- •1.Билет
- •3.Семинар сабағы, оның мақсаты мен түрлері, құрылымы
- •3.Талдау сабағы, оның мақсаты мен түрлері.
- •10 Билет
- •1.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері
- •2.Суретпен жұмыс. Оның түрлері мен мақсаты, өткізілу жолдары
- •3.Дуэт сабақ, оның мақсаты мен құрылымы
- •12 Билет
- •1.Әдіс туралы ұғым. Қазақ тілін ұлттық мектептерде оқыту әдістері.
- •2.Білім мен дағдының бақылау сабақтары, оның мақсаты мен түрлері
- •3.Жинақ сабақ, оның мақсаты мен құрылымы
- •13Билет
- •1.Оқушының ана тілі материалын пайдалану әдісі
- •2.Орфографиялық және пунктуациялық сауаттылығын бақылау сабақтары.
- •3.Десант сабақ, оның мақсаты мен құрылымы.
- •14Билет
- •1.Теориялық жақтан үйрету әдістері. Олардың түрлері мен өзіндік мәні.
- •2.Байланыстырып сөйлеу дағдыларын бақылау және үйрету сабақтары.
- •15Билет
- •2 Лексикалық ойындар жаңа алынған сөздерді жеке тұлғаның тез жаттауына, олардың түрлі жағдайларда айдалануына, әрі тілін дамытуға көмектеседі.
- •16 Билет
- •17 Билет
- •1.Талдау әдісі, оның өзіндік ерекшелігі мен түрлері
- •18 Билет.
- •3.Қорытынды сабақ, оның мақсаты мен құрылымы.
- •19 Билет
- •20 Билет
- •3.Оқушыны ойландыру әдісіКүні :21.11.13Сынып Сабақтық тақырыбы Әлібек , кел қайталайық!
- •21 Билет
- •22Билет
- •24Билет
- •25Билет
- •1.Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындар және оларды ұйымдастыру жолдары
- •26Билет 1.Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
- •27Билет
10 Билет
1.Басқа ұлтты оқытуға арналған қазақ тілі оқулықтары.1920ж 23 мамырында Түркістан майданының Реввоенсоветінің оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде , оқу орындарында қазақ тілін міндеттітүрде оқыту жөніндегі бұйрығы жоғарыда айтылған болатын. Сондай-ақ 1921, 1923 ж қазақ АССР Орталық Атқару Комитетінің Тіл туралы Декретіне байланысты мектептерде, оқу орындарында , мекемелерінде қазақ тілін басқа ұлттарға оқыту үшін арнайы сағат бөлініп, оқулықтар жасалған. Олардан Қ.Кемеңгерұлы «учебник казахского языка» (для европейцев), ташкент 1926ж; Т.Шонанұлының «орыстар үшін әліппе» алматы 1931 жылғы оқулықтарын атауға болады. Бұл оқулық 70 сабақақа арналып жасалған.1930-60 жылы шыққан қазақ тілі оқулықтары Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев,Ғ.Бегалиев, т.б. авторлығымен шыға бастады. 1930 жылы шыққан бағдарлама негізінде Алматы қаласында орыс мектебінің 5-классына арналған « Қазақ тілі» оқулығы Н.Сауранбаев жетекшілігімен жарық көрген.Ғылыми-әдістемелік бай мұрасын қалдырған келесі ғалымымыз –С.С.Жиенбаев. ересектерге арналған бұдан басқа бірнеше оқулықтар жарық көрді. 1959 жылы С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, И.Ұйқыбаев авторлығымен «қазақ тілі» деп аталған оқулық шықты. Ол 1995 ж қайта басылды. 1989 ж Х.Қожахметованың «40 уроков казахского языка» деген оқулығы шықты. Осы жылы Н.Оралбаева, Қ.Есенова ,С.Хайруллиналардың «қазақша үйренеміз» деген атпен оқулықтар шықты. 1990ж Ш.Бектурова, А.Бектуровалардың «казахский язык для начинающих» деген оқулығы шығып, ол 1994 жылы қайта басылып шықты. Жоғарға оқу орындарындағы орыс бөліміндегі студенттерге арналған оқулық алғаш рет 1961 ж шықты. Оқулық « қазақ тілі» деп аталады, авторы Ы.Маманов. осы оқулық 1989 ж қайта басылып шықты. Мектепке арналған оқулықты шыға бстауы 1938 ж С.С.Жиенбаевтың «учебник казахского языка» для 6-7 классов русской школы деген оқулығынан басталады. 1940 ж С.С.Жиенбаев «казахскиий язык в педучилище» деген оқулық та шығарған.
2.Оқушының сөздік қорын байыту, сөздік жұмысы. Оқушының сөздік қорын үгемі байытып отыру –тіл дамытудағы негізі мәселе. Сөздік қор адамның ойын ашық жеткізуге мүмкіндігі мол болады. Сөздік қоры бай адам ойын жеткізуге ең керек сөзді таңдап қолдана алады,оның ойын дәл білдіретін сөзді тыңдау мүмкіндігі бар.сабақ сайын жылма-жыл әр класта оқушының сөздік қоры өсіп отырады. Әр сабақта үйретілетін жаңа сөзді оқушының күнделік өмірде, қарым-қатынасат қолданылатын белсенді сөздігіне айналдыру оқушының сөздік қорын байытудағы негізіг мақсат болып саналады. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі жұмыстар жасалу керек: 1.жаңа сөз мағынасын оқушыға анық түсіндіру;2. Жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз ету;3. Жаңа сөзді қолданыста меңгеру яғни жаңа сөзді қолдану дағдысын қалыптастыру;4. Жаңа сөздің айтылуы мен жазылуын меңгерту;5. Сөздікпен жұмысқа уйрету. Сөздік дәптерді үйде күнде оқығанда, тек жаңа сөздерді ғана емес ол түгел қайталанады. Барған айын алғашқы сөздер әбден жатталған кезде, оларды оқуды тоқтатып, соңғы кездегі сөздерді оқукерек. Оылай жүйелі түрде сөздікпен жүргізілген жұмыс оқушының сөз байлығының молаюына мүмкіндік жасайды. Сөздік дәптер оқушының уйренген сөздерін ұмытпауға , үнемі қайталап отыруға өте қолайлы. Оқушының сөздік қорын байытуды тағы бір жолы- мақал-мәтелдер сөздігін жасату. Мақал-мәтелдер сөздігі оларды оқушы есінде тұрақтандыруға көмектеседі.ал мақал-мәтелдер оқушының қазақша сөйлеуін көріктендіреді. Мақад-мәтелдер сөздігін оқушы сөйлесу кезінде мазмұндама, шығарма жазғанда пайдалануға болады.
3.Конкурс сабақ, оның мақсаты мен құрылымы. Конкурс сабақ оқушы білімінің деңгейін сынауда аса үлкен қызмет атқарады. Ол оқушы ойының жетіктігін байқау мақсатында өткізіледі. Конкурс латынның concursus –жарыс, деген сөзінен алынған оның негізгі мағынасы жарысқа түсу, жарыста, жиында топ ішінде сынасу дегенді білдіреді. Оқушы білігінің іскерлігі осы конкурс-сабақпен өлшенеді. Мектептегі қазақ тіліне өтілетін бастапқы мерзімді, қорытынды, қайталау сабақтарын осы конкурс-сабақпен өткізуге болады. Мұның өзі класстан-классқа көшу, мектеп бітіру емтихандарын нәтижелі аяқтауға ықпалын тигізеді. Конкурс тапсырмаларын пән мұғалімінің өзі дайындайды да ,оны мектептегі әдс бірлестігінің мәжілісінде бекітіп алады. Қазақ тілінен берілетін тапсырмалар теориялық және практикалық бағытта рпындалады. Конкурсқа қатысып отырған неше топ болса, сонша нұсқада орындау тапсрмалары жазылады. Стол үстіндегі жатқан конвертті ашу үшін капитандары класс тақтасының алдына шығады.конкурс тапсырмалары ауызша және жазбаша да орындалады кейде тілдік тапсырмалары бар шығарма жаздырылады.
