- •І ауада қататын байланыстырғыш заттар
- •Тақырыбы: Кіріспе. Ауалы тұтқыр заттардың негізгі түрлері
- •1.1 Тұтқыр заттардың пайда болуы
- •1.2 Жалпы түсініктер
- •Минералды тұтқыр заттардьщ құрамы.
- •1.3 Ауалы тұтқыр заттар
- •Тақырыбы: Гипсті байланыстырғыш заттар
- •2.1 Гипстің модификацияланған түрлері
- •2.2 Айналмалы пеште гипсті күйдірудің технологиялық процесі
- •2.3 Гипсті байланыстырғыштардың қатаюы мен байланысуы
- •Тақырыбы: Гипстің түрлері
- •Көрінісін әрлегіш гипс.
- •3.5 Кнауф полимер түрлері
- •Кезінде жіктерді желім лентамен бекіту.
- •Тақырыбы: Магнезиялық тұтқыр заттар
- •4.1 Каустикалық магнезит пен доломитті өндірудегі шикізаттар
- •Іі гидравликалық тұтқыр заттар
- •Тақырыбы: Гидравликалық әк және портландцемент
- •Гидравликалық әктің күйдіру принциптері
- •5.2 Портландцементтің анықтамасы, құрамы мен классификациясы
- •5.3 Портландцемент өндірісінің технологиясы.
- •5.5 Портландцементтің қасиеттері
- •Тақырыбы: Портландцементтің түрлері
- •Тақырыбы: Активті минералды қосылған портландцементтер. Глиноземді (сазбалшықты) цемент
- •7.4 Цемент өндірісіне қажетті Қазақстанның шикізаттық қоры
3.5 Кнауф полимер түрлері
КНАУФ-Фунгенгипсті полимер қосылған құрғақ сылақ араласпа. Негізінен ішкі бөлме қабырғасының бетін тегістеуде қолданылады. Сонымен қатар КНАУФ гипсті картон табақтың (ГКТ) тұтас және кесілген жіктері қағаз желімді лентамен бекітіледі (5-сурет).
5-сурет. Кабырға бетін гипсті картонмен қаптау
Кезінде жіктерді желім лентамен бекіту.
Ғимаратгың қабырғалары сальшған соң, олардың бетгері гипсті кар- тонмен қапталады және әрлеу үшін мынадай жұмыстар атқарылады:
тегіс беттерге КНАУФ гипсті картон табақтарын (ГКТ) жабыстыруда;
КНАУФ табақтарының бетіндегі шұрыптардың басын бекітуде;
жазық бетон немесе сылақ беттерін жылтыр жұқа бет етіп сылауда;
құрама бетон бөлшектерінің ұштасқан жіктерін бекітуде;
КНАУФ табақтарындағы сынган (қырқылған) жерлерін бекітуде;
гипс бөлшектерін жабыстыру мен сылауда.
Тегістеуде пайдаланылатын материалдар 7-кестеде келтірілген.
7-кесте. КНАУФ гипсті сылақ түрлері
Материал |
Жұмыс түрі |
Мөлшері, кг/м2 |
КНАУФ-Фуген |
- КНАУФ ГКТ-ның жіктерін бекіту; - 1 мм қалындықта жылтырата тегістеу; - КНАУФ-гипсті картон плиталарды орнату. |
0,25 0,8 1,5 |
КНАУФ Грундирмиттель |
Әрлегіш беттерді грунттау |
0,1-0,1 |
КНАУФ-ХП-полимер қосылған гипсті тұтқырлар негізіндегі құрғақ сылақ араласпасы. Қабырғаларды сылауға арналған (кірпіш қабырға, цементті сылақ, кеуек және тығыз бетон). Құрғақ араласпа сылақтың бірінші қатпарының қалыңдығы ішкі бөлмелер үшін 10 см-ден 30 см-ге дейін болады. Қалыңдығы 10 см-лік сылақ үшін құрғақ араласпаның шығьшы 10 кг/м2. 20°С температурада және 60% ауа ылғалдылығында 15—20 мм-лік сылақ қабаты 7 күнде құрғайды.
КНАУФ-Перфилкс — арнаулы қоспалы, гипсті құрғақ тұтқыр негізіңдегі құрғақ желім араласпасы. Мұндай КНАУФ табақтар (ГКТ) қорғаныш материалы ретінде (көбікполистрол, гипсті бұйымдар мен минерал плиталар) кірпішті, бетон, сыланған бет, кедір-бұдыр бетті қабырғалардың кеуектік-бетон негіздеріне жабыстыруға арналған. Сылаудан бұрын беті құрғақ болуы, +5°С-ден төмен емес температурада тұруы тиіс. Ылғалды жақсы жұтатын бетгер, мысалы, сили- кат және керамикалық кірпіштер, газбетон беттер 1:3 мөлшерде құрғақ желімді сумен араластырып, тегістейді.
Тығыз, ылғал жұтпайтын беттер, мысалы, «КНАУФ-Бетокон- такт» бетон араласпасымен тегістеледі. Қабырға беті мен құрғақ желім араласпасының жабысқақтығын арттыру үшін грунттау құрғатылуы тиіс (6-сурет).
6-сурет. Жабыстырылатын гипс картон бетіне желім жүргізу.
Ауданы 1 м2 ГКТ-ны жабыстыру үшін құрғақ араласпа желімнің шығыны КНАУФ-Перликсте - 5 кг, КНАУФ-Бетоконтактте - 0,3 кг, КНАУФ-Грундирмиттельде — 0,1—0,15 кг.
3.6 Әкті-шлакты және әкті-пуццоланды туткыр заттар.
Әкті-шлакты тұтқырларды, түйіршіктелген домналы шлакты әкпен және гипспен араластырып, ұқыпты ұнтақтау жолымен ендіреді. Оларды ұнтақтау шарлы диірмендерде іске асырылады. Гипстің мөлшері 3—5%. Гипсті қосудың өзі тұтқырдың қатаюын жақсартады.
Әкті-шлакты тұтқырдың қатаю процесінде шлак құрамындағы алюминаттар мен силикаттар, кальций тотығымен әрекеттесіп, кальцийдің сулы алюминаттары мен сулы силикаттарын түзеді және бұйымның беріктігін қамтамасыз етеді. Ұнтақтау процесі кезінде қосылған гипс тұтқырдың қатаюы кезінде, алюминатты құрастыру- шылармен химиялық реакцияға тұсіп, тұтқырдың қатаюын тездететін кальцийдің сулы сульфоалюминатын түзейді.
Әкті-пуццоланды тұтқырларды, күйдірілген әкті трепелмен, диатомитпен және басқа белсенді минералды қоспалармен ұнтақтау арқылы өндіреді. Олардың кебу және ылғалды жағдайларда қатаю кезінде кальцийдің төменгі негізгі сулы сульфоалюминаттары пайда болады. Тұтқыр беріктігінің төмендеу болуына орай жауаптығы аз немесе жоқ объектілерді салуда қолданылады.
3.7 Қышқылга төзімді цемент — сұйық шыны негізінде кремний- фторлы натриймен ұнтақталған кварцты құмды қосу арқылы алынатын тұтқыр зат. Ұнтақталған кварцты құмды андезитпен немесе басқа дисперсиялы толтырғыштармен ауыстыруға болады. Кремний- фторлы натрий сұйық шыны қатырғыш есебінде қосылады.
Қышқылға шыдамды цементтердің құрамдары 8-кестеде келтірілген.
8-кесте. Қышқылға шыдамды цементтердің құрамдары
Толтырғыш- тардың түрлері |
Мөлшері, % |
Сұйық шыны |
|||
Ұнтақ ты толық- тырғыш |
Кремнийфторлы натрий, (Na2SiF6) |
Сили- катты модуль |
Тығыз- дығы, кг/м3 |
Мөлшері, % кебу компоненттердің массасынан |
|
Диабазды |
95 |
5 |
2,25 |
1500 |
34 |
Кварцты |
96 |
4 |
3,5 |
1300 |
33 |
Маршалитті |
94 |
6 |
2,6 |
1450 |
36 |
Туфты |
96 |
4 |
2,8 |
1380 |
35 |
Бетон мен ерітінділердегі толтырғыштар есебінде кварцты құм мен шағалды және граниттен, андезиттен немесе басқа да қышқылға төзімді тау жыныстарынан өндірілген құмды қолданады.
Бақылау сұрақтары
Ауалы тұтқыр заттар өндірісінің технологиясы
Ангидридті цемент пен ауа әгінің қолданылуы мәлімет
Қышқылға төзімді цементтің түрлерін мысалы ретінде келтірініз
№4 Дәріс (1 сағат)
