Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
235.18 Кб
Скачать

Онтология(болмыс туралы философиялық ілім ретінді).

Болмыс категориясы, оның мәні мен мағынасына философиялық талдау. Болмыс – тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет. Рухани болмыс Рухани болмыс сана мен санасыздық прроцестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет – тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады. Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар – кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б. Болмыс түрлері: Табиғат болмысы - табиғи заттар мен процестер адам болмысы - заттар дүниесіндегі адам болмысы, адамның өзіндік болмысы. рухани болмыс –субъективті психологиялық шынайлық сферасындағы – сана. әлеуметтік болмыс – ақылды тіршілк иелерінің қауымдастығы ретіндегі қоғам.

Болмыс ұғымын түсіндірудің екі бағыты Парминидтік түсінік Болмыс - өзгермейтін, біртекті, қозғалмайтын, өзіне-өзі тең. Гераклиттік түсінік Болмыс – өзермелі, мәңгілк қалыптасу жағдайында болады.

Болмыс, оның негізгі формалары. Адам болмысының ерекшелігін сипаттаңыз . Заттар, дүние адам болмысына және өзіндік болмыс болып жіктеледі. “Болмыс” ұғымы- қоршаған әлемдi философиялық тұрғыдан танып бiлуде ең ежелгi, негiзгi және ең маңызды категориялардың бiрi. Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiрiнде “болу”, “бар болу” деген мағынаның жатқаның аңғартуға болады. Бұл түсiнiк адамның айнала қоршаған ортаны бiртұтас (онда адам да, заттар, процесстер мен құбылыстар да өз орының табады) әлем есебiнде танып-бiлуге ұмтылуынан туындаған. Заттар болмысы “бiрiншi табиғат”- барлық материалдық денелердiн, табиғи процесстер мен күйлердiн болуы. Мысалы: Жер планетасы, бүкiл Ғалам, теңiздер мен мұхиттар, ормандар мен таулар, флора мен фауна, қазба байлықтар т.б. Олардың бәрi адамнаң тыс, оған тәуелсiз өмiр сүредi. Бұл табиғат объективтi реалдық, адам мен оның санасына алғанда бiрiншi, өйткенi адамның өзi табиғаттың бiр бөлiгi, және табиғатсыз оның өмiр сүруi мүмкiн емес. Табиғат және әлеуметтiк жан ретiнде адам болмысы адамның заттар әлемiнде өмiр сүруiн бiлдiредi. Адамның өзi, денесi бар жан ретiнде зат болып табылады. Бiрақ бұл ерекше зат, ойлай алатың, “пiкiрiн айта алатың” (Кант). Оның екi қырлығы оның болмысың айқындайды. Адам – бұл шынында да “ойлай алатың” зат, өзiн адам ретiнде сезiп түсiне алатың, өзiн қоршаған дүниеден ажырата алатың, өз iстерiне баға берiп рны өзгерте алатың, өзiнiн денесi мен рухын дамыта алатың жан.Адамның тағы бiр ерекшiлiгi, жануарлар мен салыстыра қарағанда, ол өз денесiне тәуелдiгi салыстырмалы. Өйткенi, кейбiр тәндiк қажiттiлiктерiн қанағаттандырған да, оларды әлеуметтiк ережелер мен нормалар мен келiстiрiп, оларды бақылап, реттей алады.Адам болмысының тағы бiр қыры, ол көптеген, сан алуан түрлi әлеуметтiк қатынастармен байланысты. Ол сол қатынастардың туындысы, сонымен қатар оларды тудырушы.Адам болмысының ерекше белгiсi, оны болмыстың басқа түрлерiнен айрықшалайтың, тiл болып табылады. Тiл адамдар қатынастарының қажеттi құралы. Тiл-әлеуметтену құралы. Тiл ден тыс бола тұрып адам өзiнiң мәнiн жоғалтады.Және, жоғарыда айтқандай, адам болмысының ерекшiлiгi оның екiншi табиғатты жасауы.Әлеуметтiк болмыс- бұл адамдардың бiрлескен болмысы, бiркелкi, дамып отыратың жүйелердi құратың олардың арасындағы алуан түрлi қатынастар, ең маңыздысы экономикалық. Ал бұл жүйенiн бөлiмшесi ретiнде бiлiм беру саласын атауға болады, бұл процесс негiзiнде адам тұлға ретiнде қалыптасып, әлеуметтенедi. Рухани болмыс (саналы, санасыз феномендер, олардың нәтижелерi идеялар, принциптер, нормалар мен ережелер, бiлiмдер т.б.)

П

22. Платон философиясы. Платон философиясының тарихи маңызы.

Платон (б.з.д. 427-347 ж.ж.) – шын аты Аристокл, денесі ірі болғандықтан Plato-дәу деп аталып кеткен, Сократ шәкірті. Платон адамзаттың ұлы ойшылы; диалектика, таным теориясы, педагогика, эстетика, өнер, мемлекет теориясы, лбъективтік идеализм, философиясының негізін салды. Платонның айтқан сөздері: кешіру оңай, бірақ ұмыту қиын; біреуге өкпелегеннен гөрі, өзіңе өкпелегенің дұрысырақ; адамдар өзінің бақытсыздығына, мүшкіл халіне құдайды, тағдырды, кім көрінгенді кінәлайды, бірақ өз кінәсін мойындағысы келмейді. Платонның шығармалары диалог түрінде жазылған, оның маңыздылары: «Сократ апологиясы», «Лахес», «Кратил», «Той», «Федон», «Горгий», «Мемлекет», «Парменид», «Тимей», «Теэтет», «Заңдар» және т.б. Платон идея («түр») туралы ілім, идеализмнің негізін салушы: идея болмыстың, оның қасиеттері мен қатынастарының қайнар көзі; идея-үлгі, қалып, соған қарай Тәңір заттар дүниесін жасайды; идея-мақсат, нысана, оған мәртебелі игіліктей барлық тіршәләк иелері ұмтылады; идея-жалпылық, ол ойлаудағы заттар мәні туралы тектік ұғым; материалдық заттар өзгермелі, тұрақсыз және уақыты келе өз тіршілігін жояды; қоршаған дүние («заттар дүниесі») де уақытша, өзгермелі және шын мәнінде дербес субстанция ретінде өмір сүре алмайды; шындықта тек таза (денеңіз) идеялар («эйдостар») тіршілік етеді; таза (денесіз) идеялар ақиқат, мәңгі әрі тұрақты; бар әлем таза идеялар (эйдостар) бейнесі. Платон сонымен бірге триада туралы филолһсофиялық ілімді дүниеге әкелді: барлық мәндік үш субстанциядан (түпнегізден) тұрады: «бірлік», «ақыл», «жан». «Бірлік» дегеніміз: бар болмыстың негізі; ешқандай белгі, қасиет жоқ (басталуы да, соңы да, бөлігі де, бүтіні де, формасы дф, мазмұны да, және т.б. жоқ); ештеме; бар болмыстан, бар ойлаудан, бар түйсіктен жоғары; барлығының алғы бастамасы – барлық идеялардың, барлық заттардың, барлық құбылыстардың, барлық қасиеттердің бастамасы. «Ақыл» дегеніміз: «бірліктен» туындайды; «бірлікпен» бөліседі; «бірлікке» қарама-қарсы; барлық заттардың мәні; жер бетіндегі бар тіршіліктің жалпылануы. «Жан» дегеніміз: жылжымалы субстанция, ол «бірлікке-ештеме» мен «ақыл-барлық тіршілікті» біріктіріп, байланыстырады және баолық заттар мен барлық құбылыстарды да байланыста ұстайды; жан әлемдік жан және жеке адам жаны болуы мүмкін; гилозоистік тұрғыда алғанда заттар мен өлі табиғат жандануы мүмкін; адам жаны (заттар) әлемдік жанның бөлігі; жан өлмейді; адам тәні өледі, ал жаны басқа тәндік қалыпқа көшеді; жанның тұрақтылығы мен тәннің форма өзгеруі – Ғарыштың табиғи заңы. Платон диалектикасы мен таным теориясы. П-ның идеялар әлемі – бұл сатыл түрде ұйымдастырылған жүйе. Оның ең жоғары шыңында Игіліктің абсолюттік идеясы орналасқан. Физикалық әлем немесе сезіммен қабылданатын ғарыш әлемі мынадай кесте негізінде пайда болады: үлгі (идеалды әлем), көшірме (физикалық әлем) және Жаратушы (демиург) – үлгіге сәйкес көшірменің авторы. П-ның дүниетанымның інжу-маржаны оның бүкіл ой-толғамдарын қорытындылайтын «Мемлекет» диалогы болып табылады

73. Позитивизм және оның тарихи түрлері

Позитивизм (франц. posіtіvіsme — оңды, дұрыс, нақтылы) — нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт.

Позитивизм 19 ғасырдың 30-жылдарында қалыптасты. Позитивизм негізін салған француз ойшылы О.Конт. Позитивизмнің алғашқы өкілдері: Э.Литтре, Г.Н. Вырубов, П.Лаффит, И.Тэн, Дж.С. Милль, Г.Спенсер болды. Позитивизм жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың методологиясына елеулі ықпал етті. Позитивизмнің кейінгі дамуы барысында махизм, неопозитивизм, аналитикалық философия қалыптасты.

Позитивизмнің бірінші тарихи формасы Х1Х ғасырдың 30-40 жылдарында етек алды. Оның негізін салушы француз философы О.Конт (1798-1857ж.) болды. Конт бойынша, ғылымның ісі затты түсіндіріп беруде емес, бейнелеп беруде. Ғылым “Неге?” деген сұраққа жауап беруге дәрменсіз, ол барлық фактіні “Қалай?” деген сұрақтың маңайында өрбітуі тиіс.

Позитивизмнің екінші тарихи формасыэмпириокритицизм – шетелде Х1Х-ХХ ғасырда пайда болды. Оның алдыңғы қатардағы өкілдерінің бірі австрия физигі Э.Мах (1838-1916ж.) және швейцар философы Р.Авенариус (1843-1896ж.) “Бірінші позитивизмнен” “екінші позитивизмнің” ерекшелігі ғылымның басын таным теориясына тіреп таным процесінің теориялық моделін құрастыруға тырысты. Эмпириокритицизм “әдісті сынау” дегенді білдіріп және метафизикалық табиғатты иеленген әдісті барлық жағдайларынан “тазартуды” ұсынды. Мах бойынша, әдіс, “әлемнің элементі” болып саналатын түйсіктен тұрады деді.

Позитивизмнің үшінші тарихи формасы - неопозитивизм – ХХ ғасырдағы философия бағыты болып саналады. Философиялық-методологиялық актуальды мәселелерді шешуді және талдауды ұсынып, қазіргі ғылымдардың дамуымен қатар алға жылжыды: ғылыми ойланудың таңбалық құралын атқаруға, ғылымның теоретикалық аппараты мен эмпирикалық базисінің қатынастарын арттыруға, білімнің формалдануы мен математикалануының табиғаты мен функцияларында  көріне бастады. Неопозитивизм ошақтары Х1Х ғасырдың 20-жылдарында бір сәтте Австрияда, Англияда, Польшада пайда болды. Олардың көрнекті өкілдері: М.Шлик, Р.Карнап, Г.Рейхенбах, Л.Витгенштейн. “Үшінші позитивизмнің” өкілдері философияның  не қандайда бір ақиқат жөніндегі, не таным теориясы жөніндегі ғылым еместігін айтады. 

75. Психоанализ және неофрейдизм философиясы (З.Фрейд, К.Г.Ю нг,А.Адлер,Э.Фромм)

Психоанализ. Психоанализ - адам өмірі мен қоғамдағы бейсаналық рөлін, т.б. психикалық процестерді түсіндіретін қазіргі заманғы философиядағы бағыт. Психоанализдің негізін қалаушы - австриялық ғалым - психиатр Зигмунд Фрейд -(1856-1939) болды. Ол, Мен, Жоғарғы Меннен тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауларында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлықтары мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану принципін»басшылыққа алады. Фрейд оларды «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп атайды. Адамның саналы Мені — Ол мен (көмескі сана) қоршаған дүние арасындағы делдал. Бұл құрылым «шындық принципін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның көмескі санасына ықпал ету. Адам Мені Оны (көмескі сананы) өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде өзі Оның (к.с.) ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе көмескі кінә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін. Көмескі санада белгілі бір жағдайларда сана аймағына шығып кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен сублимация арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын

Неофрейдизм – адамды, қоғамдық институттар құрылымындағы оның орны мен рөлін зерттеуде психоаналитикалық қағидаларға негізделген философиялық бағыт. Н. өзінің тұйықталушылығы мен келешексіздігі байқалған фрейдизмнің кейбір жағдайларын қайта қарау нәтижесінде 30-шы жылдары пайда болды. Неофрейдистер (К.Хорни, Г.Салливэн, Фромм) классикалық психикалық талдаудың қақтығыс ситуацияларын тудыратын, санадан тыс болатын механизмдер мен психика құрылымын ұғындырудың, жүйке ауруының жыныс қозушылықтан пайда болуы және өлім инстинкті туралы болжамдардың бірқатар тұжырымдары мен қорытындыларын сынға алды. Дегенмен, әрбір жанға о баста тән адам қызметінің иррационалдық себебі мен қоса психикалық талдаудың маңызды схесалары және қоғамдық құрылымды зерттеудің психоаналитикалық әдісі өзінің маңыздылығын Н.- де сақтай алады. Жеке адамның ішкі тіл қақтығыстарының туындауына елеулі түрде әсер ететін әлеуметтік және мәдени процестерге мән бере отырып, Н. өкілдері адамның ішкі әлемі көкжиегін кеңейткен санадан тыс әрекеттердің фрейдтік тұжырымдарына сүйенеді. Классикалық психикалық талдау адамның өмір сүру керектігі және не істеуге тиістігі туралы мәселелерге кең жауап бере алған жоқ. Неофрейдистер осы олқылықты толтырғысы келеді. Олар адам өзінің даралығын жоғалтатын, сыртқы дүниеден және өзінен жатқа айналатын, адамдық өлшемдерден арылатын, жеке адамның азғындауының және қоғамдық мүдде мен жеке мүдде арасындағы қайшылықтардың себептерін аша алмайтын қазіргі батыс қоғамына сын көзбен қарайды. Адамның жаттануының әртүрлі формаларын жою үміті жеке адамның санасында сыни элементтерді тудыруға және өмірлік қасиеттер мен мұраттарды қалыптастыруға жағдай жасайтын «гуманистік психикалық талдауға» жүктеледі. Дегенмен, жеке адамды сауықтыру арқылы қоғамды сауықтырудың психикалық аналитикалық рәсімі утопия болып қалмақ, ал оған негізделген дерексіз – гуманистік жол – келешексіз буржуазиялық қоғамдағы жеке адамның ұсақталуының дағдарысын жоюға қабілетсіз. Фромм Эрих (1900-1980) - неміс-американдық философ; психолог, социолог, неофрейдизм негізін салушы, гуманист-ғалым, әлеуметтік прогресті жақтаушы. 1933 жылы АҚШ-қа қоныс аударды. Философия, психология, антропология, тарих және дін социологиясының дамуына зор үлес қосты. Өзінің ілімін «гуманистік психоанализ» деп атады. Фромм индивид психикасы мен коғамның әлеуметтік құрылымының арасындағы байланысты анықтау барысында Фрейд биологизімінен алшақтады. Психоаналитикалық «әлеуметтік және дербес» терапия негізінде үйлесімді «дені сау коғам», жобасын АҚШ-та гуманистік позицияда ұсынды. Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп ата-латын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психолог. социолог Э.Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын. табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы қоюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша. Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен, оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді. Э. Фромм К.Юнгтің аналитикалық психологиясы да адам өмірінің мәні мәселелерін назардан тыс қалдырды деп есептеді. Адамның этикалық мінез-құлықтарының бастауын адамның өзінен іздеген гуманистік этиктердің еңбектеріне сүйене отырып, Фромм моральдық ұстанымдар адамның ішкі қасиеттеріне негізделген болуы керек, әйтпесе оларды бұзу тұлғаның психикалық және эмоциялық құлдырауына әкеледі деген тұжырым жасайды. Осыдан келіп гуманистік психоанализдің мақсаты шығады – гуманистік этиканың құндылықтарын меңгеру, өзінің ішкі табиғатын танып-білу және «өмір өнерін» игеру арқылы адамның ішкі мүмкіндіктерін дамытуына, өмір сүруге ұмтылуына ықпал ету. Фромм еркіндік және жаттану категориялары арқылы адамдардың ба-сым көпшілігі өзінің нағыз «Менін», «Өздігін» емес, «Жалған Менін» да-мытатынын, осы процестің нәтижесінде өзін жоғалтып, ешшеңеге айна-латынын көрсетеді. Бірақ Фромм адамның онтологиялық және тұлғалық сипаттамаларына, әсіресе «үмітп » элементіне сүйене отырып, оптимистік болжамдар жасайды. Оның пікірінше, «үміт» өмір құрылымының ішкі элементі, ол пассивті үміттену, күту емес, белсенді әрекетке дайын болу,адам рухының динамикасы, адам болмысының маңызды шарты, сондықтан да Фромм адамды Ноmо еsрегапs ( үміті бар) деп сипаттайды.

Р

40. Р.Декарттың Рационалдық философиясы

Егер Ф.Бэкон сезімдік, тәжірибелік білімді арқа тұтып, ғылымдағы негізгі әдістемені индукциядан көрсе, Р.Декарт, керісінше, сезімдік білімнің құндылығын теріске шығарып, дедуктивті әдісті негізгі тану жолына айналдырды. Дедуктивті әдістің негізгі талаптары - ол, біріншіден, туа біткен интуиция арқылы ақиқатқа тек өте анық шынайы ой елегінен көрініп тұрғанды ғана алу; зерттелетін мәселені ой өрісі арқылы барынша ұсақ, тұрпайы бөлшектерге бөлу, содан кейін ғана жоғарыға қарай күрделілікке өрлеу;

Негізінен алғанда, Р.Декарттың әдістемесі - ол интеллектуалдық интуиция аркылы алынған негізгі ұғымдарға сүйене отырып, басқа ұғымдарды, тұжырымдарды тудыру. Егер интуицияда ақиқат тікелей ашық берілсе, онда дедукцияның дәнекерлігі арқылы ақиқатқа кұрделі жол арқылы жетуге болады. Осы күрделі жолда бір ұғым байкалмай түсіп калса, онда нәтижеге жету мүмкін болмай қалады. Сондықтан бүкіл дедукция жолын ұқыпты есептеп бақылап отыру қажет. Дедуктивті әдістеме арқылы әртүрлі нәтижелерге жетуге болады. Сондықтан Р.Декарт оны жасанды тәжірибе койып, (эксперимент) тексеріп отыру қажет деген пікір айтады.Р.Декарттың этикалык көзкарастары адамның кұмарту сезімдерімен байланысты түрде қаралады. Олардың бәрін негізгі алты сезімге әкеліп теңеуге болады. Олар: таңғалу, сүю, жек көру, тілеу, қуану мен қайғыру. Олардың көбі адамның сезімдік заттарға деген іңкәрінен туады да, адамның жан дүниесін зардапқа толтырады. Ақыл-ой арқылы оларды жою мүмкін емес. Олай болса, олардың бәрін адамның жан дүниесіне сәйкес келетін бір кұмартумен алмастыру керек. Ол қандай құмарту сезімі болуы керек деген сұракқа ойшыл өзінше жауап береді. Оның ойынша, ол - дүниетануға деген жанның құмартуы, адамның дүниедегі кұбылыстарға кызығушылықпен қарауы.

Қорыта келе, Р.Декарттың философиясының болашақ дүниеге деген көзқарастардың дамуына зор әсерін тигізгенін атап өтеміз. Сонымен қатар философияда әртүрлі қайшылықтар етек алып, әртүрлі бағыттардың арасындағы күрестер күшейе түседі. Солардың ішінде Ф.Бэконның философиясын әрі карай дамытып, сонымен қатар Р.Декарттың философиясын сынға алған ойшылдардың ішінде әсіресе Т.Гоббсты атап өтуге болады. Күмәндану принципі

Өзінің философиясының мықты негіздерін жасау үшін Р.Декарт «бәріне де күмәндану керек» деген шешімге келеді. Осы тұрғыдан сезімдік танымға келсек, ол көбіне бізге дүние жөнінде жалған пікір тудырады. Төртбұрышты нәрсеге алыстан қарасақ, ол дөңгелек сияқты болып көрінеді. Суға салынған таяқ сынған сияқты, күн кішкентай және жылы зат сияқты көрінеді. Кейбір кезде көзбен көргенді ұйқыдағы түспен шатастырып алуымызға болады. Ғылымдағы деректерге де күмәндануға болады. Сонымен, ең ақырында, біздің жан-дүниеміз толығынан күмәнға толады, онда бірде-бір күмәнданбайтын ақиқат қалмайды...

Олай болса, мұндай тұңғиықтан шығатын жол бар ма? Өзінің шашынан ұстап, өзін судан шығарған Мюнхаузен сияқты, Р.Декарт бұл тұңғиықтан шығаратын сол баяғы күмәнданудейді өйткені барлығына күмәнданғанмен, сол сәтте күмәнданып отырғаныңа күмәндана алмайсың. Онда мынандай тұжырымға келуге болады: «Ойлаймын, олай болса, өмір сүремін» (cogito ergo sum). Р.Декарттың ойынша, бұл тұжырым жөнінде ешкім күмәндана алмайды.

С

21. Сократ философиясы

Сократ өзін құдайдың сүйген пендесі деп санады. К.Маркс: «Сократты жүзеге, іске асқан философия үлгісі» - деді, өйткені Сократ философия тарихында тұңғыш рет өз идеясының құрбаны болды. Сократтың айтқан нақыл сөздері: «өзіңді өзің таны»; «мен өзімнің түк білмейтінімді білемін, кейбіреулер оны да білмейді»; «өмір сүру үшін тамақжеу керек, бірақ тамақ жеу үшін өмір сүрмеу керек»; «жамандық – жақсылықтың не екенін білмеуден туындайды»; «өз қамыңды өзің ойла». Сократ антикалық мағынадағы диалектиканың негізін салды. Сократтық әдіс бойынша ақиқатқа жету – сұхбаттасу арқылы жүзеге асады. Ол ақиқатты анықтаудағы өз өнерін «майевтика» - «кіндік шеше» өнері д.а. Бұл тәсіл сұрақ беріп, оған жауап алу арқылы адамның ақиқатқа өз бетінше жетуі, яғни ақиқатқа жете отырып ұғымды анықтау. Сократ үшін философия дегеніміз нақты өнегелік, әдептілік, моральдық құбылыстарды қарастырып, олардың мәнін ашу. Ол этикалық реализмнің негізін салды. Сократ философиясының, тұлғасының маңызы: кез келген білім – игілік, жақсылық; жамандық, зұлымдық – білместіктен туындайды; Сократ адамзаттың мәңгі мәселесі – жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен қайырымдылық, игілік, махаббат, ұждан және т.б. жауап іздеді; қазіргі білім беруде кең қолданылатын майевтика әдісін ашты; ақиқатты табудың диалогтық әдісін енгізді; индуктивтік әдістің де негізін салды. Софистер (гр. sophists-өнерпаз, дана)-«даналықтың,» «шешендіктің» кәсіби ұстаздары ретінде саналған ежелгі грек философтарын осылай атаған. Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атқарған еңбектері зор. Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және әлеуметтік релятивизм-олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистер екі топқа бөлінді: «Аға софистер»-табиғатты материалистік тұрғыда түсіндірді. Бұл топтың өкілдері-Протагор, Гиппий, Продик, Антифондар-алғашқы ағартушылар. Екінші тобы- «Кіші софистер» (ақсүйектер тобы)-Гипподам, Критий-философиялық идеализмге ден қойғандар.

Т

44. Т. Гоббстың әлеуметтік-саяси концепциясы

Материалистік философияның, танымның дамуына жол ашқан, әлеуметтік-философиялық ойларын тұжырымдаған ағылшын философы Томас Гоббс (1588 – 1679) болды.

Оның негізгі шығармалары – «Азамат туралы ілімнің философиялық элементтері» (1642) және «Левиафан» (1651).

Т.Гоббстың саяси-әлеуметтік, қоғамдық көзқарастарын айқындайтын шығарма – «Левиафан». Бұл шығармада қоғамның пайда болуы мен даму ын жан-жақт ықарастырды. Қоғамды екі дәуірге бөлді:

1) алғашқы дәуірі табиғи деп аталды. Мұнда адамдар тең құқылы, барлығы заттарға тең иелік етеді. Бұл тең құқылық адамдар арасындағы қақтығысқа, соғысқа әкелді, ол адамның жер бетінен құрып кетуін әкелетін болды.

2) екіншісі азаматтық деп аталды. Онда адамдар өзара келісе отырып, «мынау менікі, мынау сенікі» деген құқықтық қатынастарды тудырды. Сонымен жеке меншік пайда болды. Ал жеке меншгікті қорғау үшін мемлекет пайда болды. Ендіге жерде қоғам екінші дәуірге аяқ басты. Гоббс қоғамның құдіреттің күшімен орнайтындығын теріске шығарып, қоғамдық келісім теориясын жасады. Бұл теориясы бойынша жеке меншік пен мемлекеттің пайда болуы заңды процесс және ол қасиетті. Оған қарсы шығуға болмайды, оған қарсы шығу адамзат табиғатына, белгілі бір заңдылыққа қарсы шығу деген сөз.

70. Тәуелсіздік және қазақ философиясы: қазақ философиясы мен мәдениетінің рухани бастауларын ашу, қазақ философиясының тарихын қайта қарастыру және зерттеу, фарабитану ренессансы

Қазақ Философиясы– қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын.

Тәуелсіздік деген ұғым кез келген халық үшін өте қадірлі ұғым болып табылады. Бұл құбылыстың терең астарларын тарих қойнауынан, ата-бабамыздың өткенінен, оның сан ғасырлық арманынан іздегеніміз абзал. Ақыры, түбінде халқымыз үшін күрделі кезең болған XX ғасырдың соңында, «Алмас қылыш қап түбінде жатпас» дегендей жарқ етіп тәуелсіздіктің, дербестіктің де күні туды. Тәуелсіздікке көзі жеткен Қазақстан Республикасы алдында руханиет саласында орасан зор әрі қасиетті мақсат – халық рухын, оның өзегі – ұлттық философияны жаңғырту немесе қайтадан қалпына келтіру мақсаты тұрған еді.

Енді жаңа тарихи жағдайда дамыған, өркениетті елдердегі сияқты әрбір азаматтың жеке белсенділігі мен жауапкершілігіне негізделген кэсіби біліктілігін өрбіту қажеттіліктері туындай бастайды. Бұл тәуелсіздіктің іргетасын бекіте түсетін, әрбір азаматтың жеке бос-тандығын қорғай алатын жаңа заманның әлеуметтік болмысына сәйкес келетін философияның қалыптасуына итермелейді. Міне, сөйтіп, жалпы халқымыз бен түтас мемлекетіміз шын мәнінде тәуелсіз болуы үшін алдымен әрбір азаматтың қүқығы мен оның жеке даралылығын қорғай алатын қоғамды қалыптастыру қажеттілігі өзектене бастайды. Сонда ғана адамға қарай бетбұрыс та жасалады, орта тап та дүниеге келеді, кәсіпкерлік те биік деңгейде өркендейді, әлемдік мәдениет мойындай бастайды және діни дүниетанымға деген бостандығымыз нығая түседі. Қазақ халқының ойлау мәдениеті тарих қойнауындағы сақтар мен ғүндар замандарынан басталып ежелгі түркілік тайпалардың қалыптасқан кезеңінде айқын көрініс береді. Қорқыт, Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, Ахмет Иүгінеки, Жүсіп Баласағүн, Махмұд Қашқари, Қадырғали Жалайыри жэне т.б. көптеген түркілік ғүламаларымыз қазақ хандығы кезіндегі ақын-жыраулар мен би-шешендерге өздерінің даналыққа толы философиялық ойларын сабақтастықпен табыстады. Одан әрі Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Көпеев сияқты дүлдүлдеріміз тарих санасына келді. Ал, енді XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларынан қалыптасуы да өзінше керемет қүбылыс емес пе? Міне осындай үлкен рухани белестердің, рухани байлығымыздың философиялық түрғыдан үзақ жылдар бойы терең зерттеусіз қалуы жэне оларға жан-жақты пайымдаулар жасалмай келуі тарих алдындағы күнэ іспетті болатын. Қазіргі заманда Қазақстанда интеллектуалдық саладағы шын мэніндегі бэсекелестікке кабілетті, биік деңгейі бар кәсіби философия қалыптасу үстінде. Бұлардың бэрі көңілге демеу болады, болашақтан үміттендіреді. Ал, енді қазақ философиясының басқа халықтардың философиялық жүйелерінен айырмашылығына тоқтала кететін болсақ, онда оның екі айрықша қасиеттерін атап өту керек. Біріншіден, қазақ халқының сан ғасырлық философиялық ойы негізінен этикалық бағдарларға, моральдік күндылықтарға сүйенгенін атаған жөн. Екіншіден, әл-Фарабидің рационалистік философиясынан басқақазақ даласының даналарында, негізінен, поэтикалық формадағы элемді игеру, пайымдау, зерделеу көрініс береді, көркемдік образдармен бейнелеу басымдық танытады. Бүл біздің Шығыстық ділімізге, элемді көркем образдармен өрнектеуге бейім келетін ерекше түсініктерімізге толық сэйкес келетін сипаттамалар болып табылады. Мүндай ерекшеліктер жалпы адамзаттық мәдени жүйені байытпаса, ешқандай деңгейін төмендетпейді.

Фарабитану — әлемдік ғылымда 19 ғасырдың 2-жартысында қалыптасып, Қазақстанда 70 жылдардан бастап дамыған ғылым саласы. Фарабидің дүнижүзіндегі мәдениет пен ғылымға қосқан үлесін зерттеудің маңызын алғаш рет шетер ғалымдары Г. Сартон, Д. Беркал және А. Койре негіздеп берді. 1975 жылы Фарабидің артында қалған мол ғылыми мұраларын жете зерттеуге арналған Халықаралық ғылыми конференция (Мәскеу-Алматы-Бағдат) ұйымдастырылып оған қатысқан ғалымдардың еңбектері жеке жинақ ретінде басылып шықты

Ф

1.Философияның пәні,объектісі.

Философия бүкіл әлемді, оның басты салалары – табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, обьективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда -даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үндістан, Қытай және Грекия жерлерінде бір уақытта пайда болады. Ғылыми және философиялық әдебиеттерде «объект»термині «субъект» терминімен әрқашанда қарым-қатынаста. Философиялық зерттеудің объектісі ретінде барлық объективті шындық, барлық материалдық және рухани дүние, және адам табылады. Көне грек философиясының зерттеу объектісі табиғат болды.Біртіндеп философияның қарастыратын сұрақтарының ішіне адамдардың қоғамдық өмірі, оның саяси және құқықтық өмірі туралы сұрақтар кірді. Сонымен бірге философтар таным теориясы проблемаларын қарастырды; олардың зерттеу объектісі ретінде адам, оның табиғаты, ақыл, сезімдер, тіл, өнер, мораль, дін т. б.табылды. Соңында философиялық ойлардың объектісі ретінде табиғи және қоғамдық дүние, олардың қиын қарым-қатынасындағы адам табылды. Әрбір ғылым пәні – ол зерттеу іс-әрекетінің нәтижесі. Философияның пәні болып табиғат, қоғам дамуының жалпы заңдары, қоғам және адам ойы табылады. Кейбір кездерде философиялық зерттеудің пәні ретінде қазіргі кезде немесе нақты дәуірдегі мәселелер түсіндіріледі.

2.Философиялық білімнің ерекшеліктері.

Философияның басты ерекшелігі - әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады. Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде – Қытайда, Индияда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрған жоқ. Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нәтижесінде емес, сол ортаны игеру қызметі нәтижесінде, оған дәнекерлі, құрал-саймандар арқылы, өзара қоғамдасу арқылы қатынасады. Бұл процесс өзі атқаратын іс-әрекеттерді де, оның өзгеретін объектісін де және ақырында өзінің кім екенін де белгілі дәрежеде көре білуді, түсіне білуді де қажет етеді. Осыған орай адам табиғатқа, жалпы әлемге солардың тек бір бөлшегі ғана емес, олардан біршама бөгделенген, оқшауланған сырт күштей қатынас жасай алады. Сол арқылы ол өзін де өзгертіп, өзінің мүмкіндіктерін ортаның мүмкіндіктерімен ұштастырады, өзіне де сырт көзбен қарай алады. Бұл, әрине, адамдардың тарихында өзгере беретін жағдай. Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары – «дүние» және «адам». Олар ажырамас бірлікте. Яғни, адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай-ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясын, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір-бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады. Осыдан келіп дүниеге көзқараста, біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, олардың бірлігі туралы, екіншіден, адам және оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән-жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды. Дүниетанымның тұтастығын құрастыратын негіз – білім. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз – дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат-мақсатына деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын. Дүниеге көзқарастың қалыптасуы табиғи, әлеуметтік және нақты мәдени ортаға тәуелді. Дүниеге көзқарасты ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп бөлуге болады. Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ағымдар араласып жатады.

3.Философияның әлеуметтік функциялары.

Философия функциясы - философия мақсатын, міндетін, тағлымын жүзеге асырудағы философияның атқаратын қызметі. Философияның негізгі функциялары:

Дүниеге көзқарастық функция - дүниенің біртұтастық бейнесін жасау, оның құрылымы жөнінде, дүниедегі адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы туралы көзқарасты қалыптастыру. Методологиялық функция - философия коршаған дүниені, шындықты, ақиқатты танудың негізгі әдістерін жасайды. Теориялық функция - философия бүкіл дүниені, құбылыстарды ұғынуды мейлінше жалпылайды, концептуалды - логикалық жүйелер жасайды, теориялық тұжырымдар түзейді. Гносеологиялық функция - философия қоршаған дүниені, шындықты, дұрыс әрі айқын тануды (таным тетігін) мақсат етеді. Сыншылдық функция - философия кез келген теорияны, білім қағидаларын сыни ойлаудан өткізіп, ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын айқындайды. Бұл функцияның міндеті - догмаларды әшкерелеу, білімнің дәйектілігін пысықтау және таным шеңберін мейлінше кеңейту. Аксиологиялық функция - философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда оларды моральдік-әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, рухани және т.б. құндылықтар жағынан қарастырады. Әлеуметтік функция - философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін карастырады. Әлеуметтік философия функцияларын тек философиялық жүйеде ғана емес, бүкіл әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесінде де жеткілікті түрде айқын жеткізуге болатындығы. Ең алдымен, әлеуметтік философия бойынша оқулық және арнайы әдебиет авторларымен толық келісе отырып, оныңдүниетанымдық қызмет атқаратынын тиянақтауға болады, өйткені ол “әлеуметтік әлемді” бейнелеп қана қоймай, оның саналы бейнесі ретінде “оны жаратады да”. Әлеуметтік философия әлеуметтік әлемнің тек картинасы, бейнесі ғана емес. Ол сонымен қатар, әлеуметтік идеалдар мен құндылықтарды нақты шындықпен салыстыра отырып, оның нақты өмірмен байланысын анықтай отырып, осы әлемді жаратады да.Екіншіден атқаратыны – методологиялық функция. Әлеуметтік философия мұны пәндік және теориялық форма ретінде қызмет ете отырып және әлеуметтік құбылыстарды тануда методологиялық бағдарлар мен жалпы философиялық принциптерді пайдаланудың үлгісі бола отырып жүзеге асырады. Олардың қатарындадиалектика принципі мен синергетика принципі жатады. Әлеуметтік философия әлеуметтік-гуманитарлық білімдерді пәндік тұрғыда ұйымдастыра отырып, оның методологиялық өзегі ретінде көрінеді.Әлеуметтік философияның үшінші функциясы оның танымдық, эвристикалық қызметі болып табылады. Ол танымдық мәдениеттің элементі ретінде шындықты тек бейнелеп қана қоймай, қоғамдық өмірдің заңдылықтары мен принциптерін қалыптастыра отырып, бір нәрсені ашуға қабілеті бар, белгілі бір эвристикалық ерекшеліктерімен айрықшаланады.Төртіншіден, әлеуметтік философия әлеуметтік болмыстың құндылық негіздерін пайымдай отырып, аксиологиялық қызметті атқарады. Оның ішінде белгілі бір дәрежеде тәрбиелеуші функция да кіреді: әлеуметтік функция, біріншіден, танымның, гуманитарлық ойлаудың белгілі бір мәдениетін тәрбиелейді; екіншіден, адамдардың және бүтіндей қоғамның белгілі бір құндылық бағдарларын тәрбиелейді.Бесіншіден, әлеуметтік философия кейбір философиялық концепциялардағы әлеуметтік болжау сәтсіз және ғылыми негізі жоқ деп жарияланғанына қарамастан,болжамдық қызмет те атқарады. Тәрбиелік функция - философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам игілігіне жаратуды көздейді. Эвристикалық функция - философиялану, яғни философияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде, тылсым дүниенің інжу - маржанын тапқанда ойшыл адам сыр мен кемел сезімге бөленеді.

5.Философиялық дүниетаным және оның ерекшеліктері.

Дүниетаным – құрылымы жағынан күрделі жүйе. Оның бастапқы және өзекті элементі – білім.Дүниетанымның құрылымдық жүйесі-не адамның негізгі принциптері мен рухани құндылықтары да кіреді. Дүниетаным дегеніміз – дүниені түйсіну, түсіну арқылы адамның өзіне өзінің, сыртқы дүниеге қарым – қатынасын анықтаудың өзегі, күре тамыры. Жалпы, дүниетаным адамның тану функциясын орындайды. Бұл оның мәнінен туындайтын негізгі ролі. Сөйтіп, дүниетанымның әр түрлі түрі, қыры, типі бар.Мифологоиялық дүниетанымның негізі – қиял, ойдан шығару. Г.Гегель миф дегеніміз – адам ақылының әлем алдындағы әлсіздігінің көрінісі деп жазған. Мифология ауқымды әрі жан – жақты құбылыс, ол әлем халықтарына түгел қатысты адамзат санасының өте ерекше қабаты.Миф - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші, бөлінбеген формасы. Діни дүниетаным құдыретті күшке, яғни құдайға сеніп, соған табынуға құрылған. Діннің дүниетанымдық принципі негізінде адам мен дүниенің жаратылуы туралы наным жатыр. Ғылым, ең алдымен, ұғымдық дүниетаным болып табылады. Қарапайым дүниетаным адамдардың өзі және қоршаған дүние туралы күнделікті іс - әрекетінде пайда болып тұратын жекелеген білімдеріне негізделеді. Ол әркімнің жеке өмірлік тәжірибесінде көрініс табады. Қарапайым дүниетаным халық даналығына сүйенеді.Философия ерекше дүниетаным және адамның рухани іс - әрекетінің көрнекті саласы ретінде аталған дүниетаным түрлерінің өзара қабысуының нәтижесінде қалыптасты. Бірақ ол олардан жоғары дәрежеге көтерілді, сонымен бірге, алғашқы бастауы, қайнар көзі ретінде олармен байланысын жоғалтқан жоқ.Философия адамның дүниені тану тәжірибесін жинақтау, әлемнің біртұтас теориялық үлгісін жасау, әлемге қарым – қатынасты білдіру қажеттігінен туындаған ерекше феномен.

6.Философияның эволюциялық даму кезеңдері: космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.

Философияның эволюциялық даму кезеңдері: 1. Космоцентризм- деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын, тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш- Ғарыш , барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады. (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, басқа да Шығыс елдері және Ежелгі Грекия); 2. Теоцентризм –деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылсым күш–Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады. (Ортағасырлық философияға тән); 3.Антропоцентризм – деп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын философиялық көзқарас түрін айтады. (Еуропалық Қайта өрлеу, жаңа және қазіргі заман философиялық мектептер)

7.Философия дүниені танудың ерекше формасы ретінде, философияның онтологиялық және гносеологиялық сұрақтары.

Философия-адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология-болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); гносеология-таным туралы ілім; Аксиология-рухани құндылықтар туралы ілім; Праксиология –адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология-адам туралы ілім; Логика-дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім. Философияның негізгі мәселесін (ойлау мен болмыстың арақатынасы туралы) сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек. Бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не -идея, рухпа әлде материя ма деген онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ қояды. Екінші жағы: адам баласы дүниені танып-біле алама әлде танып-біле алмайма деген гносеологиялық (таным туралы ілім) мәселе көтереді.

Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда негізгі екі бағыт пайда болды. Олар материализм және идеализм.Онтологиялық сұрақ- дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя не сана, рухпа деген деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология-дүниені танып-білу мүмкінбе әлде мүмкін емеспе деген сұрақ қояды.Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болды, олар: материализм және идеализм.Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір. Идеализм-философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана қатынасында дүниенің бастамасы ретінде сананы (идеяны), рухты жақтайтын көзқарас.Идеализм екі түрлі пікірге бөлінеді:-Обьективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель),-Субьектвті идеализм (Беркли, Юм). Обьективті идеализм өкілдерінің тұжырымдауы бойынша тек қана реалды идея ғана бар, идея-алғашқы, барлық қоршаған орта, шындық- «идеялар әлемі» және «заттар әлемі» болып бөлінеді. Субьективті идеализм- бүкіл дүние-біздің санамызда, субьектінің сана-сезімінің жасаған немесе біздің түйсіктеріміздің, алған әсеріміздің жиынтығы. Философияның негізгі сұрағының гнесеологиялық жағы көрсетілген, оның философиялық бағыты - Эмпиризм ,рационализм,ироционализм, гностоцизм, агностоизм. Эмпиризмнің негізін қалаушы Ф.Бэкон, эмпиристердің ойынша танымныі негізінде тек тәжірибемен сезім жатыр дейді.Рационализм. Рационализмнің негізін қалаған Декарт Рационализмнің негізгі тұжырымы таза білім тек ақыл арқылы алынады және сезімдік тәжірибеге тәуелсіз.Ирационализм ерекше бағыт ретінде көрсетіледі. Ирационализм жақтастарының айтуларына сәйкес, әлем хаосты болып табылады, ішкі логикасы жоқ, сәйкесінше ақылмен табылмайды. Гностоцизм, олардың қайраткерлері материалистер. Әлем танымды , танымның мүмкіндіктері шексіз. Агностоцизм , ұлы теоретиктер қатарына Имануель Кант жатады. (1724-1804) Кантқа сүйенсек, адам ақылының мүкіндіктері үлкен, бірақта бұл мүмкіндікрердің де өз шегі бар . Адам ақыл есінің танымждық мүмкіндіктерінің шекті, шексіздігіне байланысты, адаммен ешқашан ашылмайтын жұмбақтарда бар, мысалы; құдай бар, құдай жоқ. Дүниеге философиялық көзқарастың мәні онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді қарастырумен ғана анықталып, шектелмейді. Әлемді философиялық тұрғыдан қараған кезде танып –білудің қандай әдіс қолданылатындығын естен шығармауымыз керек.

8.Философиялық білімнің құрылуы.

«Философия дегеніміз не?» деген сұраққа келесі жауапты естуге болады «Ғылымның ғылымы». Осында жауаптың екі лайықты жағы бар: 1. априорлы тұрғыдан ол философияны үстемді, дәрежелі түрде ұсынады; сөйтіп, философия адамзат ақылының әр саласына қатысты; 2. «ғылымның ғылымы» деген атау алдынала философияны күрделі пән деп, әркім оны қабылдай алмайды деген пікірді тудырады. Орта ғасыр принципі «қажеттіліксіз мәндерді көбейтпеңіз». Яғни, философия ғылымдардың жәй жиыны болса, ол солардың ортасында өзінің мәнің жоғалтар еді. Бүкіл ғылымдардың жетістіктерің бір полотноға көшіріп, сиыдыру оңай іс емес. Бірақ, осындай істе философиядан ештене жоқ. Философия Лир патшасы сияқты бүкіл қыздарына байлығын үлестіріп, өзі дымсыз далада қалды. Сөйтіп, философияда өзінің пәндігінен, өзгешелігінен, қажеттілігінен айырылды. Позитивистер сол тұрғыдан философия дербестігі мен өз құндылығынан айырылды дейді. Ал, енді екінші жағынан, әр практикалық жағдайда көмекке сіз әрине маманды шақырасыз. Әрине, философия бүкіл дүние туралы өзгеше-ғылыми білімдерді өзіне жинап алуы мүмкін емес. Философ дәрігерді ме, т.б. айырбастай алмайды. Яғни, философия ғылымның ғылымы бола алмайды, және нақты ғылымда болмайды. Философия мен ғылым арасындағы тарихи ұзаққа созылған пікірталас – қайсысы қоғамға қажетті – көп пікірлерді тудырды. Философия мен ғылым арасындағы қатынас туралы келесі тезистерге тоқтауға болады: Нақты ғылымдар адамнан тыс құбылыстар мен заттарды, реалды дүниені зерттейді. Оларды адам құндылық шкаласы қызықтырмайды. Өзінің тұжырымдарын ғылым теория, заң, формула т.б. түрлерде жариялайды. Сонда жақшының сыртында эмоция, тұлғалық қатынаста қалады; қоғамда олар қандай салдарға әкеледі деген сұрақтарға назар аудармайды Ғалымның фигурасы, оның ой өрісі, темпераменті, өмірлік тандаулары т.б. ғылым үшін қызықты емес. Себебі, заңдар, теориялар т.б. объективті, және ғалымның жағдайы мен тұлғалық деңгейіне қатысты емес. Ал, дүние болса философ үшін қатып қалған статика емес, ол тірі динамикалық қозғалыста дамитың жанды біртұтас. Осы көп-түрлі байланыста себеп пен салдар, циклдік пен спонтандылық, реттілік пен деструкция, ігілік пен зұлым күші, гармония мен хаос қисындары /өрістері/ шатысқан. Сонда, философияландырылған ақыл өзінің дүниеге қатынасын білдіреді. Сөйтіп, философия адамның дүниеге білдірген қатынасы /ойлаудың дүниеге қатынасы, сананың материяға қатынасы/. Ғылымның нәтижелеріне сүйеніп, философия адам болмысының контекстінде сол процесстер мен құбылыстардың қажеттілігі мен мәндік мағынасын қарастырады. Философия субъектің объектке теориялық-рефлексивтік және рухани-практикалық қатынаспен негіздейді. Әлеуметтік болмысқа жаңа идеал мен нормаларды, мәдени құндылықтрды ұсынып әсер етеді. Оның тарихи қалыптасқан салалары: онтология, гносеология, логика, этика, эстетика және жаңа қалыптасып жатқандар: философиялық антропология, аксиология, мәдениет теориясы, әлеуметтік философия, философия тарихы, дін философиясы, методология, ғылым философиясы т.б. Философияның негізгі тенденциялары келесі мәселереді түсінуге арналған: дуние және сол дүниеде адамның орны, қазіргі өркениеттің тағдыры, көп-түрлі және біртұтас мәдениеттер, адам танымының табиғаты, болмыс және тіл.

9.Философияның негізгі әдістері

диалектика (гр. сұхбат, талас жүргізу өнері)

заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, олардың өзгеру, даму ерекшеліктерін, себеп-салдарлық байланыстарын, қарама-қарсылықтарының бірлігі мен күресін ескере отырып, даму тұрғысында қарастыратын әдіс. Диалектика терминін алғаш рет қолданған Көне Грек философы Сократ болды.

метафизика (гр. физикадан соң)

Марксизмде диалектикаға қарама-қарсы, объектілерді байланыссыз, жеке-дара, қозғалысын, өзгерісін, дамуын ескермей және қайшылықтарға мән бермей, қарама-қарсылықтың бірлігін елемей біржақты қарастыратын әдіс. Философия тарихында метафизика термині философияның синонимі ретінде де қолданылды. Метафизика терминін б.д.б. І ғасырда Андроник Родоский енгізді.

Догматизм

дүниені қатып қалған қағидалар негізінде, дәлелдеуді қажет етпейтін мызғымас сенімдер мен қөзқарастар тұрғысынан қарастыратын және дәлелдейтін ойлау әдісі. Догматизм терминін Ежелгі Грекия скептиктері Пиррон мен Зенон енгізді.

эклектика (гр. таңдауға қабілетті)

біртұтас шығармашылыққа енбейтін, түрлі фактілер мен ұғымдарды, концепцияларды біріктіру негізінде пайда болған, үстірт, ақиқаттан алыс жатқан тұжырымдарды жасау әдісі. Эклектика терминін ІІ ғасырда Александриялық Потамон енгізді.

софистика (гр. пікір-таласты айламен жүргізе білу)

кез-келген ойдан логикалық тұрғыдан дұрыс ойқортынды жасау әдісі. Көне Грекияда кең таралды, шешендік өнерді ақиқат білім алу жолы емес, «кез-келген ойдың дұрыстығын дәлелдеудің тәсілі» ретінде оқытылды. (Софистер, Сократ).

герменевтика (гр. түсіндіремін)

мәтіндер мағынасын дұрыс оқу және түсіндіру әдісі.

28. Фома Аквинский философиясы схоластикалық жүйе ретінде және Құдай идеясының негізделуі

 Ортодоксалды схоластикалық жүйеге келтіруші доминикан монахы Фома Аквинский (1225-1274). Оның негізгі шығармасы «Теологияның мәні»- онда котоликтік догматиканы жасады, бұл сохоластикалық теологияның негізіне айналды.

    Фома Аквинский – католицизмнің діни-философиялық жүйесін негізеуші, оның ілімі томизм деп аталды. Оның әулие аталуы да осы еңбегі үшін еді.

Ф. Аквинскийде ғылым мен сенімнің аймақтары қатал анықталған. Ғылымның міндеті әлемдік заңдарды түсіндіру болады. Августин объективті түрде өмір сүретіндерді танып білуге болатындығына сенді, бірақ адам ақылының әрекеті ғана шынайлық дегенге қосылмайды. Объективті және ақиқатты тануда барлығын білу мүмкін емес. Христиан дініндегі құпияларды (құдайдың үшбірлігі, қайта тірілу және т.б.) философиялық ақыл мен танымнан тыс, ал философияның қарастыратын мәселелері : құдай болмысын дәлелдеу. Ғылым мен сенім арасында қайшылық жоқ, христиандық ақиқат ақылдан жоғары тұрады, өйткені ол құдайдан пайда болады, бірақ ол ақылға қайшы емес. Сонымен Фоманың негізгі принципі – сенім мен ақылдың үйлесімділігін жасау болды.

Ф.Аквинский «құдай болмысы», өзінен-өзі белгілі емес, сондықтан оны таным арқылы дәлелдеп көрсету керек деп тұжырымдады. Ол өзінің төмендегідей құдай болмысының дәлелдерін келтірген:

Қозғалыс – қозғалғанның барлығын қозғалысқа келтіретін біреу, яғни алғашқы қозғалысты жасаушы – Құдай;

Себептілік – тіршілік ететіннің бәрінде сепеп бар, яғни олардың тіршілік етуінің себебі – Құдай;

Кездейсоқтық пен қажеттілік – кездейсоқтық қажетіліктен туындайды, қажеттіліктің алғашқы бастамасы – Құдай;

Сапалық белгілер – болады, ең жоғарғы өзіне-өзі сәйкес – Құдай;

Мақсат – жаратылғанның бәрінің бір мақсаты бар, ал барлығының мақсатын анықтайтын – Құдай.

33. Ф.Петрарка, Д.Алигьери, Л.Валла және т.б. шығармаларындағы гуманизм идеясы

Қайта Өрлеу дәуірінде гуманизм бағыты қалыптасты, гуманистері Никколо Никколи, Франческо Петрарка, Солютати, Леон Батиста Альберти, Лоренцо Валла, Марсилио Фичино, Пико делла Мирандола, Пьетро Помпонацци шіркеудегі схоластикалық рухта білім алуға қарсы болды, олар шіркеумен байланысты үзді. Ортағасырлық концепцияларға қарсы болды. Орта ғасырда адам жанына көп мән беріп, тәнін тысқары қалдырса, гуманистер адамның тәндік бастауларына көп көңіл бөлді. Адамдағы рухани-тәндік сипатты жоғарлатты, біріктірді. Осы тұрғыда эпикуршілдік көзқарастарды қайта жаңғыртты.

Гуманистер адам табиғатының қайырымдылығын және олардың қандай сословияға жататындығына қарамай барлығының теңдігін айтты. Адамға мүмкіндік пен шығармашылық тән деп, тұлғалық мән - әр бір адамның өзіне байланысты деп пайымдады. Гуманизмдегі негізгі сипат – антиклерикализм – католиктік шіркеу қызметкерлерін сынау, әсіресе монахтардың әрекеттерін қатты сынады. Бұл жөнінде Бруни мен Браччолини «Көзбояушыларға қарсы» диалогін; Валла «Монахтың уәдесі» атты шығармасын жазды.

36.Философия және әлеуметтік утопия (Т.Мор, Т.Кампанелла)

Утопиялық социализм теориясының негізін қалаушылар Т. Мор, Т. Кампонелла, қоғамдық игілікті әділетті және тең бөлуді қамтамасыз ететін, барлық азаматтар еңбек етуге құқылы және міндетті қоғамды ортануды армандаған.

Томмазо Кампанелла (1568-1639 жж.)

Еңбекгі:«Күн қаласы», «Христиандық монархия туралы», «Шіркеу билігі туралы», «Испандық монархия туралы».

Ол шіркеу және зайырлы биліктің бірлігін жақтады. Оның испандықтарға қарсы ұйымдастырған бүлігі сәтсіздікке ұшырап, өмір бойына түрмеге кесіліп, 25 жыл түрмеде отырды. Күн қаласының құрылысы бірінші абыз басқаратын идеалды теократиялық жүйе болып табылады. Абыздың көмекшілері – Билік, Даналық, Махаббат – соғыс пен бейбітшілік, әскери өнер мен қолөнер, ғылым, білім беру, демография, тәрбие, медицина, егіншілік пен мал шаруашылығы мәселелерімен айналысады. Мұнда жеке меншік жоқ. Саяси, зайырлы билік шіркеулік билікпен үндеседі. Рим папасы әлемдік адамзат қауымын басқаруы тиіс. Күн қаласының азаматтарының діни сенімі табиғат философиясымен үйлеседі. Түрлі ел өкілдерінен құралған Рим Сенаты дауларды бейбіт шешуі тиіс. Күн қаласы парасатты және әділетті басқарылады.

Томос Мор (1478-1535 жж.)

Еңбегі:«Утопия».

Ол бойынша үлгілі қоғамда:

- жеке меншік жоқ;

- барлық азаматтар өндірушілер болып табылады.

Парламент мүшесі ретінде, ол король Генрих ҮІІІ қаржылық алаяқтығы мен деспотизміне қарсы шықты. «Утопияның» бірінші бөлімінде ағылшын қоғамын сынайды, екінші бөлімінде арман аралындағы өмір суреттеледі. Аралда қоғамдық меншік, қоғамдық игілікті әділетті және тең бөлуді қамтамасыз етуші мақсатты басқару тән. Барлық азаматтар еңбек етуге құқылы және міндетті.

42. Ф. Бэкон эмпиризм методологиясының қалаушысы: индуктивті әдісі, «елестер» туралы ілімі

Бэкон бұрынғы түсіндіруді теріске шығарудың мәнін аша отырып, оған қарсы болды, оны негативті (теріс) интенция деп атады. Оның ойынша, онымен шұғылдану қателіктерге ұрынудың, суеверия мен ақылға сиымсыз көзқарастардың пайда болуының басты себебі. Ғылыми дәстүрді қалпына келтіру арқылы бос елестерден, қателіктерден тазарту керек деп тұжырымдады. Осыған байланысты ол төрт түрлі қателікті, таным жолына кедергі келтіретін – төрт түрлі «елестер» (қате бейнелер) немесе себептерді көрсетті. Олар «тектік елестер» (адам табиғатына тән ой қабілеттерінен), «үңгір елестер» (ғалымдардың жекелеген топтарына немесе жеке адамдар тобына тән қателіктерден туады), «алаң елестер» (түсіндіру барысында тілдің шикілігі мен дәлелсіздігінен сөздер арқылы кеткен қателіктер) и «театр елестер» (ақылды қате көзқарастарға тәуелді етіп, бөтен біреулердің пікіріне сын көзбен қарамай қабылдау). Жалған көзқарасты жойған соң шынайы әдістің негізінде жаңа ғылым жасауға болады. Бэкон бойынша, ғылым тәжірбие фактілерінің ұтымды түрде өңделіп – пысықталуы болуы тиіс, яғни оның тұжырымдарының индукция арқылы жинаған ұғыидарға негізделген қағидалар болды.

Сонымен, Бэконның философияны дамытудағы маңызды жақтары:

жаңа ғылыми дәстүрді қалпына келтіріп, өткен кезеңнің философиялық ілімдеріне баға берді;

табиғатқа материалистік түсініктерін қалыптастырды, материяға – бөлшектердің жиынтығы, табиғат – денелердің жиынтығы ретінде қарауды ұсынды;

қозғалыстың материяның ажырамас бөлігі ретінде қарап, механикалық қозғалыспен шектеліп қалмай, 19 түрін тапқан;

жаңа қажетіліктерді, Англиядағы алғашқы капиталистік қор жинау дәуірінде ғылымға қойылған талаптарды көрсетті.

81. Философиядағы сана мәселесі

Сана танымдық тұрғыдан қарағанда дүниені бейнелеудің тек адамға тән идеологиялық формасы. Сана белгісіз ғайыптан атадан балаға көшетін нәсілдік. Философиялық тұрғыдан, сана деп-адам миының объективті шындықты сезімді немесе логикалық образдарда мақсатты түрде жан-жақты және баға беру түрінде бейнелеуін айтамыз.Сана бұл текқана қандайда бір образ ғана емес дүниенің белсенді түрде бейнелеумен оны қайта бейнелеуге бағытталған әрекеттің ең жетілген түрі.Адам санасының ең маңызды қасиеттерінің бірі-оның белсенділігі.Сананың белсенділігі мынадай жағдайларда жүзеге шығады дүниені мақсатты түрде және таңдау арқылы бейнелеуде.Табиғи және әлеуметтік құбылыстармен процесстердің даму туралы болжамын жасайды адамның қайта өзгеру әрекетінің негізгі ретінде қызмет етеді.Сананың пайда болуы табиғат эвалютциясының нәтижесі болып табылады.Жердегі өмірдің күрделенуімен бейнелеудің тітіркенушілік, қозушылық,сезушілік деп аталатын қарапайым түрлерінің болуымен сипатталатын тірі табиғат болады.Егерде сана мидың функциясы дейтін болсақ ал ми орталық нерв жүйесінсіз мүмкін емес.Орталық нерв жүйесінен адам ми жануарлардың психихасы түзіледі.Психиканың дамуының ең жаңа кезеңі адам санасының пайда болуы. Бұл еңбек құралдарын ойлап табу ретіндегі адамдардың жасалған мәдениет заттары ретіндегі және адамның белгілі бір даму кезеңінде пайда болған белгі жүйелері әлеуметтік фактурлардың себепшісі болуымен байланысты.Адам санасының пайда болуымен дамуының алғы шарты тілдің дамуымен ұштастырылған адамдардың сайман жасау іс - әрекеттері.Бұл іс-әрекет адамдардың бір-бірімен қоян-қолтық араласуын, өзара әрекеттесуін талап етеді. Ол жалпыға ортақ мақсатсыз мүмкін емес.Дамуының бастапқы кезінде адам санасының сыртқы сипаты тән. Адам өзін бұл дүниеден тыс сезінеді.Кейінірек адамда өзін-өзі танитын қабілеті пайда болады. Бұл бағыт сапаның дамуына рефлекстік деп аталады.Екінші бағыт ойлаудың дамуымен байланысты ұғынушылық деп атайды. Бұл бағыт, ойлаумен тілдің өз ара тығыз байланысын білдіреді.Бұл жерде, ұғымдармен сөздер маңызды элементтер болады. Өздерінің тұтастығында сананың мынадай бірліктері сөз ұғымды білдіреді.Сананың құрылымы дүние жайлап білімдердің бүкіл тыныштығын обиект пен субектің айырмашалығын және субектілік обектілік қатынас сонымен бірге мақсатты іс әрекетті білдіреді.

Сана — пәлсапалық санат.Сана түсінігі пәлсапа саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді. Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл — оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында ,— адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады. Қазіргі кезге дейін сана және оның табиғаты мен қызметі аз зертттелмеген. Олар жайында әр кезеңнің пәлсапашылары өз ойларын қорытып келді.

Сана құрылымы. Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері — түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері — адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.

Сана мен іс-әрекеттің бірлігі Сана мен іс-әрекеттің бірлігі - сананың генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологияның философиялық және методологиялық іргетасын қалайды. Психология ғылымының негізгі принциптерінің бірі — сана іс-әрекетті, іс-әрекет саналы болуға тиісті дегенді ұстанады. Санаастылы — психиканың түрлі саналанбайтын жүйелерін (мысалы: санаалды мен санасыздық) немесе олардың жиынтығын білдіретін жинақтаушы ұғым.

Санасыз Санасыз — санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздық, субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Санасыздың санадан айырмашылығы: санасыздықты ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде). Санасыздық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде): ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді. Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп 3. Фрейд "санасыздықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол санасыздықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойлықпен құштарлықтар болады деп түсінген. Психолошяда санасыздықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.

Санасыз әрекет Санасыз әрекет — адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды, қашан, қалай болғаны жөнінде есеп бере алмайды. Санасыз әрекеттің қарапайым мысалына адамның ой жүгіртпей істелетін дағдылы әрекеттері, түс көру, кейбір мәселенің шешімін кенеттен аян бергендей табуы, т.б. жатады. Санасыз әрекет туралы ойлар Г. Лейбниц, В. Вундт, З. Фревд. т.б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Санасыз әуестік — белгілі бір уақытта адамның өзі түсінбейтін, бірақ оның психологиясы мен қылығына әсер ететін адамның ішкі түрткілері, қажеттіліктері, қылық себептері (мотивтері).

Сананың бүлінуі Сананың бүлінуі — орталық жүйке жүйкесінің зақымдалуынан туындайтын психикалық ауру адамның миы әр түрлі жағдайларға байланысты ауруға шалдығуы мүмкін. Ми зақымдалған кезде оның жоғары жүйке қызметі өзгеріске ұшырайды. Адамның қабылдауы, ойлауы, көздеген әрекегі бұзылады. Балаларда сананың бүлінуі әр түрлі кезеңде орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан болады. Біреуінде зақымдану құрсақта жатқан кезде болса, енді біреуінде туғаннан кейін 3 жасқа дейін болады. Процестің өзін тікелей миға әсер еткен дәл осы кезеңде оның зақымдануын органикалық зақымдану, ал балалардың өздерін олигофренопедагогикада олигофрендер деп атайды. Санасына зақым келген, санасы бүлінген балалардың психикасын психологияның арнайы саласы — дефектология ғылымы қарастырады. Балалардың орталық жүйке жүйесінің бұзылуы әртүрлі себептерге (әйелдердің жүкті кезде жарақаттануы, анасының немесе баласының жұқпалы аурулармен ауыруы, анасының теріс резус-факторы, зат алмасудың бұзылуы және т.б.) байланысты болады. Ал мидың зақымдануынан жоғары жүйке жүйесінің қызметі қатты бүлінеді. Бұдан бүкіл психикалық процестердің дамуы бұзылады. Кейде 3 жастан кейін де баланың санасы бүлінуі мүмкін. Оған әр түрлі жарақаттар, мидың қабынуы, психикалық аурулар және т.б. себеп болады. Бұдан балалардың бүкіл психикалық процестері — ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдау және т.б. қабілеттерінің дамуы бұзылады. Ақыл-ойы кем мектеп оқушыларындағы басты белгі және психикалық ерекшелік — ойлау процестерінің жетілмеуі (атап айтқанда, ой қорытындылаудың, талдап жинақтаудың нашарлығы) болып табылады. Мұның бәрі сананың бүлінуінен болады.

83. Философиялық гносеология: таным ұғымы, құрылымы және формалары.

Таным теориясы немесе гносеология философияда оның ең алғашқы даму кезеңінде ақ пайда болған. Гносеология грек тілінен аударғанда, таным туралы білім деген мағына береді. Гносеология-адамның табиғатын, нақты білімге қатынасын, оның мәдениет пен коммуникация жүйесіндегі өмір сүру шартын, ақиқат білімге жетудің заңдылықтары мен тәсілдерін оқытады. Гносеология адамның дүниені танып білу қабілетін, танымның негізгі заңдылықтарын, әдістерін, жолдарын зерттейтін философиялық ілім. Кейіннен «эпистемология» термині пайда болды, ол да өте кең таралды. Бұл термин ғылыми таным теориясын білдіреді.

Таным субектісі дегеніміз-мақсатпен бағытталған заттық-практикалық, белсенді таным әрекетін ұстанушы, ол индивид те, ұжым да, әлеуметтік топ, қоғам да болуы мүмкін.

Таным обьектісі дегініміз-субьектінің таным әрекеті бағытталған нәрсе. Диалектикалық материализмнің таным теориясының метафизикалық материализмінің таным теориясының ең басты екі айырмашылығы бар: ол, біріншіден, таным теориясына практика жайындағы ілімнің енгізілуі, екіншіден, таным теориясына диалектиканың қолданылуы.

Диалектикалық материализмнің таным теориясы қоғамдық практиканың негізінде дамитын және шындықты қоғам мүдделері үшін практикада қайта құру мақсатын көздейтін таным процесінің заңдылықтарын зерттейді.

Сонымен диалектикалық материализм таным процесінде бейнелеу принципін басшылыққа алады. Ал бейнелеу дегеніміз айнаның бетінен шағылысқан көру емес, оған механикалық тұрғыдан да қарауға болмайды. Бейнелеу – таным – білуге тиіс объекті мен танушы субъектінің арасындағы күрделі қарым – қатынас процесі.

Сөйтіп, танымның субъектісі деп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, кең мағынада алғанда, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады. Сонда – ақ, субъект өз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным объектісі ретінде қарай алады. Табиғатты, қоғамдық қатынайтарды таным объектісі ретінде қарастыру қажет. Олар субъектінің өндірістік, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы таным объектісіне айлады. Бақаша айтқанда, таным объектісі дегеніміз материалдық және рухани дүниенің қоғаммен практикалық және теориялық тұрғыдан қарым – қатынасқа түсетін, нақты тарихи іс — әрекет барысында субъекті игерген бөлігі.

Таным объектілері адамның практикалық қызметімен тығыз байланысты және әрқашан соған тәуелді болады. Таным процесінің негізінде адамның объективті дүниеге тигізетін белсенді әсері жатады. Себебі таным адамның объективті құбылыстарымен байланысына, оларға тигізетін әсеріне және оларды өзгертугіне байланысты дамып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, таным дүниенің белсенді әрі нысаналы бейнеленуі деп қарастыруға болады. Қоғамдық практика таным процесінің қозғаушы күші болып табылады. Ол өмір сүру, іс — әрекет жасау барысында адамдардың алдына ұнемі шешуін талап ететін проблемалармен міндеттер қойып отырады.

Қорыта айтқанда, таным процесіндегі субъект – объект, объект – субъект қатынастары, адамның ой санасы мен сыртқы пактикалық қызмет арқылы байланысқан. Таным болмыстың жай ғана бейнесі емес, ол адамның практикалық қызметі барысында іске асады.

Таным теориясы адамзаттық философия тарихын, мәдениет пен ғылым тарихын, техника мен практика жетістіктерін философиялық жағынан қорытуының нәтижесі. Сонымен бірге ол қазіргі ғылыми – техникалық революция және жаңаша ойлау жетістіктеріне сәйкес одан әрі тез қарқынмен дамуда. Қазіргі жағдайда біз таным теориясы ретіндегі диалектиканың практикалық және теориялық рөлі арта түскенің көріп – біліп отырмыз.

Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі мүмкін. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады.

Ақиқат дегеніміз не? Аристотель өзінің “Метафизикасында” ақиқатты біздің қоршаған дүниедегі заттармен құбылыстардың адам санасында бейнеленуі деп түсінді. Дегенмен ол ақиқаттың дәйекті материалистік ұғымын бере алмады.

Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз біздің біліміміздің бізден тысқары түрған объектіге сәйкес келуі, оның санамызда дәл көрініс тауып, бейнеленуі. Ақиқатөа жету субъект пен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік – тарихи процесс.

Егер объективті ақиқат бар болса, оны білдіріп отыратын адамның тұсінігі сол ақиқатты бірден, толығы мен, тұтасынан объсолютті тұрде емес, тек шамамен, біртіндеп, салыстырмалы тұрде ғана білдіреді. Бұл жерде салыстырмалы ақиқат пен объсолютті ақиқаттың ара қатынасын көреміз.

Сонымен, ақиқат теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді: 1) ақиқат — әлеуметтік  процес; 2) объективті ақиқатты мойындау – объсолютті ақиқатты мойындау деген сөз; 3) ақиқат барлық жағдайда нақты; 4) практика – ақиқаттық жалпы өлшемі; 5) ақиқатты тану – қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс.

Таным өте күрделі, қайшылыққа толы, ұзаққа созылған процесс болғандықтан, оны іске асыру барысында тұрлі әдістер мен тәсілдер қолданыланына өзінен — өзі түсінікті. Кең мағынада әдіс дегеніміз белгілі бір мәселені шешу үшіни таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен әететтер жиынтығы. Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу.

Ғылыми танымның әдістері өте көп, әрі  сан салалы, себебі танып білудің объектісі болып табылатын материалдық және рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістердің шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2)жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласвнда пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады.

Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириалық және теориялық деңгейлерін ажыратқан дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктерімен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет түрғысынан қабылданады.

Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстарымен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.

84.Философия мен ғылымдағы ақиқат мәселесі

Ақиқат гносеологияның ең басты сұрақтарының бірі. Философияда ақиқат мәні туралы анықтамалар өте көп. Біреулер үшін ол сәйкестік пен корреспонденция болса, екіншілер үшін эмпирикалық концепция, үшіншілері үшін конвенционалды теория, төртіншілер үшін өзімен келіскен білім, бесіншілер үшін практикаға қолдануға өте ыңғайлы, т.б. Ақиқат-субьектінің шындықты танудағы практикалық білімді игерудегі адекватты көрінісі немесе обьектіге ойдың сәйкес келуі. Ақиқат өлшемдері:

Салыстырмалы ақиқат-бұл біріншіден, толық емес білім, ол қоғам дамуының білгілі-бір деңгейімен сәйкес келеді, екіншіден, белгілі-бір шартқа, орын мен уақытқа тәуелді білім.

Абсолютті ақиқат-бұл біріншіден, шексіз әлем туралы толық білім, екіншіден, болашақта терістелінбейтін білімдер.

Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады. Ақиқат дегеніміз субъект пен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік-тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол объективті. Объективті ақиқат деп қоғамдық адам түсінігіндегі, біліміндегі субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті. Сонымен ақиқат дегеніміз объективтік пен субъективтіктің диалектикалық бірлігі. Зерттеліп отырған объект жөніндегі толық емес білімді – салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді – абсолютті ақиқат деп атайды. Салыстырмалы ақиқат пен абсолютті ақиқат – әлеуметтік, тарихи процесс ретіндегі объективті ақиқаттың көріністері. Объективті ақиқат салыстырмалы – абсолютті түрде ғана өмір сүреді.

86.Философиялық антропология

 Адам тақырыбы - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы -“адам дегеніміз не” мәселесі. Адам туралы толық мәліметті пәнаралық зерттеу аясында көптеген ғылымдардың көмегімен жинақтауға болады. Сондықтан да соңғы жылдары адамтану ғылыми танымның ерекше саласы және оқу пәні ретінде жеке қарастырылады. Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас жүйе деп анықтайды. Ол адамды барлық мәндік қасиеттері мен құбылыстарының өзіндік рухани - практикалық іс - әрекетінің біртұтас жүйесі ретінде, көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді. Адамның табиғаты мен мәні туралы сұрақ философия тарихындағы барлық ілімдерде орын алған. Адам проблемасын философиялық зерттеудің негізгі өзегі етіп қарастыратын экзистенциализм, персонализм және философиялық антропологияның басқа да көптеген ағымдарын қоспағанның өзінде психоанализ, герменевтика, структурализм, аналитикалық философияда, социобиологияда адам тақырыбы көрнекті орын алып отыр. Мұның өзі тек жай ғана кездейсоқтық немесе ұқсастық емес. Қазіргі уақытта адам төңірегіндегі мәселелердің алдыңғы қатарға шығып, Әлемнің барлық түкпірінде өзекті мәселеге айналуы, ең алдымен, нақты индивидтің күнделікті өмір сүруінде кездесіп отырған өмірлік мәселелердің ұдайы шешіліп отырылуы қажеттігінен туындап отыр. Ядролық қару – жарақтың күннен-күнге көбейе түсуі, табиғи ортаның бұзылуы адамдарды өте бір қиын сын сағатына әкеліп, апырау, осы адамзаттың ертеңгі күні не болмақ деген үрейлі сұрақтарды жиі-жиі туғыза түсуде. Генетикалық инженерияның даму бағыты, әртүрлі органдарды трансплантация жасау мүмкіндіктері адамның биологиялық табиғаты туралы үйреншікті көзқарастарды өзгерте түсуде. Сонымен қатар, адам биологиясының біз білмейтін қаншама терең сырлары бар екендігіне де күмән жоқ. Адамдар өз мүмкіндігін қоғамдық ортада басқалармен қарым-қатынас жасау арқылы іске асырады. Қарым-қатынастың алғашқы түрі “мен” және “сен” деп бөлінуден басталады да, әр адам өзінің “менін” басқалармен қарым-қатынаста танытуға тырысады. Адам организмінің қандай ерекшеліктері мен биологиялық қажеттіліктері қоғамдық өмірге ықпал етті, оған негіз болды. С.Крапивенский А.Роза (АҚШ) мен Я.Шепаньскийдің (Польша) еңбектеріне сүйене отырып, адам организмінің бірнеше ерекшеліктерін атап көрсетті.

тік жүру адамның негізгі анатомиялық ерекшелігі ретінде оған қоршаған ортаны оңтайлы қабылдауына мүмкіндік берді, алдыңғы екі аяғының бірте-бірте қолдың қызметін атқаруына, өз қолымен қарапайым құралдар жасауына алып келді;

күрделі де нәзік қимылдарды орындай алатын берік қолдар;

кеңістікте жақсы бағыт беретін және үш өлшемді де көре алатын, алдыға бағытталған көзқарас.

психикалық өмір мен интеллектік жоғары дамуына жағдай жасайтын үлкен ми мен күрделі жүйке жүйесі;

ерін, көмекей күрделі өзгеріске түсіп, сөйлеу қабілетінің қалыптасуы;

балалардың ата-аналардан ұзақ уақыт бойында бағыныштылықта болуы, өсу мен жетілудің ұзақ уақытқа созылуы;

туа біткен импульстер мен қажеттіліктердің икемділігі.

сексуалдық құмарлықтық тұрақтылығы тағы басқа да ерекшеліктер.

Бұлардың бәрі адамның анатомиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін қамтиды, сонымен қатар‚ оның мәдени, әлеуметтік іс-әрекеттерінің биологиялық негіздері болып табылады. Адам биологиялық ақпаратпен қатар әлеуметтік ақпаратты да иеленеді. Адам болмысының толыққандығының маңызды белгісі оның өткенімен және болашағымен байланысуды тек сезіну - түсіну ғана емес, бұл рухани қарым-қатынастық адамның қазіргі болмысының жан-жақтылығымен, тереңдігімен өлшенеді. Бұдан бұрынғы дәстүрге сүйенсек, ғылыми әдебиеттерде адамның әртүрлі қасиеттерін көрсететін “личность”, “индивид”, “индивидуальность” ұғымдарын қазақ тілінде “тұлға”, “индивид”, “индивидуалдылық” деп айтып жүр еді. Осы тұрғыда философия ғылымдарының кандидаты Сапар Оспановтың “Қазақ тілі мен Әдебиеті” журналының 1997 жылғы 9-10, 11-12 сандарында жарық көрген “Азамат” ұғымын жаңғырту және оны өзінің ғылыми тұғырына көтеру” тақырыпты мақаласындағы ұсыныс көңілге тұрарлық екенін ескеруіміз қажет. 

87. Философиядағы құндылық мәселесі

Құндылықтардың табиғаты және олардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы мәселе көптеген осыған дейінгі қарастырылған адам мен қоғам, мәдениет пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынастар және басқа проблемалармен тікелей байланысты.

«Құндылық» философиялық және социологиялық  әдебиетте белгілі бір болмыс құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мағынасын көрсету үшін кең түрде қолданылатын термин. Тиісті құбылыстарды бағалау әрекетін (процедурасын) іске асырудың тәсілдері мен белгілері (критерийлері) қоғамдық сана мен мәдениетке адамның қызметінің нысаналарын көрсететін «субъектілік құндылықтар» (нұсқаулар және бағалар, бұйрықтар(императивтер) және тиым салулар, мақсаттар және жобалар) ретінде байқалады. Сөйтіп, «заттық» және «субъектілік» құндылықтар, қалай болғанда да,  адамның дүниемен құндылық тұрғысынан қарым – қатынасының екі жағы (полюсі) сияқтанып көрінеді. Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаны сияқтанып көрінеді.

Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаның танымдық және жігер сапаларымен тікелей байланысты; құндылық категорияларының өздерінде білім нысаналарының, түрліше қоғамдық топтардың және жеке тұлғалардың мүдделері мен танып – ұнату шекаралары байқалып тұрады.

Диалектикалық материализм өмірдің құндылығын, адам мұраттары мен нормаларының тарихилығын және қоғамдық – практикалық мәнен, оларды тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогессивті мұраларын, құндылықтарын игерген жеке тұлғалардың мүдделері мен нормаларының тарихилығын және қоғамдық – практикалық мәнін, оларды тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогрессивті мұраларын, құндылықтарын игерген жеке адам да, бірлестіктер де көздеген мақсаттарына табысты жетері сөзсіз. Құндылықтарға негізделген іс бағыты үнемі оңға баспақ.

Индивидтің (жеке адамның, кісінің) өмір тәжірибесімен баянды етілген құндылықтардың бағыттары жеке тұлғаның ішкі дүниесінің құрамды бөліктеріне (элементтеріне) айналып,  оның әсерленушілігінің бүкіл жиынтығы болары хақ. Әрбір адам үшін олар мәнді мен мағыналыны, мәнсіз бен мағынасызды ажырата білуге көмектеседі.

Құндылық нысаналарының негізгі мазмұны адамның саяси, философиялық (дүние танымдық), құқықтылық сенімдері, терең және түрақты құштарлықтарды, жұріс – тұрыс бет алысының құлықтық принциптері негізінде құралады. Сондықтан, кез – келген қоғамда жеке тұлғаның құндылықтық бағыттары субъектінің мақсаттылықпен әсер ету, тәрбиелеу объектісі болады.

Құндылық құрылымдары қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасып және қзгерістерге отырады. Бұл жай адам өмірінің тұрліше өрістеріндегі өзгерістерге байланысты, оның уақытты қарқыны (масштабы) әлеуметтік саяси және басқа өзгерістердің қарқынына сай келмейді. Мысалы, антика заманының эстетикалық құндылықтары өз мәнін оны туғызған өркениеттің (цивилизацияның) құлауынан кейін де жоғалттқан жоқ; бастауын антикалық және эллиндік мәдениеттерден алған европалық ағартушылықтың гуманистік және демократиялық мұраттарының ықпалының қаншалықты ұзақ уақытқа созылғаны да белгілі. Диалектикалықматериалистік философия оларды қарастыра отырып,әрдайым түрліше субьектілер үшін жалпы мәнге ие болғандарын ғана талқыға салады.

Құндылық нысаналарының дамуы жеке түлғаның дамуының белгісі, ол оның әлеуметтік өлшемінің көрсеткіші. Бұл – индивидтің санасы мен сана сезімінің арасындағы байланыстың тууына ықпал ететін, сыртқы және ішкі дүниені қабылдаушы призмасы, өмірдің мәні туралы мәселені шешу үшін психологиялық негіз.

Құндылықтық нысаналардың тұрақты және қайшылықсыз ьқосындысы жеке тұлғаның бойында мінездің бір қалыптылығы, сенімділік, белгілі бір принциптер мен мұраттарға (идеяларға )берілгендік, сол мұраттармен құндылықтар үшін  жігерлік күш жүмсауға қабілет, өмір позитцисының беленділігі ,мақсатқа жетудегі қажырлылық сяқты сапаларды  қалыптастыруға жағдай туғызады.

Құндылық нысаналары бұқаралық көпшілік санаға себепті (дәлелді) ісер етеді. Осыған байланысты құндылықтарды еңбек, отбасы (семя), білім ғылым, искуства және басқа бақтарға бөлуге болады.

Бұндағы құндылық ретіндегі проблемасы айрықша қарастыруды қажет етеді. Объективті тұрде еңбектің әлеуметтік маңызы қоғам тарихында әр -дайым аса жоғары болды. Алайда, біздің заманымызға дейін өз жалғасын тауып, өмір сұріп келе жатқан «Еңбекті шеттету» деп аталған келеңсіз құбылыс субъект үшін  еңбектін бағасын төмендетуде бұл жағдай кейде тіпті

кейбір адамдарды еңбектен бас тартуға дейін апаруда. Өндірістік қатынастармен өндіріс күштері қоғамдық инвидтердің дамуының түрлі – түрлі жақтардың сипаттайтын болғандықтан әр бір қоғам адам өміріне, оның азаматтық және адамгершілік құндылықтарына, еркіндігіне және сонымен қатар, ұлттық мәдениеттің табыстарына баса назар аударуға тиіс. Бұл әлеуметтік құндылықтардың дамуы, жасыратыны жоқ, кейбір қоғамдағы саяси қатынастарға да байланысты.

Құндылық нысаналары оқу орындарында білім алу барысында өзінен — өзі қалыптасады деп есептеуге болмайды. Құндылық бағыттарының қалыптасуы тиісті сана —  сезімді тәрбиелеп, адамның эмоциялдық өрісін дамытқан кезде ғана іске аспақ.

Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық және logos – ілім, сөз)деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып табылады.

Аксиология құндылықтар табиғаы, олардың реалдықтағы орны және құндылық әлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың  өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен байланысы туралы философиялық ілім.

Ең кең мәнінде құндылықтар проблемасы мәдени дәстүрлер мен қоғамның идеологиялық негіздерінің құнсыздану дәуірінде шарасыз пайда болды. Философия ғылымының дербес саласы ретінде аксиология болмыс ұғымы реальдық және адам қалаулары мен ұмтылыстарының объектісі ретіндегі құндықтар болып екі элементке бөлінгенде пайда болады…

Антикалық жіне орта ғасырлық философияда құндылықтар (этико – эстетикалық жәнне діни) сипаттамалары реальдықтын, ақиқат болмыстың өз ұғымына кірістірілген еді.

Диалектикалық – материализм құндықтарды олардың қоғамдық – тарихи, экономикалық және әлеуметтік – саяси себептіліктерімен қоса қарастырылады.

Құндылық объективті құбылыстарды, немесе олардың қасиеттерін және адамдар үшін, отбасы , үлт үшін баға жетпес құндылықтар. Бірден – бір объективті ең жоғарғы құндылық – адамзат тарихында әлі де болса жаппай мойындаушылық сипат алмаса да, бұл адам өмірінің өзі.

Бірақ, адамзат тәжірибесі белгілі бір қоғамдық – тарихи параметрлерде шекті және абсолютті болып көзге түсетін құндылықтар құлықтылық белгілерін тудырады.

Ш

63.Ш.Уәлихановтың әлеуметтік- саяси көзқарастары

Ш.Уәлиханов (1835-1865 жж.) еңбектері қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, тарихы, аңыз-жыры, қоғамдық-саяси өмірін, діні мен ділін зерделеуге бағытталған.

Қоғамда жасалатын өзгерістер адам мүддесіне сәйкес келуі қажет екендігін атап көрсетті. Ол: «Халыққа етене жақын, ең маңызды соның мұқтажына тікелей қатысты реформа-экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек. Өйткені әрбір жеке адам және бүкіл адамзат қауымдасып, өзінің бірегей түпкі мақсаты – материалдық әл ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз-осы» дейді.

«Сот реформасы жайында хат» деген еңбегінде сол кезде қазақ даласында жүргізіліп жатқан саяси әлеуметтік реформаларды талқылады.

«Сахарадағы мұсылмандық туралы» еңбегінде ислам дін мен халықтық ғұрыптар, исламның қоғам өміріндегі орны, «Қазақтардағы шамандықтың іздері» еңбегінде Шоқан Тәңір ұғымын, бақсы, емші сынды түсініктерді, ежелгі наным-сенімдердің тамырын зерттеген. Сол белгілерді қазақ халқының күнделікті тұрмыста қолданып жүрген сөздерімен де дәлелдеп береді.

Ш. Уәлиханов шығармашылығы қазақтың рухани дүниесін зерттеуге арналған. Халықтық жыр-дастандары мен аңыздарының түрлі нұсқаларын қағазға түсірген: «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Едіге», «Ер Қосай», «Ер Көкше», қырғыздардың «Манас» жыры.

Философиялық көзқарасы негізінен ағартушылық идеяларды негіздеуден тұрады.

65.Шәкәрім дүниетанымының басты сұрақтары: үш анық

Хакім Абайдың шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)

Шәкәрімнің дүниетанымының негізгі ерекшелігі дін және руханилық мәселесін қарастыру мен өзіндік рухани-құндылықтық категориялардың жүйесін ұсыну болды. Ойшылдың рухани ізденістері бүгінгі күннің талаптары тұрғысынан қараса құндылығы мол рухани мұра. Ол адамдар бойындағы имандылық, діни-рухани тазалық мәселелерін қарастыра отырып, бірқатар ұсыныстары мен тұжырымдарын ұсынған.

«Үш анық» еңбегінде адам, дүние, қоғам, табиғат, жан, руханилық, сана, діни сенім, адамгершілік заңдары, ақыл, жан сияқты философиялық катигориялар талданып, бірқатар мәселелер көтеріліп, олардың басы ашылды.

Үш ақиқат: сенім ақиқаты, ғылым ақиқаты мен ар-ұжданды көрсетіп, адамның рухани даму жолдарын тереңінен көрсеткен. Шәкәрімнің адам жаны өле ме деген философиялық сұраққа ізденісі барысында «Үш анық» концепциясы қалыптасып, рухани ізденістерінің аумағы айқындалды.

Алғашқы ақиқат – діни анықтықтың дәлелі дүниенің бір заңдылыққа сүйеніп дамитындығы мен ондағы кездейсоқтықтың болмайтындығы. Яғни, ойшыл бұндай заңдылық пен үйлесімділіктің түпкі тамырында Құдай жатыр.

Екінші ақиқат – ғылым ақиқаты, жанмен, оның ажалсыздығымен байланысты ақыл-ойды алды. Шәкәрімде жанның мәңгілігі рухпен айқындалмайды, оның түсінігіндегі рух ақыл-ой қасиеті.

Үшінші ақиқат ретінде ұжданды көрсетті. Ұждан – адамның ішкі рухани әлемі, онсыз адам жаннын елестету де мүмкін емес. Ұждан жанның азығы ретінде, адамның адамдығы мен адамгершілік қасиеттерінің негізі, қоғамдық дамудың көзі.

Ар ілімімен қоғамдық дамытудың негізі мен оның дамуының жолын көрсетіп берді. Қоғамдағы әрбір адамның ары мен ұятын оятып, оны жетілдіру арқылы мүмкін екендігін айқындады. Адамның ішкі дүниесін жетілдіруді ұсынған ойшыл, ағартушы ретінде өзіндік ерекше жолды нұсқады. Оның нұсқаған жолы ар ілімінде көрсетілгендей адамды ең басты құндылық ретінде тану болып табылады.

Э

24. Эллиндік философияның бағыттары: эпикуреизм, стоицизм, неоплатонизм

Эпикуршылдар мектебі – негізін салған Эпикур. Мектепті эпикур бақшасы деп те атайды. Ол Эпикур үйінің артында орналасқан бақшамен байланысты. Осы бақшада шәкірттер білім алып, сол жерде өмір сүрген. Өмір сүрудегі ең негізгі мақсаты – жан тыныштығына жету. Эпикуршылдар – жан тыныштығына жетудің, саналы түрде қайғы – қасіреттен арылудың жолын іздестірушілер. Танымның мақсаты- адамды надандық пен жоққа сенушіліктен, құдай мен ажалдан қорқудан арылту, ал мұнсыз бақытты болу мүмкін емес. Эпикурдың ойынша, Құдай адам өміріне араласпайды, сондықтан, ол туралы ойлап, бас қатырудың қажеті жоқ, себебі жоғары жаратушы күшке сену – азаптанудың көзі.

Стоицизм- Эллин мемілекетімен Рим империясының гулденген дәуірінде адамның ішкі тәуелсіздігі мен дербестігі философиясы тұрғысынан түсіндірмекші болған эллиндік және рим философиясындағы басты бағыттың бірі. Сондықтан С.ілімінде этика мәселесі негізгі орын алды. С.төрт кезеңнен тұрады 1-кезең (б.з.б 3-2) 2-кезең (б.з.б 2-1 ғ.) Платон іліміне сүйенеді; 3-кезең (б.з 1-2 ғ.) Сократтың іліміне жандандыруға бағытталған кезең; 4-кезең (б.з -2 ғ .); -неоплатонизімнің даму кезеңі. Стоиктердін пікірінше, үш зат өзара байланысты: таңбалаушы, таңбаланушы және объект. Таңбалаушы — дыбыс. Үш заттын екеуінін дүниелік, заттық сипаты бар, ал біреуі сөзді, сөйлеуді білдіретіндіктен, заттық емес, онын шындықты білдіруі де, жалған болуы да мүмкін.

Неоплатонизм– III – IV ғасырларда туындап, Платон және Аристотель ілімдерінің ортақ жүйесін ұштастыра дамытқан, болмыс бірлігі теориясымен белгілі ілім.

Неоплатонизмнің метафизика түсінігі болмыс бастауының бір екендігін, сол бір мен барды танудың апафатик. ілімін негіздеді. Неоплатонизм ілімі Аммоний Саккастан (III ғасыр) бастау алғанымен, тарихи дамуында оның бірнеше кезеңдері мен мектептерін атауға болады. Плотин негіздеген Рим мектебі (III ғасыр) Неоплатонизмнің теория жүйесін құрды. Кіші Азиялық Неоплатонизм (IV ғасыр) теор. құрылымдардан бас тартпағанымен, негізінен мистик. тәжірибеге сүйенді (Ямвлих, Феодор Асинский, Саллюстий, т.б.). Неоплатонизмнің жүйелеуші кезеңі (V – VI ғасырлар) афиналық, александриялық мектеп өкілдерімен (Плутарх, Сирион, Прокл, т.б.) тығыз байланысты. Неоплатонизм іліміндегі идеялар мен мұсылман және христиан монотеистік теологиясындағы өзара үндестік қазіргі дінтанушылардың да назарын аударуда.

74. Экзистенциализм философиясы: мәселелері мен қарама-қайшылықтары.

Экзистенциализм (лат. eksіstentіa – өмір сүру) – адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррационалистік бағыт. Адамныңөзіндік Менін тануы өмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің мағынасы, адамгершілік, рахымдылық, сұлулық, әділеттілік пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген филос. мәселелердің шешімін табуға итермелейді. Экзистенциализм бағыты өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік Менін түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Өзгенің бостандығына қол сұққан жағдайда бостандықтың қадірін білетін адамның ар-ожданы бас көтеруге тиісті. Қоғам егер осындай еркін тұлғалардан құралса, онда үйлесімді, шығармашылық байланыстағы, бірін-бірі түсінетін, әрқайсысы өз құқығын білуімен қатар, өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезінетін толыққанды қауымға айналады деп білді. Экзистенциализм философиялық бағыт ретінде 20 ғасырда қалыптасты. Ол адамгершілік құндылықтар күнделікті тұтынушылық қажеттіліктердің тасасында қалған, техногенді, индустриалды, қатыгез қоғамға қарсылық ретінде туындады.

Экзистенциализмде осы «өмір сүру», «тіршіліктің» өзі обьект пен субьетінің тікелей бірлігі ретінде түсіндіріледі, субьектінің сыртқа бағыттылығын, бөгде адында ашықтықты, осы бөгделікке деген қозғалысты білдіреді. Діни экзистенциализмде осы бөгде – құдай деп түсіндіріледі де тұлға өз еркіндігінде осы құдайға қозғалып бағыттанады екен. Атеистік экзистенциализмде осы бөгде – ештеңе еместік деп түсіндіріледі, бұл дегеніміз адам өз еркіндігін жүзеге асыра отырып, өз өзін тудырады. Экзистенциализмның негізгі өкілдері: М.Хайдаггер, К.Ясперс, Н.А. Бердияев, Ж.П. Сартр, Г.Марсель, А.Камю, сондай-ақ олардың идеялық қолдаушылары: Августин, Ф.Шеллинг, С.Кьеркогор, А.Шопенгауэр, Ф.М. Достаевский, Ф.Ницше. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]