- •1. Марганецтің физикалық және химиялық қасиеттері.
- •10. Марганецтің қосылысы
- •1.3. Марганецтің физикалық және химиялық қасиеттері.
- •14. Хромның қасиеті және олардың қосылыстары
- •18.Түйіршіктеу процесін түсіндіру
- •19. Ферроқорытпа деп
- •21. Марганецтің әлемдік кенорындары
- •22. Марганец минералдарының түрлері
- •23. Ферроқорытпа алудың әдістері
- •25. Ферроқорытпаға сипаттама
18.Түйіршіктеу процесін түсіндіру
Ұнтақтардың
нығыздалуға бейімділігі өнімнің сапасын
төмендетеді және ары қарай қолдануды
қиындатады. Нығыздалмаған сусымалы
өнімдерді алу мақсатында кептіру
температурасы мен ылғалдылықтары,
гранулометриялық құрамына әсері
зерттелінді. Ұнтақ тәрізді көмір
майдасының нығыздалуын болдырмау
мақсатында, түйіршік өлшемдері 0,2÷0,25
мм кем болмауы тиіс. Ұнтақ тәрізді көмір
майдасының ылғалдылығы 1%-дан жоғары
болмауы керек, ал түйіршіктелген өнім
үшін ылғалдану аралығын 6-10%-ға дейін
жоғарылатуға болады. Түйіршіктердің
ылғалдылығын жоғарылатуына қарамастан,
олардың кеуектілігі төмендейді, ол
түйіршіктердің механикалық беріктілігінің
артуына ықпал етеді.
-ді
жоғарылатқан сайын құрғақ түйіршіктердің
кеуектілігі көбейеді және, осыған
байланысты, үйкелу мен соққыға беріктілігі
төмендейді. Мұндай жағдайда түйіршіктердің
қысуға беріктілігі бірден көтеріледі.
Көрсетілген сипаттамаға байланыстырғыш
қоспаның шығыны немесе түйіршіктердің
кеуектілігі көп әсер етеді. Қысуға
беріктілігі жоғары түйіршіктер алу
үшін байланыстырғыш ерітіндінің
концентрациясын жоғарылату қажет.
19. Ферроқорытпа деп
Ферроқорытпа деп құрамында белгілі бір элементтің мөлшері шектен тыс көп болып кететін шойындарды айтады. Ферроқорытпалар болат өндірісінде шикізат ретінде қолданылады.
21. Марганецтің әлемдік кенорындары
Марганец кенінің жалпы әлемдік қоры 18 млрд. тонна болады, оның 2,4 млрд. тоннасы ТМД, 1,3 млрд. тоннасы ОАР, 200-ден 50 млн. тоннаға дейін Габон, Австралия, Бразилия мен Үндістан аума- ғында шоғырланған. Мүхиттар түбіндегі темір-марганец тасберіштерінің қоры 1,7 млрд. тоннаға бағаланады. Кеннің барланған өлемдік қоры 4,2 млрд. тоннаға жетеді, олардың көп бөлігі ТМД (760 млн. тонна) мен Га- бонда (400 млн. тонна), ал ОАР, Бразилия мен Австралия- да 50 млн. тоннадан өнеркәсіптік қор барланған. ТМД аумағында марганец кенінің ең мол қоры Украина мен Грузияда, шағын кенорындары Қазақстан, Орал, Батыс Сібір, Қиыр шығыс аумағында белгілі. Масштабы бойынша өте ірі кенорындарға қоры 150 млн. тоннадан аса- тын, ірілерге- 75-150 млн. тонна, орташаларға -25-75 млн. тонна, үсақтарға - қоры 25 млн. тоннаға дейінгі нысан- дар жатады. Бірегей кенорындардың қоры 1 млрд. тоннадан асады.
Марганец кені 30-дан аса елде өндіріледі. Әлемдік өндірістің көлемі соңғы жылдары артып, 25 млн. тоннаға жетті; оның 50%-ға жуығы ТМД үлесінде. Марганец кенінің едөуір көлемін (1,7-5,5 млн. тонна) ОАР, Бразилия, Австралия, Габон, Үндістан өндіреді. Кеннің 1 тоннасы 70 доллар шамасында, ферромарганец - 400 доллар.
22. Марганец минералдарының түрлері
Марганец минералдары, кварц, халцедон, кальцит, барит, гипс пен саз минералдары бар.
23. Ферроқорытпа алудың әдістері
25. Ферроқорытпаға сипаттама
Ферроқорытпа деп құрамында белгілі бір элементтің мөлшері шектен тыс көп болып кететін шойындарды айтады. Ферроқорытпалар болат өндірісінде шикізат ретінде қолданылады.
