- •Министерство образования и науки Республики Казахстан ргп пхв «Евразийский национальный университет им.Л.Н.Гумилева»
- •Утверждаю
- •Учебно-методический комплекс дисциплины
- •6M010900 Математика, 6m070500 Математическое и компьютерное
- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Философиякафедрасы
- •Астана 2016
- •Силлабус
- •1 Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы, лауазымдық қызметі, байланыс ақпараты, оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы
- •Пән туралымәліметтер
- •Оқу жоспары бойынша сағаттардыңбөлінуі
- •Оқу пәнінің пререквизиттері менпостреквизиттері
- •Оқу пәнініңсипаттамасы
- •Оқу пәнін оқытудың мақсаты менміндеттері.
- •Оқытылатын пәнніңқұзіреттілігі
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасызетілуі
- •Оқу нәтижелерін бағалау жәнебақылау
- •Оқу пәнініңсаясаты
- •Құрастырушы Адаева ГүлнарАманбекқызы
- •Глоссарий
- •Дәрістер тезистері
- •Дәріс-2, 3: Ғылым генезисі-2 c.
- •Дәріс-4: Ортағасырлардағы ғылым ұғымының эволюциясы және ғылыми танымныңшарттары
- •Дәріс-5: Ренессанс дәуіріндегі дүние бейнесі және жаңаевропалық ғылым
- •Дәріс-6,7: Ғылымның тарихи дамуының негізгі дәуірлері-2с.
- •Дәріс-8,9: Ғылымның құрылымы және әдіснамасы.-2 с.
- •Дәріс-10,11: Қазіргі ғылыми білім құрылымындағы жаратылыстану және техника ғылымдары-2 с.
- •Дәріс-15: Ғылымның аксиологиялық қырлары
- •Реферат жазуға әдістемелік нұсқаулар
- •Магистранттың өзін бақылауға арналған тест тапсырмалары
- •І аралық бақылау сұрақтары
- •Іі аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •Разработчик АдаеваГ.А.
- •Заведующийкафедрой ЕсімҒ.
- •Председатель учебно-методической
Реферат жазуға әдістемелік нұсқаулар
Реферат жазу –магистранттың өзіндік жұмысының құрамдас бөлігі. „Реферат" сөзін \лат.-баяндау, хабарлау\ былай түсіндіруге болады: а) белгілі тақырыпқа сәйкес әдебиетке шолу жасай отырып баяндама дайындау; б) ғылыми жұмыстың немесе кітаптың т.б. мазмұнын баяндау т.п.
Кез келген рефераттың екі жағы бар -сыртқы және мазмұны. Сыртқы жағы - рефератты белгілі бір талаптарға сәйкес рефератты рәсімдеу. Мұқабасында /жоғарыдан төменге қарай/: жоғары оқу орнының, факультеттің аты, реферат тақырыбы, орындаушы магистрант пен оқытушының, ғылыми жетекшінің фамилиясы мен инициалы, қала жәнежыл.
Рефераттың келесі бетінде жұмыстың жоспары: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиет. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, рефераттың мақсаты мен міндеті сипатталады.
Негізгі бөлім тақырыпты әр жағынан ашатын тараулар мен параграфтарға бөлінеді. Бұл жерде кездесетін негізгі қате параграфтың аты реферат тақырыбымен түгелдей сәйкес келуі мүмкін. Негізгі бөлімді жоспарға сәйкес мәтінде де жіктеген жөн, әйтпесе оның мазмұнын түсіну қиынға соғады.
Рефератта келтірілген сілтемелерге санмен белгі қойылады, ол жұмыс соңында келтіретін әдебиет тізіміндегі реттік нөмірмен сәйкес келуі тиіс.
Әдебиетті былай келтіреді: а) кітап болса: автордың фамилиясы, кітаптың аты, шыққан жылы. Егер ұжымдық монография немесе оқулык болса, жауапты редактордың фамилиясы, егер көптомдық басылым болса, томдардың жалпы саны, сосын барып сәйкес томның нөмірі; б) журнал /газет/ мақаласы үшін автордың фамилиясы, мақала аты, // белгіден кейінгі журналдың аты, шыққан жылы,нөмірі.
Философиядан реферат жазудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол ең алдымен пайдаланылатын әдебиетке байланысты.
Әдебиет көзі - бұл мәселеде ең бастысы магистранттың алғашқы деректерге, яғни философтардың өзінің ТӨЛ шығармасына баса назар аударғаны жөн. Олардың негізгі идеялары мен концепцияларын, олардың белгілі бір философиялық мәселені қалай шешкенін меңгеру қажет.
Алғашқы деректер оқылып, танылғаннан кейін ғана комментаторлық әдебиетке, яғни ірі философтардың ілімі туралы қазіргі авторлардың еңбегіне көшкен жөн. Рефератты тек комментаторлық әдебиетке ғана сүйеніп жазуға болмайды, себебі кейде философтың төл шығармасы мен ол туралы басқалардың жазғанының арасында әжептеуір айырмашылық болуы мүмкін.
Философиядан алғашқы дерек ретінде қазақ тілінде 20 томдық “Әлемдік философиялық мұра” кітаптарының баспадан шыққанын ескертеміз.
Сыни көзқарастың қажеттілігі. Ойшылдардың философиялық көзқарасын танып білу объективті болу үшін, оларды талдау мен бағалауда сыни көзқарас қажет. Бірақ, сын негативті (яғни тек жоққа шығарудан, қиратудан тұратын) емес, конструктивті болуы керек. Мұндай сын тек жоққа шығару емес, оның ақылға сыйымды оң жағын да байқап ескеру және автор осы қарастырып отырған мәселеге қатысты өз көзқарасын, оны шешудің жолдарын ұсынуғатиіс.
„Корытындыда" тақырыпты түйіндеп, негізгі қорытыныдылар жасалынып, мәселені әрі қарай тереңдетіп, нақтылаудың мүмкін бағыттары көрсетіледі.
Реферат көлемі 10 компьютермен терілген беттен аз болмауы тиіс (кегль-12). Реферат міндетті түрде қорғалады.
Реферат тақырыптары:
1. Философия және ғылым. 2.Ғылым және өнер.
3 Ғылым және дін.
4. Ғылым және қоғам. 5.Ғылым және билік.
Ғылыми заңтипологиясы.
Антиканың ғылымибағдарламалары.
Ежелгі шығыс мәдениетіндегі ғылыми білім (Ежелгі Үнді, Мысыр,Месопатамия)
Ортағасырлықуниверситеттер.
Ренессанс дәуіріндегі техникалықжаңалықтар.
Ренессанс дәуіріндегі дүниебейнесі.
Галиллей эксперименттік жаратылыстанудың негізін қалаушыретінде.
Ф.Бэкон және ғылымның жаңабейнесі.
Ғылым “Универсал математика”ретінде.
15.Кант математика, жаратылыстану және метафизиканың қатынасы туралы.
Теориялық білімнің негізгі құрылымдықкомпоненттері.
Жалпығылымдық, жекеғылымдық, пәндік, пәнаралық зерттеуәдістері.
Ақиқат. Ақиқатконцепциялары.
Ақиқат жәнежаңылыс.
20.Ғылыми таным дамуындағы дәстүрдің рөлі. Ғылымдағы дағдарыс.
Ғылыми-техникалық төңкерістер, оның әлеуметтіксалдарлары.
Жасанды интеллект,жемістері жәнепроблемалары.
Ғылым тарихындағы кезеңдеупроблемалары.
Эвоюциялық эпистемология (К.Лоренц). 25.Ғылымдағы ғалым тұлғасыныңролі.
26.Ғылыми шығармашылықтың әлеуметтік-мәдени компоненттері.
Позтивизмнің тарихиэволюциясы.
Сыни рационализмдегі ғылым философиясы мен методологиясы ( К.Поппер,И.Лакатос).
Пол Фейерабендтің «Методологиялық плюрализмі және методологиялық анархизмі» 30.Қабілет жәнешығармашылық..
31. Томас Кунның ғылым философиясы концепциясы. 32.Техникалық ғылымдар,олардың спецификасы және қалыптасуы. 33.Ғылыми теория құрылысы және олардың негізгі функциялары. 34.Диалектикалық логика таным тәсілі ретінде.
35. Диалектиканың қазіргі түрлері. 36.Л.Витгенштейн «Тілдік ойындар» 37.Ғылымдағы демаркация проблемасы.
Синергетиканың философиялықмәселелері.
Ақпараттық қоғамның параметрлері менсипаттамасы.
Компьютер жәнеадам.
Нарықтық экономика жағдайындағы білімберу.
Технократизм жәнегуманизм.
Эвристика : статусы жәнепәні.
44 Вернадскийдің ноосфера туралы ілімі. 45 . Экологиялық білім салалары.
Ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиет
1.Алтаев Ж., Ғабитов Т. Ғылым тарихы және философиясы.А., 2008
2.Ғылым және техниканыңбатыстықфилософиясы.Әлемдік философиялық мұра.20томдық.Т.10. А., 2006.
3.Касабек А., Касабек С. Искание истины. А. 1998.
4.Кенжебаев К., Тұрғынбаев А. Ғылым философиясы және тарихы.А., 2007
5. Гайденко П.П. Эволюция понятия науки. М.,1980.
6.Костенко А.А. Диалектика и ее альтернативы. Концепция развития. Харьков.1991. 7.Кун Т. Структура научных революций. Москва,1975.
8.Лакатос И. История науки и ее рациональные реконструкции (структура и развитие
)Москва,1987.
9.Лекторский В.А. Субъект, объект, познание. М.,1980. 10.Методы научного познания. Алматы, 1996.
11.Научные и вненаучные формы в социальном познании. М., 1987. 12.Современные теории познания. М., 1995.
13.Философия и методология науки. Учебник для магистрантов. Алматы,1999. Қосымша әдебиет
1.Ахутин А.В. Понятие «Природа» в античности и в Новое время. Москва, 1988.
2. Ашық қоғам философиясы. ӘФМ. 20 томдық. Т.14. А., 2007. 3.Боннар А. Греческая цивилизация. М., 1992. т. II.
4.Гайденко П.П. Видение мира в науке и искусстве Ренессанса. Москва,1984. 5.Гайденко П.П. Эволюция понятия науки (XVII-XVIII вв.). Москва,1987.
6.Гудинов Э.М. Природа научной истины. М.,1977.
7.Гурьевич А.Я. Категории средневековой культуры. Москва, 1972. 8.Дмитриев И.С. Особенности развития науки в XVI-XVII вв.
Западная философия XX в. М.,1994.
9.Койре А. Очерки истории философской мысли. Москва,1985.
10.Косарева Л.Н. Генезис научной культуры мира (социокультурные предпосылки).Москва, 1985. 11.Лакатос И. Доказательства и опровержения. Москва,1967.
12.Лурье С.Я. Демокрит. Ленинград, 1970. М.,1986. 13.Мусульманский Ренессанс .М.,1973.
14.Рассел Б. История западной философии. т. 3. М.,1993. 15.Сорокин П. Человек. Цивилизация. Общество. М.,1992. 16.Степин В.С. Античная наука. М., 1980.
17..Таннери П. Первые шаги древнегреческой науки. М., 1956.
18..Тойнби А.Дж. Постижение истории. М.,1991.
