- •1.Каустикалық магнезит өндіріс технологиясы.
- •4.1 Каустикалық магнезит пен доломитті өндірудегі шикізаттар
- •2.Цемен илемінің контракциясы мен тиксотропиясы.
- •3.Есеп.
- •1.Автоклавта қатайған материалдар мен бұйымдар өндірісінде әктің қолданылуы.
- •2. Өте тез қатаятын цементтің химико-минералогиялық құрамы және портландцементтен айырмашылығы.
- •3.Есеп.
- •1.Ауалық құрылыстық әк. Жалпы мәліметтер. Номенклатурасы және классификациясы.
- •2.Гипсцементпуццоланды байланыстырғыш заттар .Өндіріс технологиясы, қасиеттері және қолдану салалары.
- •3.Есеп.
- •1.Полимерлену түрлері мен механизмдері. Полимерлену реакцияларын жүргізу тәсілдері.
- •2.Портландцементке үш компонентті шикізат қоспасының құрамын есептеу.
- •3.Есеп.
- •1.Құрылыстық әк өндірісінде қолданылатын шикізаттар. Әк негізіндегі бұйымдардың түрлері мен қасиеттері.
- •2.Полимерлі материалдардың құрамдары мен қасиеттері. Термоиілімді полимерлер мен термореактивті полимерлер.
- •3.Есеп.
3.Есеп.
Билет 1
1.Ауалық құрылыстық әк. Жалпы мәліметтер. Номенклатурасы және классификациясы.
Бор, әктас, доломитті және мергельді әктастар сияқты, құрамында кальций мен магнийдің карбонаттары бар тау жыныстарын күйдіру жолымен, арзан, тек ауада ғана қатаятын ауа әгін өндіреді. Осындай жолмен алынған ақ немесе сұр түстес өнімдер сусызданған кальций тотығынан және бірен-саран магний тотығынан тұрады. Оларды сөнбеген немесе тасты әк деп атайды. Күйдірілген соң, оны ұнтақтау арқылы қайнақты әкті алады.
Ауа әгін өндіруге керекті шикізатта 85% кальций (СаС03), 7% аздап магнезит (М§С03) және 8% аздап глинозем (А1203) болуы керек. Күйдіру процесінде әктастың массасы 44% дейін, ал көлемі 12—14% азаяды.
Әкті куйдіру шахталы немесе сақиналы пештерде 950— 1100°С температурада іске асырылады. Әктасты күйдіретін шахталы пеш 2-суретте көрсетілген. Сыйымдылығы 120 т жететін пештің ішіндегі әктас, 24 сағат бойына жылумен өңделген соң, сөнбеген әкті тасқа айналады.
Әктің қасиеті. Әкті тұтынушыға сөнбеген әктас және гидратты әк-қамыр немесе ұнтақ күйінде жеткізеді. Әк қамырының тығыздығы 1400 кг/м3, ұнтақты гидратты әктікі — 500 кг/м3, ал диірменге тартылған сөнбеген әктікі — 600 кг/м3.
Мемлекеттік стандарт бойынша, бірінші сорты ауа әгінде белсенді тотықтардың мөлшері 85%-дан, ал екінші сортына — 75%-дан, үшінші сортына 65%-дан кем болмауы керек.
2.Гипсцементпуццоланды байланыстырғыш заттар .Өндіріс технологиясы, қасиеттері және қолдану салалары.
Гипсті-цементтіпуццоланды байланыстырушылар /ГЦПБ/
Қолайлы мөлшерде гипстік байланыстырушыларды, цементті жэне активті минералдық коспаларды ұнтақталған қалыптарында жақсылап араластыру арқылы алады. Өздерінің активтігіне байланысты гипсцементпуццоландық байланыстырушының құрамында бұлардың мөлшері мына төмендегі шамада болады:
Гипстік байланыстырушылар - 50-65 %, портландцемент М300, 400 - 15-25 %, активті минералдық қоспалар - 10-25 пайыз. Портландцемент пен активті минералдық қоспаның орындарына пуццоландық портландцемент алуга болады.
Гипс байланыстырушыларын қазанда гипс қайнату тәсілімен алатын заводтарда портландцементті және активті минералдық қоспаларды немесе пуццоландық цементті қайнату процесінің соңына бірнеше минут қалғанда тікелей қазанга салады. Сөйтіп ГЦПБ алынуын біраз жеңілдетеді. ГЦПБ екі маркасы болады: М100 және ГЦПБ ұнтақтылыгы МІОО үшін № 2 електегі қалдық бойынша – 15 пайыздан, М150 үшін- 10 пайыздан көп болмау керек.
Гипс байланыстырушыларының - модификациясы негізінде алынган ГЦПБ өте сапалы. Мұндай ГЦПБ негізінде алынған бетон 2-4 сағ. қатайганнан кейінгі қысқандағы мықтылық шегі 60-100 кПа, 3 тэуліктен кейінгі - 15-20 МПа, ал 28 тэуліктен кейінгі - 20-40 МПа. Сонымен, ГЦПБ негізінде дайындалган бетон 2-3 саг. қатайғанда маркалық мықтылығының 30-40 пайызын көрсетеді. Ал қатаю жылдамдығын бұдан да тездету үшін ГЦПБ жасалган бұйымдарды 70-80°С булайды. Бұл құрылыс бұйымдарыньщ аязга төзімділігінің маркасы 20 - 50.
3.Есеп.
Билет 17
