- •1.Билет
- •3.Семинар сабағы, оның мақсаты мен түрлері, құрылымы
- •3.Талдау сабағы, оның мақсаты мен түрлері.
- •10 Билет
- •1.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері
- •2.Суретпен жұмыс. Оның түрлері мен мақсаты, өткізілу жолдары
- •3.Дуэт сабақ, оның мақсаты мен құрылымы
- •12 Билет
- •1.Әдіс туралы ұғым. Қазақ тілін ұлттық мектептерде оқыту әдістері.
- •2.Білім мен дағдының бақылау сабақтары, оның мақсаты мен түрлері
- •3.Жинақ сабақ, оның мақсаты мен құрылымы
- •13Билет
- •1.Оқушының ана тілі материалын пайдалану әдісі
- •2.Орфографиялық және пунктуациялық сауаттылығын бақылау сабақтары.
- •3.Десант сабақ, оның мақсаты мен құрылымы.
- •14Билет
- •1.Теориялық жақтан үйрету әдістері. Олардың түрлері мен өзіндік мәні.
- •2.Байланыстырып сөйлеу дағдыларын бақылау және үйрету сабақтары.
- •15Билет
- •2 Лексикалық ойындар жаңа алынған сөздерді жеке тұлғаның тез жаттауына, олардың түрлі жағдайларда айдалануына, әрі тілін дамытуға көмектеседі.
- •16 Билет
- •17 Билет
- •1.Талдау әдісі, оның өзіндік ерекшелігі мен түрлері
- •18 Билет.
- •3.Қорытынды сабақ, оның мақсаты мен құрылымы.
- •19 Билет
- •20 Билет
- •3.Оқушыны ойландыру әдісіКүні :21.11.13Сынып Сабақтық тақырыбы Әлібек , кел қайталайық!
- •21 Билет
- •22Билет
- •24Билет
- •25Билет
- •1.Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындар және оларды ұйымдастыру жолдары
- •26Билет 1.Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
- •27Билет
3.Қорытынды сабақ, оның мақсаты мен құрылымы.
Қорытынды сабақ-өткен тақырып немесе оқу пәнінің тарауы бойынша алған білімдерін жүйлеу және бекіту мақсатымен жүргізілетін сабақ. Мұндай сабақ, әсіресе, қорытынды қайталау кезеңінде өажет, сонымен қатар емтиханға дайындау кезінде қажет.Қорытынды сабақтың келесі құрылысы бар: мұғалімнің сабақтың тақырыбы мен мақсаттары туралы қысқаша кіріспе сөзі, өткенді қайталау, қорытындысы әңгімелеу түрінде өткізеді.
19 Билет
1.Фонетика мен орфоэпияны оқыту.Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейді. Мысалы, ақ дегендегі “қ” дыбысы мен қағаз дегендегі “қ” дыбысы - бір фонема. Сонда да болса, бұл екі сөздің екеуінің айтылуында сәл айырмашылық бар. Ол айырмашылық тіркескен дыбыстарына байланысты. Тіл дыбыстарын тіркестіруде де заңдылық бар. Кез келген дыбысты кез келген дыбыспен тіркестіре салуға болмайтынын аңғарамыз. Өйткені фонетика – фонемаларды - тіл дыбыстарын, олардың түрлерін, жасалу жолдарын, естілуін, жазылуын, дыбыстық алмасулар мен өзгерістерді, буын түрлерін, сөздерді тасымалдау заңдылықтарын, дыбыстардың үндесуін зерттейтін тіл ғылымының саласы. Осылардың барлығын игерту мақсатында фонетикалық жаттығулар жүргізіледі.Фонетикалық жаттығуларФонетикалық жаттығулардың міндеті – оқушылардың айтылған буындар мен дыбыстарды айыра алуын және оларды дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.Фонетикалық қателерБалалар мектепке келгенде сөйлеу мүшелері (аппараттары) жетілген, есту мүшелері дамыған, яғни сөздердің мағынасын ажырата алатын және практикада пайдалана алатын дәрежеде болады. Дегенмен балалардың сөйлеу тіліне зерттеу жүргізіп бақылаған ғалымдар оқушылардың тіл дыбыстарына байланысты кемшіліктерінің барлығын байқаған. Ол туралы С.Ф.Иванова «...значительная часть учащихся 5 класса не владеет достаточно четкой членораздельной речью, что отражается и на их науках письменной речи плохая дикция часто является ошибок типа описок», деген пікір айтады [2, 102].Мысалы, жазылуы айтылуы домбыра домбұра жорық жорұқ.Оқушылар басқа тілден енген сөздерді сол тілде қолданылуына байланысты сіңісіп кету нормасына көңіл бөлмейді. Фонетикалыќ талдауФонетиканы өту барысында сабақта талдау жасалады.Талдауда сөздің дұрыс жазылуына ғана көңіл бөлініп қоймай, сонымен қатар сөздің дұрыс айтылуына да талдау жасап отыру керек. Себебі фонетиканы өту арқылы оқушыларға сауаттылықпен қатар дұрыс сөйлеуді де, яғни орфоэпиялық норманы меңгертеміз.Фонетикалық талдау мазмұнына қарай дыбыс жүйесі бойынша талдау, үндестік заңы бойынша талдау болып екіге бөлінеді. Фонетикалық талдау көлеміне қарай жай талдау, күрделі талдау болып бөлінеді. Фонетикалық талдау орындалу орнына қарай тақтада талдау, орнында отырып талдау болады. Қазіргі таңда фонетикалық талдауды сатылай комплексті түрде жүргізу құпталып жүр.Фонетика бойынша берілетін білімнің мүмкіндік деңгейіне қойылатын талаптар:- дыбыстардың фонемалық қасиеттерін білу, сөздің лексикалық мағынасы мен дыбыстардың өзара байланысын түсіну;- фонетикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, тілдік категориялардың мәнін ұғу;- дауысты, дауыссыз дыбыстардың іштей жіктелуін білу, оларды артикуляциясына қарай айыра білу;- қазақ тілінің халықтық сипатын танытатын тілдегі дыбыстық үйлесім мен үндестіктің (сингармонизм) тіл мәдениетімен байланыстылығын ұғыну және орынды пайдалану;- қазақ әліпбиінің құрамындағы төл дыбыстар мен орыс тілінен енген дыбыстардың өзара қарым-қатынасын меңгеру;- ауызекі сөйлеу және жазба тілдеріндегі сөздерді әдеби тіл нормаларына сай қолдана білу, орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтарды түсініп, оның коммуникативтік біліктілікпен байланысын тану.
2.Қазақ тілінен білім берудің мазмұны.Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі - рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.1. Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.2. Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.3. Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті.
қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады: бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б); мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті); оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу); коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы); ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті); тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).
Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндетт Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі 1Білім
беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын
аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана
тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-
тәсілдер арқылы оқушылар¬дың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылар¬дың
тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігіненсөйлей,жазабілуге жолашу
2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу; оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы еңбекке баулу. 3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру. Қазақ тілі пәнінің міндеттері: 1) Толық сауатты адамдар даярлау; 2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
3.Түсіндіру әдісіТүсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, шет тілі сабағында жаңа мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді. Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.Химиялық, физикалық, математикалық есептерді шығарғанда теоремаларды оқығанда, табиғат және қоғам құбылыстарының түбірлі себептерін және салдарын ашу кезінде түсіндіру әдісі жиі қолданылады.Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:• сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау;• себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;• салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;• жүйелілік.Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады. Тақырыбы: Әке арманы. Мұхтар ӘуезовМақсаты: М. Әуезов жайлы айта келіп, түсініп оқуға, мәтіннің негізгі ойын табуға үйрету, тақырып дегеннің не екендігін түсіндіру; тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; үлкенді сыйлау, құрмет көрсетуге тәрбиелеу, сыпайылыққа баулу.Сабақтың түрі : араласӘдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу. Көрнекілігі: оқулықтағы суреттер, сызба, мақал- мәтелдер Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деңдер. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.» ІІ . Үй тапсырмасын сұрау: Жаңа техника жасап шығару үшін адамға не керек? Өлеңдегі ақын ойын өз сөзіңмен түсіндіріп көр ІІІ. Өткенді қорыту: Қандай өнерді жақсы көресің? Қандай өнер адамдарын білесің? ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.2.Жаңа сабаққа даярлық. Ү. Жаңа сабақ: 1. Сенің әкең қандай адам деп ойлайсың? (бала өз әкесі жайлы әңгімелейді). Көп нүктенің орнына қажетті дыбыстарды қойып, сөздерді дұрыс оқы.
2.Берілген мақал- мәтелдерді білім, ғылымға қатысының бар жоғына қарай екі тақырыпқа бөл. Білім, ғылымға жатпайтын нақыл сөздерге қандай тақырып берер едің? 3. Жазушы шығарманы жазбас бұрын қандай мәселені негізгі ой ретінде алуға болатынын көп ойланады. Сол ой шығарманың тақырыбы болып есептеледі.4. Мәтінді түсініп, теріп оқу. Топпен:1. Жасыл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқу. Кімнің сөзінен алынған? Осы сөздерді тірек етіп, Абайдың Әбішке не айтқысы келгені туралы әңгімеле. 2. Қызыл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқы. Олар неге қызыл түспен ерекшеленген деп ойлайсың? 3. Көкшіл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқы. Осы сөздерді тірек етіп, Әбіштің алдына қойған мақсаты туралы әңгімеле.ҮІ.Сергіту сәтіМәтінді түсініп оқу. Суретпен жұмыс: Зер сал. Кімдерді көріп тұрсың? Осы суретті қалай атар едің? Абайдың арманы не? Ол қандай түспен белгіленген? Өзің қалай сурет салар едің? ҮІІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Мәтінге сүйеніп, сызбаны толтыр. ІХ . Үйге тапсырма: Мәтінді бөліктерге бөл, ат қой, неге солай атағаныңды дәлелде. Бағалау.
