Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіл біл. өз. мәс. емтихан.doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
561.66 Кб
Скачать

№ 16 Емтихан билеті

1. Қазақ тілтаным ғылымының қалыптасуындағы өзекті мәселелер. Қазіргі тілтаным ғылымындағы Антропоцентристік парадигма өз бастауын Еуропадан В. фон. Гумбольдттың лингвофилософиялық концепцияларынан алады. Бүгінгі таңда антропоцентристік парадигма өте қарқынды зерттелу үстінде. Антропоцентристік парадигма негізінен «тіл-қоғам-адам», «тіл-мәдениет-өркениет», «тіл-ұлт-мәдениет» деген үштіктердің негізінде зерттеу бағыттары жүргізіліп жатыр. Антропоцентризм парадигмасының негізінде пайда болған бағыттардың әрқайсысының өзекті мәселелері бар. Мысалы: Әлеуметтік лингвистиканың өзекті мәселелері – мемлекеттік тіл мен ресми тілдің аражігі; қоғамдағы қостілділік, көптілділік мәселелері; тіл тазалығын, тіл мәдениетін сақтау; когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселелері когнитивтік ұғымдардың: фрейм, гештальт, схема, сценарий сияқты түрлері әлі де зерттеуді қажет ететіні. Бүгінде концепт, когниция ұғымдары зерттелуде. Нейролингвистикадағы өзекті мәселелер – ана тілінде сөйлеу қабілеті жоғалғандармен, ми ауытқуында кемістігі бар адамдармен жұмыс жасау; лингвомәдениеттану негізіндегі мәдениетаралық коммуникациядағы өзекті мәселелелер – қарым-қатынасқа түсушінің тілін ғана білу жеткіліксіз, сол елдің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпымен, ұлттық ерекшеліктерімен, яғни этностық болмысымен танысып, хабардар болуы керек; прагмалингвистикада – дискурс түрлерінің жеке-жеке зерттеуге көңіл бөлу мәселесі, корпустық лингвистикадағы мәселелер – қазақ тілінің Ұлттық корпусын жасау, ондағы туындайтын мәселелер – сол корпусты жасау үшін ғалымдарды бір орталыққа жинау, мәтіндерді талдауда алынатын ақын-жазушылардың шығармаларынан мысал келтіруде сол шығарманың электронды нұсқасының табыла бермеуі, аннотация беруде бірізділіктің болмауы сияқты мәселелер қарастырылады. Сонымен қатар тіл білімінің салалары – фонетика, сөзжасам, лексикология, морфология, синтаксис салаларындағы өзекті мәселелер де қаралады.

2.Аталым және когнитология. Атау теориясы – (номинация теориясы) табиғаттағы заттар мен құбылыстың аталу себебін түсіндіреді. Онтология (грекше ontos –болмыс) əлемдегі заттардың фундаменталды мəні табиғатын айқындаумен айналысады. Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады. Атау онтологиясы заттың не құбылыстың атауының денотаты, яғни атау арқылы таңбаланатын бүкіл заттардың қасиеті мен белгілерін қарастырады.Атау арқылы адам бейнесі тілде таңбаланады. Атаудың жасалуы үштік жүйеден тұрады: 1. Аталатын шындық болмыс (денотаттық мағына); 2. Таңбалардың гносеологиялық бейнесі- танымдық бейне (сигнификаттық өріс), 3. Мəні-атау (таңбалау, үлгілеу). Осындағы таңбалардың гносеологиялық бейнесі аталым теориясының когнитология ғылымымен байланысын білдіреді. Мысалы: «Мәңгүрт» ұғымы Ш.Айтматовтың шығармасында, жеке адамның өткенін, тегін,тіпті, атын ұмыттыру үшін қолданылған қатал әрекеттердің құрбаны. Ол адамның ессіз, жадысыз тіршілік иесіне, малға жұмсайтын құлға айналуы деп түсіндіріледі, қазіргі заманда дәстүрлі мәдениетті елдерде Батыстық Американдық өмір сүру дағдыларының, өнері мен музыкасының жаулап алуы процесін де осы мәңгүрттікке айналдыру құралы деуге болады (Ж.Манкеева). Ит – қазақтың танымында жеті қазынаның бірі саналып қоймай, он екі мүшел жылдың біріне енеді. Ит – жеті қазынаның бірі дей тұра халқымыз оның жағымсыз эмоциямен де ассоциациялайды. Біреуді қатты жек көргенде иттің образы алынады: иттің етінен жек көру, иттің баласы, иттен туған,т.б. Және де мінезі нашар адамды «ит мінезді», әлсізге әлімжеттік қылатын «ит ашуын тырнадан алды», қайта-қайта сәнденіп әлекке түсетіндерді – жарасын жалаған итпен салыстырады.

3. Қолданбалы лингвистиканың негізгі бағыттары. Қолданбалы лингвистика – тіл қолдану мәселелерінің практикалық әдістерін жасаумен айналысатын тіл білімінің бағыты.Қолданбалы тіл білімінің дәстүрлі және жаңаша мақсаттарға сай түсініктері бар. Дәстүрлі қолданыста: жазуларды жасау, шетел сөздеріне транслитерация жүйесін жасау, зағиптарға арналған жазу жүйесін жасау, аударманы жүйелеу, тіл мәдениеті мен сөйлеу шешендігін зерттеу, арнайы лингвистикалық сөздіктер шығару, жасанды тілдерді зерттеу. Ал жаңаша мақсаттағы түсінікке: машинамен аудару, ақпараттар тілі, терминология және оның ақпарат тілі. Өткен ғасырдың 50 жылдарынан бастап «қолданбалы лингвистика» термині жаңа мағынағы мағынаға ие болды. Ол күнделікті өмірімізге компьютерлік технологияның және автоматтық басқару жүйесінің араласуы арқылы мәтінді автоматты түрде өңдеуге қатысты көптеген қолданбалы бағыттағы тілдік бірліктерді талдау мен жинақтау негізінде тілдің танылуы мен талдану заңдылықтарын белгілеу қажеттілігінен туындайды. Тілді зерттеумен айналысатын қолданбалы тіл білімінің негізгі бағыттары: лексикография-сөздіктерді құрастырудың телориясы мен практикасы; лингводидактика-шет тілін оқыту әдістемелерін жасау жөніндегі ғылым; терминтану-ғылыми-техникалық терминдерді жүйеге келтіру мен реттеу жөніндегі ғылым; аударматану-аударма теориясы; Қолданбалы ғылымдармен байланысты қолданбалы тіл білімінің негізгі бағыттары: компьютерлік лингвистика, машиналық аударма, белгілерді автоматты айырып тану, сөзді автоматты түрде айырып тану, мәліметтерді автоматты шығару, электронды сөздіктер, тезарустар құрастыру, корпусты лингвистика, мәтіндердің электронды корпустарын құру және қолдану.

Қазіргі жаңа ақпараттық технологиялар дамыған кезеңде қолданбалы тіл білімінің негізгі салалары: машинамен аудару, компьютерлік лингводидактика, математикалық тіл білімі, табиғи тілдерді автоматты түрде өңдеу, квантативтік тіл білімі, статистикалық лигвистика. Қолданбалы лингвистиканыңжаңа аспектілері теориялық тіл біліміне жаңа ғана ене бастаған математикалық әдістерді, әсіресе теориялық-жиынтық,формальды-логикалық,статистика-ықтималдық әдістердің қолданылуын барынша жеделдетті. ХХ ғ. 50-70 жыл. тілдік материалдарды автоматты түрде өңдеуге қатысты күрделі проблеманың шешім табуы қолданбалы лингвистикаәрі қарай дамуына әсер етті.