- •8.Дүниетаным және көркем шығармашылық арақатынасы
- •4. Әдебиеттің қоғамдық функциясы
- •5. Халықшылдық эстетиканың тағлым-талаптары
- •9.Нәзира үлгісіндегі әдебиет
- •11. Көркем бейне және тарихи жағдай, орта
- •13.Байтұрсынов а «Әдебиет теориясы» еңбегі
- •14.Жұмалиев қ (Әдебиет теориясы» еңбегі
- •22.Әдеби бағыт пен ағым
- •23.Әдебиет тегі мен түрі
- •24. Көркемдік әдіс
- •25.Стиль және көркемдік
- •26.Әдебиеттің өнердің бір түрі ретіндегі өзіндік ерекшеліктері.
- •27.Дәстүр мен жаңашылдық арақатынасы. Дәстүрді шығармашылықпен игеру және дамыту.
- •28. Көркемдік әдісті айқындайтын факторлар
- •29.Көркем бейне табиғаты.
- •30.Көркем бейненің 2 қыры.
- •31.Көркем бейне,тарихи жағдай.
- •32.Реализм және өнердегі антиреалистік бағыт.
- •33.Образ ұғымының әдебиеттегі қолданысы.
- •34.Шығарманың композициясы.
- •35.Портрет.
- •36.Мінездеу
- •37.Монолог
- •38. Қазақ өлеңінің құрылыс жүйесі
- •41. Социалистік реализм әдісі және оған сыни көзқарас
- •42. Көркем шығарманың идеясы
- •74.75.76/Өнердегі типтендіру процесі
13.Байтұрсынов а «Әдебиет теориясы» еңбегі
«Әдебиет танытқыштың» құрылымдық ерекшелігі – тараулардың, жекелеген тұжырымдардың реті бір-бірінен туындап отыратын қисындылығында. Мәтіндегі теориялық әдіске негізделген баяндау тәсілінің бірден-бір ерекшелігі – нәрсенің анықтамасын айтудан бұрын оның қасиетін айтатынында. Яғни, кез-келген категорияны түсіндіру барысында біз үйреншікті дедуктивті әдіспен емес, көбіне сол дедукцияның өзіне негіз болып келетін жолды ұстанып, нәрсенің анықтамасынан қасиетіне қарай емес, керісінше, нәрсенің қасиетінен анықтамасына қарай баяндалады. Және оны пәлсәпалық һәм филологиялық ұғым-түсініктердің ішінде – қарапайым түсінікті тілмен дәл әрі шумақтап (обобщение) беріледі. Еңбектегі роман, повесть, әңгімеге байланысты тұжырымдар мен «Тіл көрнекілігі» тарауындағы категориялардың анықтамалары осы айтқандарымызға дәлел бола алады. Сонымен қатар «Әдебиет танытқышта» әдебиеттану ғылымының қай кезеңінде болса да қажеттілігінен айнымайтын сөз өнерінің теориялық негіздері көптеп кездеседі. Байтұрсыновтың еңбегінде көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы» т.б. сөз етіледі.
Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары — шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі — мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері — пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады. А.Байтұрсынов бөлген «діндар дәуірдегі» айтыс пен «сындар дәуірдегі» айтыс-тартыс екеуі екі бөлек нәрсе, тек айтыс деген аты жағынан ғана ұқсас. «Айтыс бастапқы кезде шын екі ақынның айтысқаны болса да, соңғы кезде айтысты ақындар өз ойынан шығаратын болған. ... Сөйтіп айтыс шын айтыс емес, тек шығарманың түрі» болуға айналғандығын және «бара-бара айтыс өлеңде айтылатын келіссіз істерді, мінездерді алаң айнасына түсіріп көрсететін көбінесе өмір жүзінде, адам арасында болатын ұрыс-керіс, талас-тартыс, алыс-жұлыс, қуаныш-қайғы сияқты түрлі халдар болған себепті сөз өнерінің бір түрі Европа тілінде тек «Айтыс-тартыс, арпалыс» [1, 105-б] – теориялық тұрғыдан келгенде драматургия жанрына яғни театр өнеріне тән нәрсе. «Айтыс (драма) – сөз өнерінің бір түрі ... қазақта ауыз әдебиет түрінде болғанмен, айтыс-тартыс, түрлі шығарма ауыз әдебиетінде жоқ» деп, ғалым «ақындар айтысы» мен «айтыс-тартыстың» айырмашылығын осылай анықтады. Сондай-ақ «Әдебиет танытқышта» қазақ ауыз әдебиетінің дамуы, қалыптасуы «жұмсалатын орнына қарай»: «Сауықтама» (сауық үшін) – «Ермектеме» (ертегі, ертегісімек, аңыз әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш); «Зауықтама» (ертегі жыр-батырлар жыры), тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, үміт өлең, толғау, терме); «Сарындама» (салт сарыны) – Салт сөзі: мысал, ділмәр сөз (афоризм), тақпақ, мақал, мәтел, жұмбақ; Ғұрып сөзі: той бастар, жар-жар, беташар, неке қияр, жарапазан, бата; Қалып сөзі (тұрмыс қалпында): жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жыры деп бөлінеді. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттығы мен егемендігін бүгінгі таңда бүкіл дүниежүзі танып, мойындап отырған тұста ғасырдан ғасырға жеткен мәдени мол мұраларымыз ел игілігіне айналуда. Ұлтқа сіңірген ұшан-теңіз еңбегінің басқасын айтпағанда, осы бір ғана ісі үшін де Ахаңа мәңгі тағзым етіп өтуге тұрады. XX ғасыр басында тұңғыш рет Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты ғылыми-теориялық еңбегінде ұлттық әдебиеттанудың негізгі ұстанымдары мен тұжырымдарын әлемдік контексте қарастырған әрі ғылыми тұрғыда негіздеген өміршең зерттеулерін қалдырды.
