Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
байл зат емтихан-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36.34 Кб
Скачать

Билет № 9

1.Каустикалық магнезит өндіріс технологиясы.

4.1 Каустикалық магнезит пен доломитті өндірудегі шикізаттар

Магнезиалды байланыстырғыш заттарға каустикалық магнезит және каустикалық доломит жатады. Каустикалық магнезит табиғи магнезитті 750-850 градуста күйдіріп, одан кейін ұнтау арқылы алынады. Күйдіру нәтижесінде магнезит магний оксидіне және көміртегі (IV) оксидіне ыдырайды:

MgCO3 = МgО + СО2

Каустикалық доломит алу үшін табиғи доломитті тек магний карбонаты ғана ыдырайтын температураға дейін қыздырады да, одан соң диірменге тартып ұнтайды.

Басқа байланыстырғыш заттардан ерекше, магнезиалды байланыстырғыштарды сумен емес, түз ерітінділерімен, көбінесе хлорлы магний немесе магний сульфаты ерітінділерімен араластырады. Бұл жағдайда байланыстырғыш тез қатаяды, одан алынатын құрамы 1:3 (байланыстырғыш құм) тастың беріктігі артады, өйткені қатайғанда Mg(OH)2 бірге магнийдің су хлориды да (3MgOMgCl26H2O) түзеді. Магнезиалды байланыстырғыштардың беріктігі жоғары: R сығу 60-100 МПа; оларды ксилолит және фибролит деп аталатын ағаш үгінділері мен жаңқалары, кенеп сабағы т.б. өсімдік талшықтары негізінде жасалатын еден төсеуге қолданылатын тақтайлар, еденнің жіксіз негізін және дыбыс, жылу өткізбейтін бұйымдар өндіру үшін пайдалануға болады.

Магнезиалды байланыстырғыш заттарда активті магний тотығы көбейген сайын олардың беріктігі жоғарылайды. Сондықтан каустикалық доломиттің беріктігі каустикалық магнезитпен салыстырғанда 2 есе төмен.

Каустикалық магнезит ауада сақталса, ол өз белсенділігінен тез айырылады.Каустикалық магнезит ерітіндісі құрғақ жағдайда тез қатады. Қоюланудың басталуы 20 минуттан бастап 6 сағатқа дейін созылады. Магнезиялық тұтқыр заттың қысылуға беріктігі 60—100 МПа-ға тең.

2.Цемен илемінің контракциясы мен тиксотропиясы.

Цeмент (нем. Zement, лат. Caementum — ұсақталған тас, қиыршық тас) — гидравликалық байланыстырғыш материалдар тобы; негізгі құрылыс материалдарының бірі; органикалық емес материалдың майда ұнтағы; гидравликалық тұтқыр материалдардың үлкен тобының жалпы атауы.[1]

Цeмент сумен араласқанда қатаятын қасиеті бар (яғни қамыр тәрізді пластик. күйден қатты күйге ауысатын) кальций силикаты мен кальций алюминатынан құралады. Цeмент тің кейбір түрі ауада қатаяды. Ал, енді бір түрлері тек тұздардың, қышқылдардың судағы ерітіндісімен араластырғанда ғана байланыстырғыштық қасиетке ие болады. Оның портландцемент, қожды және пуццолан Цeмент деп аталатын түрлері бар. Цeмент тің көп тараған түрінің бірі — портландцемент. Ол негізінен жоғары негізді кальций силикатынан тұрады. Төм. негізді кальций алюминатынан алюминатты Цeмент өндіріледі. Цементтің шикізат клинкері мен домналық қождан қожпортландцемент, пуццолан Цeмент, т.б. дайындалады. Цeментті пайдалану үшін, оны алдымен сумен араластырып, цементтік қамыр (ерітінді) дайындайды. Цементтік қамырды құммен, т.б. араластырып, құрылыстық ерітінділер, ал оған қиыршық және уақ тас, т.б. қосу арқылы бетон дайындалады. Кейде асбест қосып асбест цементті бұйым, ағаш жаңқаларын қосу арқылы фибролит жасалады. Арнаулы зауыттарда минералды шикізатты ұсату, араластыру, майдалау, күйдіру арқылы цементтік клинкер алынады. Цeменттің сапасы маркамен сипатталады.[