Емтихан билеті
- •№ 3 Емтихан билеті
- •№ 4 Емтихан билеті
- •№ 5 Емтихан билеті
- •2. Когнитивтік ұғымдар.
- •№ 6 Емтихан билеті
- •№ 7 Емтихан билеті
- •1. Тіл біліміндегі әлеуметтік бағыт
- •2. Когнитология және когнитивті лингвистика
- •3. Тілдік және мәдени коммуникация № 8 емтихан билеті
- •№ 9 Емтихан билеті
- •1.Функционалды грамматиканың зерттелуі
- •3. Қазақ тіл біліміндегі аталым теориясының онтологиялық және гносеологиялық мәселелері № 10 емтихан билеті
- •№ 11 Емтихан билеті
- •№ 13 Емтихан билеті
- •№ 14 Емтихан билеті
- •№ 15 Емтихан билеті
- •№ 16 Емтихан билеті
- •№ 17 Емтихан билеті
- •№ 18 Емтихан билеті
- •№ 19 Емтихан билет
- •1. Тіл білімінің теориялық мәселелері
- •2. Неофункционализм принципі, негізгі ұстанымдары
- •№ 20 Емтихан билеті
- •1. Қазақ грамматикасындағы зерттеулердің теориялық-әдіснамалық проблемалары
- •2. Тіл саясаты және тілдік жағдаят
- •3. Тіл және оның өмір сүру формалары № 21 емтихан билеті
- •№ 22 Емтихан билеті
- •1. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, өзекті мәселелері
- •2. Табиғи және жасанды тілдер, арақатынасы, жасанды тіл жасаудың болашағы
- •3. Интерлингвистика теориясының қалыптасуы, зерттеу нысаны, өзекті мәселелері № 23 емтихан билеті
- •№ 24 Емтихан билеті
- •№ 25 Емтихан билеті
- •1. Когнитивтік ұғымдар. Дискурс. Фрейм
- •2. Ххi ғасырдың басындағы қазақ тіл білімі, өзекті мәселелері
- •3. Мәтін лингвистикасы, өзекті мәселелері
№ 17 Емтихан билеті
1. ХХ-ХХІ ғ.ғ. лингвистикалық мектептер, олардың даму бағыты. Лингвистикалық мектептер. Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты. XIX ғасырдың соңғы он жылы мен XX ғасырдың бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға алынды, зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері іздестіріледі. Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болды. Олардың қатарына "Сөздер мен заттар", "Эстетизм", ''Социологизм" деп аталатын мектептерді жатқызуға болады. Жас грамматизм бағытын сынауда бұлардың өкілдері бірауызды болғандығымен, тілдің өзіндік сипатын, мәнін айқындауға келгенде әр- қайсысының өзіндік көзқарастары, ұстаған жолдары болды. Енді соған келейік.
Сөздер мен заттар. Бұл - тіл білімі тарихында жас грам- матикалық бағыттан біржола және үзілді-кесілді бас тарту ұра- нын тұңғыш көтерген мектеп. Оның өкілдері 1909 жылдан бастап Рудольф Мерингердің (1859-1931) басқаруымен шыға бастаған (Австрияда) "Сөздер мен заттар" деп аталатын журнал төңірегінде топтасқандықтан, соның атымен аталған (Журнал XX ғасырдың 40 жылдарына дейін шығып тұрды). Бұл мектептің ең көрнекті өкілі - роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Гюго Шухардт (1842- 1927).
Г. Шухардт тек роман тілдерін ғана емес, басқа да көптеген тілдерді зерттеген, жан-жақты, терең білімді адам болған. Ол тіл білімінде бірталай тың да қиын мәселелерді көтеріп, өз көзқарасын білдіріп отырған. Бұл мектептің өкілдері зат пен оның атауы арасындағы қарым-қатынасқа ерекше мән береді. Г.Шухардт "Заттар мен сөздер" деген еңбегінде: сөз затты білдіреді, зат - алғашқы, ол ешнәрсеге тәуелсіз, өзі үшін өмір сүреді, ал сөз затқа қарағанда соңғы, кейінгі, ол - затқа тәуелді, оның өмірі затқа байланысты, зат жоқ болса, оған қойылатын атау да жоқ, тілдегі әр сөздің өзіндік тарихы бар, оны тек лингвистикалық талдау "арқылы ғана емес, заттар тарихы арқылы да зерттеуге болады, заттар тарихы мен сөздер тарихы арасында толық параллелизм де, сондай-ақ күрделі және нәзік қарым-қатынастар да бар, тіл білімінің міндеті - соны ашу дейді
Эстетизм. XX ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі - эстетизм немесе эстетикалық лингвистика. Оны қалыптастырушы - неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949). Эстетизм мектебінің негізгі принциптері К.Фосслердің "Тіл -біліміндегі позитивизм мен идеализм" (1904), «Тіл - шығармашылық және даму» (1906) деген еңбектерінде баяндалған. Мектептің эстетизм деп аталу себебі - оның тілдері тілді эстетикалық тұлға, эстетикалық көрсеткіш дейді де, оны зерттейтін тіл ғылымы - эстетиканың бір саласы, эстетика -оның негізі, қайнар бұлағы. Тіл жөніндегі зерттеу эстетикадан басталып, эстетикамен аяқталады деп санайды. Кейде бұл мектеп неофилология немесе идеалистік неофилология деп те аталады. К.Фосслердың зерттеулерінің көпшілігі әдебиеттану ғылымына жатады. Солармен бірге тіл мәселелеріне арналған "Лингвистикадағы позитивизм мен идеализм" деп аталатын еңбегінде Фосслер позитивистер деп жас грамматистерді атайды да, идеалистер тобына өзін және өзінің жолын қуушыларды жатқызады. Бұл еңбектің ең түйінді мәні - жас грамматикалық бағыттың позитивизмін қатал сынай отырып, тілді эстетикалық туынды, тіл білімін эстетикалық ғылым деп жариялау. К.Фосслер өзінің эстетикалық концепциясын негіздеуде идеалистік философия мен өз дәуірінің атақты тіл ғалымдары В.Гумбольдт пен Г.Штейнталь еңбектеріне сүйенген. В.Гумбольдттың ізімен К.Фосслер де тілді шығармашылық туынды, тіл – шығармашылық дейді. Бұл - оның бүкіл концепциясының негізі. Тілді шығармашылықеп санағандықтан, К.Фосслер индивидумдардың сөйлеу әрекетіне ерекше мән береді. Ол рухани шығармашылықтың барлығы да эстетикалық құбылыс. Шығармашылық болғандықтан тіл де эстетикалың қарауына жатады. Ал объектісі эстетикалық құбылыстар қатарына жатқандықтан, тіл білімінің эстетикалық болмасқа әдісі жоқ деп есептейді. Олар тілдің экспрессивтік қызметін зерттеуге баса назар аударады, тілді тарихи-мәдени туыңды деп санайды.
Неолингвизм (гр. нео - жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған). Неолингвизм де жас грамматизм бағытына қарсы XX ғасырдың бас кезінде қалыптасқан лингвистикалық мектеп. Неолингвистика деген атауды бұл мектеп өкілдері өздерін жас грамматизм бағытынан мейлінше бөлек лингвист етіп көрсету үшін қолданған. Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946), Джулиано Боифанте, (1904), В.Пизан (1899 ) т. б
Неолингвизмнің тілдердің географиялық орнына шешуші мән беретіндіктеріне қарап кейде оны ареалдық лингвистика деп те айтады. Ареалдық линвистика немесе лингвистикалық география - тілдік құбылыстардың тараған аймағын, шекарасын зерттейтін ғылым. Неолингвизм өкілдерінің бір табысы - лингвистикалық география ілімінің принциптерін айқындап, жетілдіріп, оны тіл біліміне ендіріп таратты. Жас грамматистер тілді бір ғана диахронды тұрғыда зерттесе, неолингвистер оны синхрондық тұрғыда да зерттейді. Жас грамматистер тіл білімінің міндеті сөйлеу тілі фактілерін зерттеу дегендерімен, іс жүзінде жазба тіл фактілерін көбірек зерттеді. Неолингвистер сөйлеу тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді зерттеуге ерекше мән берді. Неолингвизмнің ең басты кемшіліктері - тілдің жүйелік, құрылымдық сипатына жеткілікті мән бермей, экстралингвистикалық мәселелерге көп көңіл бөліп, тіл өміріндегі индивидумдар ролін асыра бағалаулары болды.
Социологиялық мектеп. Бұл мектеп тілдің қоғамдық сипатын, әлеуметтік мәні барлығын мойындаудан туған. Тілде әлеуметтік сипаттың барлығын, қайта өркендеу дәуірі мен ХҮШ-ХІХ ғасырлардың бірсыпыра ойшылдары да баса айтқан. Дегенмен, бұл мәселе XIX ғасырдың екінші жартысына дейін жүйелі зерттелмеді. Мектептің социологиялық деп аталған себебі бұл бағыттағылар индивидуалистік, натуралистік бағыттағыларға қарама-қарсы тіл - қоғамдық, әлеуметтік құбылыс, ол тек адам қоғамы бар жерде ғана өмір сүре алады. Тілді дүниеге келтірген де, оны ілгері дамытатын да қоғамдасқан адамдар. Тіл әлеуметтік құбылыс болғандықтан, ол басқа әлеуметтік құбылыстармен байланыста қаралу керек деп санайды
Структуралық лингвистика. XX ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген лингвистикалық мектептердің ең көрнекті және кең тарағандарының бірі - структуралық лингвистика деп аталатын бағыт. Бұл мектеп салыстырмалы-тарихи тіл біліміне оның бір бұтағы жас грамматикалық мектепте қарсы бағытта туып қалыптасты. Структуралық лингвистиканың немесе структуралық әдістің дүниеге келуінің ішкі-сыртқы себептері бар. Ең негізгісі - XX ғасыр ғылымы дамуында пайда болған жаңа бағыт. XIX ғасыр ғалымының негізгі сипаты тәжірибие арқылы бақылаудан туған фактілерді есепке алу, сипаттау болса, XX ғасыр ғылымы олардың өзіндік мәнін, ішкі заңдылықтарын, зерттеліп отырған объектің құрылым ерекшелігін, оны құрайтын элементтердін ара қатынасын, бір-бірімен байланысын, бір- біріне тигізетін әсерлерін ашуға тырысады.
2. Аталым теориясының онтологиялық және гносеологиялық мәселелері. Онтология-философиялық атаулар, қазіргі кезде жаңа атауларды мысалға келтірсе болады. Мысалы, ғарыш, зымыран, смартфон, яғни мұнда ұлттық, минталитеттік нақыштар көрінбейді. ТҮсіндіре алмаймыз.
Гнесеология – танымдық атаулар, яғни адамның дүниетанымына сәйкес атаулар.
Қазақ лингвистикасының таным əрекетіне яғни тіл мен этносқа қатысты мəселелер А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектерінен бастау алады. Этностың жекелеген тілтанымдық қырлары Ə.Қайдар, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, М.Атабаева, Э.Оразалиева, Ғ.Сағидолла т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылды. Алайда тіл білімінің кейінгі жылдары жаңа қарқынды дамуы, жаңа тілдің басқа бағыттармен ұштастыра зерттеуді осы саласының міндеті, зерттеу əдісі жəне нысаны, тіл мен этностың даму тарихын тексерудегі мəні мен маңызын, өзге де қыр-сыры қазіргі кезеңде басқа қырларынан таныла бастады. Когнитивтік лингвистиканың қазір халқымыздың жалпы рухани өмірін, салт-дəстүрін, өзіндік қасиеттерін, ұлттық дүниетаныммен қайта қарастыру ерекше мəн-маңызға ие болды. Оның өзіндік ерекшелігі, мазмұндық сипаты жан-жақты саралана, зерделене бастады. Өйткені соңғы кезде когнитивтік лингвистикада тілдік аталым бірліктері кешенді мəселелерді алға қойды.
Тұрмыс-салт лексикасында туыстық атауларға байланысты күрделі аталымдар көп. Сондықтан да қазақ халқы – халық болып қалыптасқаннан бері жиі қолданылатын күрделі аталымдар. Мағына жағынан тануға, талдауға келгенде біріккен сөздер (оның ішінде, кіріккен сөздер) қиынға түседі. Қазақ ұлты өзінің шыққан тегін, кіндік кесіп, кір жуған атажұртын қастерлеп жеті атасын жадында тұтуды парыз деп санады. «Жеті атасын білген ұл жеті рулы елді біледі» деген сөзді салмақтап, қазақ халқы тегін айтпаған болар. «Қырық рулы еліміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз де баяғыдан келе жатыр. Бұл қазақтың аралас-құралас, алыс-берісті, құда-жекжат, жамағайын-жұрағаттығын аңғартатын сонау іргеміз сөгіліп, қаймағымыз бұзылмаған заманнан жеткен ұғым.Осы туыстық атауларға байланысты тілдегі қалыптасқан күрделі зат аталымдарының ең үлкен тобын құрайтындар – тіркесті күрделі зат аталымдары. Олар: нағашы апа, нағашы ата, нағашы іні, нағашы аға, қарын бөле, немере бөле, қайын бике, қайын сіңілі, қайын ата т.б. Күлделі зат аталымдарының ендігі бір тобы қосарлы аталымдар: ағайын-туған, туған-туыс, іні-бауыр, жақын-жуық, жақын-жақыбай, жақын-жұрағат, ата-баба, үрім-бұтақ, өрен-жаран, ағайын-аймақ, жекжат-жұрат, құда- жекжат. Яғни тек бір ұлтқа тән атаулар, бұлар гнесеологиялық атаулар.
3. Қолданбалы лингвистика, зерттеу нысаны, өзекті мәселелері. Қолданбалы лингвистика – тіл қолдану мәселелерінің практикалық әдістерін жасаумен айналысатын тіл білімінің бағыты.Қолданбалы тіл білімінің дәстүрлі және жаңаша мақсаттарға сай түсініктері бар. Дәстүрлі қолданыста: жазуларды жасау, шетел сөздеріне транслитерация жүйесін жасау, зағиптарға арналған жазу жүйесін жасау, аударманы жүйелеу, тіл мәдениеті мен сөйлеу шешендігін зерттеу, арнайы лингвистикалық сөздіктер шығару, жасанды тілдерді зерттеу. Ал жаңаша мақсаттағы түсінікке: машинамен аудару, ақпараттар тілі, терминология және оның ақпарат тілі. Өткен ғасырдың 50 жылдарынан бастап «қолданбалы лингвистика» термині жаңа мағынағы мағынаға ие болды. Ол күнделікті өмірімізге компьютерлік технологияның және автоматтық басқару жүйесінің араласуы арқылы мәтінді автоматты түрде өңдеуге қатысты көптеген қолданбалы бағыттағы тілдік бірліктерді талдау мен жинақтау негізінде тілдің танылуы мен талдану заңдылықтарын белгілеу қажеттілігінен туындайды. Тілді зерттеумен айналысатын қолданбалы тіл білімінің негізгі бағыттары: лексикография-сөздіктерді құрастырудың телориясы мен практикасы; лингводидактика-шет тілін оқыту әдістемелерін жасау жөніндегі ғылым; терминтану-ғылыми-техникалық терминдерді жүйеге келтіру мен реттеу жөніндегі ғылым; аударматану-аударма теориясы; Қолданбалы ғылымдармен байланысты қолданбалы тіл білімінің негізгі бағыттары: компьютерлік лингвистика, машиналық аударма, белгілерді автоматты айырып тану, сөзді автоматты түрде айырып тану, мәліметтерді автоматты шығару, электронды сөздіктер, тезарустар құрастыру, корпусты лингвистика, мәтіндердің электронды корпустарын құру және қолдану.
Қазіргі жаңа ақпараттық технологиялар дамыған кезеңде қолданбалы тіл білімінің негізгі салалары: машинамен аудару, компьютерлік лингводидактика, математикалық тіл білімі, табиғи тілдерді автоматты түрде өңдеу, квантативтік тіл білімі, статистикалық лигвистика. Қолданбалы лингвистиканыңжаңа аспектілері теориялық тіл біліміне жаңа ғана ене бастаған математикалық әдістерді, әсіресе теориялық-жиынтық,формальды-логикалық,статистика-ықтималдық әдістердің қолданылуын барынша жеделдетті. ХХ ғ. 50-70 жыл. тілдік материалдарды автоматты түрде өңдеуге қатысты күрделі проблеманың шешім табуы қолданбалы лингвистикаәрі қарай дамуына әсер етті.
