Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дұрыс шпор..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.07 Кб
Скачать

24. Көркемдік әдіс

Белгілі бір дәуірде көптеген жазушылардың шығармаларында қолданылатын, өмір шындығын суреттеу ерекшелігі, соны айқындайтын негізгі принциптер. Әдебиетте, сондай – ақ көркемөнердің басқа салаларында бір бағыттағы жазушылардың, өнер қайраткерлерінің творчествосы идеялық нысанасы жағынан да, өмір қбылыстарын бейнелеп көрсетуде қолданылатын амал – тәсілдері жағынан да, өмір құбылыстарын бейнелеп көрсетуде қолданылатын амал – тәсілдері жағынан да ұқсас келетінін байқаймыз. Абай поэзиясында кең өріс алған көркемдік әдіс - реализм.Бұл әдіс өмір шындығын неғұрлым терең, жан-жақты көрсетуге мүмкіндік береді. Айналадағы өмірдің өзін тереңдеп ұғып-түсінуге, күнделікті жайларды, қарапайым адамдардың бейнесін суреттеуге бет бұру - бұл реализм әдісінің бағалы жағы еді. Ф. Энгельс реализм әдісі жеке дерек-жәйттердің шындығын былай қойғанда, типтік характерлерді типтік жағдайда алып суреттейтінін атап көрсетті. Реализм әдебиетте, көркем өнерде бұқара халықтың өмірін неғұрлым мол, шыншылдықпен бейнелеуге жол ашты. Халықтық әдеби дәстүрлермен байланыс бұрынғыдан әлдеқайда күшейе түсті. Осының нәтижесінде әдебиет пен көркем өнердің халықтық сипаты арта тұсті. Орыс әдебиетінде реалистік әдіс А. С. Пушкин шығармалары арқылы қалыптасып, М. Ю. Лермонтов, Н. В. Гоголь, И. А. Гончаров, И. С. Тургенев, Л. Н. Толстой, Ф. М. Достоевский, А. П. Чехов сияқты жазушылардың шығармаларында жан-жақты дамыды. Кейде реалистік әдіспен жазылған шығармаларда шыншылдық пен сыншылдық араласып келгенде сыншыл реализм деген ұғым да қолданылады. Абай шығармаларына тән көркемдік әдістен реализмнің де, сыншыл реализмнің де сипат-белгілері молынан көрінеді. Абайдың өмірді, адамды суреттеуі барынша шыншыл да терең. Қандай құбылысты, адамды болса да ол қоғамдық, әлеуметтік тамырын, маңызын аша суреттей отырып, оның адам үшін, қоғам үшін пайдалы, зиянды жақтарын айқын көрсетеді. Міне, бұл ерекшелік Абайдың өмірді суреттеу тәсілін жаңаша қалыптастырды, әдебиетте сыншылдық бағытты орнықтырды, мұның бәрі, сайып келгенде, әдебиетімізде сыншыл реализм әдісінің туып, қалыптасуы еді. Бұл бүкіл көркемдік танымымызға Абай әкелген жаңа сапалық өзгерістердің бірі және негізгісі.Абай әдебиетті идеялық, көркемдік жаңа биікке көтере отырып, оқушысына идеялық, эстетикалық тәрбие беруді, басқаша айтсақ, әдебиеттің «өмір оқулығы» ретінде атқаратын қызметін арттыруды бірінші мәселе етіп қойды. Жастарды озық мәдениетке, өнер-білімге, адал еңбекке шақырып, оның бойында шынайы адамдық қасиеттерді тәрбиелеуге, жамандықтан қашып, жақсылыққа ұмтылуды қалыптастыруға тек өресі биік әдебиет қана ат салысатынын ақын терең түсініп, өзі өмір бойы сол жолда ізденді.

25.Стиль және көркемдік

Стиль (лат. stylus, грек. stylos – жазуға арналған таяқша) – қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі, образдар жүйесінің тұрақты бірлігі. Стильдің жұмыс стилі, газет стилі, ғылым стилі, т.б. түрлері бар. Әдебиетте көркем құралдар тұтастығы, әдіс ретінде қолданылады. Көркемдік компоненттер мен түр ерекшеліктерін өз қажетіне асыруда, мазмұн байлығын тереңдете түсуде суреткердің стилдік ерекшелігі айқындалады. Стиль суреткердің қолтаңбасын анықтаумен қатар, сөз өнеріндегі көркемдік әдіс-тәсілдерді, әдебиеттің бағыт-бағдарын ажыратады. Стиль түр мен мазмұнның бірлігін қалыптастырып, көркем мәтіннің тұтастығын қамтамасыз етеді. Әдебиеттану ғылымында стильдің дәуір стилі (қайта өркендеу, барокко, классицизм, реализм), түрлі ағымдар мен бағыттардың стилі, ұлттық стиль және суреткерге тән жеке стиль, т.б. түрлері кездеседі. Антикалық дәуірде стиль сөйлеу мәнері, сөйлеу тәртібі ұғымдарын берген, осы негізде классицизм кезеңінде стильдің 3 түрі (жоғары, орташа, төмен) анықталған. 17 ғасырда стиль филологиялық пән ретінде қалыптасса, 18 ғасырда философиялық эстетиканың назарын аударды. И.В. Гете мен Г.Гегель стильді дүниені танудың көркем белгісі санаған. Стиль жайында В.В. Виноградов “стиль көп мәндес” деген пікірді айтса, зерттеуші Л.Шепилова стильді әдіс ретінде танып, “әдіс – өмірді образ арқылы көрудің айрықша түрі” дейді. 20 ғасырдың 20-жылдары лингвистик. стилистика қалыптасып, кеңестік кезеңде стиль шығармалар әдіс ретінде танылды.Стиль тіл көрінісі ретінде өнердегі стильден ерекшеленіп, шығарманың мағыналы түрі, эстет. тұтастық ретінде мойындалды. Реалистік романның дамуы стильге жаңалықтар әкелді. М.М. Бахтинның пікірінше, пікірталас қарама-қайшылықтары жаңа стильді қалыптастырушы күшке ие болды. Қазақ әдебиеттану ғылымында А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш” еңбегінде стиль туралы “Әр ақын, әр жазушы сөздің басын өзінше құрастырып, өз оңтайымен тізеді, әрқайсысының лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік белгісі болады. Ол белгі әркімнің өз ыңғайымен сөз тізіп, әдеттенуінен, салттануынан болады. Ол салттар жалпы сөз тізу салттарынан, шарттарынан аса алмайды. Сөз шығарушылар, әуелі сөз ұнасымына керек жалпы шарттарды орнына келтіріп, өзінің өзгеше әдісі болса, соның үстіне ғана қосады. Сондықтан сөз шығарушылар бәрінен бұрын лебіз дауысынан шыққан сөздің асыл болуының жалпы шарттарын білуі қажет” дейді. Ол стильді тіл қисыны мен лұғат қисынының бірігуі деп таниды. Абайдың стилін тануда ол: “Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына оның шеберлігі керек, мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған” дейді. Зерттеуші Қ.Жұмалиев “Стиль – өнер ерекшелігі” (1966) атты еңбегінде қаламгердің жазу мәнерін, көркемдік шеберлігі мен талант табиғатын, ал З.Қабдолов “Әдебиет теориясының негіздерінде” суреткерге тән шығарм. ерекшелікті стиль ретінде қарастырды. Кеңестік әдебиетте төңкеріс кейіпкерлерінің тілі, сөйлеу мәнері бейнеленіп, қарапайым адамның сөзі, оның әңгімелері стиль ретінде көрініс тапты. Мыс., Б.Майлиннің “Мырқымбайы”, т.б. М.Әуезовтің алғашқы әңгімелеріндегі қыр өмірінің суреттері, “Абай жолы” роман-эпопеясында дәуір келбеті мен адам іс-әрекеттері негізінде кең тыныспен өріс алса, С.Сейфуллиннің “Альбатрос” поэмасында өзгерістер лебі танылды. Бұл шығармалардан қаламгерлердің өздеріне ғана тән стильдік ерекшеліктері, шеберліктері көрінеді. Т.Әлімқұлов, А.Сүлейменов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Қ.Ысқақ, О.Бөкей, С.Мұратбеков, Д.Исабеков, т.б. туындыларында қарапайым халық тілі жаңа стильдік арнада көріндіКөркемдік деталь (бөлшек, бедер-белгі) - мағыналық, көркемдік мәні бар ұсақ ерекшелік, сөз болып отырған нәрсенің жекелеген сипат-белгілері. Әншейінде оп-оңай көзге түсе бермейтін өзгешеліктерді байқағыштықтан, көрегендіктен туындайды, сондықтан ол өмір қүбылысының әр түрлі нәрсенің ерекшелігін сондай-ақ адамның бойындағы қандай да бір қасиет- сипатты дәл тауып, бейнелеп беру шеберлігін танытады. Кейіпкердің мінезіндегі, кескін-келбетіндегі, іс-әрекеті мен сөйлеу мәнеріндегі немесе шығарманың сюжеттік желісіндегі, композициялық құрылысындағы жекелеген ерекшеліктер немесе суреттеменің, баяндаудың дәлдігін, нақтылығын арттыра түсетін әр түрлі бояу-нақыштар - міне, осылардың қай-қайсысын да Көркемдік деталь ретінде алып карауға болады. Мұхтар Әуезов "Абай жолы" роман-эпопеясында жас Абайдың Тоғжанға деген ыстық сезімін суреттегенде қолданылатын портреттік деталь - қыздың бейнесін оның шолпысының сылдыры арқылы әсерлі елестетуі. Шолпы әуелі жиі сылдырлап, аздан соң баяулай бастап, тағы біраздан соң анда-санда бір ғана шылдыр ете түсіп ұзап барады. Абай өз жүрегінің аттай тулап соққан дүрсілін естіді. Шолпы үнін сол басып барады. Өзгеше ыстық, кымбат шолпы ең соңғы рет бір шылдыр етті де, білінбей кетті. Түн тыныштығын үрлап кеткендей жұтып кетті". Шолпының әдемі сылдыры жас қыздьщ қимыл-козғалысының, жүрісінің бір ажырамас белгісіндей көрініп, Абай мен Тоғжанның алғашқы кездескен сөттері суреттелгенде-ақ біздің көңілімізге берік үялайды. Шолпының дыбыстык әсері жас қыздың қимыл-қозғалысының айрықша келісті сәнділігін көзге елестетеді. Бұл көркемдік тәсілдің айрықша ұтымдылығы - аз сөзбен көп мағына беріп, өмір күбылысын ықшамды, орамды түрде, ұтымды бейнелеуге ұмтылуда. Айталық, адамның мінезін, қимыл-әрекетін суреттегенде, бірнеше дөп басып көрсетілген сипат-өзгешелік аркылы оның бейне-тұлғасын көзге тұтас күйінде айқын елестетуге мүмкіндік туады. Не нәрсе суреттеліп, қандай жағдай баяндалса да, бүтінді жеке бір бөлшегі арқылы, тұтас құбылысты кейбір дара сипаттары арқылы не- месе адамның іс-әрекетін, жүріс-түрысын бір-екі кимыл-қозғалысы арқылы әсерлі көрсету - міне, Көркемдік деталь қолданудағы жазушының шеберлігі осыдан жақсы аңғарылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]