- •1.Билет
- •3.Семинар сабағы, оның мақсаты мен түрлері, құрылымы
- •3.Талдау сабағы, оның мақсаты мен түрлері.
- •10 Билет
- •1.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері
- •2.Суретпен жұмыс. Оның түрлері мен мақсаты, өткізілу жолдары
- •3.Дуэт сабақ, оның мақсаты мен құрылымы
- •12 Билет
- •1.Әдіс туралы ұғым. Қазақ тілін ұлттық мектептерде оқыту әдістері.
- •2.Білім мен дағдының бақылау сабақтары, оның мақсаты мен түрлері
- •3.Жинақ сабақ, оның мақсаты мен құрылымы
- •13Билет
- •1.Оқушының ана тілі материалын пайдалану әдісі
- •2.Орфографиялық және пунктуациялық сауаттылығын бақылау сабақтары.
- •3.Десант сабақ, оның мақсаты мен құрылымы.
- •14Билет
- •1.Теориялық жақтан үйрету әдістері. Олардың түрлері мен өзіндік мәні.
- •2.Байланыстырып сөйлеу дағдыларын бақылау және үйрету сабақтары.
- •15Билет
- •2 Лексикалық ойындар жаңа алынған сөздерді жеке тұлғаның тез жаттауына, олардың түрлі жағдайларда айдалануына, әрі тілін дамытуға көмектеседі.
- •16 Билет
- •17 Билет
- •1.Талдау әдісі, оның өзіндік ерекшелігі мен түрлері
- •18 Билет.
- •3.Қорытынды сабақ, оның мақсаты мен құрылымы.
- •19 Билет
- •20 Билет
- •3.Оқушыны ойландыру әдісіКүні :21.11.13Сынып Сабақтық тақырыбы Әлібек , кел қайталайық!
- •21 Билет
- •22Билет
- •24Билет
- •25Билет
- •1.Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындар және оларды ұйымдастыру жолдары
- •26Билет 1.Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
- •27Билет
3.Семинар сабағы, оның мақсаты мен түрлері, құрылымы
Білім мен білікті және дағдына толықтыра түсу мақсатында жүргізілетін жұмыс түрін семинар-сабақ д.а. Семинар-саб. өзінің мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:1)лекция бойынша өтілетін сем-саб;2)фонетика бой-ша өтілетін сем-саб;3)морф. Бой-ша өтілетін сем-саб;4)орфография,орфоэпия және пунктуация бой-ша өтілетін сем-саб;5)синтаксис бой-ша өтілетін сем-саб;6)тіл ұстарту бой-ша өтілетін сем- саб; Сондай-ақ семинар сабағын көлеміне қарай екі топқа бөлуге болады: 4-5-6 сынып оқушылары хабарлама жасайды;7-8-9 сынып оқушылары баяндама жасайды. Талқыланатын материалды оқушылар оқып, сұрақтар дайындайды. Оқушылар ізденіп оқу мүмкіндігіне жол ашады, мұғалім де, оқушы да өз уақыттарын үнемді жұмсай алады.оқушылардың білігі молайяды, өз көзқарасын білдіруге дағдыланады, талқылау барысында өз қателіктерін дұрыстайды.
8-билет
1.Тілдік материалдарды ғылыми принциптер негізінде сұрыптау мәселесі.Мектеп оқушыларына қазақ тілінен тиянақты да берік білім беруде мұғалімдер белгілі принциптерді қолданады. Мысалы, 1)ғылыми принципте берілетін білім мазмұны, көлемі және оны оқытудың жүйесі сараланып, мектепте өтілетін қазақ тілі жүйелі курсы бойынша ғылыми мәліметтер беріледі. Меңгерілетін термин анық болуы қажет, тақырыптардың өзіндік белгілеріне сай алынуы керек. Қаз.тілінен нақтылы білім беруде, сол сыныпқа ғана сиыятын терминдерді пайдалануға болады. 2)Жүйелі принцип-жаңа материалдарды түсіндіруде, білім мен дағдыларды бекітуде, біріккен сабақ құрылымында, пысықтау мен қайталауда, үй тапсырмасын беруде және оны тексеруде іске асырылады.3)Көрнекілік принцип-көрнекті құралдарды әр сабақ сайын қолданылады. Каз. тіл сабағында : кесте, схема, плакат, сурет, картина, анықтағыш дәптер, сөздік, карточка, техникалық құралдар қолданылады.
2.Мұғалімнің сабаққа дайындалуы.Мұғалімні сабаққа дайындалуының жалпы кезеңі әр сабаққа қажетті техникалық құралдарды жинау, кесте-схеманы ретке келтіру, қазақ тілі кабинетін жабдықтау болып табылады. Сабаққа дайындықтың келесі кезеңі тоқсандық, күнделік жоспарын жасаудан басталады.Мұғалімнің сабаққа дайындалуының негізгі кезеңіне әр сабаққа жеке дайындық жатады. Мұғалім әр сабаққа күні бұрын дайындық жасайды. Сабақтың әр кезеңінде өзінің не жұмыс жасайтынын анықтап, белгілеп қояды. Үй тапсырмасын, текстпен жұмыс, қалай тексереді, қандай сұрақтар қояды оның барлығы алдын ала жоспарланады. Сол сияқты жаңа сабақ түсіндіру барысын, ұтымды жолдарын қарастырып қояды.
3.Талдау сабағы, оның мақсаты мен түрлері.
Талдау сабағы оқушылардың ауызекі тіліндегі және жазба жұмыстарындағы жіберген қателіктерін арнайы талқылау үшін өткізіледі. Мысалы, салалас құрмалас сөйлемдер және олардың тыныс белгілеріне байланысты алынған бақылау диктантындағы қателерді тақырып пен тақырыпшалар бойынша түр-түрге бөледі. Содан соң кесте жасайды. Сол кесте бойынша, көп қателіктер жіберілген тынып белгісіне назар аудартып, кітаптан ережесін қайта оқытып, басқа мысалдар келтіріп тәжірибеде қолдануға дағдыландырады.
9-билет
1.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пәні, оның мақсаты мен міндеті.Қазақ тілін орыс тілінде оқытатын мектепте оқыту әдістемесі-қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары мен тәсілдерін, қазақша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін баяндайтын пед.ғылым. ұлттық мектептерде қаз. тілін оқыту әдістемесі-лингводидактиканың бір бөлімі болып табылады. Орыс тілді мектепте қаз. тілін оқыту әдістемесінің мақсаты-оқушыны қазақ тілінің ғылыми негізін меңгеру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға, басқаның сөйлеуін түсінуге бағыттау. Қаз. тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесінің бұл жалпы мақсатын жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер бар: оқушының еркін қазақша сөйлей білуін міндет етеді ол үшін, қаз. тілінің дыбыстық құрамын, оның өзіндік ерекшеліктерін оқыту, сөздік қорын меңгерту, тіл дамытудың амал-тәсілдерін меңгерту.
2.Жаттығу жұмысы, мақсаты мен түрлері.Грамматикның заңдылықтарын жатқа білгенмен, оны сөйлеуде қолдана алмаса, ол тіл білгенге жатпайды. Сондықтан тілді үйрету тілдік нұсқаларды оқушыға білгізу және оларды сөйлеуде қолданылуын меңгертуге жаттығу жұмыстарынан басталады. Жаттығулар тілдік материалдардың негізінде оқушының жас ерекшелігіне, білім деңгейіне сай беріледі. Жаттығулар ғылымда екіге бөлінеді: 1) тілдік жаттығулар;2) сөйлеу жаттығулары.Тілдік жаттығулардың міндеті тілдің грамматикалық материалын оқушыға меңгерту.Ал сөйлеу жаттығулары тілдік жаттығуларда меңгерген материалды керек кезінде, айтылатын ойға байланысты оқушы орынды
қолдана алуын көздейді.
3. Сынақ сабақ, оның мақсаты мен құрылымы.Оқушылардың қазақ тілінен алған білімі мен дағдысын бір жүйеге түсіру үшін орындалатын жұмыс түрін сынақ-сабақ дейміз. Бұл сабақта оқушылардың алған білімі ауызша да, жазбаша да тексеріледі. Екіге бөлінеді:1) оқушының білімі мен дағдысын ауызша тексеру;2)оқушының білімі мен дағдысын жазбаша тексеру. Сынақтың бұл түрінде картоякаларда берілген сұрақтарға жауап қайырады, жазбаша жұмыс жасайды. Мынадай түрлерге бөлінеді: 1)лексика бойынша;2) фонетика бойынша;3)морфология бойынша;4)орфография бойынша;5) орфоэпия бойынша,6) синтаксис бойынша;7)пунктуация бойынша;8)тіл ұстарту бойынша
