Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДІСТЕМЕЛІК НСАУ ОТЕ фелдшер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
565.25 Кб
Скачать

ҚР ДСДӘМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы

044 -41/10к

32-беттің 23 -беті

Фармакология негіздері пәні бойынша ОҚТЕ әдістемелік нұсқауы

Әдістемелік нұсқау

«Фармакология негіздері» пәні бойынша ОҚТЕ әдісімен оқушыларының

Тәжірибелік дағдысын бағалау

Мамандық: 0301000-«Емдеу ісі»

БІЛІКТІЛІК: 0301013- «Фельдшер»

Оқытылатын курс – ІII

Шымкент-2016 ж

Құрастырғандар:

Керімбаева З.А.

ОҚМФА- ның фармакология,

фармакотерапия және клиникалық

фармакология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор

Абдимавланова Н.И.

Ділмішева А.М.

фармакология, фармакотерапия

және клиникалық фармакология кафедрасының оқытушылары

"Фармакология негіздері" пәнінен 3-курс 0301000- «Емдеу ісі» мамандығы оқушыларының объективті құрылымдық тәжірибелік емтихан (ОҚТЕ) әдісі бойынша тәжірибелік дағдылар аттестациясын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау.

Кафедра мәжілісінде бекітілген

Хаттама № ________ «_____» ___________2016ж.

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Керімбаева З.А.

1. КІРІСПЕ

Практикалық дағдыларды бағалау үшін тапсырмалардың тізімі фармакология негіздері тәжірибелік дағдылар бойынша 3 этаптан тұрады. Әрбір станциядан өту үшін 5 минут беріледі, барлық тапсырмаларды емтихан тапсырушы 20-25 минутта орындауы қажет.

Емтихан нәтижелерін бағалау барлық 3 этапта оқушымен алынған балдар қосындысы бойынша жүргізіледі. Барлық станцияларды өту шамасы бойынша емтихан тапсырушы нәтижесінде 15 балл алу керек.

ОҚТЕ қорытындысының бағалық көрсеткіші

Эквиваленттік сан баллы

Пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

4,4-5,0

90-100

өте жақсы

3,4-4,3

75-89

жақсы

2,6-3,3

50-74

қанағаттанарлық

0-2,4

0-49

қанағаттанарлықсыз

ОҚТЕ жүргізу үшін ұйымдастырушылық- дайындау шаралары:

  • Емтиханға жіберілген оқушылар санын анықтау;

  • әрбір этап үшін тәуелсіз емтихан қабылдаушыны анықтау;

  • аудиторияны дайындау, тәжірибелік дағдылар аттестациясын жүргізу үшін жауапты оқытушы мен лаборантты анықтау;

  • орындарды ұйымдастыру, әрбір тапсырманы орындауды бақылау үшін сағат тұру керек;

  • ОҚТЕ бойынша кафедрада ақпараттық стенд ұйымдастыру;

  • ОҚТЕ бойынша құжаттарды дайындау (1-3 нұсқама, анкеталар, хаттамалар, емтихан қағаздары, әрбір этапқа арналған оқушылар үшін тапсырмалар, тапсырманың әрбір қадамының баға критерийі мен олардың баллды бағасы бар емтихан қабылдаушы үшін ақпараттық қағаз, емтихан тапсырушының қорытынды аттестациялау қағазы, ОҚТЕ нәтижесін бағалау критериилері).