Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұлттық шпор.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181 Кб
Скачать

22Билет

1морфологияны оқытуБілім берудің қай түрі болса да, негізінен, сабақ арқылы іске асады. Сондықтан сабақты дұрыс ұйымдастырып, жүйелі жүргізу жағына мән берілуі керек. Бұл істе оқытушылар мен мұғалімдер тобы жаңаша ізденеді, әрқашан жаңалық күтеді.Қазақ тілі мамандарын дайындауда қазіргі қазақ тілінің негізгі салаларының бірі морфологиядан студенттердің тиянақты білім алып, оны өмірде өз тәжірибесінде қолдана білу мүмкіндігін арттыру- оқытудағы негізгі мақсат. Бұл қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық өзгеруі, сөз және оның формалары, оны қарастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары туралы және сөз атаулының әлденеше рет өзгеріске ұшыраған түрлері мен сөздердің топтарға бөлінуі, әр топқа еңген сөздердің өзіне тән фамматикалық сыр- сипаты жөнінде студенттерге терең теориялық білім беруді көздейді және тілдік тұлғаларға практикалық тұрғыда талдау жасай отырып, морфология пәнінің ғылыми негізін түсіну міндетін қояды.Одан әрі пәннің теориялық мәселелері оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан оқытылады. Ол кредиттік жүйе, тест жүйесі, өздік жұмыс, т.б. жұмыс түрлерінен қуұылады. Осы арқылы бұл пәнді толық менгеру үшін, студент пәннің арнайы оқулығына және морфология саласы бойынша бүгінгі тіл ғылымындағы зерттеулерге, жаңа монографиялық ғылыми еңбектерге, ғылыми тың мақалаларға сүйеніп, зерделейтін болады және студент үшін тақырыптың негізгі бағыты көрсетіліп, сілтеме жасалады, тілдік материалдар қосымша талданып, мәселені саналы түсініп оқуларыла, ғылыми шығармашылықпен ізденуіне мүмкіндік жасалған тапсырмалар беріледі. « Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәнінің негізгі зерттеу нысанына грамматикалық мағыналар мен олардың берілу жарыққа шығу жолдары, амал- тәсілдері грамматикалық қатегориялар жатады. Морфология пәні студенттерге терең теориялық білім беру мақсатын көздейді және тілдік тұлғаларға практикалық тұрғыда талдау жасай отырып, морфология пәнінің ғылыми негізін түсіну міндетін қояды. Басқаша айтқанда, бұл курстың ғылыми негіздері мен сипаттары теориялық- танымдық жағынан оларды біліп, менгеріп қоюмен қатар, сол танымдық білімді іс жүзінде, практикада іске асырып, тілдік әлементтердің ерекшеліктерін көрсете, талдай білуді міндеттейді.Оқудағы басты мақсат - қазақ тілінің морфологиясына байланысты теориялық білімді жүйелеп, ғылыми- практикалық негізде қолданып, талдай білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан да ғылыми грамматика мен практикалық грамматиканың негізгі мәселелері тоғысып, болашақ мамандыққа байланысты студенттердің тұрақты білімі мен іскерлігі дағдысы жетілдіріледі. Мұнда студенттер грамматиканың кейбір мәселелерінде даулы болып, талас туғызып жүргендерін де біліп, оқулықтар мен оқытушыларының көмегімен ол туралы өз алдына пікір қорыта білуге ұмтылдыру міндеті жүктеледі.Кредиттік жүйе бойынша жазылған оқу бағдарламасы қазақ тіліндегі сөздердің лексика-грамматикалық топтарын, тілдегі грамматикалық мағыналар мен формалар туралы берілетін ғылыми-теориялық білімді жүйелі жүргізудің негізгі бағыт- бағдарын ұсынады.Сондай- ақ:-    топтық жұмыс арқылы жаттығумен жұмыс жасата білу; өзіне қажетті нақты деректер мен түсініктерді сұрыптап қолдана білуге дағдыландыру;тілді қастердеуге, сүюге үйрету сияқты міндеттерді шешуге көмектеседі.Сабақ барысында білімгерлердің белсенділігін жоғарылатудың бірден-бір жолы - олардың білімге деген құштарлығын ояту. Топтағы кейбір білімгерлердің белсенділігін арттыра отырып, топтағы барлық білімгерлердің танымдық дәрежесін көтеруге болады. Бұл үшін топтағы барлық білімгерлер берілген тапсырмаларды уақытында орындаулары қажет. Топтағы әр сабақ қызу талқы үстінде өтетіндіктен, білімгер тақырыпты егжей-тегжейлі зерттеп, түрлі сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға жауап беруге дайын болулары керек. Осының нәтижесінде діттеген шешім қабылданып, сабақтың мақсатына жету мүмкіндігі айқындалады. Соған сәйкес білім мен іскерлікке қойылатын талаптар анықталады: Білімгер таныс болуыграмматика мәселелері туралы ғалымдар пікірлерморфология мәселесі мен оның тілдің басқа салаларымен қатысымен;негізгі грамматикалық ұғымдармен;грамматикалық мағынаның сипатморфема, оның түрлер тілдегі сөз тудыратын және форма тудыратын тәсілдер мен олардың жасалу жо сөз таптары мен оның түрлерімен, грамматикалық қатегорияласөз таптарының түрлену жүйелеріме     номинация, сема, парадигма, синтагматикалық қатынас, конверсия, тірек сыңар, т.б. сияқты терминдермен, т.б.Білімгер істей алуы керек:мысалдар жинап, сөйлемдегі сөздерді морфемаға бөлу, топтау, түсіндіру;сөздердегі грамматикалық мағынаның берілуінің жалпы үлгісін көрсету, түсіндіру;  сөздерге морфологиялық талдау жасап беру;сөз таптарына талдау жасап, түсіндіру; сөз таптарының түрлену жүйесін талдап, түсіндіру, т.б.Осымен байланысты қазақ тілінің морфологиясын зерттейтін арнайы пән ретінде студенттерге терең ғылыми- теориялық білім беру мақсатында жоғары оқу орындарының филология факультеттерінін қазақ тілінің келешек мамандарыла жан- жақты толық білім беріледі.Жоғарыда атап көрсеткеніміздей морфология пәнінің басты мақсаты- студенттерге тіл білімінің негізгі саласының бірі морфологияның мәселелерінен теориялық мәліметтер беру. Теориялық білім берудің негізгі жолы- лекция. Пәннің негізгі мақсаты мен ғылыми негіздері лекция сабақтарында толығымен қамтылып, белгілі тақырып бойынша студенттерге бағыт- бағдар ұсынылады.Негізінен грамматикаға, оның ішінде морфологияға қатысты соңғы ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, студенттердің білімін тексеру мақсатында немесе менгергенін білу үшін жаңа технологиялық әдістерді қолдану арқылы білімді бекіту, дағды мен іскерлікті қалыптастыру, алған білімді жүйелі қолдана білуге үйрету теориялық білімді тереңдету, игерген білімді өмір тәжірибесінде қолдана білу сияқты міндеттерді шешу басшылыққа алынады..Ол тікелей оқытушының шығармашылық, әдістемелік шеберлігімен байланысты жүзеге асырылады. Бұл студенттерді ізденуге, өз бетінше жұмыс жасауына үйретеді. Осылай студенттердің біліктілігі, білімі шыңдалады, өз ойын ауызша, жазбаша жеткізуте, дәлелдеуге, түсіндіруге дағдыланады.Практикалық сабақтарда теориялық тақырыптар талданып, талқыланады. Зерттеу еңбектеріндегі негізгі көзқарастар, бағыттар, қағидалар мен тұжырымдар тілдік деректермен дәлелденіп, ойталқы түрінде жүзеге асады.Мұнда жаттығу жұмыстарының маңызы зор. Жаттығу- іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын ең тиімді әдіс, бұл мәтін арқылы талданып, жүзеге асырылады. Мәтін жаттығудың мақсат- міндетіне, мазмұнына сәйкес таңдалып алынады. Өйткені сабақтың барлық түрінде типтік бағдарламада берілген тақырыптар мазмұны толық қамтылуы тиіс. Сондықтан мәтіндегі сөйлемдерге жан- жақты морфологиялық талдау жасау осы міндеттердін қаншалықты менгерілгенін бақылауға, студенттің білімін әділ бағалауға мүмкіндік береді.Ол үшін түрлі бақылау, тексеру жұмыстарын ұйымдастыруға болады. Кейбір даулы, қиын тілдік құбылыстар жайында пікірсайыс, ойбөліс тақырыптарын ұсынған, пікірталастар өткізген, тест топтамаларына жауаптар алған дұрыс. Мұнда студенттің өзіндік жұмысының маңызы өте зор. Бұл студенттерді морфология теориясынан алған білімдерін жаттықтыру, менгерту, дағды қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Ол өз кезегінде студенттердің сапалы, терең білі.мді, білікті маман болып шығуына көмектеседі.

2Сөз (орыс. слово, ағылш. word) – зат пен құбылыстың атын, түр-түсін, сапалық белгісін, амалын, қимыл-әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрылымдық бірлік. Болмыстың тілдік атауы ретінде дыбыс пен мағына тұтастығынан тұрады. [1] Сөзді құраушы бірлік –дыбыс, ал мағына – Сөздің ішкі мәні, мазмұны. Дыбыстық құрылым сөздің ішкі мәніне, ұғымға бағынышты болады. Сөз – тілдік категория, ұғым – логикалық категория. Ұғым сөз арқылы айтылады, бірақ сөз тілдегі барлық ұғымдарды білдіре бермейді. Одағай,шылау сөздерде мағына болғанмен, олардың ұғымға қатысы болмайды. Сөздің негізгі белгілері:Құрылымдық тұтастығы: яғни, сөз белгілі бір дыбыс жиынтығынан тұрып, дайын күйінде жұмсалады;Семантикалық тұтастығы: құрамында қанша буын не сөз болғанына қарамастан бір ұғымды анықтап, бір мағына береді;Грамматикалық тұтастығы: сөз ішкі мағыналық құрылымына қарай грамматикалық топтарға бірігіп, грамматикалық категориялар негізінде түрленеді;Танымдық тұтастығы: сөздің ішкі мағыналық құрылымы халықтық дүниетаным негізінде анықталадыІшкі мағыналық құрылымы мен қызметіне қарай сөздер атау және көмекші сөздер болып бөлінеді. Атау сөздер зат пен құбылысты, болмысты оның ерекше белгілері арқылы таңбалайды; көмекші сөздерде мұндай атауыштық қабілет жоқ, олар қызметтік-грамматикалық мәнге ие. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналарыболады. Тілді жүйелі құрылым ретінде зерттеу сөзді анықтаудың төмендегідей міндеттерін көрсетеді: сөзді тілдік бірлік ретінде тану; оны анықтаудың негізгі шарттарын айқындау; сөздің мағыналық жағын зерделеу; лексиканың жүйелілігін зерттеу; сөздің лебіз бен мәтіндік бірлік ретіндегі ерекшелігін тану. Сөз жүйелі құрылым ретінде түрлі бағыттағы зерттеу нысаны болып табылады. Сөздер семантикалық-грамматикалық белгілері (сөз таптары), сөзжасамдық байланыстары (сөзжасамдық ұя), семантикалық қатынастары, мағыналық, концептік өрістері арқылы өзіндік тілдік жүйелерді құрайдыЛексика – бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Қазақ тілінде лексика сөздік құрам деген ұғымды білдіреді. Тілдің лексикасын, сөздік құрамды тіл білімінің лексикология ғылымы зерттейді. Лексикология семасиология, этимология, фразеология, диалектология т.б. тарауларға бөлінеді. Лексикологияның ең басты зерттеу нысаны – сөз. Сөз белгілі ұғым атауы болып, әр алуан мағынаны білдіреді.

 

Қазақ тілінде лексикалық мағынасы жоқ сөздер де кездеседі. Мысалы, қаралы, сияқты, бірге, дейін, кейін, секілді, соң, таман, тарта, үшін. Бұл сөздер жеке тұрғанда ешқандай мағынаға ие бола алмайды, мағынасы бар сөздермен тіркесіп қолданылады. Мысалы, жүз қаралы, батыр сияқты, анасымен бірге, мектепке дейін, дайындықтан кейін, әкесі секілді, үйге таман, мыңға тарта, туған жер үшін.Қазақ тілінде сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады.Тура мағына – сөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім.т.б Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, қазанның құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз.

3Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды. Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар. Олар: кіріспе немесе сабақтың тұсаукесерін ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға дайындық деңгейі анықталады.  Әңгімелесу әдісі оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Қазақстен  Республикасының педагог  қызметкерлерінің біліктілігін арттыру  курстарының үшінші деңгей бағдарламасында әңгімелесу(диалог) арқылы оқытудың маңызы мен сұрақ қою техникасына қатысты мұғалімдердің ой-пайымы мен ұғым-түсініктерін өрістету ойластырылған. Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады. Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін жаңа оқу және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады. Барнс: «Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер етеді. Мұғалімді селсоқ тыңдағанда емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни,сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асады.» -деп көрсетеді. Оқыту барысында әңгімелесудің атқаратын ролінің маңыздылығын көрсететін дәлелдер жеткілікті. Яғни,  әңгімелесу әдісінің артықшылықтары: оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын айтуға үнемі қатыстыру арқылы оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;басқа оқушылардың түрлі идеяларын тыңдауға үйрену арқылы, оқушылардың өз білімі мен идеяларын бағалай алуы, құрдастарының пікірін құрметтеуге үйрену; мұғалім үшін жақсы диагностикалық құрал, әр оқушының білімі мен пайымын байқауға болады;құрдастарымен, мұғаліммен қарым-қатынасқа түсуді үйрететін үлкен тәрбиелік күші бар.ес пен тілді дамытады, сабаққа қызығушылығы артады және барлық оқушыны сабаққа тартудағы тиімді әдіс;Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:уақыттың көп кетуі;оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.Мерсер әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесуді үш түрі болады деп көрсетеді: әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Ендеше оқытуда әңгімелесу әдісін қалай қолданып жүрміз? Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу) немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты. Мұғалімдер сұрақтың маңызына көңіл бөлмеген жағдайда сыныпта сұрақ қою үлгісі «бастама-жауап-кейінгі әрекет» нысаны бойынша мұғалімнің ықпалымен болатын әңгімелесу жүреді де, оқушылардың білім алуына, оқуға ынталануына, бір-бірімен сұхбат құруына мүмкіндік беріле бермейді.      Оқытуда әңгіменің қай түрін қолдансақ та, оқушылардың оқуға ынтасын арттыруы үшін не істеу керектігін ойланады. Оқушының ішкі уәжі «Мен» тұрғысынан маңызды жеке мүддесін ескерген жөн. Оқушы үшін мағыналы деп шешкен нәрселер ғана оның ынтасын арттыра алады. Сол себепті де сындарлы оқытуда әр адам үшін маңызды деген мәселе немесе мәселелер жиынтығы төңірегінде шоғырланады.  Мұғалім мақсаты оқушыға сабақтағы әңгіменің оған қажетті (оқушы үшін мағыналы деп есептейтін) нәрселер жайында болатынын сезіндіру болып табылады. Сонымен қатар, мұғалімдер үшін сұрақ қою маңызды дағды болып табылады, себебі дұрыс қойылған сұрақ қана оқытудың тиімді құралына айналып оқушылардың оқуында нәтижеге жеткізеді.  Мұғалімдер мектептегі тәжірибе кезеңінде І бетпе-бетте алған негізгі идеяларды енгізіп, ІІ бетпе-бетке келгенде әңгімелесудің түрлерін сыныпта оқушылардың жеке топтарымен өткізугенін, әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайтындығын айтады  және оқушылардыңОқу материалын түсінуде белсенді болғанын, оқушыларға топ болып жұмыс істеу ұнағанын;Бастапқы күндегіден кейін оқушылардың арасында жақсы қарым-қатынас орнай бастағанын  Сабақта көп сөйлемейтін оқушылардың өз пікірін айтуға дағдылана бастағанын; Оқушылардың арасында бір-біріне сын айтуға үйренгенін және жауапкершіліктері пайда болып топтық жұмыс кезінде барлық оқушының қатысатынын айтады.Бірақ та, тәжірибе көрсеткендей әңгімелесу әдісін қолданған алғашқы кездерде артық шу, оқушылардың тапсырманы жай орындауы, бірлесіп талқылау барысында бір-бірімен келіспей қалуы  сияқты кедергілер кездеседі. Бұл кедергінің болуы – оқыту үдерісіндегі әңгімелесу әдісінің құндылығын түсінбеу, оны тек оқытуды түрлендіру ретінде қарастырудан болып отыр. Әңгімелесу кезінде кез-келген бала бірден оқыту үдерісіне еніп кете алмайды, мазасыздық болуы заңды. Сонда әңгімелесуді қалай ұйымдастырған жөн? Ең біріншіден, балаларды эмоциональдық  қолдау керек. Себебі, кейбір оқушылар жалпы болып жатқан әңгімелесуге өз еркімен бірден кірісіп кете алмайды. Ондай оқушыларға өз мүмкіндігін көрсету үшін шағын жұптағы, үштіктегі жұмыстарда әңгімелесуге қатысуға тарту пайдалы. Әңгімелесуге кезінде мұғалім оқушының білім алуы үшін  ынталандырады, оқыту мен тәрбиелеу қатар жүреді және оқушының басқа балалармен іскерлік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын шыңдайды.Жоғарыда айтып кеткендей,  оқушы үшін мағыналы деп шешкен нәрселер ғана оның ынтасын арттыра алады. Сондықтан оқу материалын мұғалімнің сүзгіден өткізіп, оқушы үшін ең маңыздысын белгілеп, оқыту үдерісінде әңгімелесудің қай түрін қолданғанда тиімді екенін айқындау қажет.  Алайда, сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтыруды мұғалім өзі белгілеп, әңгімелесу түрлерін таңдайды.Әңгіме-дебат - оқу пікірталастары ретінде әңгімелесу әдістерінің ішінде елеулі орын алады. Оның оқыту үдерісіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Әңгіме-дебат өткізу үшін оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі қарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден ауытқып, нәтижесіз өтеді. Әңгіме-дебат оқушылардың өз ойларын анық және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой жарыстыруға үйретеді. Мұғалім сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін оқушылардың естеріне салуы қажет. Зерттеушілік әңгімеде қиын жағдаят мәселені шешуге керекті білімдерді, ақыл-ой жұмысына қабілетті, үлкен белсенділікті талап етеді. Оны оқушылар өз беттерімен немесе мұғалім көмегімен шешеді. Мәселелік жағдаятты тудырудағы мақсат - оқуды қиындату арқылы оқу материалдарын меңгерту, баланың ақыл-ойын жұмыс істету. Мәселелік жағдаят сұрақтар қою, болжам айту, дәлелденбеген пікірлерді талдату арқылы жасалады. Оқылып отырған құбылыстың сызбасы, диаграммасы жасалады. Оқушылар шығармашылықпен жұмыс істеп, білімдерін емін-еркін естеріне түсіреді. Мәселелерді талқылау оқушыларды тапқырлыққа, қарама-қайшылықтарды түсінуге, болжамдар айтуға, дәлелдер келтіруге, шешім табуға үйретеді.  Оқушыға мәселені өз бетімен шешуге үйрету үшін, оған шағын зерттеу жұмыстарын беру керек. Мұғалім картиналар, құжаттар көрсетіп, оларға сұрақ қоюды ұсынады, фактілерден қорытынды шығартады, ұсыныстар айтқызады. Зерттеушілік әңгімеде  мұғалім алдын ала мәселені шешуге алып келетін, оқушылардың білімдерін еске түсіртетін сұрақтар әзірлейді. Оқушылар жеке мәселелік сұрақтарды шешсе, онда ішінара – ізденіс әдісінің қолданылғаны. Мұғалім тапсырма әзірлеп, оның қай жерлерін оқушылар зерттеу арқылы орындайтынын белгілейді.Әңгімелесу әдісінің құндылығы оқушылардың бірлескен әрекетке тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің өрістеуіне, зияткерлік қырларының дамуына ықпал етеді. Оқушылар әңгімелесуге, талқылауға белсенді тартылғанда олардың оқуы тиімдірек болады. Оқушылар әңгімелесуге тартыла отырып басқа құрбыларының көзқарастары арқылы  өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамытуына мүмкіндік алады.

23-билет

1.Сөйлеу тілі мен жазбаша тіл өте тығыз байланысты. Сөйлеу тілде де, жазбаша тілде де қолданылатын тілдік тұлғалар бір. Тілдік тұлғалар сөйлеу тілі мен жазбаша тілде де бір мағынада қолданылады, олардың тілде атқаратын жалпы қызметінде де өзгеріс болмайды. Сондықтан екінші тілде үйретуде тілдік тұлғалармен жұмыс ауызша да, жазбаша да жүргізіледі.Сөйлеу тілі мен жазбаша тілдің өзіндік ерекшеліктері бар.Сөйлеу тілінің ең көп қолданылатын кезі сөйлеуші мен тыңдаушының тікелей қарым қатынасы.Мұндай жағдайда сөйлеуші тыңдаушыныңң өз сөзін, ойын қалай қабылдауын көріп отыады,соған байланысты ойын түрлендіре алады,жазбаша тілде ондай мүмкіндік жоқ. Сөйлеуші ойын іштей ретке келтіріп,бірден білдіріп отырады, ойды білдіруде қате болса, ол сөйлеу үстінде түзетеді. Жазбаша тілде ойды білдірудің ең ұтымды жолын іздеуге, түзетуге мүмкіндік мол. Сөйлеу тілі көңіл – күйге байланысты, экспрессивтік мәні бардауыс ырғағы үлкен қызмет атқаарады, ымдау, бет құбылысы сияқты әрекеттер қолданылады. жазбаша тілде ондай мүмкіндік жоқ. Жазбаша тілде күрделі құрылымдар көбірек кездеседі , оны оқырман көру арқылы қабылдап, ойлау арқылы түсінеді.Қазақша тіл дамыту кезінде оқушының сөйлеу де, жазбаша тілі де қамтылады. Сөйлеу тілін дамытуда тыңдай білуге , естігенін түсінуге жаттықтыру қажет. Оқушыны тыңдауға үйрету үшін мұғалім сөзі басқа адамдар сөзін магнитафон таспасына жазып, оны сабақта оқушыларға тыңдатып, одан не түсінгендігін анықтау.

2.Қайталау сабағының мақсаты – оқушылардың білімдерін еске түсіру және кеңейту. Қайталау сабағы тілдік бір мәселені аяқтаған соң, бекіту ретінде жүргізіледі. Мысалы, септік жалғауларын өтіп болған соң, оны қайталауға арналған сабақ өткізіледі. Бұл сабақта ережені сұрау керек жоқ. Қ.сабағы оқушыныңң септік жалғауларын дұры қолдану дағдыларын бекітуге арналады. Қайталву сабағында жүргізілетін жазбаша жұмыстарды диктант, мазмұндама, шығарма, бақылау жұмыстары ретінде өткізуге болады. Қайталау сабақта ауызша әңгімелесу, текстерді дұрыс оқу, оқыған текстердің мазмұнын, әңгімелеу, магнитафонға жазылған текстерді тыңдап қайталау, өлең жаттау, мақал-мәтел жаттау жұмыстарын жүргізуге болады.Қолданылатын әдістері. Түсіндіру, әңгіме, теңестіру, салыстыру, дәлелдеу, бағалау.

3.Жалқылау жалпылау әдістері: Жалқылау жалпылау әдістері индукция, дедукция деген атпен белгілі Жалқылау әдісі деген терминді алғаш қолданған А.Байтұрсынов болып саналады. Бұл әдіске арнап мақала жазған. Осы мақалада: «Жалқылау әдісі- жалпылау әдіске қарсы әдіс.Жалпылаудың асылы ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асылы – іріден ұсақтату».Қазіргі кезде де бұл әдістердің мағынасы осы.Оқушыға бір мәселені мұғалім түрліше түсіндіреді.Кейде жалпы ережені айтып, оның ішкі тармақтарын, түрлерін түсіндіреді. Мысалы, жіктік жалғауын не екенін айтып, оның әр жағының қосымшасын түсіндіруге болады. Бұл жалпыдан жалқыға көшу. А.Байтұрсынов ол іріден ұсақтау болып шығады, яғни ол – жалқылау әдісі. Осы жіктік жалғауының әр жағын түсіндіруден бастап, соңында олардың бәрі де жіктік жалғауы деп қорытатын болса, ол – жалпылау әдісіне жатады. А.Байтұрсыновша ол ұсақтан ірілету болады.