Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дұрыс шпор..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.07 Кб
Скачать

8.Дүниетаным және көркем шығармашылық арақатынасы

Әдебиет тарихы белгілі бір ұлттың, халықтың сөз өнерінің туу, дамуын, бүгінгі кезеңге дейінгі бел-белестерін, қай кезеңце қандай ақын-жыраулар, қаламгерлер болды, олар қандай әдеби мұра қалдырды, оньщ көркемдік маңызы қандай деген мәселелерді анықтаса, әдебиет сыны керісінше, өз тұсындағы, кезеңіндегі әдеби процесс - әдеби даму ерекшеліктерін қарастырып, әдебиет керуені қандай бағыт алып барады, әдеби процесте қандай басым тенденциялар, тақырыптар бар деген мәселелерді анықтап, сондай-ақ күнделікті жарық көрген жаңа туындылардың көркемдік жетістік-кемшіліктерін әділ саралап, жазушы еңбегін бағалау, көпшілікке танытып отыру міндетін алға қояды.Әдебиет теориясы осы екі саланың фактілерін, материалдарын саралап, түйіндеп, ғылыми қорытынды, тұжырым жасап отыратын басты сала.Бұл саланың қарастыратын мәселелері өте ауқымды. Түйіп айтқанда, олар мынадай 3 циклдан тұрады:Қаламгердің өмір шындығын образды-бейнелі түрде суреттеп таныту ерекшеліктерін қарастыру. Бұл дегеніміз көркем туындының бейнелік-суреттілік табиғатын, қаламгердің эстетикалық идеалық, әдеби шығарманың халықтығы мен шыңайылығын тану және байыптау, жалпы сөз өнерінің бейнелілік табиғатын ұғыну.Туындының көркемдік құрылымын, яғни оның композициясы мен сюжетін, тақырып пен идея бірлігін, тип пен характер жайын, өлең құрылысы, мазмұн мен пішін бірлігі, тіл, стиль мәселелерін қарастыру.

Өнер дамуының арғы-бергі тарихын барлап, ондағы көркемдік әдістер мен әдеби бағыт- ағымдар, мектептер ролін, жанрлар эволюциясы мәселесін сөз ету.Адамзат қоғамымен бірге жасасып, оньщ рухани-эстетикалық талғамына қызмет етіп келе жатқан өнер түрлері саналуан. Сәулет, саз, мүсін, кескін, қолөнер дегендей. Солардың бірі-бірегейі - әдебиет, яки сөз өнері. Өнер атаулының мақсат-мұраты ортақ болғанымен, әрқайсысы өзіндік сипаттарымен ерекшеленеді. Әдебиеттің өзге өнер түрлерінен басты ерекшелігі - бейнелеу құралы - көркем сөзге байланысты. Осы себепті де әдебиет сөз өнері деп аталады.Әдебиет өнеріне тән көркем бейне және бейнелілік деген ұғымдар бар. Көркем бейне әдебиеттегі Адам тұлғасы болса, бейнелілік көркем сөздің құдіретін танытатын суретті сөз, айшықты тіл, бейнелі тіл деген мағынада.Суретті сөз, бейнелілік деген ұғымдар тек әдебиетке, сөз қолданысқа қатысты ерекшелікті танытатын ұғымдар.Бұл көркем сөз құдіреті арқылы өмір көріністерін, адамның іс-әректтерін, зат- құбылыстар сырын сырлы сөзбен кестелеп, айшықты,суретті, жанды, әсерлі таныту деген сөз. Бұлай бейнелеу өзге өнердің қолынан келмейді, бұл сөз өнерінің еншісіндегі ерекшелік. Демек, бейнелілік (образдылық деп те айтады) автордың нені суреттесе де, сөз құдіреті арқылы сол құбылыстың, заттың айшықты, жанды, көркем бейнесін танытуы.

4. Әдебиеттің қоғамдық функциясы

Әдебиет те өзге өнер түрлері сияқты қоғамға қызмет етеді. Ол уақыты, дәуірі күн тәртібіне қойып отырған қоғамдық мұрат-мақсаттардан қалыс қала алмайды. Оның өнерлік сипаты мен мән- маңызы да осы әлеуметтік шындықты таныту арқылы қоғамға, адамзатқа қызмет етуімен айқындалады. Шынайы өнер туындысы өмірдің күрделі мәселелерін алуан характерлі адамдардың арманы мен күрес-тартысын белгілі бір уақыт пен кеңістік аясында суреттей отырып, қоғамның, адамдардың өмір-тіршіліктің сырын тереңірек үғынуына, көзқарас-танымдарының қалыптасуына ықпал жасайды.“Ақындар (бұл сөзді жалпы суреткерлер деген мағынада ұғыну қажет) адамдарды өмір жайлы ізгілік ұғымдарға, ізгі сезімдерге бастаушылар; олардың туындыларын оқи отырып, біз пасықтық пен жамандық атаулының баршасынан жиренуге, жақсылық пен әдемілік атаулының баршасының кереметтігін түсіне білуге, сөйтіп жалпы ізгілік атаулыны сүюге үйренеміз, оларды оқи отырып біз бүрынғыдан әлдеқайда жақсырақ, тазарақ, қайырымдырақ және ізгі ниеттірек бола түсеміз”, - дейді XIX ғасырдың үлы эстеттерінің бірі, қаламгер Ң.Г.Чернышевский.

Кезекті бір конңерті аяқталған кезде ағылшын композиторы Гендельге бір лорд:- Сіз біздің көңілімізді сондай көтердіңіз! - деп қошемет сөз айта бастағанда:- Жоқ, милорд! Мен сіздердің көңілдеріңізді ешқандай да көтерген жоқпын. Мен сіздерді жақсырақ еткім келді! - депті композитор сөзді қысқа қайырып.Айтылған ақиқат пікірлер әдебиеттің, өнердің (саз өнері) қоғамдық функциясын, танымдық- тәрбиелік мәнін көрсетеді. Шынында да, шынайы, көркем туындыдан немесе сұлу сазды музыкадан алатын біздің рухани ләззат-әсеріміз көп қой, жамандық деген не, жақсылық-ізгілік деген не, адамдық мұрат, қоғамдық мүдде, сүлулық, қараулық, тоңмойын топастық... мұның толымды жауабын көркем шығармадан, жалпы озық өнер үлгілерінен, ондағы талай-тағдыры, ой- өрісі сан түрлі алуан типтердің бейнелерінен табамыз. Мәселен, “Қозы Көрпеш - Баян сұлу” жырын оқи отырып, Қарабай тұлғасынан оның алуан ұнамсыз іс-әрекеттері арқылы қараулықтың, қатігездіктің сырын, ал қос көгершіндей екі жастың (Қозы, Баян) мөлдір сезімдері арқылы шынайы сүйіспеншілік, түрақтылық, адамгершілік, жан сұлулығы деген ұғым-қасиеттердің мәнін нақтылы сезініп, түсінеміз. Міне, осындай сезіну мен түйсіну - біздің жоғарыда Н.Г.Чернышевский айтқан “пасықтық пен жамандық атаулының баршасынан жиренуге” бет алып, “жақсырақ, тазарақ, қайырымдырақ және ізгі ниеттірек бола түсуіміздің” алғышарты, көрінісі. Гендельдің “Мен сіздерді жақсырақ еткім келді!..” деген сөзінде де өнердің адам баласына зор ықпалын, оның талғамы мен тәрбиесіне әсерін анғартатын үлкен мән жатыр. Тегінде озық өнердің (қай түрі болса да) міндеті қашанда адамзатты асқақтыққа, ізгілікке, жақсылыққа жетелеу ғой.“Әдебиет деген адамгершілікке сүйіспеншілік деген соз. Өйткені шын мәніндегі көркем әдебиет - азаматтық терең ойдан, адамгершілік асыл идеялардан, биік парасаттан туады” (Ғ.Мүсірепов). Сондықтан да әдебиетті адамгершілікке тәрбиелеу ілімі десек те орынды болмақшы...“Табиғи оттегі адам үшін қаншалықты маңызды болса, адамгершілік оттегісі де соншалықты мәнді” деп жазады орыстың белгілі қаламгері Ф.Абрамов. Ал “адамгершілік оттегісін” тарататын басты қазына - әдебиет, ақиқат шындыққа құрылған шынайы өнер туындылары емес пе?!Ж.Ж.Руссо “Ұлт - ұлыс халқының санымен емес, рухының биіктігімен әйгіленеді” десе, рух биіктігіне тәрбиелеу миссиясын әдебиет, өнер атқаратынын естен шығармауымыз керек. Әдебиет - азаматтыққа тәрбиелейтін өнер.От жүректі батыр ақын Махамбет жырларын оқып отырып біз оның “қара қазан, сары бала” қамы үшін “қылыш сермегеніне” сенеміз, орындалмаған “ұлы арманына” ортақтасып, өкінішін бөлісеміз, сахараның үлы ойшыл перзенті Абай туындылары бізге “қалың елім, қазағымның” мүңын ойлап, “мыңмен жалғыз алысқан” азамат ақынның жүрек сырын танытады. Екі ақынның ‘жырларынан түйіп айтқанда, ерлік, батырлық сырын, елдікке, бірлікке шақырған азаматтық үндерін ұғынамыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]