Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұлттық шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181 Кб
Скачать

27Билет

1.Мектепте фразеологияны оқытудың мәні мен мазмұны.Фразеологизмдермен оқушының сөздік қорын байыту, фразеологияны оқушыға таныстыру оның мағынасын түсіндіруден басталады. Бұл ретте фразеологизмдердің мағына тұтастығын есте ұстап, оның мағынасы соған негізделе түсіндіріледі. Фразеологизмдердің оқушының ана тілінде дәлме дәл келетін түрі болса, фразеологияның мағынасын түсіндіруге оны пайдалануға болады. Мыс: көзінің қарашығындай сақтау – беречь как зеницу ока, бес саусағындай білу- знать как свой пять пальцев, түк білмегендей- как ни в чем небывало.фразеологизмдердің мағынасын түсіндіруде оқушының ана тілінің материалына сүйену, оны пайдалану жақсы нәтиже беретіні сөзсіз. Фразеологизмдерді түсіндіруде оның қолданыстағы нақты мағынасын бір сөзбен түсіндіру қолданылады. Оның өзі түрліше. Мыс: көзді ашып жұмғанша- тез,жылдам, үріпауызға салғандай –әдемі. Терезесі тең- равный. Ит өлген жер- далеко. Ашық ауыз- разиня.

2.Синтаксисті оқыту адамдардың бір бірімен қарым қатынас жасауы, жеке сөз арқылы сөз арқылы емес, сөйлем арқылы іске асады.ойды байланысты түрде басқаға жеткізу,оқушыда қазақша сөйлеу дағыдысын қалыптастыру сөйлемді,сөйлемнің құрылысын сөйлем құрайтын негізгі тұлғаларды білмейінше мүмкін емес. Сөйлем сөз тіркестерінен құралады. Сөздердің бір бірімен тіркестірмей байланыстырмай сөйлем арқылы ойды жеткізу мүмкін емес. Сондықтан синтаксистің негізгі тұлғалары оларды оқыту, оларды сөйлеуде қолдануға жаттықтырудың маңызы өте күшті. Оқушы алдымен сөз тіркесінің екі мағыналы сөзден тұратынын, олардың бір бірімен мағынасы және грамматикалық әдіс арқылы байланысатын білуі керек. Сөз тіркесіне кіретін екі сөздің біреуі басыңқы екінші бағыныңқы сөз болады. Бағыныңқы сөз басыныңқы сөздің мағынасын түсіндіреді,ашады. Мыс: жасыл жапырақ дегенде тіркестегі жасыл деген жапырақтың түсін білдіріп тұр. Тілде жиі кездесетін сөз тіркес бірі матаса байланысқан сөз тіркесі. Мыс: менің үйім, әкемнің киімі, оқушының дәптері сияқты сөз тіркестері матаса байланысқа жатады. Бұлар байланысы қосымша арқ жүзеге асады, матаса байланысқан сөз тіркес бірінші сөз ілік септік екінші тәуелдік жалғауы тұруы тиіс.

3.Диалогтық әдіс Диалог –екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма. Диалог - ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысы жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Диалогиялық байланыс процесс диалогтің бір жағы ғана басқаның көзқарасын игеріп қоймайды, сонымен бірге өзінін идеяларымен дамытады және байытады, оны анықтайды, түзейді, жақсартады. Диалог – екі адам арасындағы сөйлеу әрекеті (егер сөйлеушілер екеуден көп болса онда полилог деп аталады). Монологтан айырмашылығы диалогта сөйлеумен қатар тыңдау механизмдері қатар жүреді. Біліктіліктері:Сұрақты мәселені талқылауға қатысу және өзінің ойын жеткізе білу;Пікірлестерден алынған хабарды толықтыра алу, нақтылай алу;Сөйлесушінің айтқандарына дау айта алу, келіспеу, өз дәлелін келтіру; Диалогта сұрақ / жауап / қарсы сұрақ / сөйлеушілердің көңіл-күйі, реакциясы (сөзбен берілмейтін) болады. Диалогтар қысқа (2-3 сөйлем) және «мазмұнды» яғни ұзын болуы мүмкін.

28-билет

1.Мектепте лексиканы оқытудың міндеттері мен мазмұны. Лексика тіліміздегі сөз байлығын тексеретін ғылым саласы. Қазақ тілін оқытумен байланысты, атап айтсақ фонетика, морфология,синтаксисті оқыту сөзден тыс қарастырылмайды. Лексиканы оқыту білімдік,танымдық маңызы тіл білімі туралы ұғымда терең меңгертумен қатар тілдің ең кіші бөлшегі сөздің фонетикасын,морфология синтаксис стилистика байланысымен түсіне білуге бүкіл тілдік жүйені мңгерумен орай оқушының ана тілін арқылы материалистік көз қарасын қалыптасуына мүмкіндік береді.сөздер тілімізде түрлі ұғымдармен қатар грамматикалық мағынаны да, көңіл күй,сезімді білдіреді. Мыс: сөз қатты(парта,қалам,қағаз) белгілері(қатты,үлкен,жақсы), белгілі ұғым атауы ретінде қолданылсағ енді бірде сөйлем өзара мағыналық байланысын аңғартып (үйге дейін, жер мен көктей, күн суытты, сондықтан жұмысты тез аяқтау керек) тек грамматикалық мағынаға ие болады. Тіліміздегі сөздердің қызметі әр түрлі болады. Олар: атау сөздер(зат ес, сын ес,сан ес,есімдік,етістік,үстеу,еліктеуіш) көмекші сөздер( шылау) одағай сөз деп.үш топ бөлінеді. Мыс: әл сөзі зат есім. Күш,қуат,шама. Балқияның тоқтамасқа әлі жоқ, әлі жоқ болса да, тоқтамайтынтүрі жоқ. Әл сөзі тура да, екінші мағ екенін аңғарып сөздің ауыспалы мағ тура мағынасының негізінде пайда болатынын,бірті бірте жаңа сөз жасайды.

2.Жаңа сабақ. Қазақ тілінен өтетін жаңа сабақ жүйесі сабақ процесінің ішіндегі ең күрделісі. Жаңа сабақта оқушыларға жаңа теориялық білім береді, жаңа сабақ деп айт. Жаңа құбылыс тану арқылы оқушылардың ой өрісі, дүниеге көз қарасы жалпы білім дәреджесі кеңейеді. Оқушыларға жаңа тақырыптың өзіндік ерекшеліктері бұл сабаққа қойылатын негізгі тақырыптарды ескерген жөн.1)өтілетін материалдардың тақыры дәл,анық болуы. 2) түсіндірілетін негізгі логикалық ойлардың толық болуы,3)өткен тақырып пен жаңа материалдың байланысты болуы, 4)жаңа тақырыптың көлемі таңдалып, өзіндік белгілері сараланып көрсетілуі.5) жаңа білімге сай берілетін анықтамалар мен ереже дәл болуы, 6) жаңа тақ сай берілеті психологиялық дағды жаттығу көлемі жағ ықшамды, жүйесі жағынан тиянақты болуы,7) тіл дамыту жұмыст кһзделуі қажет. Жаңа сабақ тақырыбы: себеп бағыныңқы сабақтас.өткен тақырып еске түсіру үшін қарсылықты бағыныңқы сабақтасқа сөйлем талд, мыс: Абай дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарсы да, ол кезде көмектерін алмағанды. Қарсылықты бағыныңқы баяндауыштары шартты райлы етістікке (да,ды) шылау жалғ арқ жасалып тұр.

3.Көрнекілік әдісі. Бұл әдіс оқушылардың тілін дамыту,өткен материалдарды бекіту үшін ұтымды әдіс бірі. Оқушылардың материалды саналы түрде түсініп есінде берік сақтауын қамтамасыз етуде көрнекіліктің мәні зор екендігін айта келіп, Константин Дмитревич Ушинский «бірнеше сезім мүшелері қатысуы арқылы жаға ұғым адам санасына тез қонады және берік те сақталады» дейді. Сабақта қолданылатын көрнекілік әдісә мыналар: кестелер,(графикалық схема,модель) перфокарта, карточкалар,натуралды заттар,пепье маше макеттер,суреттер).көрнекілік грамматикалық формаларды қайталап, бекіту үшін де қолайлы. Мыс: етістік нақ осы шағы мекендік мағ білдіретін сөз тіркес(ауылдың маңында,қаланың ішінде) септік формаларын (мамамның орамалы, дүкеннен келді) т.б түсіндіріп жаттықтыру үшін қажет,өте пайдалы. Жеке заттардың суреттерін пайдаланғанда оларды қатыстырып сөөйлем құратып жаттықтыру дұрыс.