- •8.Дүниетаным және көркем шығармашылық арақатынасы
- •4. Әдебиеттің қоғамдық функциясы
- •5. Халықшылдық эстетиканың тағлым-талаптары
- •9.Нәзира үлгісіндегі әдебиет
- •11. Көркем бейне және тарихи жағдай, орта
- •13.Байтұрсынов а «Әдебиет теориясы» еңбегі
- •14.Жұмалиев қ (Әдебиет теориясы» еңбегі
- •22.Әдеби бағыт пен ағым
- •23.Әдебиет тегі мен түрі
- •24. Көркемдік әдіс
- •25.Стиль және көркемдік
- •26.Әдебиеттің өнердің бір түрі ретіндегі өзіндік ерекшеліктері.
- •27.Дәстүр мен жаңашылдық арақатынасы. Дәстүрді шығармашылықпен игеру және дамыту.
- •28. Көркемдік әдісті айқындайтын факторлар
- •29.Көркем бейне табиғаты.
- •30.Көркем бейненің 2 қыры.
- •31.Көркем бейне,тарихи жағдай.
- •32.Реализм және өнердегі антиреалистік бағыт.
- •33.Образ ұғымының әдебиеттегі қолданысы.
- •34.Шығарманың композициясы.
- •35.Портрет.
- •36.Мінездеу
- •37.Монолог
- •38. Қазақ өлеңінің құрылыс жүйесі
- •41. Социалистік реализм әдісі және оған сыни көзқарас
- •42. Көркем шығарманың идеясы
- •74.75.76/Өнердегі типтендіру процесі
22.Әдеби бағыт пен ағым
әдеби ағым дегеніміз – бұл белгілі бір қоғамдық көзқарастардағы (дүниетанымдық, идеологиялық) жазушылар мен ақындар шығармашылығының бөлшектенуі, ал, бағыт болса – эстетикалық көзқарастарының және белгілі бір көркемдік іс-әрекет бағадарламасы (трактат, манифест, үндеулерде таныла айшықталған) ортақтастығы негізінде өмірге келген қаламгерлердің топтасуы[940]. Ағым мен бағыт осы мәнінде – халықаралық қауымдастықтың емес, жекеленген ұлттық әдебиеттің фактісі.Әдебиеттегі ағым-бағыттың айырмашылығын анықтау белгілі бір кезең әдебиетінің мәнін ашуда аса маңызды. Көркем шығармада қолданылатын шығармашылық әдіс-тәсілдермен тығыз байланысып жатқан осы бір мәселеге қатысты ХХғ. Басындағы қазақ әдебиетінде қандай ағымдар мен бағыттардың болғанына, оны сол тұстағы және кейінгі әдеби ой-пікір қалай танып білгеніне назар аудармасқа болмайды. Себебі ол белгілі дәуірдегі ақын-жазушылардың ізденістерін, көркемдік биіктерге жетуге деген ұмтылысын айқындайтын нақты құбылыс болып табылады. Академик З. Қабдолов «Сөз өнері» монографиясында әдеби ағымды әдеби стильмен салыстырып, түсінік береді: «Байқап қарасақ, стиль – бір жазушыға тән творчестволық ерекшелік болса, ағым – бірнеше жазушыға тән творчестволық бірлік; стиль - әр жазушының дара қасиеті болса, ағым - әр алуан жазушының ортақ сипаты; стиль жалқыға тән ұғым болса, ағым жалпыға тән таным; стиль әр жазушының әдеби беті болса, ағым әр жазушының әдеби бағыты; Ғалымның осы пікірінде ғылыми тұжырымдалған шындық бар. Бізге де керегі осы ұғым «әр жазушының әдеби бағыты». «Ағым», «бағыт», әдебиет теориясына қатысты еңбектерде түрліше құбылып, әрқилы ұғындырылып келеді. Ағымды бірде әдеби әдіске апарып тілесе, бірде бағыттың бір бөлшегі іспетті қарастырады. Енді бірде екеуі – «бағыт» пен «ағым» тектес ұғымдар ретінде танылады. Әдеби мектептің дәстүрлі өзгешеліктерін айқындауда бірнеше межеге жүгінуге тура келеді. Шығармашылықтағы басты сарындар мен негізгі оқиғалық желілер; олардың лексикалық құрам, баяндалу тәсілдері, жасалу әдістері – яғни, сөз қолданыс, өлеңдік құрылым, өлшем, өлеңдік түр, жанрлық құрам, т.б.ауқымындағы айқын, тұрақты дәстүршілдік. Мақам, сөз саптаудағы, өлең туу, қалыптасу, жасаудағы тәсілдердің даму жолдары жекелеген әдеби мектеп аясы мен ауқымында зерттеліп танылады. М, Абай мектебі, жыраулық мектеп, т.б.
23.Әдебиет тегі мен түрі
Әдебиет тектері - эпос, лирика және драма туралы сөз қозғағанда, айта кететін бір нәрсе, бұлардың бір-бірінен өзгешеліктерін мәңгілік және бір-біріне ауыспайды деп ұқпау керек. Эпос, лирика, драмаларды тарихи дамуы жағынан алыпқарасақ, бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. Алғашқы қоғамда жеке эпос та,лирика да, драмалар да болған емес, барлығы бір нәрсе болды. Кейінірек өзарабөлінді. Бірақ олардың байланысы, күні бүгінге дейін мүлде жойылған жоқ.Эпостық шығармаларда оқиғаны лирикамен суреттейтін кезеңдер де болады,мысалы, «Қобыланды» негізінде эпостық поэма, бірақ оның лирикалық жері де бар.Лирикамен жазылған шығармаларда оқиғаны баяндап кететін жерлері де аз кездеспейді. Эпостық (немесе кейде лирикалық) шығармаларды, сахнаға арналыпжазылмаса да, оның құрылыстарына қарағанда, драмалық шығармаларға өте жақын болуы, оларды театр ойынына пайдалануға мүмкіндік береді.Сонымен қатар әдебиетті эпос, лирика, драма деп үш текке немесе жанрға бөле тұрсақ та, бұл үзілді-кесілді бөліну еместігін естен шығармау керек. Бірақ бұлардың өзара байланыстары, олардың араларында болатын айырмашылықтарын
жоймайды. Сонымен қатар эпостық, лирикалық, драмалық шығармалардың әрқайсысының өз алдына бірнеше түрлері бар екенін көреміз. Әдебиеттің тегі мен түрі әдебиет яғни сөз өнері эпос, лирика, драма дейтін негізгі үш салаға жіктеледі. Бұлар әдеби жанрлар мен түрлердің тегі деп те аталады және олардың әрқайсысы мазмұны және суреттеу, баяндау тәсіліне қарай өз тарапынан жүйе құрып, жанрлық түрлерге бөлінеді.
