- •1.Билет
- •3.Семинар сабағы, оның мақсаты мен түрлері, құрылымы
- •3.Талдау сабағы, оның мақсаты мен түрлері.
- •10 Билет
- •1.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері
- •2.Суретпен жұмыс. Оның түрлері мен мақсаты, өткізілу жолдары
- •3.Дуэт сабақ, оның мақсаты мен құрылымы
- •12 Билет
- •1.Әдіс туралы ұғым. Қазақ тілін ұлттық мектептерде оқыту әдістері.
- •2.Білім мен дағдының бақылау сабақтары, оның мақсаты мен түрлері
- •3.Жинақ сабақ, оның мақсаты мен құрылымы
- •13Билет
- •1.Оқушының ана тілі материалын пайдалану әдісі
- •2.Орфографиялық және пунктуациялық сауаттылығын бақылау сабақтары.
- •3.Десант сабақ, оның мақсаты мен құрылымы.
- •14Билет
- •1.Теориялық жақтан үйрету әдістері. Олардың түрлері мен өзіндік мәні.
- •2.Байланыстырып сөйлеу дағдыларын бақылау және үйрету сабақтары.
- •15Билет
- •2 Лексикалық ойындар жаңа алынған сөздерді жеке тұлғаның тез жаттауына, олардың түрлі жағдайларда айдалануына, әрі тілін дамытуға көмектеседі.
- •16 Билет
- •17 Билет
- •1.Талдау әдісі, оның өзіндік ерекшелігі мен түрлері
- •18 Билет.
- •3.Қорытынды сабақ, оның мақсаты мен құрылымы.
- •19 Билет
- •20 Билет
- •3.Оқушыны ойландыру әдісіКүні :21.11.13Сынып Сабақтық тақырыбы Әлібек , кел қайталайық!
- •21 Билет
- •22Билет
- •24Билет
- •25Билет
- •1.Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындар және оларды ұйымдастыру жолдары
- •26Билет 1.Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
- •27Билет
1.Билет
1.ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ МІНДЕТІ МЕН МАҚСАТЫ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психо-логия және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.Әдістеменің мынадай міндеттері бар: 1) бастауыш мектеп пен орта мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсатын, ерекшелігін, мазмұны мен көлемін, құрылымын, бөліктерінің бір-бірімен ұштасуы мен бірізділігін анықтау, оқу материалын сыныптарға бөлу; 2) оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді және тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқылатын материалдың ерекшеліктері мен оқушылар құрамының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда қолданылатын әдіс-тәсіл варианттарын) зерттеу және сипаттау; 3) қазақ тілі пәнінен жүйесі нақты белгіленген білім көлемін (ғылым негізін) оқушылардың ойдағыдай игеру шарттары туралы мәселелерді талдап шешу, яғни материалды дәл қабылдаудың, айқын түсінудің, оны практикада қолдана білудің шарттары туралы мәселелерді талдау.Сонымен қазақ тілін оқыту әдістемесі - оның мазмұны мен принциптері, әдістері мен тәсілдері туралы және мектепте қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, дағды, білік мөлшерін белгілеп, оны игерудің жолдары, шарттары туралы ғылым.
2.ҚАЙТАЛАУ САБАҒЫ, ОНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ҚҰРЫЛЫСЫ. Қайталау сабағының құрылымы Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Бұрын өткен оқу материалдарын қайталау, пысықтау, еске түсіру арқылы оларды жүйеге келтіріп, жинақтау және қорытындылар мен тұжырымдар жасау. 3. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру. Қайталау-қорыту сабақтың аса көп тараған түрі. Қайталудың мақсаты - өткен оқу материалдарының ең негізгі түйінді мәселелерін қайталап пысықтауды (қай-талау - оқытудың анасы), оқушыларды өздігінен қоры-тынды жасауға үйретуді көздейді. Бұған мұғалімнің аса жауапкершілікпен ой жіберіп, тыңғылықты әзірлігін қажет етеді. Қайталау сабақтары не сабақ үстінде, болмаса арнайы ұйымдастырылған сабақ арқылы өткізіледі. Ол оқу бағдар-ламасы бойынша көлемі жағынан ірі тақырыптар немесе тарауларды оқып үйренуге байланысты соңында, сол сияқты оқу тоқсанының және оқу жылының аяғында жүргізіліп отырады. Қайталау сабағына оқушыларды жақсы ұйымдастыру үшін оның сұрақтары мен пайдалануға тиісті әдебиеттерін оқу және сабақ барысында қолданылатын қажетті құрал-дарын әзірлеу жұмыстарын алдын ала белгілеу керек. Қайталау сабағын әр түрлі тәсілдермен (ауызша, жазбаша, графикалық, лабораториялық жұмыстары және саяхат жасау) ұйымдастыруға болады. Сабақ соңында мұғалім оның нәтижесін қорытын-дылап, оқушыларға қосымша тапсырмалар беруі мүмкін. Мұғалім оқушылар біліміндегі басты жетістіктері мен кемшіліктерді басымырақ көрсетіп, келешекте қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлу қажеттігіне оқушылардың назарын аударады. Аралас сабақтың құрылымы 1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Оқушылардың орындаған үй тапсырмаларын тексеру. Жаңа оқу материалын ендіру. Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту. Қорытындылау, сабақтың аяқталуы. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
3.грамматиканы оқытуГрамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қилы сырларына қанығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымының әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы — лексикология саласында, тілдің дыбыстық жүйесі фонетика саласында, сөздердің формалары морфология, ал сөз тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады. Қазақ тілі әдістемесі қазақ тілін зерттейтін тіл ғылымы деректеріне сүйенеді. Сондықтан тілдің әдістемесі тіл ғылымымен, ғылыми грамматикамен өте тығыз байланысты. Оқушылар бастауыш сыныпта грамматика жөнінде қарапайым ғана мағлұматтар алады. Әрине бұл мағлұматтар ғылыми жағынан толық дәлелденген деректер. Мектепке алғаш оқуға келген кезде балалар заттар мен құбылыстарды әлде де болса, тұтас күйінде қабылдайды, оларды талдап, ішкі заңдылықтарын, себептерін, байланыстарын ажырата қабылдауға әлі машықтанбағандықтан, нысанды қабылдау қиындау болып бара жатса, ол дереу екіншісіне ауыса қояды. Тіпті олар заттардың жеке бөліктерін және белгілерін тізбектеп айтып та береді, бірақ онда жүйе, мән жоқ, негізгі жағдайын айыра алмайды.Мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды. Бұл жұмыстарды ұйымдастыру барысында осы жастағы балалардың дүние таным ерекшеліктерін естен шығаруға болмайды. Мысалы, грамматикада берілетін түсініктер балалар ұғымына сай келе қоймайды. «Зат, сын, қимыл» т. б. с. с. сөздер олар үшін дерексіз (абстракты) болады да, ондай ұғымдарды әлсін-әлсін нақтылап түсіндіріп отыру арқылы ғана бірте-бірте меңгере бастайды. Немесе бастауыш сынып оқушыларына «ұйықтау, қайғыру, ойлау» сияқты сөздерді етістіктер деп түсіндіру де оңайға түспейді. Бастауыш сынып балалары сөздердің тек нақты лексикалық мағынасын қабылдап үйреніп қалады да, грамматикалық мағынасын мүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі.Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөздің грамматикалық мағынасы мен грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Мысалы, жақсылық, адамгершілік де-ген сөздер заттың сапасын, соған тән белгіні білдіреді. Грамматикалық жағынан алып талдағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді де, зат есімге жатады. Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарының арасында кездесетін қайшылықтарды оқыту барысында жойып, бір-бірін нақтылай, саралап айқындай түсетіндей, әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет..
2билет
2.Ұлттық мектепте қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі міндеті мен мақсаты. «Әдебиет- сөз өнері». Ол өнердің бір саласы. Әдебиет пәні өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, біз әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» дейді. Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің қымбаттысы, ең асылыы- жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқақ арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі баийды, туған тілін сүйеді, елін, адамзатты құрметтеуге деген сезімдерге тәрбиелейді.Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеу үлесіне қосар үлесі үлкен. Ол жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білуіне, адамгершілік сезімнің ұшталып, имандылық қасиеттердің оянуына септігін тигізеді. Сондықтан әдебиет пәнін оқытуға ерекше назар аударылады. Сонымен, әдебиетті оқытудың басты мақсаты- сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы- әдебиетті жан-жақты игерту, сол арқылы имандылыққа, инабаттыолыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу.Мектепте әдебиеттен білім беру мақсаттары мен міндеттері:1.Әдебиеттің адамзат қауымы ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі екендігі, өнер болғанда сөз өнері екндігі туралы ұғымдарын қалыптастыру;2.Сөз өнері- әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білімс бере отырып, оның басқа өнер түрлерінен айымашылықтарын айыра білуге үйрету;3.Әдебиеттің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, ондағы дәстүр мен жаңашылдық, әдеби кезеңдер, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру;4.Өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты, мәдениетті оқырман дайындау. Ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге, жаза білуге үйрету;5.Көркем туындыны оқи отырып, эстетикалық талғамдарын дамытаны әдеби тұрғыдан сауатты талдай білуге дағдыландыру;6.Туған әдебиетіміздің өзіндік ерекшелігі, оның адамзат әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы ұғымдарын толықтыру, жетілдіру;7.Әдебиеттану ғылымы, сыны, оның мақсаты, міндеті, әдебиеттегі- білім берудегі маңызы туралы білімдкерін қалыптастыру;Тәрбиелік жағынан:8.Эстетикалық сезімдерін, талғамдарын тәрбиелеу, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке- адамдық барлық жақсы қасиеттерге баулу. Туған халқының тілі, оның әдебиеитіне деген қызығушылығына әсер ету. Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе- мұғалімнің оқытуы, екінші мәселе- оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының ара-қатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Сонымен, әдіс-тәсіл де оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді.
2.Мектепте қазақ тілін оқытудың жалпы мәселелері.Қазақ тілін ұлт мектептерінде оқыту, жалпы басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету мәселесі ХХ ғасырдың 30 жылдарында қолға алынып, түрлі оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар шығарыла бастады. Осы жылдары қазақ тіл ғылымының белгілі әдіскер ғалымдары Т.Шонанов, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбеав т.б. ғалымдардың оқулықтары, әдістемелік еңбектері жарық көрді. Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту әдістемесінің қалыптасуына әсерін тигізген алғашқы тілші- ғалымдардың бірі – М.С.Лапатухин. Ғалымның көптеген жылдардағы жүргізген зерттеу еңбегінің нәтижесі 1940 жылы шыққан «Очерки по методике казахского языка в русской школе» деген еңбегінде жарық көрді [7]. Бұл еңбек орыс мектептеріндегі қазақ тілінің ролі, қазақ тілі сабағына қойылатын талаптар, сабақтың құрылысы, орфоэпияға, ауызша сөйлеуге, жазуға үйрету, лексика және грамматика, қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар т.с.с. бөлімдерді қамтиды. М.С.Лапатухинның еңбегі орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің тұңғыш үлгісі. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, осында қалыптасқан тілдік ортаға байланысты тілді үйренушілердің өзі – бастауыш топ, жалғастырушы топ болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі кезде жиі қолданыста жүрген оқулықтардың ішінде осы топтарға пайдаланып жүрген оқудық – Ш.Бектұров пен А.Бектұрованың «Қазақ тілі» оқулығы [11]. 1998 жылы Т.Аяпованың «Қазақ тілі» деп аталатын үш кітаптан тұратын кешенді оқулығы шықты. Автордың пікірі бойынша бойынша оқулық АҚШ-та басылған «70 қадам арқылы қазақ тілін үйреніңіз» атты оқулықтың жалғасы болып саналады. Кешенді оқулықтың мақсаты – «бүкіләлемдік ең актуальды және ұтымды оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушы білімін тереңдетуге көмектесу және сөйлеуге үйрету» [12]. Сонымен, өз алдына дербес ғылым болып табылатын қазақ тілін оқыту әдістемесі – педагогика ғылымының бір саласы. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психо-логия және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты нысаны оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Өйткені 9 мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылымының негізінде белгіленеді. Яғни қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылуы мазмұнын анықтау әдістемесінің міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімінің мағлұматтарына сүйенеді. Атап айтқанда, фонетиканы оқыту әдістемесі, лексиканы оқыту әдістемесі т.с.с. аталудың өзі тікелей қазақ тіл білімі салаларының атаулары екені өз-өзінен түсінікті. Сондай-ақ, мысалы, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар - әдістемелік тәсілдер, ал бұл атаулардың өздері және мазмұны тіл біліміне тән. Ендеше қазақ тілін оқыту әдістемесі өзінің бұдан былайғы даму барысында тек педагогикалық қана емес, белгілі дәрежеде тіл білімдік ғылым болып та қалыптасуда. Мысалы, тіл білімінен берілетін фонетикалық мағлұматтар дыбыстарды дұрыс айту, жазу, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға, емлеге үйрету сияқты әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске асырылады
3.Тексеру сабағы, оның мақсаты мен құрылысы.Тексеру сабағы оқушылардың қазақтілінен ұткен тақырыптарын қаншалықты меңгергендігін байқатады. Ол оқушылардың дағдыларын тексеру үшін арнайы өткізілді. Осы мақсаипен жүргізілеиін тексеру сабағында мына сияқты ілімнің қаншалықты меңгерілгендігін анықтау; алынған мәтіндердің жетік, обьект жағына толық болуы; қойылатын сұрақтардың тақырыпқа тығыз байланысты болуы; жазба жұмыстарының мақсаты анық болуы. Оқушылардың білімін тексеру сабағы төмендегі жұмыс түрлері бойынша жүргізіледі:1)Оқушылар білімі ауызша сұрақтарға жауап беру арқылы тексіріледі; 2) жазба түргдегі сұрақтар арқылы тексерілді; 3) тақтадағы сұрақтарға жауап беру бойынша тексерілді; 4) каточкадағы сұрақтарға жауап беру арқылы тексерілді. 5) түрлі талдау жұмыстары арқылы тексерілді; 6) билеттегі сұрақтарға жауап беру арқылы тексеріледі. 7) сынақ сабағы бойынша тесеріліді. 8) диктант жүргізу арқылы тексерілді. 9) мазмұндама жазу арқылы тексерілді. 10) шығарма жұмыстарының жазу арқылы тексерілді. Жоғарыдағы жұмыстар арқылы оқушылар білімінің тексергенде арнайы таңдалған материалдық элеметтері мына сияқты уақыт мөлшерін өлшейді: 1. өткенді еске түсіру – 1-2 минут. Диктант жаздыру 30-35мин. 3. Керекті обьектілердің астың сызу -2-3. 4. Диктантты жинап аоу -1-2мин. 5. Диктант бойынша сұрақтарға жауап беру -2-3мин. Мұғалім тексеру сабағының ұүрылымдық элементтерін жүйелі өткізу үшін алдымен оқушылардың сұрап еске түсіреді. Келесі жұмысқа дайындық жүргізіледі. Бұдан кейін ол диктантты жаздыру жұмысна кіріседі .
3билет
1.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы, зерттелуі.Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Ұлы ұстаз қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсетіп, әдістеме ғылымының негізін салды, артына мол қалдырды. Халқымыздың біртуар ұлдарының бірі, ағартушы-ұстаз А. Байтұрсынов –қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол – қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен әдістемелік кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге «Әліппені» пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетіп берді. Сөйтіп ғұлама ғалым өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірісті. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп «Оқу құралды» жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы «Тіл құралын» ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп «Тіл жұмсарын», төртінші – сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесін жасауды алып, «Баяншыны» жазды. «Тіл құралы» – қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықты қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген «зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш» деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің барлығы А. Байтұрсыновтікі. Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары – фонетика – дыбыс туралы ғылым, морфология – сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис сөйлем құрылысын зерттеу т. б. деп саралап тұңғыш тыңнан ғылыми жол салуында болып отыр. А. Байтұрсынов – қазақ тілінен оқулық, бағдарлама жазып, қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына зор үлес қосқан белгілі ғалым, оныңеңбектеріқазақ тілі әдістемесін дамытудағы зор маңызы. Басқа ұлт өкілдеріне арналып жазылған алғашқы оқулықтың авторы, оқу- ағарту, тіл мен әдебиет, білім салаларында құнарлы еңбек еткен талантты әдіскерлердің бірі – Телжан Шонанов. Т.Шонанов – қазақ тілін оқыту әдістемесінде тіл білімін зерттеуші ғалым, әдіскер, тарихшы, аудармашы, педагог ретінде көрнекті орынға ие. Оның жазған кітаптары мен оқулықтары, әр салада жазылған 100-ден астам ғылыми еңбектерінде мектептегі білім жүйесі, әдістеме, 6 тіл мәселелері қаралады. 1933 жылы ғалымның қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуға байланысты «Учебник казахского языка для русской школы» деп аталатын оқулығы жарық көріп, кейін бұл оқулық күн талабына сай бес рет қайта басылып шықты [4]. Қазақ тілі әдістемесінің алғашқы негізін салушылардың бірі – Ғали Бегалиев болды. 1940 жылы «Бастауыш мектептерде қазақ тілінің методикасы» деген еңбегі баспадан шықты. 1920-1930 жылдар арасында қазақ өнері мен білімінің негізін салған абзал азаматтардың бірі – Құдайберген Қуанұлы Жұбанов еді. Ол – қазақ тіл білімінің негізін қалаған көрнекті ғалым, тұңғыш филолог, профессор. Қ.Жұбановтың еңбектеріне 1966 жылға дейін тыйым салынып келді. Тек қана 1966 жылы «Қазақ тіліндегі зерттеулер» деген еңбегі жарық көрді. Қазақ тілін оқыту әдістемесі саласына айрықша көп еңбек сіңірген көрнекті ғалым – Шамғали Харесұлы Сарыбаев. Ол қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту мәселесін 1933 жылдан бастап арнайы қарастыра бастады. Ш.Сарыбаев бірнеше жылдық зерттеу жұмысының нәтижесінде «Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту тәжірибесінен» /1941/ атты еңбегін жазып [5], натуралды, сұрақ-жауап әдісін қолданып, тіл үйретудің тиімділігінтәжірибе жүзінде дәлелдей отырып, 1943 жылы «Методика преподавания казахского языка в русской школе» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды [6]. Ш.Сарыбаев қазақ тілін басқа ұлтқа оқыту әдістемесі бойынша тұңғыш ғылым кандидаты болды. Ғалым орыс мектебінде қазақ тілін оқытудың ғылыми негізін салумен қатар, осы еңбегі арқылы оқытудың тәжірибесіне де көңіл бөлді. өз еңбегінде ғалым тілші сан әдісті қолданып, оқу материалдарын оқушының сапалы, жүйелі, тиянақты түрде меңгеруіне жол ашты. Қазақ әдістемесі мәселелерін зерттеп, ғылыми еңбек жазған тілші-ғалым Сейіл Жиенбаев орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту мәселелеріне, әсіресе тіл дамыту, арнайы тақырыппен жұмыс істеу, сабақ беру әдісі, сөйлеуге үйрету, кітап оқу, жазу жұмыстары туралы мағлұматтар береді. С.Жиенбаев бірнеше оқулықтар мен әдістемелік кітаптардың авторы. 1930 жылдары оқулықтармен қатар қазақ тілін басқа ұлтқа оқытуға арналған бағдарламалар да шығарылды. Ол жөнінде әдіскер-ғалым К.Жақсылықова нақтылы дерек береді: «Выявлено, что первые программы и разработки уроков по казахскому языку были составлены в 1930 годы видными учеными-языковедами С.Аманжоловым, Ш.Сарыбаевым, Т.Шонановым, и многими другими». Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мәселелеріне қатысты ғылыми мақалалар да жазыла бастады. Бұл ретте де алғаш ой-пікір білдірген ғалымдар – Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаев. Сонымен, ХІХ ғасырдың екінші жартысында педагогикалық ой-пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдары Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, 7 Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев бастаған ағартушылық кызметті ХХ ғасырдың басында жалғастырған ғалымдар М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Т.Шонанов болды. Қазақ тілін ұлт мектептерінде оқыту, жалпы басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету мәселесі ХХ ғасырдың 30 жылдарында қолға алынып, түрлі оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар шығарыла бастады. алдыңғы қатарында тұрған 1987 жылы профессор Н.Оралбаеваның авторлығымен шыққан «Қазақ тіліні үйрену курсының программасы» болып табылады [8]. Н.Оралбаева жасаған қазақ тілін үйретуге арналған алғашқы бағдарламаны Қазақстан білім беру министрлігі құптап бекітті. Осы бағдарламаның негізінде 1996 жылы «Ана тілі» баспасынан «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты оқулық жарық көрді [9]. Бұл жоғары оқу орындарындағы студенттерден басқа ұлтқа қазақ тілін оқытатын, әдістемелік жағынан жетілген мамандар дайындауға арналған алғашқы ғылыми оқулық. Оқулық 1992 жылы жарық көрген Н.Оралбаева, К.Жақсылықова құрастырған оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламасы бойынша жазылған. Оқулықта қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудың лингвистикалық, психологиялық, дидактикалық негіздері, тарихи дамуы қарастырылған.
2.Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негізі.қазақ тілін оқыту әдістемесі мен әдістемелік принциптері педагогикалық ғылымының оқу-тәрбие беру жөніндегі барлық ткоряларына, оның дидактика бөліміне негізделеді. Өткені дидактика-барлық ғылымда оқыту жөніндегі саласы. Сондықтан дидактикалық принцыптер әр пәнді оқыту әдістемесінің, оның ішінде ана тілін оқыту әдістемесінің теориялық негізін болып есептерледі. Демек, қазақ тілін оқыту әдістемесі де жалпы дидактикалық принцыптерге сүйенеді. Олар мыналар: Оқытудың ғылыми принциптері. Бұл принцип бойынша қазақ тілі пәнінің бағдарламары мен оқулықтары осы принципті басшылықа алып жасалады. Ғылымға сүйенген пән ғана жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуге көмектеседі. Сондықтан мұғалім оқытудың ғылыми принциптерін терең білумен бірге, оны оқу тірбие ісінде дұрыс пайдалану қажет. Сонда ғана ана тілінің зандылығы мен теориясын қатесіз оны лингвистика ғылымын байланыстыра отырып түсінуге , теориялықматериалдарды үнемі практикалық жаттығу мысалдар арқылы дәлелдеп отыруға болады. Оқытудың жүйелік принципі – оқу материалдарының логикалық жағынан бір ізбен сатылай құрылу, берілу тәртібін оқытудың жүйелік принцирі дейміз, яғни оқытудағы берік жүйелілкк пен бірізділік –ғылыми білім берудің негізі. Мысалы, қазақ тілінен жай сөйлемдер түрлерінің ережелерін жете менгерменше , құрмалас сөйлемдер түрлерінің жасалу жолдарын білу қиын. Бұл принцип бойынша бұрын өтілген тілдік материалды оқушы әбден меңгергеннен кейін ғана жаңа материал таныстырады. Демек, оқу материалдарының логикалық ішкі зандылықтарды жүйелі оқып үйренген жағдайда ғана оның ғылыми негіздерін шын мағнсында меңгеруге болады. Қазақ тілі бағдарламас жүйелік принципі негізінде құрастырылады. Бағдарламадағы бұрын берілген материалдар сабақтас болуын байланыстырып отыру көздейді. Оқытудың материалды дұрыс орналастыру принциптері – оқу материалдарының дұрыс бір бірімен сабақтаса орналасуы берңлген үйретілетін материалды оқушының тиянақты , жүйелеп бірізділікпен қабылдауына мүмкігдіктер жасайды. Оқытудың алдын ала болжау принципі- үйрепіліп отырып материалдың келесі сабақтардағы материалды меңгертуге тиімділігін алдын ала болдау, соны ескерте дамыту.Оқытудың саналық принципі- үйретілген материалды оқушылардың құрғақ жаттай, толық түсініп саналы меңгерту. Оқу материалдарын саналы түсу үшін оқушылардың оқуға деген белсенділігін, ынтасы арттырылады, теориялық білімдерін іс жүзінде қолданыла білуге үйретіледі , материалды өз бетімен түсініп, өз бетімен түсініп , өз сөздермен айтуға дағдыландырады. Түрлі шығармашылық жұмыстарды өздігінен айтуға дағдыландырады. Түрлі шығармашылық жұмыстарды өздігінен орындауға бейімделмейді. Сонымен бірге, ережелер мен анықтамаларс саналы түсіну үшін оқушылар тіл фактілерін дұрыс ажырата білуге тиіс. Оқытудың берік , тиянвқты болу принципі- оқушыларды әрелі ой-санасын ғылыми негізінде дамыту үшін оларддың меңгерте білім дағдылары тиянақты болуы қажет. Оқушының дүние танымы жөніндегі көзқарасын қалыптастыруда білімді тиянақты бері меңгерудің маңызы зор . оқылған материалды жан-жақты меңгерту есінде берік сақтау құрғақ жаттауға жол бермеу білгенді ұмытпау үшін қайталау, білімін бағалау жұмыстарды жүргізу қажет. Оқытудың теория және практика, өмірмен байланыстыру принципі – арқылы оқушылардың мектептегі оқу тәрбие процесінде алған теориялық білімдерін өндірісте , іс жүзінде қолданыла беруге алған теориялық білімін өндірісте , іс жүзінде қолдана білуге дағдыланады. Оқытудың көрнекілік принциптері – де басты роль атқарды. Көрнекілік принципі жөнінде К.Д.Ушинскийбылай деген еді. Көрекі оқытудағы басты мақсат оқушының байқағыштықса оймен топшалауға жаттықтыру және өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге сондай –аө одан логикалық қорытынды шығаруға үйрету болып табылады.
3.Пресс-конференция сабағы, оның мақсаты мен құрылысы.мектеп оқушыларына қазақ тілінен теориялық білім мен практикалықдағды беру процесінде пресс-конференция сабағын өткізіп отыру қажет . Оқушылардын іс-әректілігі мен танымдық белсенділігін арттыратын жұмыс түрлері пресс-конференция сабағы деп атайды. Пресс –конференция сабағы өзінің негізгі мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: фонетика, лексика,морфология,орфография. Орфоэпия,синтаксис,пунктуация, және тіл ұстарту бойынша өтілетін пресс-конференция сабақтары. Сондықтан –ақ бұл сабақ көлемінде қарай көлемінде қарай екі топқа бөлінеді: 1. Тілдік салалар бойынша өтілетін пресс-конференция сабағы. 2. Тілдік тақырыптар бойынша өтілетін пресс-конфереция сабағы.
Қазақ тілінен өтілетін пресс-конференция сабағын жоспарлы түрде іске асырған мақұл. Алдымен осы сабақты өткізудің дайдық мәселесін шешу қажет. Бір жұма бұрын мөғалім сыныпқа почта жәшігін орналастырып оқушылардың сұрақтарын жинаға тиіс.1-қаралып отырған тақырыпқа байланыстыс сұрақтар. 2- өзін қызықтыран сұрақтар. Мұғалімде иақырып бойынша сқрақтарға жаап беруге дайын болу қажет.
4билет
1.Қазақ тілін басқа ұлттарға оқыту тарихыҚазақ тілін басқа ұлтқа оқытудың даму жолын Н. Оралбаева мен К.Жақсылықова үш кезеңге бөледі: 1. Қазан төңкерісіне дейін; 2.Қазан төңкерісінен кейін; 3. Қазіргі кезең. Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілін басқа ұлтқа оқыту сол кездің ерекшелігіне сай уақыт талабынан туған мәселе болатын. Патша өкіметінің билеуші қызметкерлерінің, шенеуніктердің жергілікті тілді үйренуі қажет деп санады. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда Кеңес үкіметі орнағаннан соң ғана, бұл мәселе ресми түрде қойыла бастады. 1920 ж қабылданған «Қазақ АССР-і еңбекшілері құқығының Декларациясы» республикадағы барлық тілдің құқықтылығыен жариялады. Осы жалы 22 мамырда Түркістан майданының Реввоенсоветінің «Орыс тіліндегі мектептерде, оқу орындарында, мекемелерде қазақ тілін міндетті түрде оқыту» жөніндегі бұйрығы шықты. Бұл кезде іс қағаздары қазақша жүргізілді. Сондықтын бұл бұйрықтың қазақ тілін үйренуге әсері болды. Верный қаласында Д.А.Фурмановтың бастауымен 150кісілік қазақ педагогика курсы ашылды. 1938 ж сәуірдегі «Республиканың қазақ мектептерінде орыс тілін міндетті түрде үйрену туралы» қаулысында I-IV кластарында оқытатын әрбір орыс тілі мұғалімінің қазақ тілін де білетін болуын талап етті. 1941-1957ж ҰОС және соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіруге байланысты Қазақстан территориясында көптеген орыс, поляк мектептері ашылды. Қазақ тілін оқыту дағдарысқа ұшырады. С.Аманжолов 1954 ж15тамызда жоғары орындарға ұлттық тіліміздің жағдайына күйініп алғаш хатын жазған. Қазақ КСР оқу министрлігі бекіткен жоспарда 1957-58 оқу жылынан бастап, орыс мектептерінде оқитын қазақ балаларына ата-аналардың қалауы бойынша ғана, қазақ тілі оқытылатын болды. 1966-70 ж орыс мектептерінде оқытылтын қазақ тілі оқу жоспарына қайта енгізілді. 1987-1988 ж жер-жерлерде қазақ тілін оқытуға арналған үйірмелер ұйымдаса бастады. Тек 1990 ж Тіл туралы Заң қабылданғаннан соң ғана, қазақ тілін басқа ұлтқа оқыту мәселесіне көңіл қойылып, оны өрістетуге жол ашылды. Заң 1990 ж 1-шілдесінен бастап күшіне енді. Жоғары оқу орындарында қазақ тілі жеке пән ретінде енгізілді.
2.Сөз таптарын оқыту, оның мәні мен ерекшелігіҚазақ тілі екінші тіл ретінде оқытылғанда, грамматиканы оқыту қазақша сөйлеуге, жазуға үйретудің яғни қазақ тілін үйретудің құрамды қызметін атқаруы керек. Қазақ тілінің морфологиясы –грамматиканың сөздердің тұлғасының түрленуіне байланысты саласы. Грамматиканың бұл саласы тілдегі сөздердің сөйлемде қалай түрленіп қолданылу заңдылығын толық қамтиды. Бұл заңдылықтарды теория жүзінде білу мен оны сөйлеуде қолдану дағдысына ие болу –екі түрлі нәрсе. Тілдегі сөздердің түрлену заңдылықтарын теория жүзінде ғана білу –екінші тілді білу болып саналдмайды. Қазіргі заманда екінші тілді оқытуда сөздердің сөйлемде қолданылғанда, қалай түрленетінінен мағлұмат берумен бірге, сөздерді түрлі тұлғада сөйлемде қолдану дағдысын қалыптастыру ең бірінші орынға орынға қойылып отыр. Екінші тілді оқытуда морфологиядағы сөз түрлендіруші қосымшалар туралы мағлұмат беріледі де, сол мағлұматты сөйлеу кезінде пайдалану дағдысы қалыптастырылады. Қазақ тілін орыс мектебінде оқытқанда, грамматиканы сөйлеу, жазу, оқу кезіндегі атқаратын тәжірибедегі қызметіне қарай бағыттап оқыту үнемі мұғалімнің есінде болуы керек.
3.Лекция сабағы, оның мақсаты мен түрлері, құрылымы.Лекция сабақ теориялық білім меңгерту сабағының түрі. Лекция – гректің lectio – оқу деген сөзінен алынған термин сөз. Бұл – оқытудың бір түрі. Лекция мұғалімнің белгілі бір тақырыпты ауызша мазмұндап түсіндіруі, оқушы алдына баяндама жасауы, арнайы тақырыпқа хабарлама беруі дегенді білдіреді.Оқушыларға лекция-сабақ түрімен білім бергенде, олардың мынадай дағдылары дамып қалыптасады:Ауызша мазмұндап түсіндіруде оқушылардың сөздік қоры молаяды; Оқушылардың тілі ширайды, сөйлегенде өрнекті сөз: тұрақты сөз тіркестерін табады; Сөз, сөйлем оралымдарын іздеп, оларды орынды жерінде қолдана білуге дағдыланады; Әдеби тілде дұрыс сөлей білуге машықтанады; Оқыған мәтінін мазмұндап айтып беруге жаттығады; Жоспарлы түрде өз пікірін түсіндіріп, баяндап жеткізуге төселеді; Жарыс сөз сайысын дұрыс ұйымдастыра алады; Мазмұндама, шығарма жұмыстарын дұрыс жазуға дағдыланады. Лекция-сабақ көлеміне, өткізілу мақсатына қарай төмендегі топтарға бөлінеді:Түсіндіру лекциясы – көлемі жағынан шағын жұмыс түрі. Лекция-сабақ 7-9 класстар көлемінде 15-25 минут ішінде өткізіледі. Сабақты өткізуде түсіндіру әдісінің құрылымдық элементтері пайдаланылады. Түсіндіру әдісі төмендегі элементтерден тұрады:Мұғалім оқушыларға көрнекі құралдағы мысалдарды дауыстап оқытады.Тақырыптың өзіндік белгілерін тәртіппен түсіндіреді.Материалдың өзіндік белгілерін жинақтайды.Тақырыпқа тиісті анықтамалар мен ережелерді шығарады.Оқушылар материалға байланысты тәжірибелік дағдылар түрлерін орындайды.
Баяндау лекциясы түсіндіру лекциясына қарағанда көлем жағынан кең, мақсаты мен айтылатын пікірлері жағынан күрделілеу болып келеді. Бұл сабақты толық элементті сабақ деп жүргізеді. Баяндау лекциясы 10-11 класстар көлемінде 15-20 минут ішінде өткізіледі. Шолу лекциясы қазақ тілі бағдарламасында өткен тілдік салалар мен олардың құрамына енетін тақырыптарды жинақтап қаталау мақсатында өткізіледі. Шолу лекциясы 8-9 класстарда 20-25 минут, ал 10-11 класстарда 30-40 минут арасында өтеді [1, 142-144 бб.].
5билет
1.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тіл білімдік негізі.Қазақ тілінің –бай сөздік қоры, өзіндік дыбыс құрамы бар, сөзжаам жүйесі мен грамматикалық құрылысы бар. Барлық ұлтқа қазақ тілін оқыту тілдің дыбыстық құрамын, лексикасын, грамматикасын, оқыту негізінде жүзеге асырылады. Қазақ тілін басқа ұлтқа оқытуда тілдің барлық саласынан оқушыға білім беріледі. Тілдің бұл әр жүйесін оқытудың өзідік ерекшеліктері, жолдары мен тәсілдері болады. Қазақ тілін оқыту процесінде оқушылардың сөзді дұрыс айту, сауатты жазу дағдысын қалыптастыруға жете көңіл бөлінгені жөн. Бұл жағдай тілдің фонетика, орфография және орфоэпия сияқты бөлімдерін саналы меңгерту нәтижесіне байланысты. Егер оқушы осы бөлімдер бойынша берілген білімді жете түсініп, жақсы меңгерген болса, онда ол ойын жүйелі, дұрыс атып, қатесіз сауатты жаза алады. Қазақ тілін оқыту тәсілдері мен әдістері, амалдары мен жолдары тілді оқыту әдістемесінде тілдік материалға қарай, тіл салаларына қарай белгіленеді. Қазақ тілінің дыбыстық құрамын оқытпай, қазақ тілін үйрету мүмкін емес. Қазақ тілінің дыбыстық құрамын оқытқанда, қазақ тілінің дыбыстарын оқушыға білгізумен бірге, ол дыбыстардың айтылуы да, жазылуы да үйретіледі. Ал ол –фонетика, емле, орфоэпия салаларының жүйесінен оқушыға білім беру деген сөз. Бірақ ол білім оқушыда қазақ сөздерін дұрыс оқу, айту, дұрыс жазуға дағдыландыру мақсатына бағытталады. Әсіресе қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігі бар дыбыстардың айтылуына ерекше мән беріледі.
2.Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдалануТехникалық құралдар дыбыстық, проекциялық болып бөлінеді. Дыбыстық аппаратттарға: магнитофон, күйтабақ, лингофондық класс жатады. Дыбыстық аппараттарды оқушыларға ерекше дыбыстардың айтылуын меңгерту, сөйлемдегі сөзге дұрысекпін қоюды үйрету үшін қолдануда тиімді. Магнитофонды сабақта қолдану. Магнитофон –оқу процесін жетілдіре түсетін, оқу тәрбие жұмысының сапасын арттыратын көмекші құралдардың бірі болып есептеледі. Тіл ұстарту жұмысында магнитофонды қолдану үшін, алдын ала тексті магнитофон жазбасына жазып қояды. Сосын тексті оқушыларға тыңдатады. Сосын оқушы текст мазмұнын өз сөзімен айтып беруге тиіс. Сабақта проекциялық аппаратттарды пайдалану.Мектепте экрандық суреттеу екі түрлі жолмен іске асырылып жүр: бірі динамикалық, екіншісі статикалық проекция. Статикалық проекция екі түрге бөлінеді: диаскопиялық және эпископиялық. Диаскопиялық жолмен диафильм және диапозитивтер көрсетіледі, ал эпископиялық проекциялау арқылы сурет сызбаларды түрлі суреттеркөрсетіледі. Қазақ тілі сабақтарында диаскоп арқылы кез келген грамматикалық тақырыпқа байланысты схема, кестелерді көрсетуге болады. Оқу тәрбие ісінде диафильмдердің бірнеше түрлері қолданылады: еретегі, әңгіме, очерк мазмұнындағы диафильмдер.
3.Біріккен сабақ, оның мақсаты мен өзіндік мәні.Біріккен сабақтың термині сабақ құрылымдарының бір-біріне кірігуіне орай жасалған. Біріккен сабақта оқушыларға теориялық мәлімет берілумен қатар, өткен материалдар еске түсіріледі, яғни оқушыларға берілетін жаңа біліммен бірге өткен тақырып та қайталанып отырады. Сабақта жаңа білім беру элементі мен өткен сабақты бекіту элементі болғандықтан, мұны біріккен сабақ деп атайды.Біріккен сабақта жаңа материалға да байланысты жаттығу жұмыстары жүргізіледі, осылар арқылы қайталап пысықталады. Жаттығуды біріккен сабақпен жүргізуде мынадай талаптар ескеріледі:1. Материалдың көлемін анықтаған жөн; 2. Өткен материалдың ауырлық дәрежесін ескеріп отырған мақұл; 3. Жаңа және өткен материалға сай дағды түрлері іріктеп алынуы тиіс.
6билет
1.Қазақ тілін оқытудың психологиялық негізі. қазіргі кезеңде психология ғылымы бойынша психологиялық процестер әрекет арқылыт дамиды деп саналады. Психологияда тіл адамдардың қарым-қатынасында қолданылатын таңбалардың жүйесі болып табылады. Ол таңбалар –дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөздердің түрленуі, бір-бірімен байланысуы. Адамдардың бірін-бірі түсінуі, белгілі тілде қарым-қатынас жасауы сөйлеуші мен тыңдаушының екінші тіл таңбаларын қаншалықты есінде сақтауына және ол таңбалардың мағынасын бірдей түсінуіне байланысты. Әрбір сабақтың мазмұнына қарай оқыту әдіс-тәсілдерін таңдауда оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне айрықша мән беріледі. Оқушылар бір-бірімен сөйлесу барысында тілдің эмоциялық жағын, яғни интонация ырғағын, ымдау қол қимылдарын пайдаланады. Сондықтан тіл –психикалық құбылыстарды танып-білудің де құралы бола алады. Қазақ тілін оқытуда мұғалім оқушының мынадай психологиялық ерекшеліктерін ескеруі керек: 1. Сөйлеу процесіндегі ерекшеліктер; 2. Оқушының ана тілін меңгерудегі қабілетін ескеру. Қазақ тілі мұғалімі сабақты психологиялық жағынан татымды етіп құру үшін, төмендегі жағдайларды ескеруі шарт: 1. Сабақтың педагогикалық тұрғыдан ойдағыдай болуы: мұғалім мен оқушылардың сабақ кезіндегі қарым-қатынасы, өзін-өзі ұстау мәнері, сөйлеу мәдениеті. 2. Сабақтың тақырыбының нақтылығы, түсініктілігі, оны мұғалімнің түсіндіру шеберлігі. 3. Мұғалімнің білім деңгейінің тереңдігіне оқушылардың сенімі. 4. Оқушылардың мұғалімге деген жақсы көзқарасы, мұғалімнің оқушылар алдындағы абыройы. 5. Мұғалімнің сабақ кезінде оқушылардың зейінін билеп өзіне, сабаққа аудара білуі, оқушы зейінінің жан-жаққа ауытқуына мүмкіндік бермеу. 6. Мұғалімнің сабақта оқушыларды іске ұйымдастыру қабілеті, оқушылардың бәрінің іспен шұғылдануын қамтамасыз етуі.
2.Қазақ тілін оқыту бағдарламаларыКез келген пәннің мазмұны бағдарлама арқылы көрсетіледі. Бағдарлама оқу пәнінің мазмұныны, көлемін көрсететіннегізгі құрал, пәнді оқытуға не кіретіні анықталмай, жүйелі оқу жұмысы жүргізілуі қиын. Қазақ тілін оқытудың мазмұнын анықтау мәселесі 1930 ж бстап қолға алына бастады. Атап айтқанда, Т. Шонанұлы, С. Кеңесбаев, К. Кеменгерұлы т. б көптеген ғалымдар айналыса бастады. 1930-31 ж Қызызылорда қаласынан «Орыс мектебінің 5-10 класстары үшін» қазақ тілінің бағдарламасы, оған қоса «түсінік хаты» жарияланды. 1933ж Т. Шонанұлы мен С. Кеңесбаев қазақ тілін басқа ұлтқа оқыту бағдарламасын жасап, онда қазақ тілін оқытуға 240 сағат бөлген. Бағдарламаның талабы бойынша тіл үйренушілер оқу соңында қазақша ауызекі тілде дұрыс сөйлеп, жаза білуі керек. 1987 ж «Мектеп» баспасынан профессор Н. Оралбаеваның «Қазақ тілін үйрену курсының бағдарламасы» жарық көрді. Осы автордың «Халық университетінде оқытылатын қазақ тілінің үлгілік бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулары» 1988 ж шықты. 1952 ж Ш.Сарыбаев «Пединституттағы орыс группаларына арналған қазақ тілі программасын» жасады. Бұл жоғары оқу орынына арналған алғаш бағдарлама. 1939 ж оқу орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқытудың алғашқы бағдарламасы және әдістемелік нұсқауы шықты. Бағдарлама орта мектептің 5-10 класстарына арналған. 1942 жылы 1939 жылғы бағдарлама жөнделіп, екінші рет қайта басылды. Бағдарламаға үлкен жаңалық енгізілмеген, бұрынғы бағдарламаның мұнда грамматика бөлімі біраз ықшамдалған. Бағдарлама бес бөлімнен тұрады; оқу, жазу, ауыз сөзге жетілту, лексика және грамматика. Бұл тараулардың ішінде жеке тақырыптары, тақырыпшалары толық айтылмай, көлемі айқынырақ көрсетілгені –грамматика тарауы. Бұл бағдарламада сағ.саны 5,6,10 кл. –жетісіне 2 сағаттан, 7,8, 9 кл. -1сағаттан,5кл.сөздік қор -300сөз, 6 кл.-450 сөз, 7 кл.-750 сөз, 8 кл.-900 сөз, 9кл. -1000 сөз. Оқу орыс тілінде жүретін мектептегі қазақ тілінің ең соңғы бағдарламасы 1994 ж шықты. Бұл бағдарламаның құрылымы төмендегідей: 1. Түсініктеме 2. Бағдарламалар 3. Бағалау нормалары 4. Мұғалімдерге ұсынылатын әдістемелік еңбектер тізімі.
3.Еліктеу әдісі Еліктеу әдісі оқушының естігенін дәл қайталац білуін қалыптастыруға бағытталады. Бұл әдіс балабақшада бастауыш сыныптарда көп қолданылады. Еліктеу әдісі қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру кезінде өте керек. Айталық қазақ тілінің өзіне ғана тән дыбыстарды (ә,ө,ү,і,қ,ғ,ң,һ,ұ) дұрыс айтқызып жаттықтыру үшін,оқушы оның қалай айтылуын алдымен мұғалімнен естіп, соған еліктеп үйренуі керек. Кейін оны магнит таспасын тыңдау, радио, теледидар тыңдау арқылы бекітуге де болады. Еліктеу тәсілінің оқушыда тілдің орфоэпиялық нормасын қалыптастыруда атқаратын қызметі зор. Мұғалім тексті оқушыға оқытуда еліктеу әдісін қолданады. Алдымен текстің дұрыс оқыту үлгісін, өзі оқып көрсетеді. Оқушы тексті мұғалімге еліктеп оқып үйренеді. Орфоэпияны дұрыс қалыптастыруда, өлең жаттату, өлең оқуға үйретуде еліктеу әдісі кең қолданылады.
7-билет
1.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тіл білімдік негізі.Пәндердің оқыту әдістемесі сол ғылымға негізделеді.Мысалы химияны оқыту әдістемесі химия ғылымына, әдебиетті оқыту әдістемесі әдебиет ғылымына т.б. Сол сияқты қазақ тілін оқыту әдістемесі де қазақ тіл біліміне негізделеді. Ол-қазақ мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесіне де, орыс мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесіне де ортақ заңдылық.Қазақ тілін оқыту тәсілдері мен әдістері, амалдары мен жолдары тілді оқыту әдістемесінде тілдік материалға қарай, тіл салаларына қара белгіленеді.Мысалға, грамматиканы өткенде, морфология мен синтаксистің байланысы ескеріледі. Септік жалғауларын оқытқанда, оларды сөз тіркесімен байланыссыз оқыту мүмкін емес. Сол сияқты көсемшені қткенде оны етістіктің шақтарымен байланыстыра оқыту немесе, оның құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндаушымен байланыста оқыту пайдалы.
2.Сабақтың түрлері оның ұйымдастыру жолдары.Сабақ-оқу ісін ұйымдастырудың негізгі түрі. Кез келген сабақтың құрылысы белгілі бір бөліктерден құралады. Соған байланысты сабақ түрлері бар:1)аралас саб.2)жаңа материалдарды меңгеру саб.3)оқушының білімін бекіту, жүйелеу саб.4) оқушы білімін тексеру саб. Орыс мектептерінде жүргізілетін қазақ тілі сабағы мазмұнына қарай:1)бір мәселелі саб.2)комплексті саб. болып бөлінеді. Бір мәселелі саб-та негізінен қазақ тілі грамматикасынан белгілі бір тақырып алынады да, сабақтың басқа бөлімдерінде оны жан-жақты толықтыруға арналады. Комплексті сабақта 4 түрлі сөздің айтылуын дұрыс қабылдауына, оны мәнерлеп оқуына, қазақша дұрыс айтуына және жазуына дағдыландыру ісіне жеке көңіл бөледі.Қазіргі уақытта осы сабақтардан басқа жаңа сабақ үлгісіндегі қалыпсыз сабақ түрі бар. Бұл сабақтардың(КВН саб., Аукцион саб., Панорама саб. т.б.) оқушылардың қазақша, ауызша, жазбаша тілді дамытуға бағытталған. Қазақ халқының салт-дәстүрін, рәсімдерін, мәдениетін тануда ерекше ықпал етеді.
