Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дұрыс шпор..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.07 Кб
Скачать

32.Реализм және өнердегі антиреалистік бағыт.

(антиреал.деген жоқ) Реализм - өмірдің көріністерін шынайы суреттеу ідісі. Реализм өмірде болатын үнемі кедесетін нақтылы жай-жағдайларды кеңінен қамтьш, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де жинақгалган көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежеде көркем образдар, бейне, тұлға жасау.Қазақ әдебиетінде реализм әдісі Абай поэзиясында жоғары сатыға көтерілді. Абайға жалғас қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов т.б. реализм әдісін өркендетіп, дамытты. Ағартушылық реализм, сьшшыл реализм, социалистік реализм қазақ прозасьшың даму кезеңдерін айқындаған әдістер. Ұлттық әдебиетімізде ағартушылық реализмнің күшеюі дәстүрлі жанрлық канондардың өзгеріске ұшырауына, прозалық жанрлардың өркен жаюына мықты серпін берді. Ағартушылық реализмдегі дидактизм - публицизм - поэтизм бірлігі сақталды. Сыншыл реализм суреткерлері адам болмысын бейнелеуде оның тек сыртқы тұрпат-белгілері және әрекеттерімен шектеліп қалмай, тұлғаның ішкі дүние иірімдері мен әлеуметтік шарттылығына баса назар аударды. Ұлттық прозамызда соцреализмнің әдебиеттің халықтығы, партияльшығы, таптығы, тарихи оптимизм, социалистік гуманизм, интернационализм сияқты қағидалары жүзеге асқан әр түрлі деңгейдегі шығармалар дүниеге келді. Адамзат баласының көркемдік дамуындағы ең ірі белестері болған классицизм, ағартушылық, сентиментализм, романтизм, реализм, модернизм, постмодернизм сияқты бағыттар мен ағымдардьщ алмасулары - әдебиеттің сатьшап дамуьшдағы ортақ заңдылықтар көрсеткіші. Әдебиет дамуының сатыларына сәйкес пайда болған бағыттар мен ағымдар көркем ойдың түрлі арнада дамуына, әдебиет функциясьшың күрделенуіне әкелді.

33.Образ ұғымының әдебиеттегі қолданысы.

Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез келген құбылысты (көбінесе әдеби қаһарман бейнесін) Образ деп атайды. Мысалы: М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы халық Образы, Абай Образы - өнер мен халықтың немесе өнер мен сананың арасындағы арнайы байланысты негіздейтін эстетикалық категория. Көркем образда объективті-танымдық және субъективті-творчестволық бастау өзара бірлікте көрініс табады. Образ нақты шындыққа және ойлау процесіне байланысты айқындалады. Образ тек шындықты бейнелеп қана қоймай, оны жинақтайды. Жекелеген оқиғалар негізіне жалпылама түсінік беретін түйін жасайды. Әр суреткер жасаған образ шындыкты өзгеше, жаңа бір қырынан творчеств. тұрғыдан түсіндіруді мақсат етеді. Оқырман көркем шығарманы оқып отырып, кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекеттерін, өзге кейіпкерлерге деген қарым-қатынасын, бейнесін, портретін тани алады. Оқырманның образды тани алуын автордың суреткерлік шеберлігінің арқасы деп білу керек. Образдың көркем әдебиетте жағымды, жағымсыз түрлері бар. Жағымсыз образдар деп З. Қабдолов Итбай, Мадияр, Кулоков, ал жағымды образдар деп Амантай, Ботакөз, Асқар дей келе, мынадай ой түйеді: кейіпкерлерді жаман не жақсы деп бөлуге болмайды. Образдың түрлерін белгілеуде сан түрлі факторларға жүгіну керек. Мысалы, көркемдік әдіс жағынан образдарды романтикалық және реалисттік деп, тек жағынан эпикалық, лирикалық, драмалық деп, ал жасалу жолына қарай юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, қаһармандық деп бөлінеді. Романтикалық образдың көне түрі қазақ әдебиетінде аңыз-ергеілерде, тарихи жырларда көрініс табады. Алдар Көсе, Асанқайғы, Алпамыс, Қобыланды, Ер Төстік, Ер Тарғын, Қамбар сынды кейіпкерлерді романтикалық образдың дәстүрлі үлгілері деп тану керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]