Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіл біл. өз. мәс. емтихан.doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
561.66 Кб
Скачать

№ 1 Емтихан билеті

1. Тіл білімі ғылымының қалыптасу тарихы. Қазақ тіл білімі - түркі тілдері ішіндегі зерттелу деңгейі біршама жоғары, кемелденген, теориялық-методологиялық негіздері сараланған ғылыми сала. Аталмыш саланың өсіп-өркендеуі, биіктерге көтерілуі, жеткен табыстары, әрине, жеке адамдарға, тұлғаларға байланысты. Ана тілі білімінің қазіргі деңгей талабынан көрінуіне Ахмет Байтұрсынұлы көшін бастаған ғалымдар шоқтығы Х.Досмұхамедов, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, М.Малдыбаев, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов, Х.Басымов, С.Аманжолов, Н.Т.Сауранбаев, М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев сынды бұл күнде көзі жоқ ғалымдарымыздың үлесі зор.

А.Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу құралын» (қазақша əріппен)өзінен буын, дыбыс, нүкте, дауыста дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дəйекші, жіңішкелік белгісі,хəріп əріп) сияқты терминдерді ұшыратуға болады. Ал 1914 - 1915 жылдары жəне одан кейінгіжылдары 1928 жылға дейін бірнеше дүркін басылып тұрған «Тіл - құрал» оқулықтарында (қазақтілінің сарфы) дене қалыптасып, бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген жəне қолданыла беругетиіс зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқтыжүздеген терминдердің терминге қойылатын талаптарға жауап беретіндігін дəлелдеп жату артық,өйткені олар кезінде арнайы шеттетілгендігіне қарамастан тұрақты қолданылытын дəрежеге жетті.

Ғылым Ө.Айтбайұлы А.Байтұрсынұлының “Оқу құралы” еңбегін саралай келіп, мынадай пікірайтады: «Қазақ тілі білімнің қалыптасуында айрықша роль атқарған бұл еңбектерді саралағанда,жалпы лингвистика ғылымының өрістеуіне даңғыл жол ашқан термин жасау мəселесін тіпті де аттапөте алмаймыз.

Қошке Кемеңгерұлы «Жабропалықтарға арналған оқу құралы» - өзге ұлт өкілдеріне қазақ тіліноқытуға арналған алғашқы оқулықтардың бірі. Отандық əдістеме ғылымында тыңдарман грамматикасыныңнегізін қалаған. Əдістемелік мұрасының бір ерекшелігі – сөздік түзуінде. «Оқу құралында» «əліпбилітілмаш», «мақалалы тілмаш» деген екі түрлі сөздік берген.

С. Аманжолов тіл ғылымының өзекті мəселелеріне ат салысып отырды. Орысалфавитіне көшу ісіне С. Аманжолов белсене қатысты. Жаңа алфавиттің құрамында 41 əріп болды. Бұл алфавитте орыстың əріптері түгел сақталып, қазақтіліне тəн 8 əріп қосылды.С. Аманжоловтың жасаған жобасыбекітілген болатын. 1940 жылы орыс алфавитіне негізделген С.Аманжолов жасаған қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясы басылып шықты.

«Қазақ диалектологиясының негізгі проблемалары»деген докторлық диссертациясын аяқтап, 1948 жылдың басында қорғады. Осы жылы С. Аманжоловқапрофессор деген атақ берілді.Ғалым 1959 жылы «Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясының мəселелері» атты монографиясынжарыққа шығарды.Профессор С.Аманжолов үйірлі мүшелерді басқа зерттеуші ғалымдар тəрізді (С.Жиенбаев,Н.Т.Сауранбаев, Т.Р.Қордабаев) құрмалас сөйлем тұрғысынан емес, жай сөйлем синтаксисі тұрғысынанзерттейді, екіншіден, үйірлі мүше құрылыс жағынан сөйлемге ұқсағанымен, сөйлемге тəн басқа белгілері –предикативтік қасиеті, интонациясы болмағандықтан, сөйлем бола алмайды, тек сөйлем мүшесінің ғанақызметін атқарады деп көрсеткен. Профессор С.Аманжолов құрмалас сөйлемнің «аралас құрмалас» деген түрін қазақ тілі синтаксисінеалғаш рет енгізіп, оның грамматикалық айырықша белгілерін, ішінара бөлінетін түрлерін жəне орынтəртібін теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеді.

Қ.Жұбановтың «Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы» (1935), «К постановке исслеования историифонетики» (1935), «Из истории порядка слов в казахском предложении» (1936) , «Заметки овспомогательных и сложных глаголах», «Қазақ тілінің грамматикасы (жалпы морфология)» (1936), «Жаңаграмматиканың жаңалықтары жайында» (1937), «Шылаулар, қос сөздер, біріккен сөздер» (1937) тəріздіжарық көрген еңбектері мен жазылып, бірақ көзі тірісінде жарияланбай қалған «О частях речи», «Двойныеслова синонимического типа», «Возникновение фонематического различия глуких и звонких»,«Подражательные слова, как особые формы словоупотребления», «Скотоводческие междометия казахов»,

«Элементы кинетической сигнализации в женской речи казахов», «Структура местоимении в казахскомязыке», «Материалы к научной грамматике казахского языка (1-том, Фонетика)», «Причины выпадениябеглых гласных в казахском языке», «Еще раз о глагол де-» атты зерттеулері қазақ тіл білімінің ғылымитеориялық - методологиялық негізін қалыптастырған аса құнды зерттеулер болғаны сөзсіз.

С.С.Жиенбаевқа тіл секторына басшылық еткен кезеңде қазақша-орысша сөздіктің екі томыжарияланды. С.Жиенбаев қазақ тіл білімінің аталып жүрген кезеңінде кенже қалған салаларының бірі –лексикологияның ғылыми курсын жасаудың көш басында тұрды. Оның жазған докторлықдиссертациясының тақырыбы: «Қазақ лексикасының мəселелері» деп аталған.

Академик Ə.Қайдар “Түркі этимологиясы: өзекті мəселелер мен міндеттер” атты еңбегіндеэтимологиялық реконструкцияны зерттеудің барлық жағдайына арналған универсалды ғылыми-теориялықталдау əдістері мен критерийлердің болмайтындығын ескерте келіп, этимологияның фонетикалық,морфологиялық критерийлерімен қатар, семантикалық критерийлерді де белгілейді. Ғалым 1962 жылы жарыққа шыққан “Қазіргі қазақ тілі” оқулығыавторларының бірі, 1966 жылы басылған “Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі” еңбегінің негізгіавторларының бірі болды. Бұлардан соң “Структура односложных корней и основ в казахском языке” (1986),“Сырға толы түр мен түс” (1986) еңбектері жарияланды. М.Оразовпен бірігіп “Түркітануға кіріспе” (1992)оқулығын жазды.Т.Жанұзақпенбірлесе отырып “Атамекен атауларындағы ақтаңдақтар” атты мақала жазған болатын. Əбекеңнің ономастикасаласы бойынша этнолингвистикалық мазмұнда жазылған еңбектерінің бірі “Қаңлы; тарихи шежіре” депаталады. Зерттеуде ғалым қазақ халқының құрамындағы ең көне тайпалардың бірінің тарихи жолы, құрамы,

атақты адамдары туралы сөз етеді.

2. Әлеуметтік лингвистика, зерттеу нысаны. Әлеуметтік лингвистика пәні (с о ц и о л и н г в и с т и к а ) – тіл мен қоғамдық өмір деректеріндегі себептік байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы. Ә. т. б-нің негізгі объектісі – тілдің функционалды жағы, қарастыратын басты мәселелері: тілдің қоғамдық табиғаты, әлеум. мәні, тілдің әлеум. қызметі, тілдік болмыстың формалары (әдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілі, қарапайым тіл, территориалдық диалектілер, койне, пиджин), тілдің әлеум. саралануы (жаргон, арго, кәсіби тіл), тілдік қалып, тілдік жағдай, тіл саясаты, диглоссия, мультилингвизм, билингвизм, пиджинизация және креолизация процестері т. б. Тілдің әлеум. табиғатына алғаш рет назар аударған XIX ғ. ғалымдары – П.Лафарг, А.Мейле, А.Соммерфельд. XX ғ. 20 ж. бастап Прага структурализмі, Женева мектебі, неміс тарихи диалектолографиясы (Г. Розенкранц, Т. Фирнгс, Р. Гроссе т. б.), әлеум. бағыт, функционалды грамматиканың екілдері, сонымен қатар орыс ғалымдары Р.О.Шор, Е.Д.Поливанов, Р.Якобсон т.б. әртүрлі тілдік болмыстың формаларын дәлелдеп, сөйлеушінің бұл формалардың белгілі бір жағдайға, әлеум. ортаға, сейлеушілердің жастарына қарай т.б. қолданыстарын айқындап, Ә. т. б. негізін қалаған.Қазіргі таңда Ә. т. б. дербес ілім ретінде бірнеше бағытқа белінген: жеке, тарихи, ілеспелі, салыстырмалы, ингеренттік, (анық көрінбейтін тілдік құбылыстарды зерттейді), адгеренттік (сөйлеушілер сезетін, анық көрінетін тілдік қүбылыстарды зерттейді).

3. Аталым теориясы және сөзжасам мәселелері: екінші аталым, лексикалық таксономия. Атау-табиғаттағы заттың немесе құбылыстың ерекше номинативтік белгілеріне сәйкес берілетін есім, атау. Аталым теориясы табиғаттағы заттар мен құбылыстардың аталу себебін түсіндіреді. Номинация (лат.nominatio)-аталу, атаулық қызмет атқаратын тілдік бірліктердің жасалу жүйесін зерттейді. Номинацияның құрылымы мен орындалу процесін тіл білімінде мынадай үштік қатынаспен анықтау дәстүрі бар: болмыс-ұғым-есім. Бұл қатынасты ғылым тілінде кейде семантикалық үшбұрыш деп те атайды. Болмыс-атаудың денотаты, яғни атау арқылы таңбаланған бүкіл заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен белгілерінің жиынтығы. Ұғым-есімнің мәні, яғни атаудың категориялық-тілдік белгілерінің жиынтығы. Есім-белгілі мағына мен мәнге негізделген дыбыстық қатардан тұратын тілдік танымдағы атау сөз.

Атау мен сөзжасам теориясы бір-бірімен тығыз байланысты. Сөз жасаудың негізгі мәселесі жаңа атау туғызу болса, атаудың тууы табиғаттағы заттар мен құбылыстардың адам санасында бейнеленген мүсінінің таңбалануы арқылы анықталады.

Дәстүрлі грамматикада атаулардың жасалуы 4 түрлі әдіс арқылы түсіндіріледі.

1.Тілдегі ішкі сөзжасамдық ресурстар арқылы

2.Жаңа мағыналардың тууы (көпмағыналылық, мағыналардың ауысуы)

3.Сөз тіркесінің жасалуы

4.Кірмен сөздер мен калькалау

Номинациялық процестің уақыт мөлшерінде өтетіндігіне байланысты оны екіге бөліп анықтауға болады:

Алғашқы номинация тек тарихи аспектіде сөздердің этимологиялық шығу төркінін зерттеу барысыныда айқындалатын атаулардың ең көне мағыналық сипаты ретінде бағаланады.

Екіншілік номинация:

-әр түрлі сөзжасамдық тәсілдер негізінде жасалады;

-зат не құбылыстың танымдық ұғымы мен белгісі дамыған, толыққан сипатта көрінеді;

-сөздің мағынасы алғашқы өзін туғызуға негіз болған атаудың мағыналық қырларын сақтайды.