Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арай бх.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125.88 Кб
Скачать

Ф-МК-003/048

ІІІ деңгей

1.Науқас: М., 46 жаста, сыздауық шығуына байланысты хирургия бөлімшесінде жатыр. Анамнезінде: соңғы екі жылда іріңді ауруларға бейімділігі бар, қатты шаршағыштық байқалады. Зерттеулерде: ЖАҚ -өзгеріссіз, ЖЗА - өзгеріссіз, жалпы холестерин – 6,0 ммоль/л, триглицерид -2,4 ммоль/л, мочевина -6,2 ммоль/л, қан креатинині -57 ммоль /л, ашқарынға қандағы глюкоза -7,0 ммоль/л.

Алынған лабораториялық мәлімметтерге қарап қандай нәтиже бере аласыз?

Қосымша зерттеу әдісітері қажет деп ойлайсыз ба?

Жауабы:

Қалыпты мөлшерде

  • жалпы холестерин 3,11-6,48 ммоль/л,

  • триглицерид бұл жынысқа және жасқа байланысты өзеріп отырады, 45-50жас аралығында ерлерде 0,65-3,70 ммоль/л,әйел адамдарда 0,52-2,42 ммоль/л

  • мечевина 3,33-6,66 ммоль/л

  • креатинин 45-115(45-97) ммоль/л

  • глюкоза 3,5-5,5 ммоль/л

Осыған байланысты глюкоза нормадан жоғарылағанын байқауға болады. Бұл көрсеткіш эндокринді жүйенің бұзылғанын көрсетеді.Яғни, гипергликемияны сипаттайды.

Болжам диагноз: Қант диабеті.Себебі: глюкоза мөлшері нормадан жоғары. Қалған көрсеткіштер нормаға сай. Қосымша зерттеу әдістері қажет, эндокринді жүйені зерттеу қажет.

2.Науқас н. 27 жаста. Глюкоза- 5,69 ммоль/л, Креатинин- 85,99 ммоль/л, Холестерин -5,01 ммоль/л, Триглициридтер – 1,12 ммоль/л, алт-22,75, аст-12,74. Көрсеткіштерді талдаңыз?

Жауабы :

Қалыпты мөлшерде

  • глюкоза 3,05-6,38 ммоль/л

  • креатинин 45-115(45-97) ммоль/л

  • жалпы холестерин 3,11-6,48 ммоль/л,

  • триглицерид бұл жынысқа және жасқа байланысты өзеріп отырады, 45-50жас аралығында ерлерде 0,65-3,70 ммоль/л,әйел адамдарда 0,52-2,42 ммол/л

  • АЛТ 5-30 ед

  • АСТ 8-40 ед

Осы көрсеткіштерге қарайтын болсақ,барлығы нормаға сай.Науқастын биохимиялық зерттеуінде ешқандай ауытқу жоқ

3.Науқас: С., 53 жаста, Артериальды гипертензия, 3 кезең, жоғары қауіп тобы диагнозымен терапия бөлімшесінде жатыр. Дене салмағы 34,5 кг/м2. гипертониямен 3 жылдай ауырады. Соғы 5 жылдай етеккірі тоқтаған.

Биохимиялық зерттеулері: ашқарынға қандағы глюкоза -6,0 ммоль/л, жалпы холестерин -7,2 ммоль/л, Төменгі тығыздықты липопротеидті холестерин – 5,5 ммоль/л, жоғарғы тығыздықты липопротеинті холестерин -1,0 ммоль/л, үшглицеридтер -1,54ммоль/л.

Дислипидемияның қай түріне жатады? Ашқарынға қандағы глюкоза нәтижесін қалай интерпретациялауға болады? Қосымша зерттеу әдістері қажет деп ойлайсыз ба?

Жауабы:

Қалыпты мөлшерде

  • глюкоза 3,05-6,38 ммоль/л

  • жалпы холестерин 3,11-6,48 ммоль/л,

  • ТТЛХ > 4,9 ммоль/л

  • ЖТЛХ >0,9 ммоль/л

  • триглицерид бұл жынысқа және жасқа байланысты өзеріп отырады, 45-50жас аралығында ерлерде 0,65-3,70 ммоль/л,әйел адамдарда 0,52-2,42 ммол/л

Холестерин мен ТТЛХ нормадан жоғарылаған, қан тамырларында холестерин жиналу әсерінен фиброзды түйіндер пайда болуы мүмкін. Артериялды гипертензия асқыну салдарынан атеросклероз дамуы мүмкін.Қорыта айтқанда бүл көрсетілген себептерден атеросклероз дамиды. Қосымша зерттеу әдістері қажет: экг, эндокринді жүйені тексеру.

4.Науқас р. 52 жаста. Глюкоза 5,68 ммоль/л, мочевина-4,34 ммоль/л, креатинин -65,98 ммоль/л, жалпы белок -70,16 г/л, алт – 21,57, аст-15,01. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін талдаңыз?

Жауабы: Науқастың қанының биохимиялық көрсеткіштері қалыпты, тек глюкоза кішкене мөлшерде жоғарылаған (қалыптыда 3,5-5,7 ммоль/л). Яғни қалыпты мөлшерде мочевина 3,3-6,6 ммоль/л, креатинин ер адамдарда 88-177 мкмоль/л; әйел адамдарда 44-141 мкмоль/л, жалпы белок 65-85 г/л, АЛТ (аланинаминотрансфераза) 3-26 МЕ/л, АСТ (аспартатаминотрансфераза) 6-25 МЕ/л. Глюкоза мөлшерінің көбеюі гипергликемиямен сипатталады, инсулин гормонының бұзылыстары байқалуы мүмкін. Алдын алмаса қант диабетіне шалдығуы мүмкін. Болжам диагноз диабет алды, яғни қант диабетінің бастапқы сатысы. Диагнозды нақтылау үшін науқастың шағымдарына назар аудару керек және эндокринолог тексеруіне жолдама беру керек.

5. Науқас б., 63 жаста, оң аяғыны бас бармақ буынының ісініп, қызарумен келді, қатты ауырсыну және буындарының қозғалғыштығы шектелген. Науқас аяғының жарақаттануы мен жырылуын жоқтығын айтады.

Қандай болжамалы диагноз қоя аласыз? Қандай критерилерге сүйене отырып диагнозды нақтылай немесе жоққа шығара аласыз?

Жауабы: Болжам диагноз – подагра ауруы. Бұл аурумен көбінесе әйел адамдар 55 жастан кейін, ал ер адамдар 40 жастан кейін шалдығады. Пуриндік алмасу бұзылыстары салдарынан адам ағзасында зәр қышқылдарының жиналып қалуы. Буындардың ісініп, қызаруымен, қатты ауырсынуы мен қозғалысының шектелуімен сипатталады. Болжам диагнозды нақтылау үшін науқасты зертханалық тексеруге жіберу керек, жалпы қан анализіне, биохимиялық қан анализіне креатинин және зәр қышқылының деңгейін білу үшін, ең маңызыд диагностикалық әдіс поляризацияланған микроскопия арқылы натрий, урат кристалдарын анықтау.