Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұлттық шпор.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181 Кб
Скачать

20 Билет

1.Оқытуга қажет грамматикалық материалды сұрыптау принциптеріГрамматикадан берілетін білім мектеп бағдарламасымен белгіленеді.Тілді, оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болдыМектепте грамматиканы оқытуға байланысты төмендегідей ұстанымдар мен жағдайларды қамтамасыз ету керек. 1. Тұлға мен мазмұн бірлігі. Бұл ұстаным тілдік құбылыстарды бір жақты талдауға жол бермейді. 2. Грамматикалық ұғымдардың біртіндеп қалыптасуы. Бұл ұғымдар элементтер ретінде белгілі жүйенің жиынтығы болып, ана тілінің грамматикалық қМектепте оқылатын пән атаулының бәрі тіл арқылы түсіндіріледі, сондықтан қазақ тілінен теориялық білім берудің нәтижесінде оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын қалыптастырып, сөйлеу, жазу тілін дамыту іске асырылады.

2.Техникалық құралдарды пайдалану әдісіТехникалық құралдар дыбыстық проекциялық болып бөлінеді.Дыбыстық аппараттарға магнитафон,куйтабақ,лингафондық класс жатады.Оқу орыс тілінде жүретін мктептерде қазақ тілі сабағында дыбыстық аппаратты оқушыларга ерекш дыбыстардың айтылуын меңгерту,сөйлмдгі сөзге дұрыс екпін қоюды үйрту тиімді.Могнитафонды пайдалану.ерекше дыбыстар мен сөздерді дұрыс айту.дұрыс ойлау дағдысын қалыптастыру,могнитафон арқылы диктант жазу крек.Могнитафонды тіл ұстарту жұмысына пайдалану.Могнитафон арқылы өлңді жаттату,уйрту.Прокциялық аппаратты пайдалану.Диаскопты пайдалану арқылы мысалы грамматикалық тақырыпта схма құру.Диофильмдерді қолдану арқылы оқушының ой-өрісін дамытып сюжетті әңгімелерді нақты көрсетеді.

3.Оқушыны ойландыру әдісіКүні :21.11.13Сынып Сабақтық тақырыбы Әлібек , кел қайталайық!

Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдеріне қорытынды жасау.

Тәрбиелік: Сауатты оқу, жазу, жолдастарына көмек беру дағдыларын қалыптастыру.Дамытушылық: Оқушының ақыл – ойын, білімге ынтасын дамыту .Сабақтың әдісі: Ойландыру, іздендіру, көрнекілік, сұрақ- жауап.Көрнекіліктер: суреттер1 тапсырма. Жаз. Жылқы құлын Түйеботасиыр, бұзауқой, лақ ешкі қошақан 2 тапсырма. Толықтырып жаз. ... мысығым Менің .....күшігі.... күшігім ..... мысығы..... мысығыңыз Сенің .... күшігің Сіздің ... күшігіңіз Оны 3тапсырма. Бөліп жаз.

Үй жануарлары

Аңдар

4тапсырма. Суретке қара. Күшік туралы жаз.5тапсырма. Сұрақтарға жауап бер Бұл ненің басы? түлкінің

Бұл ненің басы арыстанның

21 Билет

1.Қазыргі қазақ тілі сабағының құрылысы,оның өзіндік ерекшелігі мен талаптарыҚазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаныҚазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі 1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар¬дың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылар¬дың тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза білуге  жол ашу. 2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу; оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы еңбекке баулу. 3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру. Қазақ тілі пәнінің міндеттері: 1) Толық сауатты адамдар даярлау; 2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. 2.Тіл дамыту-тілді оқытудағы мақсатТіл дамыту – оқушыны тілдік тұлғаларды дұрыс қолданып, ойын басқа адамға толық жеткізуге дағдыландыру, басқа адамдардың сөзін жақсы түсінуге үйрету. Басқаша айтқанда, тіл дамыту – қазақ тілін орыс тілді оқушының қарым-қатынас құралына айналдыру. Бұл жалпы тіл үйрету мақсатымен толық сай келеді. Орыс тілінде оқытатын мектептерде оқушының қазақ тілін дамыту ұғымына қазақ тілінің лексикалық, грамматикалық тұлғаларын меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру, яғни қазақ тілінде сөйлеуге үйрету жатады; қазақ тілінің орфографиялық нормасын оқушыда қалыптастыру, қазақша сауатты жазу дағдысын меңгерту де осы ұғымға кіреді; сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөз тіркесін жасау арқылы оларды сөйлемде дұрыс орналастырып, сөйлем құрау, сөйлем арқылы ойын басқаға жеткізу, басқаның сөзін түсіну де тіл дамыту ұғымына жатады. Сөйтіп тіл дамыту- мағынасы, көлемі кең ұғым.Адам ойын ауызша не жазбаша түрде жеткізеді. Сондықтан оқушы тілін дамыту екі бағытта жүргізіледі: ауызша және жазбаша. Жалпы алғанда тілді оқытуда бұл екі бағыт қатар байланыста жүргізіледі. Бірақ қазақ тілін оқытудың ең алғашқы кезіңде ауызша тіл дамыту басымырақ болады. Сөйлеу тілі кейінірек жазба тілді дамытуға негіз болады.Адамның сөйлеуінде қолданылатың тілдік нұсқалар дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, сөйлемдердің тіркесі. Бұлар – тілді оқытудағы негізгі мәселелер. Тіл дамытуда тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру, қазақ сөздерінің айтылу нормасын қалыптастыру, қазақ тілінің орфоэпиясын меңгерту жұмыстары жүргізіледі. Ауызша сөйлеу тілінің бұл - негізгі мәселесі.Сөз, сөз тіркесі, сөйлем – байланысты сөйлеудің құралдары. Қазақша сөйлеу үшін оқушының жеткілікті сөздік қоры болу керек, оқушы сөздерді байланыстырып сөз тіркестерін жасаудың, сөз тіркесінен сөйлем құрастырудың заңдылықтарын білу қажет. Сонда ғана байланысты ойды басқаға білдіруге, басқаның сөйлеуін түсінуге болады. Сөйтіп, сөз және сөз тіркесі бірігіп сөйлем құрамына кіріп, олардың бір-бірімен тығыз байланысы арқылы байланысты ой білдіреді. Байланысты ойды білдіретін бұл құралдар сөйлемде бір-бірімен ойдың ішкі баланысына қарай байланысқа түседі.Байланысты сөйлеудің құралдарының тілде қолданылу заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, тәжірибе жүзінде, яғни сөйлеуде қолдануда жаттықтыру, оларды дұрыс қолдану дағдысын оқушыда қалыптастыру – тіл дамытудағы негізгі мақсат болып табылады. Сондықтан тіл дамыту осы тілдік нұсқаларды оқытумен бірге, байланыста жүргізіледі. Яғни тіл дамыту тілдік нұсқаларды, тұлғаларды оқыту барысында бірге жүргізіледі. Атап айтқанда, фонетика, лексика, грамматика салалары ереже жаттау ретінде жеке оқылмайды. Бұл тілдік материалдарды оқыту олардың қолданылуын меңгерту мақсатына бағындырылады. Оқушы қазақ тілінің тілдік материалын білмей, ойын байланысты түрде басқаға жеткізе алмайды. Сондықтан оқушыға қазақ тілінің тілдік нұсқалары таныстырылады.

3.Экскурсия әдісі. Экскурсия (латын сөзі Excyrsio - саяхат деген мағынаны білдіреді) - білікті маманның бақылауымен,алдын-ала таңдалған объектілер, тақырыптар және белгіленген жолдармен қоршаған ортаны бағытталған түрде тану процесі.- Сабақ беру экскурсиясы – белгілі бір оқу орындарының оқу бағдарламасына сәйкес білім берудің түрі болып табылады;Экскурсияның мақсаты мен тақырыбын анықтау. Әр экскурсияның тақырыбына сәйкес белгілі-бір бағыты болуы қажет. Экскурсия тақырыбының қоғам немесе табиғаттағы белгілі бір ғылым саласымен байланысын сипаттайды.Экскурсия мәдени-ағарту жұмыстарының ажырамас бөлігі, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу құралы болып табылады. Тұлғаның жан - жақты дамуына әсер етеді, эстетикалық және  адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді, дүниетануын қалыптастырады.КіріспеКіріспе және қорытындының негізгі бөліктен айымашылығы - ол экскурсия объектісімен байланысты болмайды. Кіріспе дәрістің бастамасына ұқсайды, оның мақсаты - тыңдаушылармен байланыс құру, тақырыпқа қызығушылықты арттыру. Бірақ та  экскурсияда кіріспенің өзіндік спецификасы бар. Ең алдымен экскурсия жетекшісі өзінің аты-жөнін, жұмыс жасап жатқан мекемесінің атын, көлік жүргізушінің (егер автобуста болса), капитанның (теплоходта болса) аты-жөнін хабарлауы қажет. Одан кейін экскурсия тақырыбын, бағытын, уақыты мен аяқталу жерін айтады. Кіріспе құрылысы жағынан қызықты және мазмұны жағынан ашық болуы қажет. Экскурсия жетекшісі экскурсияға қатынасушылардың көңілін бірден баурап алу қажет. Еске сақтағаныңыз жөн, экскурсия бастамасы - жауапты сәт, өйткені осы уақытта экскурсияға қатынасушылардың экскурсия жетекшісі туралы пікірі қалыптасады.Негізгі бөлімЭкскурсияның негізгі бөлімі - көрсетілім мен әңгімелеп айтудың ұштасуы негізінде құрылады. Оның барысында әр түрлі әдістемелік құралдар пайдаланылады. Әр экскурсиялық тақырыпшаны ашып көрсету қорытынды материалды шолып шығумен аяқталуы қажет. ҚорытындыҚорытындыда экскурсия жетекшісі экскурсия нәтижесін шығарып, тақырып бойынша жалпы қорытынды жасап, экскурсияға қатынасушылардың сұрақтарына жауап береді. Қорытынды экскурсияға қатынасушылардың көргендері мен естігендерінің мәнін, мағынасын бекітеді, тақырыпты тағы да түсіндіреді. Экскурсия жетекшісі жұмысын аяқтай келе, экскурсияға қатынасушыларға басқа да экскурсияға қатынасуларын ұсынуы мүмкін.Экскурсия объектісінің карточкасыЭкскурсия объектісінің атауы.Орналасқан жері, мекен-жайы.Пайда болу, ашылу және құрылу уақыты.Авторы (архитектура, скульптура, ескерткіштер үшін) Сыртқы белгілері: стилі, сипаты, белгісі және пайдаланылуы объектінің қысқаша тарихы. Оның қазіргі таңдағы сипаты.Жобаланған өзгерістер.Карточканы құрастыруда пайдаланылған әдебиеттер.Карточкаға экскурсия объектісінің фотосуретін және оның орналасу схемасын тіркеген жөн.Экскурсияны жүргізу әдістеріЭкскурсияны жүргізу әдістері экскурсия жетекшілері жұмысының спецификалық құрылысын құрайды. Бұл әдістемелер экскурсияның спецификасынан шығады, яғни көрсетілім мен әңгімелеп берудің ұйқасуы және экскурсия жетекшілерінің объектіден объектіге орын ауыстыруы. Экскурсияға қатынасушылардың алып отырған білімі объективті әлем құбылыстары мен зерттеліп отырған пәнді тікелей қабылдауға негізделеді. Сондықтан экскурсия көрнекі оқыту (сурет, үлгі, фотосурет және т.б.) жүйесінде маңызды орын алады.Экскурсияға қатынасушы топты орналастыру Объектіні көрсету үшін арнайы орынды таңдағаннан кейін, экскурсияға қатынасушыларды дұрыс орналастыру  қажет. Экскурсияға қатынасушыларға объектінің және экскурсия жетекшісінің жақсы көрініп тұратындығына көз жеткізу қажет. Топтардың жартылай сақина күйінде орналасуы ең икемді болып табылады. Ал экскурсия жетекшісі шеткі орында, экскурсияға қатынасушыларға жартылай бұрылып тұрады. Бұлай орналасу бір жағынан экскурсия объектісін көруге, екінші жағынан топты көз назарында ұстап тұруға мүмкіндік береді. Экскурсияға қатынасушылардың әрекетін тұрақты бақылау – экскурсия жетекшісінің тиімді жұмысының маңызды шарты. Топты орналастырғанда экскурсияға қатынасушыларға жақсы естілетініне және көрінетініне көңіл аудару қажет.Экскурсияда дәйексөз қолдану Дәйексөз айту, яғни әдеби шығармалардан, естеліктерден, құжаттардан және басқа да көздерден үзінді айту экскурсияда кеңінен қолданылады. Дәйексөз тыңдаушылардың қызығушылығын арттырады, белгілі бір жағдайды дәлелдеуге көмектеседі, экскурсия жетекшісінің айтқандарына үлкен салмақтылық береді, дәуір кезеңін елестетуге мүмкіндік береді. Дәйексөз сөйлеу экскурсияда адамдық қасиеттермен жинақталған бай ой мен фактілер жиынын пайдалануға көмектеседі. Экскурсияда дәйексөзді астыртын пайдалануға болмайды. Дәйексөз мәтінін жатқа білген жөн.Экскурсия жетекшісінің сөз сөйлеу мәдениеті Экскурсия жетекшісінің сөз өнерін игеруі - экскурсияның сәтті өтуіне әсер етеді. Сондықтан оратор өнеріне негізделген педагог, лектор тәжірибесі экскурсия жетекшісіне өз мамандығын шыңдауға септігін тигізеді. Айтылған сөз грамматика жағынан дұрыс, дәл, мәнерлі, ерекше және үнемді болу қажет. Экскурсияның сәтті өтуі үшін экскурсия жетекшісіне ең қажет сенімділік сезімі - оның сөйлеген сөзі грамматика жағынан дұрыс құрылған жағдайда ғана толық болуы мүмкін. Мұнсыз ол еркін сөйлей алмайды, экскурсияға қатынасушылардың жүріс-тұрысына орынды әрекет ете алмайды.Экскурсия жетекшісінің топпен байланыс құруыЭкскурсия табысы, оның тиімділігі - экскурсия жетекшісінің алғашқы сәттен бастап, аяғына дейін экскурсияға қатынасушылармен дұрыс байланыс құра білуіне тәуелді. Экскурсия кезіндегі қолайлы «психологиялық климат» басты шарт болып табылады. Өйткені экскурсия экскурсия жетекшісіне шығармашылық қанағаттану және қатынасушыларға эстетикалық ләззат және қуаныш береді.