Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТУБЕРКУЛЕЗ БСМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
452.1 Кб
Скачать

5 курс «Жалпы медицина» факультеті студенттеріне

арнаулы және қорытынды бақылауға арналған

«БСМК жағдайында туберкулезді анықтау және туберкулезге қарсы қызметті ұйымдастыру» элективті пән бойынша тестері

Туберкулез плевритіне экссудаттың қандай сипаты неғұрлым тән?

  1. серозды

  2. іріңді

  3. геморрагиялық

  4. холестеринді

  5. хилезді

Құрғақ плевритте қандай клиникалық симптомы болмайды?

  1. кеуді сарайының шаншуы

  2. кеуде сарайы қозғалысының шектелуі

  3. плевра үйкелісінің шуы

  4. перкуторлық дыбыстың бәсеңсуі

  5. аурудың иррадиациясы

Экссудативті плевритте қандай рентгенологиялық симптом болмайды?

  1. қараюдың қисық жоғарғы шегі

  2. науқастың терең тыныс алуында қараю пішінің өзгеруі

  3. науқас қозғалысының алмасуында қараю пішінінің өзгеруі

  4. орта қуыс қараюының сау жаққа ығысуы

  5. қараю фонындағы қан тамыр суреті

42 жастағы, науқас С., созылмалы обструктивті бронхитпен 10 жыл бойы ауырады, бірнеше рет өршуі байқалды. Емханаға іріңді қақырықты бөлуімен жөтелге шағымданып келді. Рентгенографияда оң өкпеде орташа интенсивті айқын емес шетімен, диаметрі 8 мм дейін, S3 орналасқан екі ошақ анықталды.

Қан анализінде: 9,8×109/л, э. 6%, ЭТЖ 18 мм/с.

Қақырық анализінде ТМБ табымады. с 2 ТБ Манту сынағына реакция – 16 мм. Науқасты әрі қарай емдеуге Сіздің кеңесіңіз:

  1. амбулаторлық ем – химиопрофилактика курсы

  2. БЦЖ ревакцинациясы

  3. Кох сынамасы

  4. кең спектрлі әсерлі антибиотиктер тағайындау

  5. S+H+R препараттар тағайындау

Плевра қуысында аз сұйықтық болғанда қандай әдіс неғұрлым нәтижелі?

  1. перкуссия

  2. рентгенография

  3. плевра қуысының пункциясы

  4. аускультация

  5. компьютерлік томография

Плевра әктену бөліктері бүрын болған плевриттің қандай табиғатын білдіреді?

  1. парапневмоникалық

  2. саркоидты

  3. аллергиялық

  4. ревматикалық

  5. туберкулезді

Бөлік аралық плевритті қандай әдіс дұрыс дәлелдейді?

  1. ультрадыбыстық зерттеу

  2. тіке рентгенография

  3. плевра қуысы пункциясы

  4. бүйір рентгенографиясы

  5. тіке томография

Хирургиялық емдеуге қандай плеврит көрсеткіш болып келеді?

  1. Серозды

  2. плевра эмпиемасы

  3. микотикалық

  4. фибринозды

  5. геморрагиялық

Қандай ауруда плевра сұйықтығының пайда болу мүмкіндігі аз?

  1. жүрек декомпенсациясында

  2. созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде

  3. туберкулез

  4. диагфрагма астылы абсцесс

  5. панкреатит

Экссудаттың қандай жоғары шегінде жедел плевра пункциясы қажет?

  1. II қабырға

  2. III қабырға

  3. IV қабырға

  4. V қабырға

  5. VI қабырға

Кавернозды туберкулез дамуына неғұрлым жиі әкелетін туберкулездің қандай түрі?

  1. инфильтративті туберкулезі

  2. ошақты туберкулезі

  3. шашыранды туберкулезі

  4. цирротикалық туберкулезі

  5. туберкулема

Кавернозды туберкулез науқасының жағдайы және сыртқы түрі қандай?

  1. жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, аз ғана төмен немесе қалыпты қоректілігі

  2. жиі орташа дәрежедегі науқас, қалыпты қоректі

  3. жағдайы ауыр, науқас күрт жүдеген

  4. жағдайы қанағаттанарлық, науқас аса қоректі

  5. ұлану синдромы

Кавернозды өкпе туберкулезіне тән рентгенологиялық белгілерді көрсетіңіз:

  1. қараю ортасында жарықтануымен, орта қуыс мушелерінің ығысуымен өкпенің көлемі кішіреюі

  2. пішіні бұзылған ,жұқа қабырғалы ұлпа айналасында өзгерістері жоқ қуыс

  3. қалың қабырғалы бұрыс дөңгелек пішінді айналасында полиморфты ошақтармен сақына тәрізді қараю

  4. жұқа қабырғалы және айналасында бірең – сараң ошақтармен сақина тәрізді қараю

  5. дөңгелек пішінді ортасында жарықтануымен инфильтративті қараю

Туберкулездің қандай түріне мына өзгерістер тән: жұқа қабырғалы дөңгелек пішінді сақина тәрізді қараю айналасында талшық және инфильтрациясы жоқ?

  1. инфильтративті

  2. талшықты-кавернозды

  3. кавернозды

  4. ошақты

  5. туберкулема

Кавернозды өкпе туберкулезің қандай өкпе ауруларымен жиі ажырату керек?

  1. өкпе кистасымен

  2. бронхоэктатикалық ауруымен

  3. пневмониямен

  4. өкпе абсцесімен

  5. өкпе ісігімен

Деструктивті өкпе туберкулезің неғұрлым дәлелдейтін анықтау әдісі:

  1. алдын алу флюорографиясы

  2. анықтау рентгенографиясы

  3. томография

  4. ультрадыбысты өкпе зерттеуі

  5. радиоизотопты өкпе зерттеуі

Кавернозды өкпе туберкулезі аталған барлық өкпе туберкулезінің түрлерінең пайда болады, біреуінен басқа:

  1. ыдырау фазасындағы алғашқы туберкулез комплексінен

  2. ыдырау фазасындағы инфильтративті өкпе туберкулезінен

  3. ыдырау фазасындағы шашыранды өкпе туберкулезінен

  4. талшықты-кавернозды өкпе туберкулезінен

  5. ыдырау фазасындағы өкпе туберкулемасынан

Кавернозды өкпе туберкулезіне рентгенсуретіндегі өзгерістер тән:

  1. анық шетімен дөңгелек қараю фокусы

  2. анық емес ішкі және сыртқы шетімен қуысы

  3. құрылымы біртекті емес қараю

  4. бұрыс пішімді қалыңдығы бір қалыпты емес қабырғалы қуысы

  5. бір қалыпты жұқа қабырғалы, және де анық ішкі және сыртқы шеттерімен дөңгелек қуысы

Өкпедегі қуыстың туберкулездік генезін неғұрлым дәлелдейтін рентгенологиялық белгісі:

  1. сұйықтықтың горизонталды деңгейі болуы

  2. дренаждайтын бронхтың жұп белдеуі

  3. бронхогенді ұрықтану

  4. секвестр болуы

  5. қуыстың орналасуы

Рентген бойынша туберкулездің қандай түріне айналасы жеке ошақтармен III-V қабырға деңгейінде неғұрлым сақина тәрізді қараю сәйкес келеді?