Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
257033 (4).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
354.82 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Кіріспе Жануарлар даму ғылымның қысқаша тарихы. Эмбриология (гректің еmbrуоп — ұрық, 1оgоs — ғылым) ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым. Ұрықтық, немесе эмбриондық, даму организмнің жеке дамуының бастапқы кезеңін қамтиды. Бұл кезде даму процестері тез жүреді.

Эмбриология дамудың ұрықтық (эмбриондық) кезеңін зерттеумен шектелмейді, сонымен бірге жеке дамудың алдыңғы, ұрық алды (проэмбриондық), ұрықтан кейінгі (постэмбриондық) және туғаннан кейінгі (постнатальдық) кезеңдерді де қамтиды.

Сонымен, эмбриология организмнің жеке дамуын зерттеумен шұғылданатын ғылым. Баяндалған жәйттерге байланысты эмбриологияны организмнің жеке даму зандылықтарын зерттейтін ғылым деп атау орынды.

Эмбриологияның негізгі зерттеу әдістері тірілей байқау, дамушы ұрықты микрокиноға түсіру, ұрықты кескілеп арнаулы бояулармен бояу, электрондық микроскопия, ауторадиография әдістері. Сонымен, эмбриология түрлі әдістерді қоддана отырып дамушы организмді молекулалық, клеткалық деңгейлерде де зерттейді.

Эмбриология цитологиямен, генетикамен, гистологиямен, биохимиямен, басқа да биологиялық пәндермен тығыз байланысты.

Эмбриология- Ұрықтың пайда болғаннан бастап туғанға немесе жұмыртқадан жарып шыққанға дейінгі анасының құрсағындағы, жұмыртқаның ішіндегі немесе дернәсіл кезеңіне дейінгі қалыптасу, даму, өсу мерзімін онтогенездің ұрықтық немесе эмбриондық кезеңі (эмбриогенез) — деп атайды. Осы кезендегі ұрық организмінің даму ерекшеліктері мен оның ұлпаларының, мүшелерінің, мүшелер жүйелерінің қалыптасу жәнс құрылыс зандылықтарын зерттеу эмбриологияның үлесіне тиеді. Оқулықта құрылымдық деңгейі әр түрлі сатыдағы жануарлар организмдерінің эмбриондық даму ерекшеліктерінің ғылыми мәліметтері салыстырмалы түрде беріліп, әрбір тірі организм тірі табиғаттың ұзақ тарихи дамуының, яғни филогенездің нәтижесі екендігі дәлелді де дәйекті көрсетілген. Сондай-ақ, жануарлар ұрығы организмдерінің эмбриондық даму кезіндегі кезендік жетілу заңдылықтарына, оның ішінде бірторшалы ұрық — зиготаның бөлшектену түрлерінің жұмыртқа торшаларының (овоциттердің) құрылыс ерекшеліктеріне байланыстылығына, ұлпалардың (гистогенез), мүшелердің (органогенез), мүшелер жүйелерінің (системогенез) даму көздері мен түзілу процестеріне басым көңіл бөлінген. эмбриогенездегі ұлпалардың түзілу заңдылықтары — онтогенездің постнатальдық) кезеңіндегі, яғни туғаннан кейінгі тол организмі ұлпаларының құрылыс ерекшеліктері мен олардың қалпына келу қаблеттілігін анықтайды.организмі түрлі мүшелер жүйелері ағзаларының гистологиялық құрылысын және іштөлі ұрық жапырақшаларын зерттеуде жемісті еңбек еткен Киев гистологтар мектебін ұйымдастырды. Ал Н.А.Хржонщевский (1836—1917 ж.ж.) басқарған Харьков универ-ситетінің гистология кафедрасының ғалымдары гистологиялық зерттеулерін мүшелердің атқаратын қызметерімен байланыстырып, микроморфологияның гистофизиологиясы саласын дамытуға ойдағыдай үлес қосты.

1 Лекция Жануарлар даму ғылымның қысқаша тарихы.

Сүтқоректілер ұрығының дамуы жөніндегі мағлұматтарды көне Үндістан, Қытай, Египет, Вавилония, Ассирия ғалымдарының шығармаларынан кездестіруге болады.

Көне Грекия ғалымдары (Эмпидокл, Анаксагор, Демокрит, Плутарх т. б.) жануарлардың жаралуы мен эмбриондық даму фактілерін түсіндіруге әрекет істеген. Бұл ғалымдардың көзқарастары арнайы -материалистік болған. Организмдердің дамуы жөніндегі белгілі мәліметтерді ғана емес, маңызды эмбриологиялық ұғымдардың қалыптасуын Гиппократ (біздің эрамызға дейінгі ІҮ ғасыр) пен Аристотельдің (біздің эрамызға дейінгі 384-322 жылдар) есімдерімен байланыстырады. Аристотельдің эмбриология жөніндегі негізгі еңбегі «Жануарлардың пайда болуы туралы» деп аталады. Осы еңбегіндегі мәліметтерден басқа эмбриологиялық деректер оның «Жануарлар тарихы» мен «Жануарлардың бөліктері туралы» және «Тыныс алу туралы», «Жануарлардың қозғалуы жөнінде» деген шығармаларында кездеседі. Аристотель дамудың түрлі кезеңіндегі тауық жұмыртқасын жарып зерттеген. Сонымен қатар акуланың, дельфиннің дамуын да зерттеген, араның партогенездік дамуын байкаған. Адам ұрығын зерттегені жөнінде мәлімет жоқ. Аристотельдің байқауларының бәрі бірдей дұрыс болмаған, ал кейбір мәліметтерінің тарихи маңызы да жоқ. Бірақ Гиппократ пен Аристотельдің зерттеулері эмбриологияның дамуына үлкен әсерін тигізген. Эмбриондық дамуды жүйелі зерттеу микроскоп шыққаннан кейін ХҮП ғасырдың бірінші жартысынан басталады. Италиялық эмбриолог Джироламо Фабриций (1537-1619) адамның және түрлі жануарлардың — қоянның, теңіз шошқасының, иттің, мысықтың, қойдың, шошқаның, жылқының, сиырдың, акуланың, рептилийлердің, құстардың т. б. ұрықтарын зерттеген. Тауықтың балапаны халазадан дамитын болар деп санаған. Фабрицийдің шәкірті Вильям Гарвей (1578-1657) балапанның ұрығы сарыуыздың үстінде жайғасқан кішкене дөңгелектен дамиды деп өз ұстазының қатесін түзеген. Эмбриология тарихындағы маңызды кезең «Жануардың пайда болуы жөнінде» (1651 ж.) деген В. Гарвейдің кітабынан басталады. Ол бұл еңбегінде ұрықтың даму процесінде органдардың жаңадан пайда болу мәселелерін қарастырған, эмбриогенез жөніндегі кейбір ескі көзқарастарды да сынаған. «Тірінің бәрі жұмыртқадан дамиды»—деген афоризм де В. Гарвейдікі.

2 ЛЕКЦИЯ. Жыныс клеткаларының морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық және генетикалық ерекшеліктері.

Жануарлар мен өсімдіктердің көпшілігінің клеткалар жыныс бездерінде дамиды. Жұмыртқа мен сперматозоидтар эволюция процесінде пайда болған ерекше функцияларды — аталық және аналық жыныс клеткаларының кездесуін, ұрықтануды, ұрықты инфекциядан сақтау т. т. - атқаруға бейімделген жоғары дәрежеде жіктелген клеткалар. Жыныс клеткаларының дене клеткаларынан белгілі айырмашылықтары бар:

  1. сперматозоидтар мен жұмыртқа клеткаларының хромосомаларының жиынтығы сомалық, (дене) клеткаларына тән диплоидты болмайды, гаплоидты болады, екі есе кем болады. Мысалы, адамның сомалық (дене) клеткаларының хромосомаларының саны 46 болатын болса, ал сперматозоидтар мен жұмыртқада 23 тең;жыныс клеткаларының ядро-плазмалық, қатынасы дене клеткаларын өзге. Бұл өзгеріс құстар жұмыртқасынан айқын байқалады. Құстардың жұмыртқа клеткасы жұмыртқаның сары уызы болып есептеледі. Құстар жұмыртқаларының сары уызының көлемі оның дамуының бастапқы кезіндегі клетканың көлемінен миллион есе артық. Ұрықтың дамуы кезінде бөлінуші клеткалардың ядро-плазмалық қатынасы кейін дене клеткаларына тән қатынасқа дейін өзгеріп қалпына келеді. Сперматозоидтардың ядросының көлемі дене клеткаларының ядроларының көлемінен айырмасы аз, бірақ цитоплазмасы өте аз болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]