- •8.Дүниетаным және көркем шығармашылық арақатынасы
- •4. Әдебиеттің қоғамдық функциясы
- •5. Халықшылдық эстетиканың тағлым-талаптары
- •9.Нәзира үлгісіндегі әдебиет
- •11. Көркем бейне және тарихи жағдай, орта
- •13.Байтұрсынов а «Әдебиет теориясы» еңбегі
- •14.Жұмалиев қ (Әдебиет теориясы» еңбегі
- •22.Әдеби бағыт пен ағым
- •23.Әдебиет тегі мен түрі
- •24. Көркемдік әдіс
- •25.Стиль және көркемдік
- •26.Әдебиеттің өнердің бір түрі ретіндегі өзіндік ерекшеліктері.
- •27.Дәстүр мен жаңашылдық арақатынасы. Дәстүрді шығармашылықпен игеру және дамыту.
- •28. Көркемдік әдісті айқындайтын факторлар
- •29.Көркем бейне табиғаты.
- •30.Көркем бейненің 2 қыры.
- •31.Көркем бейне,тарихи жағдай.
- •32.Реализм және өнердегі антиреалистік бағыт.
- •33.Образ ұғымының әдебиеттегі қолданысы.
- •34.Шығарманың композициясы.
- •35.Портрет.
- •36.Мінездеу
- •37.Монолог
- •38. Қазақ өлеңінің құрылыс жүйесі
- •41. Социалистік реализм әдісі және оған сыни көзқарас
- •42. Көркем шығарманың идеясы
- •74.75.76/Өнердегі типтендіру процесі
41. Социалистік реализм әдісі және оған сыни көзқарас
Социалистік реализм — реализм классикалық әдебиет пен көркемөнердің барлық түрлерінің ең жоғарғы, әрі ерекше түрі.
Кеңес әдебиеті мен өнерінің негізгі шығармашылық көркем әдісі. Реализмнің дамуынағы жаңа, ең жоғарғы этапы. Социалистік реализм XX ғасырдың басында құралып, қалыптасты, кеңес әдебиеті мен өнерінің негізгі әдісіне айналды. Социалистік реализм- елімізде коммунистік қоғам орнату, кеңес адамдарын, жаңа жасөспірімді коммунистік рухта тәрбиелеу, олардың коммунистік саналылығын арттыру, халқымызды социалистк интернационализм және патриотизм рухында тәрбиелеуді талап етеді. Социалистік реализм рухында жазылған көркем әдебиет пен көркем өнердің міндеті бейбітшілік қорғау мен прогресшіл адамзатты бақытты өмірге баулу болып табылады. Ол кеңес суретшілерін күнделікті өмір шындығын ақиқатты жырлауға шақырады.
42. Көркем шығарманың идеясы
Шығарманың бір идеяны үндейді дедік идеясы Тақырып, оқиға және оның құрылысы, шығармада қатысушылардың араларындағы сол тартыс, оларды суреттеу әдістері, түптеп келгенде - жазушының сол шығармадағы айтайын деген идеясына бағыныңқы.
Ал қандай идеяны үндеуі жазушының өмірге көзқарасына, дүние танушылығына негізделінеді.Шығармадағы суреттелетін өмір құбылысын, күрес-тартыстарды бораз арқылы оқушылардың көз алдына елестете, ой-сезіміне әсер ете отырып, жазушы оларды өзі
меңзеген бағытқа жетектейді. Біз жоғарыда М. Горькийдің "Ана" романы 1905 жылғы революция жеңілгеннен кейін басылып шықты,
жазушы оқиғаны революцияның алдыңғы жылдарынан бастаса да, сол қиын-қыстаужылдарды, сол кездің өзінде жұмысшы табының алдыңғы саптағы өкілдерінің күресін, бұрын езілген жұмысшы әйелдердің, қазір революциялық қимылдың әсерімен қайта тәрбиеленгенін, олардың революция жолындағы батылдығын суреттейді дедік. Романның негізгі идеясы - осы сияқты үлкен мақсат, ұлы тілектің туын көтерген қайтпас ер,
қаһарман күрескерлерді туғызып отырған тапқа, ісінің уақытша оңына келмеуі,уақытша жеңілуі бөгет бола алмайды; түбінде жеңіп шығатын осы пролетариат табыдеген пікір. Кітапты оқып шыққан адам осы қорытындыға келеді.
50. \ Көркем шығарманың құрылысы.
Көркем шығарманың құрылысы шығарманы жақсы не нашар шығарма деп баға беру де шеуші роль атқарады. Оқығанда бас алғызбай тартып оқиғаның қызықтығы, көсем серкедей, ерекше көзге түсетн образы – типі – ұнамды ұнамды образдардың рух бкрерлік ерліктері, ұнамсыз образдардың Жан түршіктірерлік жауыздықтары және өзекті өртерлк трагедиялық жайттардың шығармаларда табиғизаңдылықпен мүлтксіз шебер қиюласуы - композийияның ісі. Егер ол болмаса, бір-бірімен байланыссыз оқиға да, әлдемі пейзаж, портрет тер де, үздік жасалғант әдеби мінездер де оқушыларын қызықтыра алмаған болар еді. Көркем шығармалардың құрылысы тек түрге ғана байланысты емес, мазмұн, идеяға байланысты мәселе. Шығармаларда суреттелетін оқиғалар, олардың бөлшектерін, адамдардың іс-амалдарын жігін таптырмастай шебер қиюластыру жазушының дарындылығымен байланысты бхолса, қандай сюжет алу және оқиғаға қатысушылардың қайсысын қалай көрсету жазушының өмірге көзқарасы, шығарманың идеясымен байланысты. Бұл – тек сюжетті шығармаларға ғана емес, сюжетсіз лирикалық өлеңдерге тән қасиет. Лирикалық өлеңдердің әр алуан түрлері мазмұнның керек етуінен туады. Өмірдегі шындықты шынайы әдеби шығармаға айналдыру, әдебиеттегі мазмұнның мазмұнды пішінге көшу, тақырыптың идеялық – көркемдік шешім табу процесінде сюжет пен композицияның атқарар ролін еш нәрсемен ауыстыру мүмкін емес. Соған қарамастан, бір таң қаларлық нәрсе, осыларды әркім ір күйге түсіреді : сюжетті біреулер оқиға, бірулер құбылысқа, бірулер фабулаға теліп жатса, композицияны біреулер жүйеге, бірулер архитектоникаға, біреулер конструкцияға сайып жатады. Сөз жоқ, бұлардың қайсыбірінде сюжеттік, қайсыбірінде композициялық сипаттар бар екені рас, бірақ осылардыі бірінен соң бірін туындатып, ой мен ұғымды осынша қиындатудың қажеті қанша ? Айталық, фабула! Мұның не нәрсе екені баяғы Аристотель заманынан бері жұрттың бәріне мәлім : бұл (латынша fibula - әңгімелеу, баяндау, тарихты айтып беру) – көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет – ретімен жүйелеу, мазмұндау. Композиция (латынша composito – құрастыру, қиыстыру) бірер сөзбен айтқанда, көркем шығарманың құрылысы. Алайда мұны құрылыс деген сөзге қарап тек пішінге ғана байланысты ұғым деуге болмайды, композиция мазмұнмен тікелей байланысты нәрсе : ол - әдеби шығарманың сыртқы түрінің ғана симметриясы емес, сонымен қатар ішкі сырының да гармониясы. Көркем шығармалардағы суреттелетін оқиалар туралы әңгіме әлі басталмас бұрын, жазушы, ақындар өлең не қара сөз түрінде сол жазылмақ шығарманың идеясын меңзейтін қысқаша таныстыру жазады. Ондағы мақсат – шығарманың идеялық бағытын оқушының дұрыс түсінуіне бағыт сілтеу. Роман, әңгіме, поэмаларда кездесетін осы тәрізді бастама, таныстыруларды пролог деп атайды. Мысал үшін, А. С. Пушкиннің “Мыс салт аттысы”, “Кавказ тұтқыны”, С. Мұқановтың “Сұлушашы” т. б. поэмалардың прологтарын атауға болады. С. Мұқановтың “Сұлушаш” поэмасы қазақтың ескі өмірін, ескі дәуірдегі әлеуметтік теңсіздікті, сүйегіне қолы жетпеген жастардың бастарында болған қайғылы халдерді суреттеуге арналады. Пролог негізінде қысқс жазылады. Бірақ кейде едәуір ұзақ та болуы мүмкін. Ол автордың айтайын деген ой-пікірлерімен байланысты. Шығармада суреттелінген оқиғалар әбден әбден аяқталып болғаннан кейін жазылатын автордың қортынды сөзін эпилог дейді. Пролог тәрізді эпилогтың да шығарманың құрылысымен тікелей байланысы жоқ. Роман, әңгіме, поэмаларда суреттелген адамдардың бірнеше жылдар өткеннен кейінгі тіршілік іс-әрекеттерінен ақпар береді. Кім қайда, не істеп жүр деген сұрақтарға жауап ретінде, автор олардың қазіргі жайларын баяндайды. Эпилогтың шығарма құрылысымен тікелей байланысты болмаса да, идеясы жағынган байланысты. Егер пролог та шығарманың идеялық мазмұнын оқушыларды дұрыс ұғынуға бағыт сілтесе, эпилогта сол көркем шығармадағы автордың образ арқылы айтайын деген ой-пікірлерінің дұрыстығы дәлелденеді. Мысалы үшін С. Көбеевтың “Қалың мал”, Тургеневтың “Әкелер мен балалар” атты романдарындағы эпилогтарды алуға болады.
