Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіл біл. өз. мәс. емтихан.doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
561.66 Кб
Скачать

№ 15 Емтихан билеті

1. Нейролингвистика, зерттеу нысаны, өзекті мәселелері. XX ғасыр ғылымының тарихында асамаңызды да, қызықты да құбылыстардың бірі – нейролингвистика ғылымы болып табылады. Бұл ғылым сөйлеудің барлық жақтарын зерттейді.

ХХ ғасырдың орташенінен бастап бір емес бірнеше негізгі ғылымдардың арасында байланыс құра бастаған. Бір жағынан нейролингвистика нейроанатомия, неврология, нейропсихология, философия, психология, психиатрия жәнелогопедия тәрізді ғылымдармен өте тығыз байланыста; басқа жағынан, нейролингвистиканы әртүрлі теория, әдіс-тәсілдермен толықтыратын ғылымдар бар.

Нейролингвистиканың лингвистикалық қайнар көздері ғалым Бодуэн де Куртененің мектептерінен бастауын алады. Ол өз еңбегінде «аспанда небір қалықтап ұшып жүрген тілдер жоқ, тек қана тілдік ойлау қабілеті күшті адамдардың бар екендігін » атап өтті.

Нейролингвистика – нейрология мен лингвистика ілімдерінің тоғысын да пайда болған ғылым. Негізгі зерттеу мәселесі тіл жүйесінің ми құрылысының сөйлеу аппаратына қатысты бөлімімен байланысын қарастыру болып табылады. Сөйлеу негізінен мидың сол жақ бөлігі және ми қыртысы арқылы жүзеге асады. Ауызша сөйленіске ми қыртысының сол жақ төменгі бөлігі, маңдай иірімі, Брока кеңістігі, ал сөйленісті түсіну ми қыртысының сол жақ бөлігіндегі самай иірімдері, яғни Вернике кеңістігіжауап береді.

Майкл Холл Альфред Кожибскийдің 1933 жылы жалпы семантикамен байланысты невралогиялық семантиканың мәнін арттыру мақсатында «нейролингвистика» және «нейросемантика» деген терминдерді ойлап тапқанын айтады. Ал ол терминнің ойдан құрастырылғанынынан кейін де қаншама ғылыми ізденістер мен жетістіктер болып үлгергені біз үшін әлі беймәлім нәрсе. Яғни каншалықты деңгейде қандайеңбектердің бар екендігі толыққарастырылған жоқ. Солардың біріретінде Е.И. Горошконың ми қызметінің лингвистикалық қызметіне байланысты топтамасын ұсынуға болады. Е.И. Горошко сол жақ жарты шардың қызметіне: «сөздерді топтастыру және тану; абстрактылы лексика мен квази сөздерді қабылдау; дыбысты сөйлесімнің аналитикалық кодталуы мен декодталуы; сөздердің морфологиялық мүшеленуін түсіну; сөздердің валенттілігіне қарай актуалдануы; сөздің өзгеруі; сөздің туылуы; күрделі синтаксистік құрылымдардың мүмкіндігі; грамматикалық құрылымдардың (үстеу, көмекші етістіктер, етістіктің белгілі бір формалары) қалыптасуына қатысатын лексиканың қолданылуы; сөйленімнің құрылымдылығы, қағидалылығы, тиянақтылығын, оңжақ жарты шардың қызметіне: сөйлесімнің дыбыс ырғағын жасау мен қабылдау; нақтылы лексиканы тану; сөйлесімде дайын сөз формаларының біртұтас бөлінбейтін бірліктер ретінде айтылуы, яғни номинацияның біртұтастығын қамтамасыз етеді; нақтылы мазмұнды сөйленімдердің толықтырылуы, сөйленімнің тілден тыс шындық пен жеке тәжірибеге бағыт-бағдарына жауап беретінін» жатқызады.

Қазақнейро-лингвистикасының өзекті мәселелері

Байқағанымыздай қазақ нейролингвистикасы жеткілікті түрде дамымаған, оның сұлбасын жасау үшін шетел лингвистикасына жүгіну қажеттілігі туады. Өйткені осы салада қарастырылған ғылыми- зерттеу жұмыстары, зертханалық-тәжірибелік жинақталған нәтижелер бар.

Экологияның нашарлануына байланысты қазіргі уақытта сөйлеу актісінде көптеген ауытқулары бар балалар көп, бірақ осы мәселені зерттеуге септігін тигізетін тіл білімінің бұл саласы дамып үлгермей жатыр.

Қазіргі қоғамда өз ана тілімізді білмейтін көптеген адамдар бар. Бұл қазақ нейролингвистикасының өзекті мәселесіне айналып отыр. Себебі, Б.Хасанұлының «Ана – ата мұра» атты монография сында ана тілі баланың туылғанынан бастап анасының тілінде шығатын тілі, ғалымның өз сөзімен айтқанда «ана тілі – адамның емшек сүтімен бойына дарыған өмір бойғы серігі» дейді. Ал біз де өз балаларына орыс тілінде сөйлеп, сол тілді ана тілі іспеттес үйретіп отрады. Сонымен бірге Б.Хасанұлы басқа тілді білу үшін де өз ана тілін жетік меңгеру керектігін баса айтқан.

2. Тіл біліміндегі дискурс теориясы, өзекті мәселелері. Дискурс дегеніміз экстралингвистикалық факторларға негізделе отырып жасалатын, белгілі бір жүйеге түскен, оқиғасы, қатысушылары бар, қатысушының баға беруі қажет етілетін тұтас мәтін. Осы тұрғыдан келгенде ғылыми мазмұнда жазылған материалдарды ғылыми дискурс деп тануға болады.

Мәтін – сөз арқылы жеткізілетін, сөйлеудің шығармашылық нәтижесі. Мәтін арқылы барлық тілдік бірліктер іске қосылатындықтан, ол ерекше күрделі тілдік таңбаға жатады. Соған орай мәтінді талдау мен мәтінді тану оның түзілімі мен құрылымын саралау, мәтінжасам барысындағы тілдік бірліктердің қызметін анықтау бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. ХХ ғасырдан бастап мәтін сөйлеу бірлігі және ерекше сөйлеу шығармашылығы ретінде зерттеле бастауы мәтін лингвистикасы пәнін дүниеге келтірді. Мәтін ұғымымен бірге оны танып-білудің жолдары, амал-тәсілдері пайда болды. Ал мәтінді тілдік жақтан тану тілдік бірліктердің қызметін, мағыналық қырларын анықтаумен пара-пар. Мәтіннің тілдік қырларын толық білу интеграциялық процеспен қатар жүреді. Ғылымдағы интеграциялық үдерістердің көбеюі интеграциялық бірлесу мен тұтасудың көрінісі мәтін талдау мен мәтінтану, мәтін құрылым мен мәтінтүзілімнен көрінетіндіктен, осы жаңа парадигмаға сай мәтін лингвистикасына, мәтінтануға, мәтін кеңістігінің семантикасы мен мәтіннің дискурстық мәселелерін қарастыруға арналған зерттеу мақаласының бағыты мен көтерген тақырыбы өзекті болып табылады. Мәтінді оқу барысында мәтіндегі ойды қайтадан ой елегінен өткізу үдерісі («перекодирование») мен жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің, ұғымдардың мәтін арқылы трансформациялануы жүреді. Яғни мәтінтану мен мәтінтүзілімге қарағанда жаңа жас сала мәтін лингвистикасы мәтінді белгілі бір құрылым ретінде қарастырады. 

Мәтін мен дискурстың айырмашылығы: егер дискурсты актуалды сипатта айтылған мәтін ретінде танысақ, ол кезде мәтін – айтылған ойдың абстрактылы, грамматикалық құрылымы, ал дискурсты актуалды айтылым әрекетіне қатысты сөз (речь) деп есептесек, ол кезде мәтін – тілдік жүйеге немесе формалды лингвистикалық білімге лингвистикалық компетенттілікке қатысты ұғым болып табылады. 

       Г.Кресс еңбектерінде мәтін және дискурс ұғымдарының аражігі айқын ашылған және оларды қолданудың шегі де нақты көрсетілген. Автордың пікірінше, дискурс – әлеуметтік салаға тиесілі категория, ал мәтін – лигвистикалық категория. Олар таралуына байланысты өзара сабақтасқан. Дискурс мәтін ішінде көрінеді. Алайда бір мәтіннің ішінде бірнеше қарама-қайшы және аяқталған дискурстар кездесуі мүмкін. 

      Дискурс, бір жағынан, мәтінжасау тәжірибесі, мәтінді шығару, кеңістік пен уақытта жария ету процесі; екінші жағынан, дискурс – мәтінді ой-санадан өткізу процедурасы да (мысалы, оқу барысында, конспектілеу барысында, аудару барысында және т.б.).

Қазіргі таңда дискурсты қолданыс аясына байланысты бірнеше түрге бөліп жүргендігі белгілі. Дискурс түрлеріне: ғылыми дискурс, әскери дискурс, іскери дискурс, шешендік дискурс, поэтикалық дискурс, балалық дискурс, масс-медиа дискурсы, жарнама дискурсы, экономикалық дискурс, педагогикалық дискурс, электрондық дискурс т.б. жатады. Жалпы дискурс ұғымы прагмалингвистика, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика, антропология, әдебиеттану, лингвомәдениеттану, философия ғылымдарының тоғысында тұрғандықтан, оған белгілі бір категория ретінде анықтама берудің өзі де қиындық тудырады.

Кәсіби дискурсты зерттеу когнитивтік терминтанымның басты бағыттарының бірі болып табылады. Кәсіби дискурс деп біз белгілі бір сөйлеу нормалары қалыптасқан, ойлау, көңіл-күй, мінез-құлық ерекшеліктері бар кәсіп иелерінің өзара қарым-қатынас үдерісі деп түсінеміз. Кәсіби дискурс түрлері кәсіби іс-әрекет саласына байланысты анықталады. Мәселен, медициналық дискурс, педагогикалық дискурс, саяси дискурс т.б. атауға болады.

Кәсіби дискурс қарым-қатынасқа түсушілердің ең болмағанда біреуінің арнайы дайындығына негізделеді және қарым-қатынас сол арнаулы сала шеңберімен шектеледі. Кәсіби сөйлеудің төмендегідей төрт өлшемін бөліп көрсетуге болады: 1) ғылым саласын кәсіби деңгейде меңгеру; 2) қарым-қатынас құралы; 3) жұмыс сапасын кәсіби бағалау; 4) қарым-қатынастың кәсіби маркерленген стратегиясы; 5) өзін-өзі танытуы.

Дискурс – пәнаралық зерттеу нысаны, оны теориялық лингвистикадан басқа компьютерлік лингвистика, жасанды интеллект, психология, философия мен логика, әлеуметтану, антропология мен этнология, әдебиеттану мен семиотика, теология, заң, педагогика, аударма теориясы мен практикасы, коммуникациялық зерттеулер, саясаттану т.б. ғылымдар зерттейді. В.И.Карасик дискурстың екі негізге типін ажыратады: жекеленген дискурс және институционалды дискурс. Бірінші жағдайда сөйлеуші тұлға ретінде сөз сөйлейтін болса, екінші жағдайда – белгілі бір әлеуметтік институттың өкілі ретінде жүзеге асады.

3. Тіл және концепт. Қазіргі таңда тіл біліміндегі зерттеулердің көбі негізгі категория ретінде концепт ұғымын алуда. «Концепт – адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі» .

Концепт ұғымы, негізінен, ағылшын тіліндегі Шенк, Чейф, Рассел, Карнап сияқты ғалымдардың еңбектерінде кездесіп, аталмыш ұғымды дұрыс аудару мәселесі туындағандықтан алынған. Ол кезде ағылшын тіліндегі concept сөзін «ұғым» деп аудару ұсынылды, алайда қазіргі таңда зерттеушілер «концепт» пен «ұғым» терминдерінің ара-жігін ашуда. Мәселен, Ю.С. Степанов ұғым мен концептің айырмашылығы туралы айтқанда, біріншісін логика мен философиямен байланыстырып, екіншісін математикалық логикаға жатқызса, кейінгі уақытта концепті «мәдениеттің ұйытқысы» ретінде анықтап мәдениеттанумен де байланыстыруда. Ғалымның пікіріне сүйенетін болсақ, концепт адамның менталды дүниесіндегі мәдениеттің негізгі ұясы,ол біріншіден, ұғымның мазмұнын қамтиды және оны мәдени факт ететін – этимология, нақты бір концептінің қысқаша тарихы, заманауи ассоциациялар, бағалар, тәжірибе және т.б. қамтиды.

Демек концепт, ұғым және мағына концепт жүйесін құратын бір-бірімен тығыз байланысты, ажырамас ұғымдар болып табылады

Е.С. Кубрякова болса, концепті халық жадысы, оның ділдік лексиконы, концептуалды жүйесі мен ми тілінің, әлемнің тілдік бейнесінің мазмұнды бірлігі ретіндегі білім кванты деп анықтаған.

Кез-келген ұғым концепт бола бермейді, тек қана кейбір күрделі, нақты бір мәдениетті оларсыз елестету, танып-білу мүмкін емес маңызды ұғымдар ғана концепт ретінде танылады. Концептосфера құрылымы В.А. Маслованың пікірінше, өзек, өзекке тамырлас аумақ және перифериядан (ассоциативті-бейнелі репрезентациялар) тұрады. Концепт өзегі мен өзекке тамырлас аумақ әмбебап және жалпыхалықтық білімдерді танытса, периферия – индивидуалды, яғни жеке тұрғысынан танытады .

Жалпы, концепт философиялық тұрғыда екі бағытта түсініледі: біріншісі – рухани мәдениеттің өзекті сөзі, екіншісі – сөздің пайда болуына дәнекер алғашқы түсінік. Концептің басты белгілерінің бірі – оның мәдени реңкте болуы. Сондықтан ол ұлттық ерекше дүниетанымды түсінуде басты компонент болып саналады .

В.И. Карасик концепті когнитивтік және мәдени деп ажыратып, когнитивті концептілерді қоршаған ортадағы шындықты құрылымдап және оны қайта құратын индивидуалды мазмұнды болып келетін менталды құрылымдар ретінде анықтаса, ал мәдени концептілер сол мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерін бекітетін ұжымдық мазмұнды болып келетін менталды құрылымдар деп түйген.

Отандық тіл білімінде концепт ұғымына қатысты мәселелерді Ж.Манкеева, Н.Уәлиев, Қ.Жаманбаева, Г.Смағұлова, Г.Снасапова, М.Күштаева, С.Жапақов, А.Ислам, Н.Аитова, Ж.Жампейісова, Э.Оразалиева, Г.Мұратова, Б.Тілеубердиев т.б. ғалымдар өз еңбектерінде жан-жақты қарастырады.

Ғалым А. Исламның айтуынша, концептілерді талдау барысында төмендегідей бірізділік ұсталынады: сөздіктегі анықтамасы; концептің мағынасы мен оның әр түрлі философиялық және діни жүйелердегі орны; концептің адамның күнделікті санасындағы түсінігі; концептің әмбебап белгілері; концептің фразеологизмдердің түзілуіне немесе қолдануына әсері; белгілі бір концептіге байланысты сюжеттің, немесе образдардың пайда болуы.

Сонымен концепт дегеніміз – этномәдени санада сақталатын, белгілі бір ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ықшам, әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттың мәдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым.