Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұлттық шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181 Кб
Скачать

1.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері

қазақ тілін ұлт мектептерінде оқытудың негізгі мақсаты-тіл уйрету, яғни оқышуларға қазақша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру, грамматикалық формалар мен сөйлем құрылысын меңгерту. Оқытудың жалпы әдістеріне , оның тарихи даму тұрғысынан алып қарайтын болсақ, өзге тілді оқыту әдістемесі мынадай 3 әдіске сүйенгенін көреміз:1. аударма,2. Натуралды немесе екінші тілді тікелей оқыту,3. Аралас.

Қазан төңкерісіне дейінгі классикалық тілдері (грек,латын т.б.) оқыту мектептері тіл үйрету ісінде аударма әдісін қолданып отырған. Біздің елімізде екінші тілді , шетел тілін оқытуда аударма әдісін қолдану кең тараған.қазақ тілін ұлт мектептерінде оқыту мәселесі 30-жылдары көтерілген. Осы жылдары қазақ тілінің белгілі әдіістемеші ғалымдары Сейіл Сарықұлы Жиенбаевтың Шамғали Харесұлы Сарыбаевтың оқулықтары мен әдістемелік еңбектері жарық көрген. Ғылымда танылып жүрген әдістерді ескеріп, қазақ тілін оқыту тәжірибесін жинақтай келе ,төмендегідей әдіс-тәсілдерді ұсынуға болады. Баяндау, түсіндіру, оқушыны ойландыру, жалқылау, жалпылау, әңгімелесу, еліктеу, жаттықтыру, оқушының ана тілінің матриалын пайдалану әдісі көрнекі құралдары пайдалану , техникалық құралды қолдану , саяхаттарды , сөйлеуге үйрету үшін пайдаланылу әдістері.

2.Суретпен жұмыс. Оның түрлері мен мақсаты, өткізілу жолдары

суретпен жұмыс істеу арқылы қазақ тілінде сөйлем құрастырып үйретуге, жаңа сөз жаттатқызуға болады. Бұл үшін оқулықтағы немесе интерактивтік тақтамен Қосымша слайд материалдары пайдаланылады. Қазақ тілі сабақтарында пайдаланатын суреттертоқушылардың ойлары мен сезімдерін қамтыған , оларды толқытқан және осының салдарына өзінің алған әсерін айту ықыласын тудырған жағдайда,ғана эстетикалық тәрбиенің міндеттеріне және тілді дамыту үшін қызмет атқарылады. Сурет арқылы оқушылардың тілін дамыту үшін олардың ойлап тапқан атауларын талдау және салыстыру, аса лайықтысын таңдау, суретшінің берген атауымен салыстыру сияқты жаттығулар өте пайдалы. Суретпен жұмыс кезінде үйлестірме қағаз түрінде немесе үлкен сюжетті тақырыпты көрсетіп, іліп қойып орындауға болады. Әсіресе бастауыш сыныптарда заттық суреттер таратып, іліп қойып оқушылармен жұмыс жасау ыңғайлы.

3.Дуэт сабақ, оның мақсаты мен құрылымы

Дуэт (итал. duetto және лат. duo — екі)

12 Билет

1.Әдіс туралы ұғым. Қазақ тілін ұлттық мектептерде оқыту әдістері.

Мектеп оқушыларына қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде білім беру әдістері жиі қолданылады. Сондықтан білім беру әдістері теориялық методиканың негізгі мәселелері болып саналады. Әдіс (метод) грек тілінен енген сөз. Оның бастапқы ұғымы «зерттеу» деген мағынны аңғартқан. Бертін келе алғашқы мағынасын кеңейтіп, «белгілі бір пәнді оқытудың әдісі» дегенді білдіреді. Сөйтіп, әдіс қазақ тілінен теориялық білім берудің тәсілдерін, соған байланысты практикалық дағды мен тәлім-тәрбие берудің амалдарын саралайды, соны практика жүзінде іске асырудың тәсілі мен жолдарын дәл жүйесін көрсетеді. Жіктеп зерттеуде, біріншіден, оқушыға беретін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден, мұғалімнің атқаратын жұмысы жеңілдейді. Қазақ тілінен білім әдістерін жіктеуде төмендегі методикалық мәселелер өлшем етіп алынады. А) қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері. Бұл әдістер құрамына мыналар кіреді: тілді әдебиет материалымен байланыстырып өту әдісі, ауызша мазмұндау, және мәнерлеп оқу әдісі;

б) қазақ тілін теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістері: дайын материалды талдау әдісі, фонетикалық талдау әдісі, морфологиялық талдау әдісі, синтаксистік талдау әдісі, тілдік материалдың түрін өзгерту әдісі, қазақ тілі бойынша сөйлем құрату әдісі, тілдік тапсырмалар бар шығарма жаздыру әдісі, орфографиялық талдау әдісі, көшіріп жазу әдісі және диктант жазу әдістері. Оқытудың жалпы әдістеріне , оның тарихи даму тұрғысынан алып қарайтын болсақ, өзге тілді оқыту әдістемесі мынадай 3 әдіске сүйенгенін көреміз:

1. аударма,2. Натуралды немесе екінші тілді тікелей оқыту,3. Аралас.