Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дұрыс шпор..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.07 Кб
Скачать

14.Жұмалиев қ (Әдебиет теориясы» еңбегі

Қ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы» мектепке арналған оқулық жасау мақсатында жазылып 1938, 1940, 1941, 1942 жылдары бірнеше рет басылып шықты. Негізінен орыс әдебиеттану ғылымындағы теориялық еңбектерді, әсіресе И.Виноградовтың «Әдебиет теориясын» басшылыққа алғандықтан да аудармалық сипаты басым болды. Автордың өзі «Кітаптың кейбір бөлімдері, жеке әдебиет мәселелері Тимофеев, Виноградов кітаптарынан, жаңа әдебиет энциклопедиясынан тура алынып отырылды. 1937-38 оқу жылында жоғарғы дәрежелі педагогикалық мектептерге арнап жасалған әдебиет теориясының программасына сүйеніп жазылды»,- деп атап жазғандай, орыс әдебиеттану ғылымындағы зерттеулерді басшылыққа алды (8). Бұл еңбектер жазылған кезде 30-жылдары жазылып пайдалануда болған оқулық, оқу құралдарының барлығы «халық жауларының» еңбектері ретінде қолдануға тыйым салынған еді. Сондықтан 30-жылдардың соңы, 40-жылдардың басында жазылған оқулықтар мен хрестоматиялардың мектептерді оқу құралдарымен қамтамасыз ету қажеттігін атқарған тарихи мән-маңызы да өте зор болды. 60 ж. 2 томдық «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері», 2 томдық «Әдебиет тарихы» (1960), «Әдебиет теориясы» (1938; 2-бас., 1964, 3-бас., 1969), «XVІІІ–XІX ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1967) кітаптары ұзақ уақыт бойы респ. жоғары оқу орындарында оқулық ретінде пайдаланылды. «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері» кітабының 1-томына «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Қозы Көрпеш–Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман–Шолпан» эпостары туралы зерттеулері енген. 2-томында 19 ғ-дағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығарм. талданған. Екі томдық «Әдебиет тарихы» кітабында қазақ әдебиеті тарихына кең ғыл. шолу жасалып, 18–19 ғ-лардағы жыраулар, ақындар, жазушылар шығарм. жан-жақты зерттелген. 1938 ж. шыққан «Әдебиет теориясы» деген кітабынан басталады. Бұл – қазақ тіліндегі А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышынан» кейінгі әдебиеттану терминдерін жүйелеуге арналған екінші талпыныс болатын. Өмірінің соңғы жылдары Ж. әдеби стиль мәселесін зерттеуге ден қойды. Ғалымның бұл ізденістері «Стиль – өнер ерекшелігі» атты кітабына негіз болды. Мұнда ол жалпы әдебиеттегі стиль туралы ұғымды, жазушы стилі жайлы түсініктерді жаңа пайымдаулармен толықтырды. С.Сейфуллин, Б.Ж.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Т.Жароков, Ә.Сәрсенбаев, С.Камалов, Д.Әбілов, т.б. ақын-жазушылардың өзіне тән стильдік ерекшеліктерін талдап көрсетті. 1969 ж. қазақ зиялылары туралы «Жайсаң жандар» естелік кітабы жарық көрді (1969). Кітапта С.Меңдешев, Сейфуллин, Майлин, Жансүгіров, С.Аспандияров, Қ.И.Сәтбаев, Камалов, т.б. шығарм. портреттері жасалған. Ж. өмірінің отыз жыл уақытын оқытушылық қызметпен өткізді. Қазақ әдебиеттану ғылымы мамандарын даярлауға елеулі үлес қосты.

15. Мазмұн мен пішін

Көркем туындының ішкі мәні және сыртқы құрылым, өрнегі дегеннен өнердегі ең күрделі де аса маңызды мазмұн мен пішін мәселесі келіп шығады.Көркемдік ұғымы мазмұн мен пішін бірлігі мәселесімен тығыз сабақтасып жатыр. Мазмұн мен пішін бірлігін түсінбей тұрып, көркемдік, шынайылық жайын ұғыну қиын.Мазмұн мен пішін мәселесі өнерге, әдебиетке ғана қатысты көркемдік-эстетикалық ұғымдар емес, жалпы болмыс, өмірге де тікелей қатысты ұғымдар, философиялық категориялар. Өйткені, дүние – тіршіліктегі, табиғаттағы қандай бір болмасын жаратылыстың, заттың, құбылыстың өзіне тән сыртқы түрі, көрінісі, яки пішін, сондай-ақ ішкі қасиеті, яки мазмұны болатыны даусыз. Сыртқы пішіні – түрімен көрінбейтін, ішкі мән-мазмұнымен танылмайтын зат, құбылыс болмайды (Мысалдар келтіріледі).Пішін, демек, кез келген құбылыстың, заттың сыртқы түрі, көрінісі. Ол мәнсіз, мағынасыз құр пішін, көрініс емес. Пішін белгілі бір мазмұнды танытушы. Оның осы белгілі бір мазмұнды көрнекі, нақты танытуы өзінің пішін ретінде көрінуінің, өмір сүруінің белгісі. Сондықтан ол жай, мәнсіз пішін емес, мазмұнды пішін.

Ал мазмұн белгілі бір заттың, жаратылыстың ішкі мәні, қасиеті. Ол тек белгілі бір пішін арқылы айқындалып, нақтылы көріне, таныла алады.

Өмірдегі белгілі бір құбылыстарды, жағдаяттар мен оқиғаларды суреттеуге, олардың қоғамдық-адамдық мәнін ашуға арналған көркем туындының пішінсіз, мазмұнсыз болуы мүмкін емес.Әдебиет теориясы ғылымында пішін деп туындының құрылысын, сюжеттін, жанрын, көркем бейнелерді, тіл, барша көркем бейнелеу-суреттеу құралдарын, амал-тәсілдерін айтамыз. Ал, тақырыпты, идеяны мазмұнның элементтері ретінде танимыз.

Әрбір толыққанды көркем туынды өзіне ғана тән қайталанбас мазмұн мен пішін бірлігінен тұрады. Сондықтан көркем туындыны талдап-таразылағанда, көркемдік-идеялық ерекшеліктерін сөз еткенде оны мазмұн мен пішін бірлігі тұрғысынан байыптау қажет. “Раушан – коммунист” повесінің мазмұны ХХ ғ. 20-жылдарының аяғындағы қазақ ауылын ұжымдастыру кезеңінің шындығы. Осы шындық, осы мазмұн повесте ең алдымен Раушан бейнесі, оның қарапайым қазақ әйелінен қоғам қайраткеріне айналу жолындағы өмір белестерін суреттеу арқылы танылады, көркем шындыққа айналдырылады. Раушан бейнесі нанымды, табиғи шықпаса, жазушы танытпақ болған кезең шындығы да (яғни, мазмұн) шынайы, көркем танылмаған болар еді.Ал, М.Шолоховтың “Көтерілген тың” романының мазмұнын құраған шындық – Дон өлкесінде ұжымдастыру саясатының жүргізілуі, казактардың жаңа өмір жолына түсе бастауы. Сол кезеңдегі түсінік әрі шындық бойынша халықты жаңа өмірге бастаушы компартия деп саналғандықтан қаламгер бұл идеяны, мазмұнды көркем таныту пішіні ретінде қарапайым казактарды емес, коммунистер Давыдовтың, Разметневтің, Майданниковтің өмірі мен олардың бостандық дұшпандары Половцевке, Литьевскийге т.б. қарсы жүргізген күресін бейнеледі. ХІХ ғасырдағы орыстың үлкен эстеті, әдебиет теоретигі әрі сыншы Г.В.Плеханов өнердегі реализм, көркемдік мәселелеріне орай мазмұн мен пішінге де көп көңіл бөлген, тұщымды ойлар айтқан. Ол көркем туындының мазмұны мен пішінінің бір-біріне сай келуін өнердің әмбебап заңдылығы деп санаған. Плехановтың пайымдауынша, “өнердің ішкі заңдылықтарының барлығы да ақыр соңында бір маңызды мәселеге ат басын тіремекші, ол – пішіннің мазмұнға сәйкес келуі. Бұл - өнер заңдылығы, сондықтан бұл заңдылық барлық әдеби мектептер үшін, мейлі ол классиктер ме, романтиктер ме, бәрі бір, соншалықты маңызды” деген.

_______________________________________________________________________________________________________________________________

16. Фабула

Көркем шығарманың тақырыбьшың идеялық-көркемдік шешімін табуында шығарманың композициясы мен сюжетінің орны ерекше. Шығарманың сюжетіне тоқталмас бүрын фабула дегеніміз не деген сүраққа жауап іздеуіміз керек. Өйткені эдебиеттануда фабула мен сюжетті бір деп қарастырушылар' да, екеуін даралап қарастыратьшдар да кездеседі. Фабула - латынша әңгімелеу, баяндау деген үғымды береді, яғни, көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен мазмүндап айтып беру.Ақиқат шындықта болған немесе болатын кез келген оқиғада фабула болады. Ал кез келген оқиға көркем шығарма болмайтьшдығы белгілі. Ендеше фабула мен сюжеттің арасындағы айырмашлық та осыдан келіп шығады. Сюжет - француз сөзі, зат, мазмұн деген мағынаны білдіреді. Фабула сюжетпен көптеген өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді: Оқиғаны мазмұндау, баяндау тәсілімен, яғни оны өмірде болып жатқан рет-ретімен емес, авторлық шегіністер, орын ауыстырулар арқылы беру (Ш.Айтматов, "Боранды бекет'").Айтушының болып жатқан окиғаға қатыстылығымен. Мұның бірнеше жолы бар: алғашқысында автордың оқиғаға қатыстылығы сезілмейді (М.Әуезов, "Қилы заман"), енді бірде айтушы оқиғаның ортасында жүреді (Ғ.Мүсірепов, "Қазақ солдаты"). Шығарманың белгілі бір формада баяндалуы, мысалы, естелік (Ғ.Мүстафин, "Көз көрген"), күнделік (Ә.Сәрсенбаев, "Офицер күнделігі"), Ф.М. Достоевский, "Бейшара жандар"), т.б. фабулалық тәсілдерді қолдану арқылы автор оқиғаның баяндауын бірде үдетіп, бірде бәсеңсітіп отырады, кейіпкер көңіл-күйінің қалтарыстарын ашып, образды жан-жақты ашады.

_______________________________________________________________________________________________________________________________

17. Сюжеттің басталуы (экспозиция)

Композиция,- латын сөзі, орналастыру, құрастыру деген мағынаны білдіреді. «Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкенді - кішілі бөлім - бөлшектерінің бір - бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық - бірлігі» (Зәки Ахметов). Шығарма құрылысының бұндай ерекшелігі композициялық бүтіндік деп аталады. Оның мәнісі туындыдағы әрбір эпизод - көріністерде, тараулар мен бөлімдерде бейнеленген оқиғалардың, адамдар іс - әрекеттерінің бір - бірімен тығыз байланыс - сабақтастықта дамып, тақырыптық - идеялық тұрғыдан тұгастық, бүтіндік танытуы. Ол үшін қаламгердің өзі көтерген мәселелерді, бейнелеген жайларды, адамдар іс - әрекетін т.б. айрықша талғаммен таңдап, сұрыптап алып, барлығын сюжет желісінде рет - ретімен қиюластыра білуі, бұл орайда шеберлік танытуы шарт. Композиция – көркем шығарманың құрылысы. Көркем шығармада оқиғалар қалай болса, солай беріле салмайды. Оқиға басталады, оқиғадан оқиға туындайды, кей оқиғалар қатар жарыса дамып отырады. Шығарма құрылысы, яғни, композиция деғеніміз осы. Композицияның мынандай элементтері бар: 1.Оқиғаиың басталуы, яғми экспозициясы. Мұнда кейіпкерлер қарым- қатынасқа түспеген бұрынғы жағдай, қоғамдық орта, оқиға орны, уақыты, маусымы айтылады.

_______________________________________________________________________________________________________________________________

18. Мәтін астары

Көркем шығармада автордың оқырманға сыйлығы – «мәтін астары». Қаламгер мәтін астары арқылы өзінің жасырын жатқан, айта алмаған ойларын жасырады. Мәтін астары біздің алашорда өкілдерінің цензура кезіндегі шығармаларында көп көрініс тапқан. Мәселен, көркем әңгіменің классикалық үлгісі болып табылатын Ж.Аймауытовтың “Елес” әңгімесі. Қаламгер оқырманға өнердің қоғамда алатын орнын, ақын, жазушының халық үшін атқаратын міндетін, халықтың тұрмысын аталмыш әңгіме арқылы жеткізді. Шығарманың құрылысы диолог үлгісінде жазылуы оқырманға кеңес дәуірінің шындығын, қазақ елінде болған ашаршылықтың ауыртпалығын, өлім, қайғы, зардап және т.б. өмір шындығына қатысты сөз етілген оқиғаларды танып, түсінуге мүмкіншілік берді. Қаламгердің астарлы ұстанымы шығарманы үшінші тұлға арқылы жүзеге асты. Әңгімедегі жас әдебиетшіге түнгі елес келіп, екеуі диалогқа түседі. Олар төңкерістен кейінгі әдебиеттің ахуалы туралы сөйлеседі “Төңкерістен бері қазақ елінің басынан қандай күндер өтпеді? Қазақ даласын көмірдей басып ақтар өтті. Қазақ даласында соғыс майданы ашылды. Мұның бәрі қандай із қалдырды? Осыларды қайсың жаздың?” [6,425 б.]. Қаламгер көркемдік шеберлігімен қоғамның жағдайын ашпақшы болады. Кейіпкер өң мен түстің ортасында отырып, жұмбақ елестің сауалдарына мүдіріп қалады. Кейін өзінің табан жолының тайғанақ, мәнсіз екенін сезген жас жазушы осы елестің сөздерінен кейін ұйқыдан ояна бастағандай болады “Құлағыма жағып кетті. Сөзі де әрі жатық, әрі жат көрінді. Магнит қуаты бардай-ақ, сөйлеген сайын ұйытып, бойымды балқытып әкетті” [6,423 б.]. Қаламгердің шеберлігі – ойды астарлап жеткізуі. Көркем шығарманың құндылығы – қаламгердің астарлы ұғымын беруі. Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысады. Киелі мәтіндер герменевтикасы экзегетика деп аталады. Мәтінді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді.

______________________________________________________________________________________________________________________________

19.Дәстүр мен жаңашылдық арақатынасы

1. Дәстүрден өнеге алу - өнер заңдылығы. Белгілі бір дәстүрге қатыссыз қаламгер болмайды. Бұл - өнер заңдылығы, шығармашылық ерекшелігі. Дәстүрсіз суреткер де қалыптаспайды, жалпы, әдеби даму да жалғаспайды. Алдында бай дәстүрлер болмаса. олардан үлгі-өнеге алып, ізденбесе Абай да үлкен ақын болып қалыптаса алмас еді.2. Еліктеу шығармашылық процесте бар нәрсе. Бірақ бұл дәстүрден толық мәнінде тағылым алудың, оны игерудің өнімді жолы емес. Өйткені, еліктеу ақындық қуаттың әлсіздігі (М.Әуезов). Еліктеу болған жерде қаламгер өнерде өз ерекшелігімен көріне алмайды.3. Демек, дәстүрді сол қалып-үлгісінде айна-қатесіз қайталау қажетсіз, қайталаған жағдайда қаламгер өзіндік дара бітімімен, ақындық ерекшелігімен көріне алмай, эпигондыққа ұрынады. Тегінде «ақындар өзара ұқсастығымен емес, ерекшелігімен қызық» (А.Блок).Абай өнегесі көрсеткендей, дәстүрді қабылдау дегеніміз оны шығармашылықпен үйреніп, игеріп, дамытқан, жетілдірген жағдайда ғана толық іске асады әрі өзіңнің ақындық- суреткерлік тұрғыңды (түлғаңды) айқындауға, шеберлік шыңына көтерілуіне ықпал етеді. Демек, дәстүрге шығармашылық тұрғыдан келу, оны шығармашылықпен үйрене отырып игеру және дамыту, жалғастыру ғана әдеби процестің өрлеуіне, суреткердің қалыптасуына жол ашады. Шыны да осы, әдеби дәстүрді - белгілі бір суреткердің шеберлік тағылымдарын дәл сол қалпында қайталау мүмкін де емес, міндетті де емес кейінгі өнер иесі үшін.Бұл құбылысты - дәстүр иесі мен оны қабылдаушы суреткер қарым-қатынасының сырын сыншы Белинскийдің мына пікірі әдемі ашып береді: «Ұлы ақынның басқа ақындарға ықпалы оның поэзиясының сол ақындарда айнымай көрінуінде емес, олардың өз бойындағы күш-қуатының оянуына әсер етуінде». Жаңашыл суреткер дегеніміз уақыт, қоғам мінберінен заманы, заманының адамы жайлы жаңа сөз, жаңа ой айта алған қаламгер, тың идеялар мен тақырыптарды көтеріп, оларды жаңаша, үздік шеберлікте бейнелей алған, сөйтіп өнерге соны көркемдік жаңалықтар (пішін, мазмұн тұрғысынан) әкелген суреткер. Бұндай көркемдік жетістікке қаламгер дәстүрді шығармашылықпен игеру жэне жаңаша дамыту негізінде жетеді. Міне, өздеріңіз байқағандай, өнердегі, әдебиеттегі дәстүр мәселесін сөз ету түптеп келгенде жаңашылдық проблемасы да әңгімелеу болып шығады екен. Өйткені бұл екі ұғым тақырып пен идея, мазмұн мен пішін секілді бір бірімен тығыз сабақтас, байланыстағы, бірінсіз бірі болмайтын, бірін-бірі толықтырып отыратын егіз ұғымдар, әдебиет, өнер дамуының негізгі алғышарттарының, заңдылықтарының бірі. Дәстүрсіз әдеби даму жоқ десек, дәстүрді шығармашылықпен игеру мен жалғастыру суреткерді жаңашылдыққа әкеледі екен. Ал белгілі бір суреткердің өнердегі толағай табысы, көркемдік, шеберлік тұрғысындығы жаңашылдығы өз кезеңі үшін де өнеге көзі, дәстүр, дәстүр қызметін атқарады. Бұл дәстүр мен жаңашылдықтың сабақтастығын, өзара байланысын көрсетеді. Дәстүрді шығармашылықпен игеру жаңашылдыққа әкелсе, жаңашылдық негізінде дәстүр қалыптасады.Абай поэзиясының жаңашылдығы алдымен өз кезеңіндегі әдеби даму үшін өте пайдалы дәстүр құрады, реалистік әдебиеттің өркендеуіне мықты негіз болды. Абай жаңашылдығының негізінде оның ақындық мектебі қалыптасты, оның аясындағы шәкірт ақындарға (Шәкәрім, Мағауия, Ақылбай, Көкбай т.б.) ұлы суреткер жаңашылдығының - дәстүрінің әсер-ықпалы зор болғаны белгілі.

__________________________________________________________________________________________________________________________

20. Қабдолов З «Сөз өнері» еңбегі

Қазақстанның халық жазушысы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Зейнолла Қабдолұлы Қабдолов – көркем сөздің ел таныған майталман шебері, әдебиеттің ірі қайраткері. З.Қабдолов көркем әдебиеттің дамуына қосқан үлкен үлесі үшін, көркем шығарма жазудағы табысы үшін еңбегіне сай халық жазушысы атанды. Ол - әдебиеттану ғылымына, оның ең бір күрделі саласы – әдебиет теориясына зор үлес қосқан ғалым. Әдебиеттану саласында ұзақ жылдар бойы өнімді еңбек етіп, алдымен ғылым кандидаты, онан кейін ғылым докторы ғылыми дәрежесін алу үшін арнайы диссертациялық еңбек жазып қорғады. Әдебиет теориясы саласындағы жазған, жарияланған еңбектері жоғары бағаланып, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, онан соң толық мүшесі – академигі болып сайланды. .Қабдолов –қазақ әдебиеттану ғылымының аса көрнекті өкілі, үлкен ғалым. Жоғары мектептегі әдебиет теориясын оқытудың, әдебиеттану ғылымының негіздерін оқытудың басты әдіснамалық бағыттары З.Қабдоловтың әдебиет теориясы мектебінен өріс алған. 1970 жылы жарық көрген «Әдебиет теориясының негіздері» атты жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы студенттерді әдебиет туралы білімнің негізімен сусындатып келеді. Бұл кітап қазақ әдебиеттану ғылымында, әсіресе әдебиет теориясы саласында үлкен жетістік деп бағаланған, ғылыми жаңалағы мол қомақты, іргелі зерттеу болды. Оның айрықша құндылығы көркем әдебиеттің табиғатын, оның өмірмен жалғастығын, қазақ сөз өнерінің ұлттық сипат-ерекшелігін ғылыми тұрғыдан терең ашып беруінде, теориялық қағидаларды, көркем шығармаларды үлкен талғампаздықпен танып, нақтылы талдау жасай білу шеберлігінде болатын. Бұл еңбек 1976 жылы «Сөз өнері» деген атаумен өңделіп, толықтырылып екінші рет басылды. Бірнеше рет қайта басылып шыққан «Сөз өнері» атты оқулық студенттердің жастана оқитын аса бағалы, құнды кітабына айналды.«Сөз өнері» әдебиет әлемінің бар сырын ашып, сөз өнерінің басқа өнер салаларынан артықшылықтарын дәйекті пікірлерімен дәлелдейді, әдеби туындыдағы эстетикалық пайымға да диалектиканың жан-жақтылығымен қарайды. Ондағы жүйелі теория, нақты айқындаулар, дәлелді, негізгі толғам, тұжырымға жол ашады. Әдебиетімізді әлемдік деңгейге көтерген халқымыздың саңлақ суреткері, ғұлама ғалым М.Әуезовтің өмір жолы мен шығармашылық өнерін зерттеп, дәріптеуге сан жылғы ғалымдық ізденісі мен жазушылық еңбегін, күллі ұстаздық ғұмырын арнаған академик-жазушы Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесі қазақ әдебиетіне қосылған қомақты дүние. Ұзақ жылдар бойғы ізденістің қорытылған нәтижесі көрініс тапқан бұл еңбекте кемеңгер ұстаз, ақыл-ойдың кені ғұлама ғалым, көркем сөздің хас шебері М.Әуезовтің әдеби бейнесі мен адамгершілік тұлғасын жан-жақты жарқырата таныту мақсатын биік деңгейде орындаған. Кейіпкері тарихи тұлға болғандықтан көркем шығарма жанрын өмірлік деректерге сүйеніп жазылатын роман – эссе деп анықтап алуы ірі тұлға болмысын әрі ғалымдық көзқарас, әрі жазушылық дүниетаным тұрғысынан сомдауға көп мүмкіндік берген. Содан болар мұнда көркем әдебиетте қалыптасқан белгілі соқпақтардан бөлек жаңаша әдіс, тың болжам, батыл ой түйіндеулер көбірек орын алған.

_______________________________________________________________________________________________________________________

21. Тақырып пен идея бірлігі

Тақырып - өнер туындысының іргетасы. Тақырып табу бір аз күннің шаруасы емес, ол жазушы шығармашылығының бір бөлігі. Өнер өмірден туатын болса, суреткердің өмірден ең алдымен іздеп табатыны - өз шығармасының тақырыбы. Егер шығармашылық процестің үш түрлі (материал) жинау, жиналған материалды қорыту, қорытылған материалды жазу кезеңі бар десек, тақырып осынау үш кезеңнің өн бойында тұтас желі тартып жатады. Жазушы шығармашылық процестің алғашқы кезеңінде өмірдің әр алуан құбылыстарын зерттейді, тексереді. Әрине бұл құбылыстардың ішінде ірісі де, ұсағы да, маңыздысы, маңызсызы да , күрделісі де, кездейсоғы да ... - бәрі де бар. Осының бәрі - болашақ шығарманың материалы. Осының бәрі суреткер санасында жатталып қала бермейді. ең керектісі ғана қалады, керексізі ұмытылады. Неге десек, - әр суреткер өмір құбылыстарын тек өз дүниетанымының тұрғысынан ғана танып, қабылдайды. Оны өмірдегі кез келген құбылыс жаппай қызықтыра бермейді. Ол тек өз мақсатына керек құбылысқа ғана қызығады. Болашақ көркем шығармаға негіз болатыны ды - сол суретер қызыққан құбылыс. Жазушы өз шығармашылығьшың бір кезінде бір құбылысты әр сипаты жағынан зерттейді, яғни материал қарастырады, жинайды. Өз дүниетанымын қызықтырған құбылысты ғана ол тереңірек зерттейді. Суреткер өз тақырыбын табуға ұмтылады. Мәселен, әйел теңдігі туралы жазу С.Мұқановтың ойында әуелден болған, ал Қызылордадағы бір оқиға оның нақты тақырыбын айқындап берді (Сұлтанбек Әбеуов пен Мұстапа Көшеков). Міне, тақырып осылай туады.Тақырып дегеніміз - жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобы. Тақырыптан идея, идеядан тақырып туындап та жатады.Үлкен шығармаларда негізгі тақырыптар мен қоса қосымша тақырыптар да аз болмайды. М.Әуезовтің «Абай жолы» романының негізгі тақырбы: «XIX ғ. екінші жартысындағы қазақтың әлеуметтік құрылысында ғасырлар бойы үстемдік алып келген рушыл- феодалдық таптың өкілдері мен жаңа заманның жаршысы, прогресшілдік бағытты қолдаушы демократтық топтардың күресі, ал қосымша тақырып: сүйіспеншілік, феодалдардың өзара тартысы, барымта, тұрмыс-салт мәселесі.

Егер тақырып - жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея - жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы дер едік.Жазушы өзі бейнелеп, суреттеп отырган өмір құбылыстары арқылы оқырман назарын неге аударса, қайда бағыттаса, сол - идея!Идеясыз шығарма болмайды, болуы да мүмкін емес. Тақырып пен идея үнемі бірлікте болады. Қандай шығарма болсын белгілі бір идеяны үндейді. Тақырып, оқиға және оның құрылысы, шығармада қатысушылардың араларындағы тартыс, оларды суреттеу әдістері, түптеп келгендё - жазушының сол шығармадағы айтайын деген идеясына бағыныңқылық. Ал қандай идеяны үндеуі жазушының өмірге көзқарасына, дүние танушылығына негізделеді. Шығармадағы суреттелетін өмір кұбылысын, күрес-тартыстарды образ арқылы оқушылардың көз алдына елестете, ой-сезімене әсер ете отырып, жазушы оларды өзі меңзеген бағытқа жетектейді.Белинский көркем шығарманьщ идеясын «оның өн бойында желі тартып жатқан ой мен сезімнің мығым бірлігі» деп белгілесе, Ғамзатов шығарма идеясын оның тақырыбына тамаша тапқырлықпен нұсқалы әрі ұтымды көшіріп әкетеді: «Ой мен сезім - құс десек, тақырып - аспан; ой мен сезім - бұғы десек, тақырьш орман; ой мен сезім - елік десек, тақырып - тау; ой мен сезім - жол десек, тақырып - сол жол алып баратын шаһар - деп түсіндіреді. Ой өзегі (замысел) - суреткердің шығарма жазар тұстағы шығармашылық толғаныстарының түпкі түйіні. Ой өзегінде жазушының тақырып тауып, идея туғызудағы түбегейлі мақсаты, яки шығармашылық концепциясы жатады. «Ой өзегі - шығарманың негізгі арқауы.» (А.Толстой) З.Қабдолов «шартты түрде, шығарманың тақырыбы - сауал да, идеясы - жауап деуге болар еді»,-дейді. Бір сауалдың бірнеше жауабы болатыны секілді, бір тақырыптан бір емес, бірнеше идея тууы мүмкін. Осыдан келіп әдебиеттегі идеялық қарама-қарсылықтар мен бірліктер деген мәселе туады. Бір шығармадағы бірнеше және эр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені негізгі идея дейміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]