- •І ауада қататын байланыстырғыш заттар
- •Тақырыбы: Кіріспе. Ауалы тұтқыр заттардың негізгі түрлері
- •1.1 Тұтқыр заттардың пайда болуы
- •1.2 Жалпы түсініктер
- •Минералды тұтқыр заттардьщ құрамы.
- •1.3 Ауалы тұтқыр заттар
- •Тақырыбы: Гипсті байланыстырғыш заттар
- •2.1 Гипстің модификацияланған түрлері
- •2.2 Айналмалы пеште гипсті күйдірудің технологиялық процесі
- •2.3 Гипсті байланыстырғыштардың қатаюы мен байланысуы
- •Тақырыбы: Гипстің түрлері
- •Көрінісін әрлегіш гипс.
- •3.5 Кнауф полимер түрлері
- •Кезінде жіктерді желім лентамен бекіту.
- •Тақырыбы: Магнезиялық тұтқыр заттар
- •4.1 Каустикалық магнезит пен доломитті өндірудегі шикізаттар
- •Іі гидравликалық тұтқыр заттар
- •Тақырыбы: Гидравликалық әк және портландцемент
- •Гидравликалық әктің күйдіру принциптері
- •5.2 Портландцементтің анықтамасы, құрамы мен классификациясы
- •5.3 Портландцемент өндірісінің технологиясы.
- •5.5 Портландцементтің қасиеттері
- •Тақырыбы: Портландцементтің түрлері
- •Тақырыбы: Активті минералды қосылған портландцементтер. Глиноземді (сазбалшықты) цемент
- •7.4 Цемент өндірісіне қажетті Қазақстанның шикізаттық қоры
7.4 Цемент өндірісіне қажетті Қазақстанның шикізаттық қоры
Статистикалық көрсеткіштерге жүгінер болсақ, минералды шикізаттар қорының республика аумағындағы бөлінуі мыналарды растайды. Ең басты құрылыс материалдары — бетон, ерітінді, силикатты бұйымдар, балшықты кірпіштер, қуысты толтырғыштар өндірісіне қажетті шикізаттық қор, іс жүзінде әрбір облыста бар. Мұның өзі облыстар мен оған шектес аудандарда тұтынудың шындық сұранысына алыстан тасымалдамай-ақ, жергілікті ауа райлық, мәдени-этникалық, сәулеттік, әдет-ғұрыптарды сақтай отырып, сонымен қатар тікелей бір орталықтан барлық аймақтар үшін негізгі құрылыс материалдары өндірісі үшін технологиялық сызбалар мен қондырғыларды ойластырып, құрылыс өндірісіне ендіру керек, тек осындай жагдайда гана облыстық жүйелерде жобалау, жабдықтарды іздеу жұмыстарына жұмсалатын қаржы шығындарынан құтылуға болады.
Қазіргі уақытта цемент зауыттарының шикізаттық сұранысының біразын екінші қорлық материалдармен қанағаттандыру мүмкіндігін қарастыру керек.
Құрылыста цементпен қатар гипстік тұтқырларға маңыз беріліп отыр. Гипс өндірісі цемент өндірісімен салыстырғанда, республика облыстарында біркелкі емес, шашылып орналасқан. Қазіргі уақытта Қазақстан республикасында мынадай зауыттар мен цехтар жұмыс істейді: Ақтөбе облысында (Ақтөбе қаласы) қуаттылығы 110 мың т гипс зауыты. Шығаратын мөлшері 45 мың т, пайдалану коэффициенті — 07; Алматы облысында (Алматы қаласы) — гипсо- картонды жабдықтар зауыты жұмыс істеуде. Оның қуаттылығы 150 мың т, ал пайдалану коэффициенті — 0,35; Жамбыл облысындағы (Тараз қаласы) гипс зауыты іс жүзінде 120,8 мың т гипс өндіреді, ал жобалық қуаттылығы 126,5 мың т, пайдалану коэффициенті 0,95. Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында, қуаттылығы 35,1 мың т гипс өндіретін құрылыс бөлшектер комбинаты жұмыс істеп тұр. Іс жүзінде комбинат өндіретін өнім көлемі 16,6 мың т, ал пайдалану коэффициенті 0,47. Барлық республика бойынша жобалық қуаттылық 401,6 мың т, ал іс жүзінде өндірілген көлем 224,8 мың т, пайдалану коэффициенті 0,56.
Сонымен Қазақстандағы нарықтық экономиканың динамикалық өсуін сипаттауға болады, мұның өзі республикамыздағы цемент өнеркәсібінің жалпы өндірістік жағдайына оңды әсер етеді. Мұндай жағдайда Қазақстандағы барлық цемент өндіруші зауыттардың жалпы жылдық жобалық қуаттылығы 9,0 млн т цемент, ал шынында 2003 ж. бар болғаны 2,5 млн т цемент өндірілгенін еске алу керек. Көрсетілген цифрдың бір кездердегі қол жеткізген деңгейлерден елдеқайда төмен екені өте айқын.
Цемент өндірісінің дамуындағы барлық сұрақтардың толығынан қамтылуынан үміттенбей-ақ, өндіріс қорының шамалы бәсеңдеуіне қарамастан, оның өсуі жалғасуда деп айтуға бола- ды. Дамудың осы бағытын қолдау тек цемент шығарушының ғана емес, сонымен қатар біркелкі ұжымның күш салуын талап етіп отыр.
Цементті қолданудың басты бағаттарын мына жолдармен елестетуге болады:
7-сурет. Цементті пайдаланудың басты бағыттары.
Бақылау сұрақтары
1. Пуццоланды портланцементті қолдану саласын атаныз.
2.Қарапайым және пуццоланды портландцементі аязға төзімділік салыстырыныз.
3.Портландцемент өндірудегі белсенді минералды қоспаларды қолдану тиімділігі
4. Тезқатаятын портландцементтердің қатаю жылдамдығы.
5. Минералды тұтқыр заттардың қасиеттеріне белсенді қоспалардың әсері
6. Минералды тұтқыр заттардың қасиеттеріне агрессивті ортаның әсер етуі, олардың төзімділігін арттыру әдістері
7. Қазақстан Республикасында өндірілетін гидравликалық тұтқыр заттардың түрлері, шикізаттық қорлары
