- •1.Билет
- •3.Семинар сабағы, оның мақсаты мен түрлері, құрылымы
- •3.Талдау сабағы, оның мақсаты мен түрлері.
- •10 Билет
- •1.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері
- •2.Суретпен жұмыс. Оның түрлері мен мақсаты, өткізілу жолдары
- •3.Дуэт сабақ, оның мақсаты мен құрылымы
- •12 Билет
- •1.Әдіс туралы ұғым. Қазақ тілін ұлттық мектептерде оқыту әдістері.
- •2.Білім мен дағдының бақылау сабақтары, оның мақсаты мен түрлері
- •3.Жинақ сабақ, оның мақсаты мен құрылымы
- •13Билет
- •1.Оқушының ана тілі материалын пайдалану әдісі
- •2.Орфографиялық және пунктуациялық сауаттылығын бақылау сабақтары.
- •3.Десант сабақ, оның мақсаты мен құрылымы.
- •14Билет
- •1.Теориялық жақтан үйрету әдістері. Олардың түрлері мен өзіндік мәні.
- •2.Байланыстырып сөйлеу дағдыларын бақылау және үйрету сабақтары.
- •15Билет
- •2 Лексикалық ойындар жаңа алынған сөздерді жеке тұлғаның тез жаттауына, олардың түрлі жағдайларда айдалануына, әрі тілін дамытуға көмектеседі.
- •16 Билет
- •17 Билет
- •1.Талдау әдісі, оның өзіндік ерекшелігі мен түрлері
- •18 Билет.
- •3.Қорытынды сабақ, оның мақсаты мен құрылымы.
- •19 Билет
- •20 Билет
- •3.Оқушыны ойландыру әдісіКүні :21.11.13Сынып Сабақтық тақырыбы Әлібек , кел қайталайық!
- •21 Билет
- •22Билет
- •24Билет
- •25Билет
- •1.Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындар және оларды ұйымдастыру жолдары
- •26Билет 1.Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
- •27Билет
26Билет 1.Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
Қазақ тілін оқыту лексика, фонетика, морфология, синтаксис салаларының байланысына негізделуі қажет. Тіл салаларының байланысын тілді оқыту кезінде ұтымды пайдалану тілді оқытудағы негізгі мақсатқа жету үшін аса қажет. Негізгі мақсат оқушының адамдармен қарым қатынаста болуы, қазақша өз ойын басқаға жеткізе отырып оның айтқандарына түсіне біліп жауап қайтару. Грамматикалық материалдардың барлығы оқушы тілін дамытуға арналған. Өиткені грамматиканың көрсеткішін оқыту үшін оның сөзге жалғауын айту керек. Ал ол сөздің мағынасымен, дыбыстық құрамымен байланысты. Қазақ тілін басқа ұлт мектептерінде оқытқанда пәнаралық байланыстың мәні зор. Оның ішінде тіл мен әдебиетті оқытудың байланысы ерекше орын алады. Мәтінді оқытудың грамматикамен байланысты түрі түсіндірмелі оқыту. Түсіндірмелі оқуда оқушыға мәтін белгілі грамматикалық көрсеткіштерді түсіндіру, табу мақсаттары да қойылады. Бұл оқушының тілдің грамматикалық көрсеткіштерін тануға, олардың тілдегі қолданысын байқауға жаттықтырады. Тілдік материалдың байланысын оқушы қолданыста меңгеруі керек.
2.Қазақ тілінен шығарма жаздыру әдісі. Қазақ тілі бойынша тілдік тапсырмалары бар шығарма жаздыру әдісі — қазақ тілінен жүргізілетін дағдылардың ішіндегі киын да күрделі түрлерінің бірі. Мүнда оқушылар өз бетінше жүмыс істеп, қазақ тілінен алған теориялық бі-лімін іс жүзінде сынап көреді. Бүл жаттығу жоғарыда айтылған бес түрлі дағдылардан кейін орындалады, ол жұмыс процесінің соңғы кезінде жургізіледі. Шығармалар бойынша жұмыс істеу екі түрлі жолмен жүзеге асырылады. Біріншісі — үжымдық шығарма жаздыру; екіншісі — жеке окушыға шығарма жаздыру. Ұжымдық шығарма жаздыру жүмысы мүғалімнің басшылығымен класта жүргізіледі. Мүғалім алдымен қазақ тіліне байланысты қайсы тақырыпқа сай шығарма жазылатындығын, ол шығарманың қандай мақсат көздейтіндігін, шығарманың шарттарын түсіндіріп, кластағы оқушылармен талдау жасайды. Окушылар шығарма жұмыстарын қалай жазудың техникасын әбден меңгеріп алған соң, жеке тақырыптарға шығарма жазуды үй тапсырмасы ретінде тапсыруға болады. Жеке оқушылармен ез бетінше шығарма жазу жүмыстары, көбінесе, үйде орындалады. Себебі үй жүмысы әркашан көп уақытты талап етеді.Тілдік тапсырмалары бар шығарма жаздыру әдісі алдымен картиналар бойынша жүргізіледі. Бұл тәсілдің құрылымдық элементтері мыналар: 1. Алдымен қай тақырыпқа байланысты тілдік тапсырмалары бар шығарма жаздыру керек екендігі анықталады. 2. Тілдік тапсырмалары бар шығармаға сай картина іріктеледі. 3. Тақырыпты кірістіре отырып, шығарма жаздырады. Мысалы,тәуелдік жалғауын кірістіре отырып, шығарма жазу.4. Шығарма жазып болған соң, ол дауыстап оқылады.5. Шығармадағы сөздер бойынша тәуелдік жалғауының; ерекшеліктері дәлелденеді. - Мәселен, мүғалім оқушыларға тәуелдік жалғауына; байланысты тілдік тапсырмалары бар шығарма жазуғалайықтап «Алау жанында» деген картинаны іріктеп, таңдап алады. Осы картинаға карай отырып, тәуелдік жалғауын қатыстырып шығарма жазуды оқушыларға жүктейді. Тілдік тапсырмалары бар шығарма жаздыру жұмысы жеке тақырыптарға байланысты да жүргізіледі. Шығарма жаздыру әдісінің қүрылымдық элементтері мыналар: 1. Белгілі бір тақырыпқа байланысты шығарма жазу керек екендігі ескертіледі. 2. Шығарманы жазудың шарты дауыстап оқытылады. 3. Класс тақтасына керекті сөздер жазылады. 4. Әрбір оқушының жұмысы аралап көру арқылы бақылау жасалады. 5. Шығарма класс тақтасына жазылады.Осы құрылымдық элементтердің іске асырылуынг, мысал келтірейік. Мүғалім катаң дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесіне байланысты «Космонавт ұшқыштар деген тақырыпта шағын шығарма жаздырады. Шығарі маның такырыбын тақтаға жазады да, оның мынадаа мақсаттарды көздейтіндігін түсіндіреді: 1) шығарма ұшқыш космонавтар Ю. Гагарин мен Т. Әубәкіров жайында баяндалуы тиіс; 2) шығарма тілі жатық, айтылған ой айқын болуы қажет; 3) айтылған ой нақты фактлермен дәлелденуі керек; 4) үнді мен ұяң дыбыс әріптерінің емлесі ескерілгені жөн; 5) қатаң дауыссыздарі туралы берілген теориялық мәлімет еске түсірілуі тиіс.6) қатақ дауыссыз дыбыстар емлесіне байланысты шығарманың жазылып отырғандығы ескерілуі қажет.
3.Тәжірибе әдісі Ш.Әуелбаевтың еңбегінде қазақ тілі дыбыс жүйесін оқытуда жиі қолданылады. Бұл әдіс дыбыс жүйесі материалдарын тікелей көрсету негізінде жасалады. Сондықтан да дыбыс заңдылықтарының жасалу жолдарын көрсетуде мына сияқты көрнекіліктерге назар аударылады: 1) дыбыстардың жасалуын дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы қөрсету; 2) дыбыстардың өзіндік белгілерін көрнекілік бойынша дәлелдеу; 3) дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін фонетикалық материалдар негізінде дәлелдеу.Мемлекеттік білім стандартында тілді үйретуге байланысты А.Байтұрсыновтың мынадай қағадилары басшылыққа алынып отыр:тілдік материалдарды жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге қарай оқыту.тілді оқытуда халық ауыз әдебиетінің материалдары мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, мысалдар, өлең-жыр, қызық әңгімелердің маңызды орын алуы.оқушыларға арналған материалдар аса түсінікті болуы.мәтіндер, көрнекілік, иллюстративтік материалдар қазақ баласының халықтың ұғымына таныс, жақсы болуы.тілді оқытуда тул ұстартуға, көркемдеуге ден қою.оқушылардың жазба тілін, сөйлесу тілін дамытуға баса назар аудару.Қорыта айтқанда, А.Байтұрсынов еңбектерінің қазақ тілі әдістемесін дамытуда зор маңызы болды.А.Байтұрсыновтың замандасы Телжан Шонанұлы 1931 жылды “Орыстар үшін қазақша әліппе” оқулығын жазды. Латын тілінде жазылған бұл әліппе 1 жылдық оқу құралы деп саналған.ХХ ғасырдың төртінші он жылдығынан бастап әдістеме қолға алынып, біршама еңбектер жарық көре бастады. Тіл мамандарының кеңес өкіметі тұсындағы зерттеулері мектепке керекті оқулықтар мен оқу құралдарын жасаудан басталады. Мысалы, 20-30 жылдар арасында тіл мамандары тек алфавит, орфография, пунктуация, ана тілі оқулықтары (грамматикалар), сөздіктер және басқа құралдар жасаудың айналасында еңбек етті.1935 жылға дейін қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған мақалалар ғана болды. Осы жылы “Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдісі” деген атпен жинақ шықты.Қазақ тілі әдістемесінің алғашқы негізін салушылардың бірі - Ғали Бегалиев болды. 1940 жылы “Бастауыш мектептерде қазақ тілінің методикасың деген еңбегі баспадан шықтыБұл әдістеме үш бөлімнен тұрады: грамматика, оқыту методикасы, емле және тіл дамыту методикасы. Методиканың қалған бөлімі: хат таныту және кітапты оқыту методикасына арналған. Бұл еңбекте орыс тілі әдістемесінің үлгілі жақтары алынған. Қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері шеңер баяндалған. Автор сөздік жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдеріне тоқталады. Автордың қазақ тілін оқытудағы көрсеткен әдіс-тәсілдерін мұғалімдеріміз жетілдіріп, дамытып пайдаланып жүр.1956 жылы белгілі әдіскер-ғалым Шамғали Сарыбаевтың “Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері” (1 бөлім фонетика мен морфология) деген кітабы шықты. Бұл оқулық методикаға қосылған үлкен бір оқу құралы болды.1920-1930 жылдар арасында қазақтың өнері-білімінің негізін салған, бір шоқ, үркердей, абзал азаматтардың бірі - Құдайберген Қуанұлы Жұбанов еді. Ол - қазақ тілі білімінің негізін қалаған көрнекті ғалым, тұңғыш филолог, профессор. Ол 1937 жылы “халық жауы” деп айыпталып, 1938 жылы қаза болды. Қ.Жұбановтың еңбектері 1966 жылға дейін тыйым салынып келді. 1966 жылы “Қазақ тіліндегі зерттеулер” деген еңбегі жарық көрді.Ы.Алтынсарин қазақ халқының оқу - ағарту ісінің бастауы кезеңде тұрғаны, оның өз еңбектерін-де оқушының сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға, халық тілін білуге, атап айтқанда, баланың тілін дамытуға айрықша мән бергенін көреміз.Ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда “...кімде-кім оқушының тіл қабілетін дамытқысы келсе, алдымен оның ой қабілетін дамытуға тиіс”.Қазақ ғалымдарының арасынан психология мен педагогика ғылымдарына орай еңбек жазған М.Жұмабаев тіл табиғатына зор баға береді. “Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты балаға ұқпайтын сөз уйретпеу керек. Екінші баланы өз тең балалармен бірге ойнату керек. Ал енді баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, байытатын-мектеп”, - дейді.Фердинан де Соссюрдің тіл біліміне қосқан үлесін, көтерген проблемалары мен өзіндік концепцияларын танытатын еңбегі “Жалпы лингвистикалық курс” деген кітабы. Мұнда көтерілген жеке проблемалар жөніндегі пікір таластары күні бүгінге дейін бір сабырлаған емес.Дыбыс пен әріптің, буын мен сөздің, сөз бен сөйлемнің ара қатынасын мысалмен дәлелдеуде теориялық-практикалық әдістің пайдасы мол. Жаттығу жұмыстары материалдарына орай берілген теориялық білімді бекітуде, дұрыс жазу емлесі мен дұрыс сөйлеу нормасын қалыптастыруда және оқушылардың тілін ширатып, сөйлеу тілін дамытуда теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістері іске асырылады. Бұл әдіс дыбыс жүйесі материалдарының бір-бірінен айырмашылығын, олардың байланысын, жасалу жолдарын, анықтамасы мен ережелерін қайталап, пысықтап бекіту үшін де қолданылады.Дыбыс жүйесін теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістері тақырыптың көлеміне қарай кейде жеңілден ауырға қарай, кейде ауырдан жеңілге қарай жүргізіледі. Жаттығу әрбір тақырыптың өзіндік ерекшелігіне, шарты мен мақсатына, пікірі мен жүйесіне қарай жүзеге асады. Сондықтан да әрбір тақырыпқа байланысты ең кемінде 5-тен 25-ке дейін дағды түрлері орындалады [20].Дыбыс жүйесі бойынша дайын материалды талдау, тілдік материалдың түрін өзгерту, тілдік тапсырмалары бар мазмұндау мен шығарма жаздыру, орфографиялық талдау, көшіріп жазу және диктант өткізу әдістерін жүргізуде төмендегі талаптарды ескерген жөн: талдауға қойылатын мақсаттың айқын болуы; бұл талдаудың дыбыс жүйесі фактілеріне негізделуі; талдауға, арналған текст пен сөйлемдердің мақсатқа сай болуы; оқушылардың сауатты жазуы мен дұрыс сөйлеуі; байқау нәтижесінде өз ойының қорытындысын, тұжырымын жасай білуі; дыбыс жүйесінен алған білімін практикада қолдануы талап етіледі [21]. Сонымен бірге осы талаптар негізінде жүргізілетін дыбыс жүйесі бойынша талдаудың міндеттері мыналарды қамтиды: дыбыс жүйесі бойынша талдау, оқушылардың логикалық ойын жетілдіруге көмектесуі тиіс; оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдысын арттыруға көмек беретін болуы қажет; олардың іске деген төзімділігін, бақылағыштығын өсіруі қажет, нысананы түсіндіру, бекіту, қайталау үшін басты тәсілдердің бірі болуы керек; дыбыс жүйесі бойынша талдау сынып және үй тапсырмасында кең пайдаланылғаны жөн.А.Исабаев [25] «Қазақ тілі дыбыс жүйесі методикасының негіздері» атты еңбегінде дыбыс жүйесі бойынша талдау мазмұнына қарай екіге бөлінеді:Дыбыстар жүйесі бойынша- талдау. Бұған тіл дыбыстары, дыбыс пен әріп, дауысты мен дауыссыздар: дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай бөлінуі, иектің қызметіне қарай бөлінуі, тілдің қалпына қарай бөлінуі, үнді, ұяң, қатаң дауыссыздар тобы енеді.Үндестік заңы бойынша талдау. Бұған буын жігі, екпін, буын үндестігі, дыбыс үндестігі: түбір мен қосымша аралығындағы ықпал, біріккен сөз сыңарларының аралығындағы ілгерінді ықпал, сөз тіркестерінің аралығындағы ілгерінді ықпал: түбір мен қосымша аралығындағы кейінді ықпал, біріккен сөз сыңарларының аралығындағы кейінді ықпал, сөз тіркестерінің аралығындағы кейінді ықпал жатады.Дыбыс жүйесі бойынша талдау көлеміне қарай екіге бөлінеді: Толық немесе жалпы талдау. Жеке түрдегі немесе тақырыптық талдау. Толық немесе жалпы талдау көбінесе программа материалдарын толық өтіп болған соң (дауысты, дауыссыз дыбыстарды, буын, үндестік заңын өтіп болған соң) және белгілі бір өтілген материалдарды қайталау, оқушылар білімін есепке алу кезінде қолданылады.
