Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
байл зат емтихан-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36.34 Кб
Скачать

3.Есеп.

Билет 14

1.Құрылыстық әк өндірісінде қолданылатын шикізаттар. Әк негізіндегі бұйымдардың түрлері мен қасиеттері.

Құрылыстық әк ерітіндісі қабырғаларды штукатурлағанда,цемент-әк кірніш қалағанда, силикатты кірпіш өндірісінде қолданылады.

Әкті алу үшін доломит (CaCO3· MgCO3) және әк тас қажет. Алынатын әктің қасиеттері алынған шикізат құрамындағы сазды қоспаларына байланысты. Сазды қоспаның негізгі құраушысы – каолинит (AI2O3 · 2SiO2 · 2H2O).

Құрылыста әк ерітінде ретінде қолданылады. Оған құм қосылады. Әк ерітіндісі ауада біртіндеп қатайып, беріктікке ие болады. Са(ОН)2 кальций гидратының ұсақ түйіршіктері құм бөлшектерін біріктіріп қатайтады. Сонымен қатар ол көміртегі тотығымен қосылады да, біріктігі жоғары көмірқышқылды кальций құралады.

Әктің қасиеті. Әкті тұтынушыға сөнбеген әктас және гидратты әк-қамыр немесе ұнтақ күйінде жеткізеді. Әк қамырының тығыздығы 1400 кг/м3, ұнтақты гидратты әктікі — 500 кг/м3, ал диірменге тартылған сөнбеген әктікі — 600 кг/м3.

Мемлекеттік стандарт бойынша, бірінші сорты ауа әгінде белсенді тотықтардың мөлшері 85%-дан, ал екінші сортына — 75%-дан, үшінші сортына 65%-дан кем болмауы керек.

2.Полимерлі материалдардың құрамдары мен қасиеттері. Термоиілімді полимерлер мен термореактивті полимерлер.

Полимерлердің молекуласының сызықтық құрылымы жылу иілгіштік қасиетке ие - қыздырған кезде жұмсарып салқындаған кезде жаңадан қатаяды.

Жұмсару мен қатаю көп мәрте жүргізілуге болады. Көп мәрте қыздырылдып салқындатылуы материалдың қасиетін (полиэтилен, полистирол) өзгерте алмайды. Полимерлердің молекуласының көлемдік құрылымы жылу реактивтік қасиетке ие-олар көп мәрте балқытылып және қатая бермейді. Алғашқы қыздыру кезінде олар иілімді болады және белгілі пішінді қабылдайды, балқымайтын және ерімейтін күйге (фенопласт) енеді.

Полимерлі материалдар заттың үш түрінде болады: байланыстырғыш, пластификаторлар мен толтырғыштар. Байланыстырғыш заттарға синтетикалық смолалар жатады. Пластификатор ретінде оларды қайта өңдеуді жеңілдету, полимерлердің созылғыштығы мен иілімділігін арттыру үшін глицерин, камфара және басқа заттарды енгізеді. Толтырғыштар (ұнтақ, талшықты) полимерлі бұйымдарға үлкен механикалық беріктікті, шөгуін болдырмауға ықпал етеді. Бұдан басқа құрамына пигменттер, тұрақтандырғыштар, қатаюды жеделтеткіштер және басқа заттар енеді.

Полимерлі құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрылымдарын шығару кезінде көбінесе полиэтилен (үлдірлер, құбырлар), полистирол (тақталар, лактар), полихлорвинил (линолеум), полиметилметакрилат (органикалық шыны) пайдаланады.

Жақсы механикалық қасиеті, созылмалы, электр оқшаулағыш ретінде, полимерлі материалдарды қайта өңдеу үдерісінде кез келген пішінді қабылдау қабілеттілігі арқасында барлық құрылыс саласы мен біздің күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылыды.

3.Есеп.