Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арай бх.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125.88 Кб
Скачать

6. Науқас қ.50 жаста. Глюкоза -6,20 ммоль/л, Креатинин 51,12 ммоль/л, Холестерин 8,40 ммоль/л. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін интерпритация жасаңыз?

Жауабы : зерттеу нәтижесін бақылау барысында глюкоза мөлшері мен холестерин мөлшерінің жоғарылауы байқалады. Глюкоза («сахар в крови») — норма 3,33—5,55 миллимолей на литр.  Норма креатинина — 44—106 микромолей на литр. Норма общего холестерина от 3,6 ммоль/л до 7,8 ммоль/л. қандағы глюкоза деңгейінің жоғарлау салдарынан қант диабетіне алып келеді. Диабет (лат. diabetes mellitus) — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабетинсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.Қорыта айтқанда бүл көрсетілген себептерден атеросклероз дамиды. Қосымша зерттеу әдістері қажет: экг, эндокринді жүйені тексеру.

7. Науқас Ш., 16 жаста, тізе, шынтақ буындарының ауырсынуына және ісінуіне, тамақтану кезінде қасықты ұстап тамақтанғанда қолда қатты әлсіздікке шағымданады. Қарағанда буындарының ісінуіне қызаруына және бөртпелер байқауға болады. Қандай болжамалы диагноз қоя аласыз? Қандай критерилерге сүйене отырып диагнозды нақтылай немесе жоққа шығара аласыз?

Жауабы : Болжам диагноз - ревматоидты артрит. Бұл ауру буындардың эрозиялық – деструкциялық зақымдануына және буыннан тыс бұзылыстарға әкелетін дәнекер тіннің жүйелі ауруы. Бұл сырқатпен кәрі де жас та ауырады (тұқымқуалайтыны да анықталған). Белгілері: буындардың ауырсынуы, ісінуі, әлсіздік, қимылсыз жағдайдан кейін буындардың 1 сағаттай сіресіп қалуы, буын маңында теріастылық түйіндер мен бөртпелердің болуы, т.б. Болжам диагнозды нақтылау үшін жалпы қан мен зәр анализі, биохимиялық қан анализі, иммунологиялық зерттеулер тағайындалады. Сонымен бірге инструментальды зерттеулер ЭКГ, буындардың рентгенографиясы, УДЗ мен КТ жасау керек.

8. Науқас Н.31 жаста. Глюкоза 4,54 ммоль/л, Креатинин 60,17, Холестерин 4,49 ммоль/л, Триглицирид -1,24 ммоль/л, ХС ӨЖТЛП – 0,69 ммоль/л, ХС ТТЛП-2,59 ммоль/л. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін интерпритация жасаңыз?

Жауабы: -- Глюкоза («сахар в крови») — норма 3,33—5,55 миллимолей на литр.  

- Норма креатинина — 44—106 микромолей на литр.

- Норма общего холестерина от 3,6 ммоль/л до 7,8 ммоль/л.

- норма триглицеридов 0 - 2,25 ммоль/л

- Холестерин-ЛПНП — липопротеины низкой плотности, LDL. Норма для мужчин — 2,02—4,79 ммоль/л, для женщин 1,92—4,51 ммоль/л.

- Холестерин-ЛПВП — липопротеины высокой плотности, HDL. Норма для мужчин — 0,72—1,63 ммоль/л, для женщин 0,86—2,28 ммоль/л.

зерттеу көрсеткішіне қарайтын болсақ ӨЖТЛП нормадан төмен.Бұл көрсеткіш атеросклероздың дамуына алып келеді.

Атеросклероз (atherosclerosіsгр. athrа — ботқа және sklrsіs — қатаю) — қан тамырларының ішкі бетіне холестериннің сіңіп, жиналып, түйін тәрізді шоғырланып қалуы. Холестерин сіңіп қалған орын бастапқы кезде сары жолақ дақ түрінде болса, келе-келе қатайған түйінге айналады. Бұл түйіндер бір-біріне қосылады. Соның салдарынан тамырдың ішкі қабатында жаралар пайда болады, кальций тұздары шөгіп, тамыры қатаяды, қан өтуі қиындайды. Атеросклероз денедегі ең ірі қан тамыры — қолқада жиі пайда болады. Атеросклероз салдарынан қолқаның жұқарған жерлері қалталанып кеңиді (аневризма) де, басқа органдардың қан тамырларын бекітіп тастайды. Соның әсерінен кейде науқастың бірнеше минут ішінде өліп кетуі мүмкін. Шажырқай артериясының атеросклерозы ішектің өлі еттенуіне, аяқ атеросклерозы аяқтың гангренасына соқтырады. Атеросклероз жүрек қыспасы (стенокардия), жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, жүрек инфарктінің негізгі себебі болып есептеледі. Негізінен қарт кісілерде кездеседі. Атеросклероздың пайда болу себептеріне қан қысымының жоғары болуы, эндокриндік аурулар және семіру жатады. Атеросклероздың асқынған түрі хирургиялық емдеуді талап етеді. Атеросклероздан сақтану үшін дұрыс тамақтану, әсіресе, өсімдік майын пайдалану, спортпен шұғылдану керек

9. Науқас А., 70 жаста, қабылдау бөлімшесіне белбеу тәрізді және эпигастрий аймағының ауырсынуы мен іш өтуімен келіп түсті. Соңғы 2 күн бойы ауырады. Аурудың басталуын майлы тағам жеумен байланыстырады. Қарап тексергенде склерасының сарғыштануы, эпигастр тұсының, оң және сол қабырға астының ауырсынуы анықталды.Қандай болжамалы диагноз қоюға болады? Қандай қосымша зерттеу әдістері қажет деп ойлайсыз? Ұсынылған зерттеу әдісін негізденіз?

Жауабы: көрсетілген клиникалық белгілерге карап паренхиматозды сарғаю ауруларына жатқызуға болады. Паренхиматозды сарғаю-бауыр паренхимасының түрлі зақымдалуы кезінде пайда болады. Вирусты гепатиттің ауыр формаларында, лептоспирозда, гепототоксикалық улармен уланғанда, сепсис кезінде байқалады. Бұл процесс нәтижесінде қан сарысуында билирубин мөлшері көбейеді.(50-200 мкмоль/л дейін, немесе одан жоғары). Сонымен қатар науқасқа жалпы биохимиялық қан сараптамасын жасату қажет. Себебі: склераның сарғаю көрінісі байқалған.