Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дұрыс шпор..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.07 Кб
Скачать

36.Мінездеу

Мінездеу - әдеби кейіпкерді таным-түсінігі мен мінез-құлқын таныта даралай суреттеу. Түрлі тәсілдер арқылы жасалады. Тура мінездеу кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында баяндаса, жанама мінездеу оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін ашып көрсетеді. Адамның сезімдік көңіл-күйін, күйініш-сүйінішін, қимыл-әрекеті мен кескін-кейпін бейнелеу үшін оның өз сөзі мен өзгемен арадағы әңгімесін келтіру, сондай-ақ түрлі табиғат құбылыстарын суреттеу – осының бәрі әдебиеттегі адамның ішкі әлемін тануға, сырт пішінін анықтауға аса қажетті тәсілдер. Бұл әдістер бірін-бірі толықтырып, айқындай түседі, мінездеу үшін маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты портреттік, психологиялық, сөйлесудегі мінездеу деген топтарға жіктеледі.

37.Монолог

Монолог – (гр. monos - дара, гр. logos - сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы.

Монолог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі көрініс табады. Сахналық Монологта кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы не көрерменнен жауап күтпейді. Абайдың “Болыс болдым, мінеки” өлеңі лирикалық монолог болса, Алтай (“Сұлушаш”), Қоңқай (“Ақан сері – Ақтоқты”) репликалары эпикалық, драмалық монологтарға мысал бола алады. Монологта кейіпкердің ой-тұжырымдары айтылып, оның жай-күйі айқын аңғарылады. Монологты ғылыми тұрғыда интраперсоналды сөйлеу деп те атайды. Монолог сөйлеудің жанрлық сипатына байланысты, қызметтік-коммуникативтік жағдайға қатысты (хабарлау, пайымдау, үгіттеу, т.б.) кейіпкердің төл сөзі, ғылыми баяндама, насихаттық сөздер болып бөлінеді. Мәтінде монолог диалог үлгісінде де, диалогпен араласып та келе береді. Соңғы жағдайда диалогтық, монологтық сөз кестелері араласып, әрекеттесіп қолданылады.

Монолог – сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті.

38. Қазақ өлеңінің құрылыс жүйесі

Қазақ өлеңдерінің құрылысы – қазақ әдебиеті теориясының категориясы, қазақ өлең сөзінің жасалу жүйесінің негізгі шарттары мен заңдылықтары. Қазақ өлеңдерінің құрылысын әдебиет теориясының категориясы ретінде алғаш зерттеген – А. Байтұрсынов. Ол өлең теориясын өлең айшықтары, шумақ түрлері, өлең тармақ тұлғалары, бунақ буындары, өлең ағындары, тармағының кезеңдері, тармақ ұйқастығы деп бөліп қарастырды. Буын ырғағы мен өлең ырғағын ажырату үшін, буын ырғағын жорғақ деп атауды ұсына отырып, оның тіл табиғатына қарай үш түрлі жолмен жасалатындығын айтады. Олар:• дауысты дыбыстарында ұзын-қысқалық бар тілдер; •екпін буыны бірыңғай келетін тілдер;

• екпін буыны бірыңғай келмейтін тілдер.Байтұрсынов енгізген Қазақ өлеңдерінің құрылысы атауларының үлгісі:

• өлең кестесі – айшық, оның төрт түрін анықтайды;

• өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының арасы – бунақ;

• бунақ ішінде – буын;

• бунақ араларындағы дауыс толқынының жіктері – кезең;

• өлең кестесінің реті – тармақ және шумақ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]