Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkd.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
896.3 Кб
Скачать

Дәріс-6,7: Ғылымның тарихи дамуының негізгі дәуірлері-2с.

Мақсаты: Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін дүниенің ғылыми бейнелерімен байланыста қарастыру.

Түйін сөздер: классикалық ғылым, классикалық емес ғылым, постклассикалық емес ғылым, дүниенің ғылыми бейнелері

1.Дүниенің ғылыми бейнесі.Классикалык және классикалык емес түрлері. 2.Болмыс ұғымы. Болмыс түрлері.

3.Материя түсінігінің қалыптасуы.

4.Қозғалыс, уақыт, кеңістік - материя атрибуттары. 5.Диалектика, негізгі заңдары мен категориялары. 6.Дүниенің постклассикалық емес бейнесі жэне синергетика.

Дәрістіңбасында дүниеніңәртүрлі бейнелері болатынын, олардың

мифологиялық, теологиялык, күнделікті қарапайым, ғылыми және философиялық болып бөлінетініне тоқталған жөн. Әрі қарай өте қыска түрде әрқайсысының бір - бірінен ерекшеліктеріне, соның ішінде дүниенің ғылыми) бейнесі негізінен біздің тілектеріміз бен кабылдау ерекшеліктірімізге, жалпы адамдық субъектіліккетәуелсіз деп саналатын объектілер төңірегіндеқұрылатынын,оныңғылымға негізделгенін айтқанжөн.

Бірақ, ғылым дегеніміз – дамып келе жаткан, қозғалмалы білімдер жүйесі болғандықтан, дүниенің ғылыми бейнесінің өзі өзгермелі, парадигмалык сипатқа ие. Парадигма түсінігімен студентер казіргі заман философиясынан таныс, еске түсіріп өтуге болады.

Дүниенің ғылыми бейнесінің эволюциясы классикалык бейнеден классикалық емес бейнеге, одан қазіргі кезде постклассикалық емес бейнеге өту аркылы көрінеді.

Дүниенің классикалык немесе механикалықбейнесі Галилей менНьютонныңжетістіктеріне негізделген, өте катаң детерминация бойынша (графикалык бейнесі парабола түрінде), дүниенің кезкелген уакыттағы күйі белгілі болса, оның өткенін де, келешегін де өте дәлдікпен білугеболады.

Бұл модельдің жаратылыстанулық базасы Ньютон әлемі болды. ДүниенІң механикалык бейнесімен студенттер жаңа заман философиясынан таныс.

Дүниенің бұл бейнесінің орнына келген дүниенің классикалық емес бейнесі механика заңдарының универсал емес екенін дәлелдеген термодинамиканың алғашкы теорияларының ықпалымен пайда болды, XIX -XX ғасырлар тоғысында жаратылыстанудағы төңкеріс, әсіресе Салыстырмалық теориясының ықпалы нәтижесінде классикалық емес бейнеге өту жүзеге асты, бұл бейнеде өте қатаң детерминация емес, жаңа фактор -кездейсоқтықтың рөлі ескеріледі. Детерминацияның жаңа түрі

«статистикалык заңдылық» деген атпен енді. Дүниенің постклассикалық емес түрімен дәрістің аяғында танысамыз деп ескертіп, әрі қарай дүниенің ғылыми бейнесі дегенде дүние деген түсініктің өзі нені бІлдіреді дей келіп болмыс ұғымының (антика заманынан бастап) қалыптасуын қысқа қарастыра келе,болмыс үғымына, оның негізгі түрлеріне тоқталынады. Аудиториядан «болмыс» ұғымын антика дәуірінде арнайы философиялық термин ретінде кім енгізген, онда болмыс қалай сипатталады, болмыс түрлерін өткен кезде, «екінші табиғат» деген не , мысал келтіріңдер деген сұрақтар қойылып отырады.

Әрі қарай дүниенің бірлігі неде деген сұрақ туындайды. Бұл арада Ф. Энгельстің сөзін келтіруге болады: «Дүниенің бірлігі, оның бар болуында емес ,оның болуы бірлігінің алғы шарты болғанымен, дүние бірлікте болмас бұрын , алдымен өмір сүруі керек...» Энгельс бұл сөзді неміс философы Е. Дюрингпен полемикасында айтқан болатын. Дюринг материя ұғымын одан көрі кеңірек, «фундаментальді» болмыс ұғымымен ауыстырмақ болған еді.

Әрі қарай, дүниенің материалдық бірлігі, материя түсінігінің қалыптасуы, қозғалыс, кеңістік, уақыт түсініктерінің қалыптасуын, классикалық және классикалық емес дүние бейнелерін салыстыра отырып, осы түсініктердің өзгеруінің нәтижесінде біріншісінен екіншісіне өту қалай болғанына назар аудара отырып, түсіндіру қажет.

Дүниенің материалдық бірлігі -материалистік философияның негізгі прициптерінің бірі. Жалпы алғанда бұл прицип, дүниедегі әр түрлі заттар мен құбылыстардың негізінде, ешқандай рух пен санаға тәуелсіз, бір материалдық бастаманың жатканын мойындау.

Ежелгі грек философтары бұл бастаманы бір затпен теңестірді: сумен (Фалес), отпен (Гераклит) және т.б. Демокрит атомдармен теңестірді, яғни әрі қарай бөлінбейтін кішкентай заттармен.

Жаңа заман кезінде пайда болған Ньютондық-картезиандық парадигма -И. Ньютон мен Р. Декарт идеяларына негізделген Декартың айтуынша дүниенің бір-біріне тәуелсіз екі түп негізі бар: материалдық және рухани. Материалдық түп негіздің басты қасиеті – оның кеңістікте созылыңқылығы, рухани түп негіздің негізгі қасиеті – ойлау қабілеті. Бұл екі түп негіз бір біріне тәуелсіз, параллельдер. Бұдан шығатыны материалдык әсемді объективті сипаттауға болады, онда бақылаушы адамның субъективтілігіне орын жоқ.

Декарт пен Ньютонның ілімдерінен шыққан дүниенің ғылыми бейнесінде Қүдайға орын жоқ. Дүниенің рационалдық – механикалық бейнесі дүниені бізге жалғыз, заңдарға ғана бағынатын әлем ретінде суреттейді. Онда рух , еркіндік те жоқ, ол соқыр мылқау. Алып ғарыштық кеңістіктер,оларда өте қатаң, анық траекториялармен материя массалары қозғалып жүр. Онда мақсат та, мән де жоқ. Оған адам мен оның санасының ешқандай қажеті жоқ.

Ньютонның механикалық әлемі оның – кішкентай, бөлінбейтін тұрақты пішіні мен массасы бар бөлшектер, бір-бірімен тартылу заңы арқылы байланысқан. Болмыс классикалық евклидтік геометрияның үш өлшемді кеңістігіне ұйымдасқан, ол тұрақты, абсолют. Ол үлкен бір заттар орналасқан материяға ешқандай қатысы жоқ. Ол ылғи тұрақты, біркелкі ағынмен тек алдыға қарай жылжиды.

Тұтас алғанда әлем, өте үлкен, катаң детерминацияланған, яғни себеп пен салдардың үздіксіз тізбегінен тұратын сағаттық механизм. Бұл тізбектің кез келген бөлігітуралы мәлімет алсаң, оның өткенін де, бүгінін де ешқандай қатесіз суреттейаласың.

Бұл әлем адам дүниесі, оның тағдыры, мақсаты, мәні, кұндылықтар дүниесінде ешқандай шаруасы жоқ. Адамның өзі абсурд, не үшін пайда болғаны түсініксіз құбылыс.

Енді материя түсінігінің қалай қалыптасқандығына келсек, ежелгі дүниеден бастап, чарвактар (төрт элемент) ежелгі гректер белгілі бір зат, Левкипп пен Демокриттің өзі материяны атомдармен, яғни кішкентай заттармен тенестірді.

  1. ғасырда француз материалисі Гольбах «Табиғат жүйесі» деген еңбегінде: «...бізге қатысты жалпы алғанда материя, біздін сезімімізге әсер ететіннің бәрі» деп жазды. Ол материяның абстракция екеніне түсінік берді, бірақ біздің сезімімізге не әсер ететінін түсіндергенжоқ.

  2. ғасырдың аяғына қарай дүние құрылысының барлық принциптері ашылып болғандай көрінді: клетка табылды, энергияның сақталу заңыашылды,

Дарвин тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарасын ұсынды, Менделеев элементтердің периодтық жүйесін жасады. Барлық болмыстың, адам болмысының да, заттар болмысының да негізі болып атомдар, әрі қарай бөлінбейтін зат бөлшектері саналды. Материяұғымы, затұғымыментеңестірілді. Масса, материя мөлшерін шамасын көрсетті. Материя кеңістік пен уақыттан тәуелсіз қарастырылды. Айналып келгенде, XIX ғасырдың, классикалық физикасында ежелгі ілімнің кемшіліктері тән болды: яғни материяны алғашқы өзгеріссіз түп негіз ретінде қарастыру және оны затпен теңестіру.

Жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың жетістіктеріне сүйене

отырып, дүниенің бірлігі мәселесін материалистік тұрғыдан шешкен К. Маркс пен Ф.Энгельс болды. Олар тірі және тірі емес материя арасындағы шыңырауды тойтарып тастап, өмірдің неорганикалық материядан пайда болғанын тұжырымдады, өмірге ақуыздардың тіршілік тәсілі деген аңықтама берді.

Материяның жаңа аңықтамасы: қазіргі ғылым дамуының деңгейіне сәйкес келетін, материя анықтамасын берген В.И. Ленин: «Материя дегеніміз адамға түйсіктері арқылы мәлім болатын, түйсіктерге тәуелсіз өмір сүре отырып сол арқылы көшірмесі алынып, суреті салынып, бейнесі жасалатын объективті шындықты белгілейтін философиялық категория» (Материализм және эмпириокритицизм. 1908ж.)

Қозғалыс – материяның өмір сүру тәсілі. Қозғалысты – материя атрибуты деп түсінсек қана, дүниенің әртүрлілігін материялдық бірлігі арқылы түсіндіре аламыз. Қозғалыс пен материяның арақатынасы туралы әртүрлі көзқарастар болды. Дүниенің механикалық бейнесінде қозғалыс деп текмеханикалық

қозғалысты, яғни кеңістікте орын ауыстыруды ғана түсінсе, XX ғасырдың басында философия мен жаратылыстануда болған «энергетизм» бағытының өкілдері табиғаттағы барлық құбылыстарды энергияның өзгеруі деп қарастырып, оның ешқандай материалдық негізі жоқ деп, қозғалысты материядан бөліп алмақшы болды. Диалектикалық материализмде қозғалыс ретінде кез - келген сандық, сапалык өзгерістер түсінілінеді Және материяның қозғалысының себебі оның ішкі қайшылылығы болып табылады. Олар мынадай қарама-қарсылықтар: тұрақтылык пен өзгермелік, тартылыс пен тебіліс, қарапайымдылық пен күрделілік, т. б.

Дүниеде қозғалыстағы материядан басқа ештене жоқ және ол кеңістік пен уақыт бойынша болады.

Материя қозғалысын түрлерге бөлуге болады. Оны алғаш тұжырымдаған Ф. Энгельс. Ол материя қозғылысын 5 түрге бөледі: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және элеуметтік. Тірі емес табиғаттағы негізгі сапалық өзгерістер материяның физикалық жэне химиялық қозғалыстарының қатынастарымен анықталады, тірі табиғатта негізінен биологиялық қозғалыс басымырақ. Қозғалыстың әлеуметтік түрі қоғамға тән.

Энгельс берген қозғалыс классификациясы қазірдің өзінде құндылығын жоғалтқан жоқ. Бірақ ғылым жетістіктеріне байланысты біршама байытылып, нақтыланды, дәлелденді десе болады. Мысалы, XVIII, XIX ғасырда механикалық қозғалыс тек макроскопиялық денелердің кеңістікте орын ауыстыруы деп түсінілсе, қазір кеңістікте орын ауыстыру

«элементар» бөлшектерден бастап барлық материя түріне тән екені анықталды. Қазіргі

ғылым механикалық қозғалысты барлық физикалык процесстердің іргетасы ретінде қарастыруды қойды. Керісінше денелердің механикалық қозғалысы «элементар» бөлшектердің өзара ауысуының, әлсіз, күшті, электромагниттік және гравитациялық әсерлесу нәтижесінде болатыны белгілі болды.

Материя қозғалысының түрлерін түсіну үшін мыналарды ескеру қажет:

Қозғалыстың әр түрді ерекше, бірақ өзара байланыста. Түрлердің кез-келгені сәйкес жағдайда басқасына айналуы мүмкін. Олардың негізі дүниенің материалдық бірлігі болып табылады.

Қозғалыстың қарапайым түрлері одан гөрі жоғары түрінің іргетасы болып табылады. Мысалы, тіршіліктің физико - химиялық негізін таппай тұрып, өмірдің мәнін түсіну қиын.

3. Материя қозғалысының жоғары түрлері сапалық жағынан ерекше болғандықтан, оларды төменгі түрлерімен теңестіруге болмайды. Мұндай теңестіру

«механицизм» деп аталады. Бүл бағытты жақтаушылар барлық табиғи және әлеуметтік құбылыстарды классикалық механика заңдары арқылы түсіндірмекші болған.

Материя қозғалысының түрлері туралы сұрақты диалектикалық материалистік тұрғыдан шешу, ғылымды классификациалауға мүмкіндік береді. Негізгі фундаментальды ғылымдар қозғалыстың негізгі түрлерІн қарастырса, қозғалыстыңтүрлерініңбір- біріне өтуін, олардың байланысын қарастыратында ғылымдар бар (мыс: биохимия, биофизика, астрофизика т.б.). Материя қозғалысы кеңістік пен уақыт бойынша жүзеге асады.

Материалдық денелердің созылыңқылығы, баска заттар қатысты белгілі бір орын орын алуы кеңістіктің философиялық түсінігін береді. Кез келген құбылыстың ұзақтығы, басталуы, аяқталуы, кезеңдері, күйлері болады. Материалдық процестердің бір-біріне қатысты белгілі ретпен өтуі, ұзақтығы, кезеңдері болуы уақыттық философиялық түсінігін береді.

Былай қарасаң ап-айқын сияқты кеңістік пен уақыт ұғымы ежелден бастап күні бүгінге дейінгі философиялық дискуссиялардың өзегі болып табылады. Философия тарихында кеңістік пен уакыт туралы көзқарастардың эволюциясы негізінде екі басты концепция қалыптасты.

Субстанциялық (түпнегіздік) концепция кеңістік пен уақытты өзбетіменөмір сүретін, материалдық объектілерден тәуелсіз түп негіз ретінде қарастырды.Бұлидеякезінде Демокрит тұжырымдаған, кейін Ньютон абсолют кеңістік пен уақыт концепциясында толықаяқталды.

Салыстырмалы (реляциондық) концепция кеңістік пен уақытты ерекше түп –негіз түрінде емес, заттардың өмір сүру тәсілі ретінде қарастырады. Бұл концепцияның негізін салған Аристотель, ол кеңістік пен уақытты материядан бөліп қарастыруға болмайды деген.Лейбниц те кеңістік пен уақыттың өз алдына болмыс бастамасы екеніне тойтарыс берді. Гегельдің негізгі қосқан үлесі, ол кеңістік пен уақыттың қозғалыс сәттері екенін айтты.

Диалектикалық материализм кеңістік пен уақыттың салыстырмалық концепциясын мойындайды.

Өткен ғасырда орыс математигі, евклидтік емес геометрияны жасаушы Н. И. Лобачевский кеңістіктің қасиеттері әрқашанда және барлық жағдайда тұракты емес, олар материяның қасиеттеріне байланысты өзгередІ деген өте батыл тұжырым жасаған болатын. XX ғасырдың басындағы физикада жасалған күрт өзгерістер кеңістік пен уақыттың қозғалыстағы материяға, оның қасиеттеріне тәуелді екенін толық дәлелдеп берді. Мысалы, қара иірімдер тұсында кеңістіктің өзгеретіні. Әсіресе, А. Эйнштейннің салыстырмалык теориясы жөнінде үлкен жаңалық әкелді. Ол микробөлшектердің кеңістіктегі қозғалысы сәуле жылдамдығына жақындаған сайын оның массасының шексіз ұлғая беретінін және уақыттың баяулай түсетінін дәлелдеді.

Осымен дүниенің классикалық ғылыми бейнесінен классикалық емес ғылыми бейнесіне өту жүзеге асты.

Дүниенің постклассикалық емес ғылыми бейнесінің графикасы -бұтақталған ағаш түрінде. Пригожиннің бельгиялық мектебінің жетістіктері ескеріліп жасалған. Ең басынан бастап, уақыттың кез - келген сәтінде келешек белгісіз болады. Даму бірнеше бағыттың кез келгенімен кетуі мүмкін, ол бір кішкентай ғана факторға байланысты. Азғантай ғана энергетикалық әсерден, жүйе қайта кұрылып, жүйеленудің жаңа деңгейі түрі пайда болады. Қазіргі постклассикалық емес бейне бойынша қоғамдық құрылымдарға талдау жасау, дамудың бастапқы шарттардың, оған кіретін индивидтердің, кездейсоқ факторлардың рөлі өте зор.

Постклассикалық емес бейнеде реттілік, жүйелік пен хаос шындықтың объективті, жалпы сипаты ретінде бірдей танылады. Бірқалыпсыз жүйенің өзін иррегулярлық ұстауы көптеген ғылымның, әсіресе, синергетиканың негізгі мәселесі болып табылады.

Синергетика ұғымы қазіргі ғылыми пікір таластарда, ғылым философиясының соңғы онжыл ішіндегі зерттеулерінде кең орын алып отыр. Терминнің өзі ежелгі грек тілінен аударғанда қатысу, көмектесу немесе қатысушы, көмектесуші деген мағына береді.

Ғылыми зерттеуде келісімді әрекет, бірігіп қолдану деген мағынада пайдаланылады. Синергетиканың пәні өзін-өзі ұйымдастыру, спонтанды структурогенез болып табылады. Синергетика – дүниенің қазіргі бейнесін қамтиды: тұрақсыз, орнықсыз дүние концепциясын, дамудың белгісіз, көпальтернативтілігі, хаостан тәртіптің пайда болуы.

Дүниенің қазіргі ғылыми бейнесі қозғалмалы, қайшылықты. Онда жауаптан қөрі сүрақ көп. Ол таңқалдырады, тұйыққа тірейді. Бірақ, танымға ұмтылған сана ізденісінің шегі жоқ. Сондықтан, жақын арада, тағыда

таңқалдыратын жаңа идеялар ұсынылып, жаңалықтар ашылатытына күмән жоқ. Бақылау сұрақтары:

  1. Дүниенің ғылыми бейнесінің , дүниенің бейнелерінің басқа түрінен ерекшелігінеде?

  1. Дүниенің ғылыми бейнесінің қандай сатыларыбар?

  2. Дүниенің классикалык немесе механикалық бейнесі қашан жасалды?Қалай сипатталды?

  1. Жаратылыстану мен дүниеге материалистік көзқарастағы кризис қашан болды? Неге байланысты?

  2. Материя дегенімізне?

  1. «Зат материядан тұрады» деген дұрыс па? Қозғалыс ретінде дүниеніңмеханикалық бейнесінде нетүсінілді?

  2. Дүниенің классикалық емес бейнесінде қозғалыс деп ненітүсіндірді?

  1. Евклидтік және евклидтік емес геометрияның айырмашылығынеде?

  1. Дүниенің классикалық және классикалық емес бейнесіндегі әдістерқандай?

  1. Диалектикалық материализмнің негізін салғанкім?

  1. Синергетика дегенімізне?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]