Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
257033 (4).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
354.82 Кб
Скачать

Сперматогенез

Аталық гаметалардың даму циклын сперматогенез дейді. Сперматогенез аталық жыныс безінің ирек каналшықтарында жүреді және терт дәуірге бөлінеді: 1) көбею, 2) өсу, 3) пісіп-жетілу, 4) қалыптасу, немесе спермиогенез (26-сурет).

Көбеюші аталық жыныс клеткаларын сперматогонийлар деп атайды. Көбею дәуірінде сперматогонийлар митоздық, тәсілмен жедел бөлінеді. Осының нәтижесінде олардың саны көбееді. Сперматогоний-Мейоз кезінде хромосомалардың саны екі есе кемиді. Пісіп-жетілу дәуірінен кейін дамудың соңғы кезеңі калыптасу дәуірі (спермиогенез) басталады, осы кезде сперматидалар сперматозоидтарға айналады. Сперматидалар — ядросының құрылымы айқын байқала бастаған, цитоплазмасында органоидтардың бәрі де бар кішкене жұмыр клеткалар. Сперматозоидтарға қарағанда цитоплазмасы көбірек болады. Сперматозоидтардың қалыптасуы сперматида ядросының, клетканың болашақ бас бөліміне қарап орын ауыстырып плазмалемманың астына барып орналасуынан басталады. Ядро мен плазмалемма аралығына көпіршіктер бөле бастайтын Гольджи аппараты орналасады. Ядро бірте-бірте тығызданып сперматозоидтың басына тән пішінге ие бола бастайды. Гольджи аппараты ядро мембранасы мен плазмалемманың аралығында жататын акросоманы калыптастыруға қатысады. Екі центриольдар өздерінің орындарын тастап акросомаға қарама-қарсы ядроның полюсіне орналасады. Цинтриольдардың арасындағы цитоплазманың участогі сперматозоидтың мойнын құрайды. Дистальдік центриольдан құйрықтың орталық (осьтік) жіпшесі өсе бастайды. Проксимальдық центриоль ұрықтану кезінде зиготаға түсіп оның бөлінуіне қатысады. Сперматозоид талшығы-ның орта бөліміне митохондриялар жиналып митохондриялық спиральды құрайды. Осы өзгерістердің нәтижесінде сперматозоид қалыптасады.

7- Лекция. Жануарлардың биологиясына байланысты жыныс циклының ерекшеліктері, моно-және полициклді түрлер.

Сперматозоидтардың даму процесі — сперматогенез еркек жануарлардың жыныс безі — енде жүреді. Бұл процесс кезегімен тін төрт кезеңнен тұрады: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу. Сперматогенездің көбею кезеңінде гаметобласттардан жетілген жас жыныс торшалары — спсрматогониялар еннің ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында, өздерін қоршаған тіректік торшалардан (сустентоциттерден) тиісті қоректік заттарды қабылдап, митоз арқылы бөлініп үздіксіз көбейеді. Олар дөңгелекше келген ұсақ ядролы шағын торшалар. Сперматогония ядросында юматинге бай хромосомалардың диплоидты (2п) жиынтығы іады. Сперматогониялардың біраз бөлігі болінуін тоқтатып, сі өсу кезеңіне етеді. Ал қалғандары бөліну процесін жалғастырып, сперматогенез процесінің ендегі тұрақты жүруін қамтамасыз ететін діңгекті торшалар қызметін атқарады. Сперматогенездің есу кезеңінде спсрматогониялар өсіп, біріншілік сперматоциттерге айналады. Бүл кезеңде интерфазаның 8 -ңіндегі қорлану процесіне сәйкес ДНҚ мен белоктардың ішері екі есе көбейіп, олар көлемі жағынан ұлғаяды. Жыныс жасушаларының пісіп жетілуіндегі торшалардың бөліну түрін мейоз се редукциялық бөліну — деп атайды. Сперматогониялардың біріншілік сперматодиттерге айналуы кезінде, олардың қатарындағы хромосомалар мейоздың ең ұзақ бірінші кезеңі — азадағы лептотен, зиготем, пахитен және диплотен сатыларынан олардың құрылысында күрделі құрылымдық өзгерістер жүреді

Сперматогенездің қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар

8- Лекция. Ұрықтандыру (сырттан, іштен).

Пісіп жетілген сүтқоректі жануарлардың жұмыртқа торшасы басқа сомалықторшалар сияқты цитоплазмадап және ядродан тұрады. Оның пішіні дөңгелек немесе сопақша болып келеді. Жұмыртқа торшаларының мөлшері зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, биеде — 113-135 мкм, сиырда — 122-140 мкм, қойда — 120 мкм, мегежінде —120-140 мкм. Овоциттің дөңгелек келген ядросының ядрошығы салыстырмалы үлкендеу болып келеді. Мұның себебі, жұмыртқа торшасындағы белоктарды синтездеуге қажет рибосомалар мен РНҚ ядрошықта белсенді түзіледі. Овоцит цитоплазмасының шеткі қыртысты (кортикальды) аймағы, ұрықтың алғашқы даму кезеңіне керекті өр түрлі заттармен (РНҚ - ның барлық түрлері, көптеген ферменттер, құрылымдық белоктар, энергия көзі) қорланады. Бұларды синтездеуге белсенді қатысатын органеллалар: бос рибосомалар, эндоплазмалықтор, Гольджи кешені, митохондриялар. Эндоплазмалық тор, рибосомалар және Гольджи кешені фолликулалық торшалар жеткізген қоректік заттардан сарыуыздың түзіліп, цитоплазмада жинақталуын қамтамасыз етеді. Ал бұл процеске керекті энергияиы бөлуге митохоидриялар қатысады. Сарыуыздың құрамына кіретін вителлин белогі, көмірсулар және липидтер фосвитин, липовителлин сияқты кешенді қосылыстар түзеді. Овоцит цитоплазмасы белогінің 80% -ы сарыуыздың, 16% -ы рибосомалардың құрылымдық белогі үлесіне тиеді.

Сүтқоректі жануарлардың жұмыртқа торшасы сыртынан біріншілік және екіншілік қабықтармен қапталған. Біріншілік қабық — торша плазмолеммасы немесе сарыуыз қабығы. Ал екіншілік қабықты жұмыртқалықтың (аналық жыныс безі) фолликулалық торшалары түзеді. Ол сарыуыз қабығын сыртынан қаптап, овоцитті қоректік заттармен қамтамасыз етумен қатар, қорғаныс қызметін атқарып, ұрықтану кезінде полиспермияға (овоцитке кеп сперматозоидтардың енуіне) мүмкіндік бермейді. Фолликулалы қабық торшаларының өсінділері сарыуыз қабығы микробүрлерімен жанасып, қоректік заттарды тасымалдап, олардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде осы екі қабық аралығында гликозаминогликандарға бай мөлдір аймақ түзіледі. Ал фол-ликулалы қабық — овоцит мөлдір аймағының сыртынан сәулелі тәж тәрізді қаптап жатады. Сонымен, сүтқоректі жануарлардың жұмыртқа торшасы ядродан, цитоплазмадан, мөлдір және фолликулалы қабықтардан тұрады.

Құстар, бауырымен жорғалаушылар жоне жұмыртқа салатын сүтқоректілер овоциттері сыртынан үшіншілік қабықтармен қапталған. Ол қабықтар жұмыртқа жолы қабырғасындағы бездер сөлінен түзіледі де, жүмыртқа торшасын сыртынан қаптап, овоцит үшін қорғаныс және қоректік қызметтер атқарады. Үшіншілік қабықтарға, мысалы, құс жұмыртқасының белоктық, қауызасты және қауызды (ізбест) қабықтары жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]