- •8.Дүниетаным және көркем шығармашылық арақатынасы
- •4. Әдебиеттің қоғамдық функциясы
- •5. Халықшылдық эстетиканың тағлым-талаптары
- •9.Нәзира үлгісіндегі әдебиет
- •11. Көркем бейне және тарихи жағдай, орта
- •13.Байтұрсынов а «Әдебиет теориясы» еңбегі
- •14.Жұмалиев қ (Әдебиет теориясы» еңбегі
- •22.Әдеби бағыт пен ағым
- •23.Әдебиет тегі мен түрі
- •24. Көркемдік әдіс
- •25.Стиль және көркемдік
- •26.Әдебиеттің өнердің бір түрі ретіндегі өзіндік ерекшеліктері.
- •27.Дәстүр мен жаңашылдық арақатынасы. Дәстүрді шығармашылықпен игеру және дамыту.
- •28. Көркемдік әдісті айқындайтын факторлар
- •29.Көркем бейне табиғаты.
- •30.Көркем бейненің 2 қыры.
- •31.Көркем бейне,тарихи жағдай.
- •32.Реализм және өнердегі антиреалистік бағыт.
- •33.Образ ұғымының әдебиеттегі қолданысы.
- •34.Шығарманың композициясы.
- •35.Портрет.
- •36.Мінездеу
- •37.Монолог
- •38. Қазақ өлеңінің құрылыс жүйесі
- •41. Социалистік реализм әдісі және оған сыни көзқарас
- •42. Көркем шығарманың идеясы
- •74.75.76/Өнердегі типтендіру процесі
11. Көркем бейне және тарихи жағдай, орта
Көркем бейне – әдебиетте, өнерде (сурет, музыка, театр, кино, т.б.) өмір құбылыстарын жинақтап, типтендіріп, бейнелі көрініс түрінде суреттеу үлгісі. К. б-де көпке ортақ сипаттар мен жекелік сипаттарды ұштастырып, даралап көрсету ұласып жатады. Осы тұтастық бірігіп көрінгенде көркем образ, көркем бейне туады. Әдебиетте адамның Көркем бейнесін суреттегенде жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін, сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттармен сомдап, сонымен қатар, кейіпкердің жеке басына тән тұлғалық ерекшеліктерін де даралап көрсетеді. Көркем бейненің типтік сипаты қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралығы мен өзіне тән ерекшеліктерін айшықтау адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылы қалпында көріп-білу үшін де сондай қажет. Адамның типтік бейнесін, типтік характерін суреттеу қоғамдық өмірдің қыр-сырын жан-жақты, терең аша білгенде ғана ұтымды болады. Көркем әдебиетте берік орын алған Көркем бейнелер көп. Мысалы: Абай, Дәркембай, Құнанбай (“Абай”), Ботагөз, Асқар (“Ботагөз”),Ұлпан (“Ұлпан”), т.б. Көркем бейне өмір шындығына, халықтың адамгершілік эстет. мұраттарына сәйкес келгенде ғана өнер туындысына айналады.
12. Сюжет дегеніміз өмір құбылыстарынан таңдап алынған, көркем баяндалып, әдеби туынды мазмұнына айналған оқиғалар жүйесі. Сюжет — көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі түрі, жолы немесе тәсілі. Егер көркем шығарманың мазмұны түрліше мінездер мен типтердің өзара қарым-қатынасынан туған шындық десек, осының өзі сюжетте адамдар мен қоршаған ортаның арасындағы қарым- қатынас ретінде, белгілі бір. даму үстінде көрінеді. Ендеше, сюжет оқиғалардың өзара байланысы, өрбуі, өрістеуі деген сөз. Сюжетті шығарма тартысқа құрылады. Тартыс үшін ең қажет нәрсе дәлел. Образ үшін психологиялық дәлел, оқиға үшін логикалық дәлел. Сюжет, сюжеттегі оқиғалар өмір шындығын танытуға тиіс. Әрбір толыққанды көркем туынды өзіне тән сюжет ерекшелігімен танылады. Сюжеттің көркем шығармада атқаратын қызметі алуан түрлі. 1) Сюжет өмір қайшылықтарын танытады. 2) Сюжеттегі оқиғалар кейіпкерлер бір-бірімен қарым-қатынасқа түсетін әрекет алаңын құрайды. 3) Сюжет автордың кейіпкерлер қарым-қатынасын (тартысқа түсуі немесе түсінісулерін) жан-жақты көрсете отырып, олардың характерін танытуына мол мүмкіндік береді. Горькийдің сюжетті «адамдардың (яғни, кейіпкерлердің - С.М.) өзара байланыстары, қарама-қайшылықтары, ұнатуы, жек көруі, жалпы алғанда олардың қайшылықтарының, белгілі бір характердің, типтің қалыптасу, өсу тарихы» деп түсіндіруі тегін емес. Автор сюжет желісіндегі оқиғалар барысында кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынастарды, қайшылықтарды бейнелеу арқылы өмір егесі - адамның характерін танытуға күш салады. Сюжеттің ең басты қызметі де осы.Сюжеттің қозғаушы күші - тартыс, өмір қайшылықтары екені белгілі. Өнер туындысында бейнеленетін тартыс көркем тартыс аталады. Өмір бар жерде қайшылық бар, тартыс бар. Өмірде тартыс неден туындайды? Ол адамдар арасындағы мінез, мұрат, көзқарас алшақтығынан, келіспеушіліктен, жаулықтан т.б.туындайды. Бұл өмір ақиқаты десек, осындай көзқарас, мұрат кереғарлығынан пайда болатын тартыс - өнер туындысы сюжетінің арқауы болады, оны мәнді, тартымды етеді.Сюжет жалпы алғанда тақырып пен идеяға сай көркем баяндалған оқиғалар жүйесі болғандықтан, оның дамуының басталу, өрістеу (яғни, орта шені) және аяқталуы секілді кезендері әдеби термин тілімен айтқанда экспозиция, сюжеттік байланыс, шиеленісу, шарықтау шегі, шешімі болу заңдылық. Сюжеттік бұл элементтер оқиғаның, адамдар арасындағы қарым - қатынастың (тартыстың) дамуының түйінді кезеңцерін танытады. Мәселен, экспозицияны (түсіндіру) алайық. Бұл туындыдағы негізгі оқиға мен тартыс басталмай тұрып оүырманды алда оқиға өрістейтін ортамен таныстыру, тартысты, оның қандай жағдайда өтетінін алдын ала аңғарту мақсатын көздейді. Мысалы, М.Мақатаевтың өздеріңе ұсынылған «Аққулар үйықтағанда» поэмасының I тарауы түгелімен экспозиция қызметін атқарып тұр. Бір кездері ажар - көркі аққулар («Ақ мүсін айдынға кеп орнайтұғын») айдыны думан болған, кейінгі уақыттың аққулар оралмай кетіп, базары тарқаған Жетімкөл күйін ақынның ерекше тебіреніспен суреттеу тараудың соңғы шумағының:Оралмады аққулар осы маңға,Жылдар өтті, байғұстар шошынған ба?«Жетім көл» жетімсіреп қала берді,
Арман - ай, аққуымен қосылар ма?! - деғен көңілді қобалжытар толғанысты сауалдарға құрылуы алда көлге, аққуларға байланысты жүрекке жүк түсірер оқиғалар өрістейтінін оқырмандарға алдын ала сезіндіргендей.Композиция,- латын сөзі, орналастыру, құрастыру деген мағынаны білдіреді. «Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкенді - кішілі бөлім - бөлшектерінің бір - бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық - бірлігі» (Зәки Ахметов). Шығарма құрылысының бұндай ерекшелігі композициялық бүтіндік деп аталады. Оның мәнісі туындыдағы әрбір эпизод - көріністерде, тараулар мен бөлімдерде бейнеленген оқиғалардың, адамдар іс - әрекеттерінің бір - бірімен тығыз байланыс - сабақтастықта дамып, тақырыптық - идеялық тұрғыдан тұгастық, бүтіндік танытуы. Ол үшін қаламгердің өзі көтерген мәселелерді, бейнелеген жайларды, адамдар іс - әрекетін т.б. айрықша талғаммен таңдап, сұрыптап алып, барлығын сюжет желісінде рет - ретімен қиюластыра білуі, бұл орайда шеберлік танытуы шарт. Композициялық бүтіндік жоқ жерде түтас, көркем сюжет те түзілмейді. Сюжет оқиғалы туындыларға тән болса, композиция керісінше кез - келғен әдеби туындыға тэн құрылым. Қорыта айтқанда, өнер туындысының композициясы дегеніміз бұл оның барша бөлшек - бөлімдерінің бір - бірімен сәйкестік - жарасым тауып, белгілі бір өмір құбылыстарының біртүтас картинасын түзіп, нақтылы бір идеяны танытуы.Композиция – көркем шығарманың құрылысы. Көркем шығармада оқиғалар қалай болса, солай беріле салмайды. Оқиға басталады, оқиғадан оқиға туындайды, кей оқиғалар қатар жарыса дамып отырады. Шығарма құрылысы, яғни, композиция деғеніміз осы.Композицияның мынандай элементтері бар:1. Оқиғаиың басталуы, яғми экспозициясы. Мұнда кейіпкерлер қарым- қатынасқа түспеген бұрынғы жағдай, қоғамдық орта, оқиға орны, уақыты, маусымы айтылады.2. Оқиғаның байланысы. Кейіпкерлер арасындағы әрекеттің басталуы, негізғі оқиғаның туындау себептері.3. Оқиғаның дамуы, шиеленісуі. Кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынас, іс- әрекет шиеленісе бастайды.4. Оқиғаның шарықтау шегі, кульминация. Кейіпкерлер арасындағы қимыл- әрекеттің, шиеленістің мейлінше күшейіп, ең жоғарғы шегіне жетуі.5. Оқиғаның шешімі. Кейіпкерлер арасындағы қарама-қарсы күрестің аяқталуы, автордың өзі суреттеп отырған өмір құбылысына шығарған «үкімі».Композицияның құрамына сюжеттен тыс пролог жэне эпилог та енеді. Пролог - көркем шығарма кіріспелерінің түрі болса, эпилог қорытынды.
