Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkd.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
896.3 Кб
Скачать

Дәріс-4: Ортағасырлардағы ғылым ұғымының эволюциясы және ғылыми танымныңшарттары

Мақсаты: Ортағасырлардағы ғылым ұғымының эволюциясы және ғылыми танымның шарттарын, діни сенім мен ғылыми танымның арақатынасын ашып көрсету.

Түйін сөздер: теология, теоцентризм,догма, Шығыс ренессансы, алгебра, астрономия, алхимия, схоластика.

  1. Ғылым және дін – Ортағасырдағы құндылықтарындағы негізгіантитезалар.

  1. Ортағасырлар ғылымына тән ғылыми ойлаудыңерекшеліктері.

  1. Ортағасырлардағы университеттер Европаның мәдени өмірінің орталығыретінде.

Бұл уақыт (V-XV ғ.ғ.) әлемдік діндердің (христиандық, мұсылман, буддизм ) үстемдік құрған кезеңі еді. Қоғамда идеология дін түрінде басымдық танытқан болатын. Оның тарихи процеске ықпалы кереғар болды. Бір жағынан феодалдық ыдыраңқылық дәуірінде тұрақтандыру, интеграциялау факторы түрінде болды. Нарықтық экономикалық факторлар үдемелі дамыды, сәулет өнері, университеттер қалыптасты. Екінші жағынан, еркін ойлаушылыққа шектеу салынды, “құдайға сенбейтіндерді” құрту , діни мотивпен өте көп соғыстар ( мысалы “ крест жорықктары”) болды. Дін қоғамдық өмірдің ғылым, білім мәдениет салаларын өзіне бағындырып алды. Діни канондардың шеңберінен шығып кеткен ғалымдар мен суреткерлер қатаңжазаланды.

Крест жорықтарының арқасында және Испания университеттерінің (Кордова) арқасында европалықтар араб ғылымы мен магиясымен танысты.

Егер Жаңа заманымен салыстырмалы түрде талдаса, ортағасырлық ойлауда дедукция әдісі басымырақ та, Жаңа заманда индукция әдісі басымырақ. Сонымен қатар, ортағасырда сенім мен құдыретті ашылу үстемірек. Құдай бұл дүниені жаратқан және ылғи бақылап отыр. Адамның ұлылығы құдыретті санамен біріге алатындығында, сондықтан дүниені стихиялары арқылы түсіндірмекші болатын философтардан сақ болу керек (А. Августин) . Адамның бақыты – құдайды тануда, таным құралы- жан . Сана мен сенім бір- бірін жоққа шығармайды, бірін- бірі толықтырады. Ақиқат біреу- Христостың ілімі (Ф. Аквинский). Діни сенім дәлелдеуді қажет етпейді, ол құдыретті ашылу(аян берілу).

Гносеология саласында антикалықтан алыс кету анық байқалды. Егер антика кезінде ақиқат дегеніміз адам танып- білуі тиіс зат болса, ортағасырларда ақиқат айдан анық, Құдайдың өзі, қасиетті жазуда айтылған догмат түрінде. Ортағасырларда табиғатқа деген де көз қарас өзгерді. Антика кезеңіндегідей табиғат өз бетінше емес, оны Құдай жаратқан жане ол табиғи даму жолына араласып оны өзгертіп жібере алады. Табиғат антика кезеңіндегідей танымның аса маңызды пәні емес, ол құдыретті білімнің бөлігі.

Тек логика ғана ерекше орында болды. Боэций айтқандай “кім пайымдау ғылымын үйреніп алмай заттардың табиғатын зерттей бастаса, қайтсе қателікке ұрынады” . ОЛ

логиканы заттардың табиғаты туралы білім алатын рационалдық философия ретінде түсінді. Логиканы дәлелдеу ғылымы ретінде П. Абеляр да жоғары бағалады.

Ортағасырлық кредоны толық түрде айтқан Ф.Аквинский болды: “...Қасиетті ілім жоғары білім анықтап берген бір негіздерді қажет етеді.Ал жоғары білім Құдайда және әулиелерге ашылатын білім. Бұл ғылым – теология, басқа ғылымдардың көмегіне ол өзінің қызметшілері ретіндеғанасүйенеді.” “”

Ортағасырлық белгілі маман П.Гайденко ортағасырлар философиясын комментаторлық ғылым деп атады.Ортағасырлық ғылымның тағы бір ерекшелігі жүйелеу мен классификацияға бейімділігі. Осы ерекшелігі антика философиясының өкілдерін мойындауда ықпал етті.

Астрономиялық ғылым өте ертеде пайда болды. Жұлдызды аспанды зерттеу практикалық қажеттіліктен туды: уақытты өлшеу қажеттілігі, Күнтізбе жасау, Жер бетіндегі, әсіресе теңізде жүзуде бағыт-бағдарды білу, осыған байланысты аспандағы “қозғалмайтын” айқын жұлдыздар туралы қағидалар анықталды, Жұлдызды аспанның тәуліктік айналымы оқып-зерттелді, жеті қозғалмайтын шырақтар табылды олар планеталар деп аталды, планеталардың көрінерлік қозғалысы зерттеліп, осы қозғалыстарды сол кезге лайық, нақты деп есептейтін геометриялық теориялар жасалды. Ежелгі астрономиялық теорияның толық және аяқталған түрі грек ғылымы б.з.д. ІІ ғ. Птолемейдің еңбектерінде беріледі.

Птолемей Клавдий (100-178) – ежелгі грек астрономы, математик, географ. Ол өзінің жетістіктер негізінде арабтар “алмагест” деп атап кеткен математикалық үлкен шығарманың авторы. “Алмагест” арабша - “алмаджисти” яғни, “аса ұлы” шығарма дегенді білдіреді. Бұл еңбекте сол кездегі барлық астрономиялық білім, мағлұматтар жинақ талып қорытылған. Птолемей әлем жайлы геоцентрлік жүйені жасаушы. Бұл жүйе бойынша аспан шырақтарының көрінерлік қозғалыстарының барлығы жерді айнала қозғалысы арқылы математикалық жолмен түсіндіріледі.

Птоломейдің “Алмагесі” 13 кітаптан тұрады. Алғашқы екеуі бақлау барысында табылған аспан сферасының тәуліктік қозғалысы, Күннің, Айдың және планеталардың негізгі қозғалысы сияқты қарапайым фактілерге арналған.

Птолемейдің бірінші кітабында гректердің тригонометриясы жүйелі түрде баяндалған. Мұнда ноль градустан бастап 180 градусқа дейінгі хордалардың кестелері келтірілген.

Алмагестің үшіінші кітабы жылдың ұзақтығына, күн қозғалысының теориясына арналған. Соңғы кітаптарында планеталар қозғалысының теориясы баяндалады.

Нидерландия астрономы, ғалым-тарихшы Антон Паннскук (1873-1960) ежелгі грек ғалымдарының метематикалық үлгісін жоғары бағалайды. Ол былай деп жазды: “Астрономияда гректер бірден-бір көлемді саланы ойлап тапты ондағы фигуралардың реальды, нақты формалары, көлемі бар және мазмұны мен маңызы болды. Осылайша, Птолемейдің “Алмагесі” геометриядағы жетістік адамзат ақыл-ойының терең жетістігі болды /5/.

Ортағасырлық ғалым – зерттеуші бұл лабораторияларда көптеген эксперименттер жасап философиялық тас , өмір элексирін іздеген алхимик.

Ортағасырлық білім жүйесінің шыңы университеттердің ашылуы болды.

XII ғ.- Париж, Болон, Оксфорд; XIII ғ. – Кембридж, Неаполь, Палуа; XIV ғ. – Прагада, Краковте. Ортағасырлық университеттер Европаның мәдени өмірінің ортасында тұрған күрделі организм еді. Осы университеттерде реализм мен номинализм арасындағы айтыс өрістеді. Университеттер арқылы Батыс Европаға аверроизмнің атеистік материалистік концепциялары тарады. Ортағасырлық университеттер ежелгі дүниенің оқу институттарынан (мысалы Платонның академиясы) көрі қазіргі университеттерге біршама жақын. Алғашқы университеттер ортағасырлық ғылым, білім және қолданбалы өндірістің органы болды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ортағасырлық ғылыми ой мен ортағасырлық ғылымның арасында қандай кереғарлық бар?

  2. Ортағасырлық философиядағы ақиқат дегенне?

  1. Ортағасырлық натурфилософия табиғатты қалайтүсіндіреді?

  1. . Ортағасырлық ғылымды тұтастай қалай анықтауғаболады?

  1. Неге логика ортағасырлық ғылымда әрі қарайдамыды?

  1. “Екі ұдай ақиқат” дегенне?

  1. Ортағасырлық университеттердің ғылым дамуында қандай мәніболды?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]