Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дұрыс шпор..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.07 Кб
Скачать

34.Шығарманың композициясы.

Композиция,- латын сөзі, орналастыру, құрастыру деген мағынаны білдіреді. «Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкенді - кішілі бөлім - бөлшектерінің бір - бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық - бірлігі» (Зәки Ахметов). Шығарма құрылысының бұндай ерекшелігі композициялық бүтіндік деп аталады. Оның мәнісі туындыдағы әрбір эпизод - көріністерде, тараулар мен бөлімдерде бейнеленген оқиғалардың, адамдар іс - әрекеттерінің бір - бірімен тығыз байланыс - сабақтастықта дамып, тақырыптық - идеялық тұрғыдан тұгастық, бүтіндік танытуы. Ол үшін қаламгердің өзі көтерген мәселелерді, бейнелеген жайларды, адамдар іс - әрекетін т.б. айрықша талғаммен таңдап, сұрыптап алып, барлығын сюжет желісінде рет - ретімен қиюластыра білуі, бұл орайда шеберлік танытуы шарт. Композициялық бүтіндік жоқ жерде түтас, көркем сюжет те түзілмейді. Сюжет оқиғалы туындыларға тән болса, композиция керісінше кез - келғен әдеби туындыға тэн құрылым. Композиция – көркем шығарманың құрылысы. Көркем шығармада оқиғалар қалай болса, солай беріле салмайды. Оқиға басталады, оқиғадан оқиға туындайды, кей оқиғалар қатар жарыса дамып отырады. Шығарма құрылысы, яғни, композиция деғеніміз осы. Композицияның мынандай элементтері бар:1. Оқиғаиың басталуы, яғми экспозициясы. Мұнда кейіпкерлер қарым- қатынасқа түспеген бұрынғы жағдай, қоғамдық орта, оқиға орны, уақыты, маусымы айтылады.2.Оқиғаның байланысы. Кейіпкерлер арасындағы әрекеттің басталуы, негізғі оқиғаның туындау себептері.3.Оқиғаның дамуы, шиеленісуі. Кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынас, іс- әрекет шиеленісе бастайды.

4.Оқиғаның шарықтау шегі, кульминация. Кейіпкерлер арасындағы қимыл- әрекеттің, шиеленістің мейлінше күшейіп, ең жоғарғы шегіне жетуі.5.Оқиғаның шешімі. Кейіпкерлер арасындағы қарама-қарсы күрестің аяқталуы, автордың өзі суреттеп отырған өмір құбылысына шығарған «үкімі». Композицияның құрамына сюжеттен тыс пролог жэне эпилог та енеді. Пролог - көркем шығарма кіріспелерінің түрі болса, эпилог қорытынды.

35.Портрет.

Бейнелеу өнеріндегі портрет өзгермейді де қозғалмайды, қашан көрсең де бір қалыпта тұрады. Ал сөз өнеріндегі портрет, керісінше, бір қалыпта тұрып қалмайтын, өзгеретін, қозғалатын жанды келбет, тірі кескін. Сонымен, портрет дегеніміз-(франц. Рогtrait-бейнеленген)-кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу. Кейіпкердің мінез-бітімін, характерін неғұрлым толық ашып көрсету үшін оның портретін мүсіндеудің де үлкен мәні бар. Сондықтан кейіпкердің характерін әр түрлі жағдайда, күрес тартыс үстінде оның басқа адамдармен қарым-қатынасы, өзінің әрекет-қимылдары, істеген істері арқылы айқындай отырып, жазушы портреттік сипаттауға да көңіл бөледі. Жазушы негізгі қаһармандардың келбетін, бой-тұлғасын, жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнерін есте қаларлықтай етіп, әсерлі бейнелеге мән береді. Сонымен бірге жазушылар, ақындар әйелдің , сұлу қыздың бой-тұлғасын,бет-әлпетін сөзбен мүсіндеуге бейім тұрады. Қазақ поэзиясындағы осындай портреттің тамаша үлгісі –Қыз ж.тің сұлулығын бейнелеу, Ақ Жүністің көркін суреттеу. М.Әуезовтың«Абай жолы» ром.-эпопея.да Тоғжанның портреті былай суреттеледі: «сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кететепін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшәт бөрік, білек толы неше білезіктері-баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас жүрекке шабатын жетдеттей. Тоғжан үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп, не қымсына, сұлу қастары бір түйіле түсіп, бір жазылып толқып қояды. Елбіреп барып дір еткен қанат лебіндей. Самғап ұшар жанның жеңіл әсем қанатындай. Биікке, алысқа мегзейді. Абай көпке шейін Тоғжан жүзінен көзін ала алмай, телміре қарап қояды».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]