- •Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-
- •Вайшешика
- •1. Атомистер
- •2. Милеттік мектеп (физиктер )- Фалес, Анаксимандр, Анаксимен.Милетті мектеп Ежелгі Грецияда б.Э.Д 6 ғ әрекет етіп, өзі қалыптасқан өаладан өз атауын алды. Милетта орта азиядағы ірі сауда полисі .
- •3. Эфестен шыққан Гераклит (6 ғ аяғы мен 5 ғ басы б.Э.Д)-философиялық бағыттың негізін қалаған ірі көне гректің материалист философ алғашында логикалық мектепке жататын.
- •Xvііі ғасырдың аяғы кезеңінде неміс жерінде философия жаңа толқынмен дами бастады. Бұл кезеңді бастап берген Имануил Кант болды.
- •Онтология(болмыс туралы философиялық ілім ретінді).
- •Ғасырлар
Xvііі ғасырдың аяғы кезеңінде неміс жерінде философия жаңа толқынмен дами бастады. Бұл кезеңді бастап берген Имануил Кант болды.
Кант дүниені “өзіндік зат” және”біздің зат” деп екіге бөледі. ”Өзііндік зат” - өздігінен, бііздің санамыздан тыс өмір сүретін мән. “Өзіндік заттың” мәнін танып білуге болмайды. ”Өзіндік заттардан” басқа құбылыстар дүниесі бар. Оны Кант табиғат дейді. Құбылыстар дүниесі адам санасынан тәуелсіз өздігінше өмір сүре алмайды. Құбылыстар дүнисінде заңдылық жоқ, - дейді Кант. Білімді негіздеу Канттың басты мақсаты еді. Кант білімнің калай түзілетінін ашып бере алмады.Себебі ол пайымдау және парасат арасын алшақтатып жіберді. Сондай-ақ априорлық формалардың өзі қайдан щығатынын да түсіндірмеді. Кант “өзіндік затты”, мәнді тануда творчестволық елестетуге орын береді. Мән жоғарғы ақыл арқылы танылады. Жоғарғы ақыл трансцендентті, ол эксперимент пен бақылаудан тәуелсіз жоғарғы білім мен сенімге негізделген. Өмірінің ақырына қарай Кант логика және педагогикамен айналысады.12 жалпы ұғымдар - категориялар түзді. Кант антиномиялар туралы пікір айтты. Антиномия - санадағы қарама-қарсылықтар. Өзінің таным қызметінде адам қайшылықтарға кезікпей қоймайды. Олардан шығудың бірден бір жолы - парыз этикасы болып табылады. Өйткені адам өзінің эмпирикалық тіршілігінде табиғат заңдарынан төмен тұр, өйткені ол сыртқы дүниенің ықпалына бағынышты. Алайда мораль заңдарын, императивті басшылыққа ала отырып адам ғибратқа ие болады. Кант “категориялық императив” ұғымының авторы: ”Адам мүддеге жетудің құралы емес, ол - мақсат болуы қажет”. Кант айтты “Адамның жолы болмауы моралдық сананың жетіспеушілігінен”.И.Канттан бастап немістің классикалық философиясы адамды философиялық зерттеулердің негізгі объектісіне айналдырады. Канттың пікірінше, адам бір жағынан табиги қажеттілікке жатса, екінші жағынан адамгершілік еркіндік пен абсолюттік құндылықтарға жатады. Сезімдік әлемнің құрамдас бөлігі ретінде ол қажеттілікке бағынса, ал руханилықтың тасымалдаушысы ретінде ол ерікті. Кант адамды автономды және тәуелсіз бастау ретінде, өзінің теориялық, практикалық әрекетінің қожайыны ретінде айқындауға ұмтылады. Адам әрекеті мен қылығының түпкі принципі категориялық императив болуы тиіс. Категориялық императив – кез келген тұлғаның өзіндік мақсаты өзіндік жетілу болғандықтан, ол ешқашан да, қандайда бір міндеттердің, тіпті игілікті міндеттердің де жүзеге асу құралы ретінде қарастырылмауы тиіс деген тұжырымға негізделген формальды ішкі талап.
К, Қ
№12.Конфуцийдің моральдық ілімі және алтын ережесі
Конфуцийдің адамзат тарихында ұлы ойшыл ретінде осы күнге дейін сақталуы - оның моральдық-этикалық көзқарастарында. Оның әлеуметтік-саяси көзқарастарының өзі осы моральдың тиістілік шеңберінде каралады.
Конфуций еңбектерінен біз «бес тұрақтылықты» (у-чан) табамыз. Олар: адамгершілік, адамды сүю (жень), әділеттілік (и), әдеттілік (ли), даналық, ақыл-оймен токулық (чжи),сенімділік (сань). Осы бес тұрақтылық арқылы адам дао жолына шыға алады.Конфуций моральдың «алтын ережесін» алғаш көрсеткен деген пікір әдебиетте бар. Оқушы бұл кісіге: «Бір сөйлеммен сіздің моральдық іліміңізді бізге жеткізе аласыз ба?» - деген сұрақ койыпты, Оған ол: «Өзіңе тілемейтінді басқаға да жасама», - деген екен.
Конфуций өзінің моральдық ілімінде «адамдардың өзаралықтығына» «алтын ортаңғылыққа», әке-шеше мен аға-апаны сыйлауға, адамдарды сүюге шақырады. Ол кісі жақсылықтың жақсылық болып қайта оралуына сенген.
Біздің баса көрсеткіміз келетін «тұрақтылық» - ол «ли» (әдеттілік). Конфуцийдің айтуына қарағанда, халық өзінің ғасырлар тарихында қалыптасқан әдет-ғұрыптарын сақтап, сыйлауы керек. Әдет-ғұрпынан айырылған халық тарап кетеді.
Расында да, қазақ халқы бодан болған өзінің тарихында, әдет-ғұрпынан толықтай айырылып қала жаздады. Әсіресе кеңес заманында әдет-ғұрпын сыйлаған адамдарға «ұлтшылдық» таңба тағылып, қудаланған болатын. Сондықтан халықтың «мәңгүрттенуі» де көбінесе осыған байланысты болды.
Бүгінгі таңдағы жаңару үстінде біз өз мәдениетіміздің көп жағымен «қайтадан танысып» халықтық дәрежемізді көтерудеміз.
Конфуцийдің айтуына қарағанда, адамдарды екі түрге бөлуге болады. Олар: «ізгі адам» (цзюн-цзы) және «ұсақ адам» (сяо-жень).
«Ізгі адам» өз алдына үлкен талаптар қояды, ал «ұсақ адам» талапты басқалардың алдына қояды.
Ізгі адамға ұлкен істерді тапсыруға болады, ұсақ адамға сенуге болмайды. Ізгі адам басқа адамдармен тіл тауып, бірақ өмірде өз жолын іздейді. Ұсақ адам басқа адамдармен бірге болғанымен, ұрыс-керіс тудырады. Ізгі адам адамгершілік жолында өзінің өмірін қиюға дайын, ұсақ адам өзінің өмірін ит сияқты орда бітіреді.
№13.Конфуцийдің әлеуметтік – саяси көзқарастары
Конфуций өзінің әлеуметтік көзқарастарында әрбір топтың тарихи қалыптасуында өз орны болуы керектігі және олардың арасындағы қарым-қатынастары әдет-ғұрыптың негізінде ретке келіп отыруы керектігін көрсетті. «Елбасы әрқашанда ел басы орнында, қызметші - қызметші орнында, әке - әке орнында, ұл -ұлдың орнында», - болуы керек дейді ұлы ойшыл.
Сонау көне заманда Кун-фу-цзы заң мен моральдың арасын айқын ашып, өзінің таңдауын моральдық нормаларға, адамдарды зандардың талабын орындауға мәжбүр еткеннен гөрі, адамның сана-сезіміне ықпал жасап, керекті талаптың әділеттілігіне көзін жеткізу арқылы қоғамды басқарған ұтымды деген пікір айтты. «Егер адамдарды заңдардың негізінде жазалап, шектеп ұстасақ, онда олар қылмыс жасамауы мүмкін, бірақ олардың жүрегінде жаман қылықтарға деген жиіркеніш қалыптаспайды. Егер адамдарды моральдық талаптарға сай тәрбиелесек, онда олар өздерінің жаман қылықтары мен пиғылдарынан ұялып, шынайы дұрыс жолға түседі».
«Мемлекеттік істерді қалай жүргізуге болады?» - деген оқушыларының сұрағына Конфуций былайша жауап береді: «Азық-түлік молынан болуы керек, қару-жарақ та жеткілікті болып және қарапайым адамдардың үкімет басындағыларға сенімі болуы керек».
«Егер мемлекет басына күн туса, онда қайсысын құрбан етуге болады?», — деген келесі сұраққа ол былайша жауап береді: «қару-жарақты құрбан етуге болады. Ал тағы да құрбан етуге керек болса? Онда азық-түліктен бас тарту керек. Сонау көне заманнан осы уақытқа шейін адамдар аштықтан өледі. Бірақ халықтың жүрегінде үкіметке деген сенім азайса, онда ол мемлекет тұрақты болуы мүмкін емес». Бұл пікірді біздің қазіргі заманымызға таратып, реформаларға баға берсек, Қытай реформаларының алға басуы -халық пен үкімет басындағы адамдардың арасындағы берік сенімдіктің болуы. Халық саяси-экономикалық шешімдерді жұмыла іске асырады, ал басшылар өз халқына таза пиғылмен қызмет етеді.
№35. Кейінгі қайта өрлеу дәуірінің (XYI-XYII ғғ.) натурфилософиясы: материализм, ғылыми дүниетанымның қалыптасуы, гелиоцентризм (Леанардо да Винчи, Николай Коперник, Дж.Бруно, Галилео Галилей)
Натурфилософиямен қатарласа жаңа жаратылыстану ғылымы дамыды (ірі ғылыми жаңалықтар ашылды, ол ғылыми-техникалық прогрессті көрсетті). Қайта Өрлеу дәуірінің ғалымдары бірінші орынға тәжірбиені, зерттеудің эксперименталды әдісін қойды. Натурфилософияны дамытқандар: Д. Бруно, Б. Телезио, Н. Кузанский, М. Монтень, Н. Коперник, Г. Галилей, Леонардо да Винчи.
Қайта Өрлеу дәуірінің натурфилософиясы – жаратылыстану ғылымдарының пайда болып, дамуын жүзеге асырды. Натурфилософиясы дүниенің суретін қайта жасауға тырысты. Қайта Өрлеу дәуірінің натурфилософиясының негізгі сипаттары:
- пантеизм – Құдай мен табиғаттың өзара теңестірілуі;
- микро және макро космостың теңдігі идеясы, бұл дүниетаным адамның шығармашылық қабілетін табиғатпен теңестіруді негіздейді;
- гилозоизм – барлық болмысты жанды деп ұғыну;
- табиғатты сапалық тұрғыдан түсіндіру;
- материяның өздігінен әрекетшілдігін тұжырымдау.
№32. Қайта өрлеу дәуірінің сипатының философиялық ойда көрініс беруі: дүниеге көзқарастағы секуляризация, өнерге бағыттылық, антропоцентризм, гуманизм, жаратылыстанумен байланыс, натурфилософия және пантеизм
Қайта өрлеу дәуірі (Реннесанс) XV – XVI ғасырдағы феодалдық құрылыстың дағдарысы мен Еуропада капитализм тууын білдіреді. Ренессанс дәуірінде ежелгі антикалық мәдениетке қайту, ежелгі грек-рим мәдениеті мен философиясынан үйрену, сурет пен бейнелеу өнерінде, өнер мен әдебиетте тегіс гуманизмді (адамгершілікті), пантеизмді (табиғат құдайшылдығы), натурфилософияны негіз еткен тың шығармашылық сынақтарын жасау, католик дінінің озбырлықтарына ащы сын айту, дінді реформациялау, протестантизм, гелиоцентризм, утопия, жаңа теңіз жолдарының толассыз ашылуы секілділерде көрініс тапты.
Секуляризация - қоғам мен жеке тұлғаның дін ықпалынан арылуы.
Антропоцентризм - дүниенің орталығына адамды қоятын италяндық Қайта Өрлеудің тұжырымдамасы. Ол Еуропалық Жаңа заман мен ағартушылық идеологиясына әрі өмірлік өлшеміне және гуманизмнің маңызды шартына айналды. Антропоцентризм принципі - адам дегеніміз барлық нәрсенің өлшемі.
Гуманизм (лат. humanus – адамдық, адамгершілік)-адамды біріншіорынға қоятын және тұлғаны ең жоғары құндылық деп қарастыратын тұжырымдама, дүниетанымның принципі.
Гуманизм принципінің негізінде сонау көне заманнан белгілі басқа адамға сыйлы қатынас
идеясы, оны құрал ретінде пайдалануды тыю жатыр. Сондықтан гуманизм идеясы – адами
мәдениет пен өркениет тарихындағыорталық ойлардың бірі.
Натурфилософия– (латынша natura – табиғат) – табиғат философиясы; табиғатты біртұтас қарап, үстірт пайымдау арқылы түсіндіретін ілім. Натурфилософия ерте заманда, ғылыми танымның бастапқы кезеңдерінде елеулі орын алып, философияның тарихи қалыптасуының алғашқы формасы болды. Орта ғасырларда философияда геоцентризм түсінігінің орын алуына орай Натурфилософия ғылымы ой-өрістен христиан, ислам және иудей теологияларына ауысты.
Пантеизм (гр. pan – бәрі, tcheos – құдай) – Құдай мен әлем біртұтас деп танитын, құдіретті табиғатпен бірлікте қарастыратын философиялық ілім; Құдай барлығы деген ілім; бар ғаламды, табиғатты дәріптеу ілімі.Пантеизм табиғаттың ішкі сырларын бейнесіз әлемдік рух деп танып, табиғаттан тыс бастамалардың барлығын жоққа шығарады. Пантеизм терминін философияға алғаш енгізген ағылшын философы Джон Иолланд (1670 – 1722) болды. Ол деизмді өткір сынға алып, дүниенің жаратылуын, жанның мәңгілік екендігін, о дүниедегі өмірдің бар екенін жоққа шығарды.
№38. Қайта өрлеу дәуірінің (XYI ғ.) реформация философиясындағы негізгі идеялары, оның батыс адамының рухани өміріндегі рөлі (М. Лютер, Т. Мюнцер, Ж. Кальвин)
Реформация Батыс Еуропадағы ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. саяси-әлеуметтік, рухани жағдайды айқындайды. Реформация термині сол уақыттағы еуропа қоғамының, саяси, идеологиялық жүйесінде католик шіркеуінің үстемдігін сынауға бағытталған қозғалысты білдіреді. Реформация бұл Батыс Еуропа елдерін қамтыған халықаралық қозғалыс болды. ХҮІ ғ. реформаторлық қозалыс нәтижесінде протестанттық шіркеулер пайда бола бастады. Орта ғасырлық схоластика бір жағынан Ренессанс, екінші жағынан Реформация арқылы өткір сынға алынды. Еуропалық реформаторлық қозғалыс үшін ағылышын реформаторы Джон Виклиф және оның ізбасары Ян Гус ілімі ерекше орын алады. Бұл ілімдер реформаторлық антифеодалдық идеологияның алғашқы көріністері болды. Реформация және Ренессанс ажырамас бірлікте қолданылады, өйткені, олар гуманизмді насихаттады. Сондай-ақ, протестантизм Реформациямен байланысты. 1529 жылы неміс княздары мен Лютерді жақтаушылар дінді таңдау құқығын жойған үкімге қарсы шықты. Осы қарсылықтан протестанттық термині шыққан
№57. Қазақ философиясының ерекшелік сипаты,кезеңдері. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы.
Қазақ философиясында басқа халықтар тәрізді Әлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған. Аспан денелерінің қозғалысына тандана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен айтқанда, көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болған. Бұл - біріншіден. Екіншіден, қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін айтқанда, ескерер мәселе, ол - қашанда олардың еркіндік пен бостандық сүйгіштігі. Қазақ жерінде ешқашанда құлдық болмаған. Үшіншіден, қазақ қашанда теңдік пен әділеттілік мәселесіне қатты назар аударған. Төртіншіден, теңдікке негізделген әділеттіліктен әлеуметтік айырмашылықтар мен әлеуметтік топталу аз болған. Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау халықтың қанына терең сіңген құндылық. Онымен тығыз байланысы бар нәрсе - бар затқа қанағат ету де қазаққа тән қасиет. Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден гөрі жоғары ұстау – ол да көшпенділік өмір салтынан шыққан құндылық. Жетіншіден, өне бойы көшіп-қону барысында қашанда әр қилы қиындықтарды, қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келді. Ол - ерлікті, батырлықты қасиет етуді талап етті. Сегізіншіден, көшпенділердің өмірі өне бойы қауіп-қатерлерден, соқтығыстардан тұрғаннан кейін ол күнбе-күнгі өмірді бағалап, алудан гөрі болуды жаратқан. Әрбір күнді той-думанға айналдыру, өзін шешен сөзбен, даналықпен көрсете білу, әртүрлі сайыстарға қатысу, «сегіз қырлы, бір сырлы болу» бабаларымызға тән нәрселер болған. Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген көңілінің ашықтығы, қиналғандарға риясыз қол ұшын беру - бұл да біздің халықтың керемет қасиеттерінің бірі болып саналады. Оныншыдан, көшпенділердің негізігі құндылықтарының бірі - ата-ананы, үлкендерді сыйлау. Әрине, халықтың мыңдаған жылдар шеңберінде бойына жинаған көп қадір-қасиеттерінің ішінен біз негізгілерін ғана көрсеттік.
№58. Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер.Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ,Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері.Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар,сөз қадірін білетін білікті адам болған.Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туысы болып келетін Арыстанбаб болды.Ол өмірден қайтқаннан кейін Ахмет 17 жасында Йасы қаласына келеді.Дәл осы кезден бастап араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде өлеңдер жаза бастайды.Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне ден қойды.Кейін Бұхара қаласында Жүсіп Хамаданидің діни медресесінде оқыды. Оны тәмәмдаған соң сопылық жолдың біраз ащы-тұщысын татып, көптеген қалаларды аралап, туған шаһары Түркістанға қайтып оралады да,Арыстанбаб қалап кеткен дәстүрді жалғастырды.Осында ол ислам дүниесі кең таныған кемеңгерге айналды.Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, яғни қылуетте өткізді.Бұны Ахмет «Пайғамбар жасына жеттім.Маған одан артықтың қажеті жоқ», - деп түсіндіреді. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. «Диуани Хикметтен» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Яссауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырды. Бұл жайында жергілікті халықта мынадай аңыз бар: «Қожа Ахмет Ясауи мазарын тұрғыза бастағанда қара дауыл қабырғаларын ұшырып әкетеді. Осыдан кейін Ақсақ Темірдің түсіне Қызыр еніп, ең алдымен Ахметтің ұстазы Арыстанбабқа мазар тұрғызу жөнінде аян беріпті. Темір Қызырдың айтқанын екі етпей орындап, содан кейін барып қана өзі ойлаған жұмысына кіріскен екен».Қожа Ахмет Ясауиге тәу етушілер алдымен Арыстанбабтың басына барып түнейді. 1978 жылы қыркүйекте Қожа Ахмет Яссауи республикалық мұражайы ашылды. 1989 жылы тамыздың 28-інде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы» ұйымдастырылды.Түркия елімен арадағы келісім бойынша жүргізілген ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары 2000 жылы аяқталды. 2003 жылы маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-ші сессиясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілді.Мазарда отызға жуық мешіт, кітапхана, залдар бар.
№60. Қорқыт атаның философиялық ой-толғамдары.
Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі.Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді.Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады.Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз.Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз.Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Қорқыт Ата жөніндегі аңыздарда түркі халықтарының өмір мен өлім мәселесі туралы көзқарастары көрініс тапқан. Аңыз бойынша, Қорқыт Ата ұйықтап кетіп, “егер өлімді есіңе алмасаң, мәңгі өмір сүресің” деген аян естиді. Біраз уақыт өткен соң бір баспақты қуып жүріп, жете алмағасын, “Өлсем де, жетемін!” дейді. Соны айтуы мұң екен, Әзірейіл келіп, “Сен өлімді еске алдың, енді өлесің!” дейді. Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі. Ел-жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдарды жолықтырады. “Кімнің көрі?” деген сауалына “Қорқыттың көрі” деген жауап естиді. “Қайда барсаң да Қорқыттың көрі” деген сөз осыдан қалған. Ақыр аяғында жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері – Сыр өңіріне оралады. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп, қобыз аспабын ойлап шығарады. Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт Ата қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған дейді. Бірақ Қорқыт Ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан шығып, оны шағып өлтіріпті дейді.
№89. Қазіргі заманның ғаламдық мәселелері
Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:
Ресурстар проблемасы;
Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;
Энергетикалық проблема;
Демографиялық проблема;
Климаттың өзгеруі;
Экологиялық проблемалар;
«Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;
Қауіпті ауруларды жою;
Әлемдік мұхит пен космосты игеру;
Қылмыспен және терроризммен күрес;
Наркобизнеспен күрес.
Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.
Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік беру.
Қышқыл жаңбырлар.
Ғаламдық негізгі экологиялық проблемалардың бірі атмосферадағы ластаушы заттардың ұзақ қашықтықтарға тасымалдануы. Алғашында бұл проблема радиоактивті заттардың үлкен қашықтықтарға таралуына байланысты пайда болды. Негізінен күкірт диоксиді және оның қосылыстары, азот оксиді және оның қосылыстары, ауыр металдар (әсіресе сынап), пестицидтер, радиоактивті заттар сияқты улылығы жоғары заттардың таралуына баса назар аударған жөн.
Күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің жуылуы күкірт жөне азотқышқылдарының түзілуіне әсер етеді. Бұл үлкен территориялардағы табиғи ортаның жалпы қышқылдануына, айтарлықтай экологиялық өзгерістерге алып келді. Түзілген қышқылда р және олардың қосылыстары жауған жауын- шашынның құрамында, қардың, жер бетіндегі су айдындарында және топырақтың құрамында кездесіп экожүйелерге жағымсыз әсер етуде. Күкірт диоксиді және азот оксидтерімен болатын қышқыл жаңбырлар орман биоценоздарына үлкен зиян әкелуде. Қышқыл жаңбырлардан жалпақ жапырақ ты ормандарға қарағанда қылқан жапырақты ормандар қатты зардап шегеді. Қышқыл жаңбырлар топырақ қышқылдығын тудырады. Нәтижесінде минералдық тыңайтқыштардың пайдасы азаяды. Әсіресе бұл шымды күлгін топырақтарда қатты байқалады. Адам организміндегі алғашқы жағымсыз реакциялар ауа құрамындағы сульфаттардың концентрациясы 6-10 мкг/м3, күкіртті газ - 50 мкг/м3 - ге жеткенде пайда болады. Бұл қосылыстарды әсіресе өсімдіктер өте сезгіш. Қыналардың кейбір түрлері күкірт қышқылының концентрациясы 10-30 мкг/м3, қылқан жапырақтылар - шекті мөлшерден бар болғаны 3-4 есе көбейгенде тіршілігін жояды. Тұщы сулардың қышқылдығы рН < 5,5 (табиғи суларда 5,6-ға жақын) көрсеткіште балықтардың көбеюі төмендеп, рН = 4,5 жағдайда көбею жүрмейді. Қазіргі таңда антропогендік әсерден бөлінетін күкірт диоксидінің мөлшері жылына 150 млн тоннаны құрайды. Көмірді пайдалану күкірттің көп бөлінуіне алып келеді. Жер шарының кейбір аудандарында, әсіресе Европада, Солтүстік Америкада антропогендік күкірттің түсуі көп мөлшерге жетті. Жер бетіне түскен қышқылдар мен сульфаттар топырақ құрамына (топырақтың қышқылдануы), өсімдіктер жабынына, су айдындарының қышқылдануына алып келуде.
Қала экологиясы
Урбанизация (адамның планета территориясын игеруі және өзіне қажетті обьектілерді салуы) табиғатқ а елеулі әсер етеді. Халықтың сапалы тіршілігін қамтамасыз ету үшін оның жолдарын, құралдарын, әдістері мен шешімдерін экологиялық негізделген жағдаймен шешуді Урбоэкология (қала салудағы экология) саласы қарастырады. Қалалардағы адам мен табиғат үшін қолайлы ортаны сол жерде өмір сүретін тұрғындардың психологиялық, әлеуметтік жайлылығы, қаланың үйлесімді, орнықты әлеуметтік және экономикалық дамуы қамтамасыз етеді. Қалалық орта сонда тұратын халық үшін жоғары дәрежеде және әрқалай әсер ететін табиғи, табиғи-антропогендік және әлеуметтік-экономикалық кешенді факторлар болып табылады. Адамның қаладағы өмірі - бұл пәтер ішіндегі ортаның, пәтерден тыс ортаның (өндіріс орыны, көше, транспорт және т.б), мәдени ландшафтар ортасының (бақтар, саябақтар), табиғи ортаның, сондай-ақ әлеуметтік-психолоғиялық және әлеуметтік-экономикалық орталардың жиынтығы.
Жер бетіндегі адамдардың көпшілігі күнделікті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы қалада тұратыны мәлім. Алайда қалалар негізгі экологиялық мәселелердің де орталығы болып табылады. 2001 жылы тарихта алғаш рет қалалардағы тұратын халық саны планетадағы адамдардың 50%- нан асты. Болжамдар бойынша 2030 жылға қарай қалада тұратын адамдардың саны ауыл тұрғындарының санынан 2 еседей көп болады деп күтілуде. Соңғы ғасыр ішінде қалаларға байланысты ауқымды экологиялық қиыншылықтар байқала бастады, олар:
көптеген қалалардағы ластанудың өсуі, ластағыштардың
қоршаған орта мен адам организміне түсуі;
қала аумақтары мен қала халқы санының өсуі, халықтың
тығыз орналасуы, мегаполистердің халық саны ондаған миллионға жететін одан да ірі урбоареалдарға айналуы;
табиғатты ығыстыру, табиғи ландшафтардың жасанды
ландшафтарға ауысуы;
адамның табиғатпен тікелей байланысының (көзбен, иіс
сезу, түйсік, дыбыс арқылы) жоғала бастауы, табиғи сезім мүшелерінің жағымсыз жасандыға ауысуы және олардың қарқынды түрде өсуі;
адамның табиғи биологиялық ырғағына әсер (түннің шектен
тыс жарық болуы, шуыл, ұйықтау орнына түнде жұмыс істеу және т.б.).
№90. "Қазақстан-2050" Стратегиясы
"Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бағдарламаның қарастыратын істері
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм;
Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау;
Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік;
Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары;
Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту;
Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;
Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.[1]
ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері[өңдеу]
Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі
Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік
Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер
Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы
Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік
Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы
Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция
Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық
Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы
Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі
Л
№14.Легизм философиясының сипаты, қағидалары.
Легизм (заңшылдар немесе Фацзия мектебі) Көне Қытайдың тағы да басқа әлеуметтік ілімі.
Легизмнің негізін қалаушы Шан Ян мен Хан Фэй болған .(390-338 б.э.д) (288-233б.э.д)ЦиньШи Хуа императорының кезінде (ІІІ ғ б.э.д) Легизм ресми идеология болды.Легизмнің негізгі сұрағы: Қоғамда қалай басқару? Легистер заңға сүйенетін мемлекеттік зорлау арқылы бақару керек дейді.Сонымен , легизм –нақты мемлекеттік биліктің философиясы болып табылады.
Легизмнің негізгі постулаттары .
Адам бастапқыдан қатал табиғатқа ие адами қылықтардың қозғаушы күші жеке эгоистік мүдделер болып табылады. Тәртіп бойынша,жеке инвалидтердің мүдделері өзара қайшы келеді.Тұтас қастықтан, дауласудан қашу керек, қоғамдық қатынастарға мемлекет араласуы қажет.Мемлекет (армия мен шен ) заңды тыңдаушы азаматтарды қорғап, заңға бағынбағандарды қатал жазалауы керек. Көптеген адамдардың заңдық тәртібінің негізгі стимулы – жазалаудан қорқу болып табылады.Заңды және заңсызтәртіптерді шектеудің негізі заң.
Заң барлығына бірдей болуы керек, ал жазалауды бастыққа да, қарапайым адамға да егер ол заңды бұзсса қолдану.Мемлекеттік аппарат пен кәсіби мамандардан қалыптасуы қажет.Мемлекет –қоғамды реттейтін басты механизм, сәйкесінше қоғамдық қатынастарға экономикаға азаматтардың жеке өміріне құқығы.
№55. Л.Фейербахтың антропологиялық материализмі: «болашақ философиясының пәні мен міндеттері,сенсуализмі, дінді сынау, сүйіспеншілік философиясы
Фейербах Людвиг-классикалық неміс философиясының ірі өкілі. Неміс материалист философы және атеисі. Оның басты еңбектері: «Христиандықтың мәні», «Болашақ философиясының негізгі қағидалары», т.б. Ол дүниенің материядан тұратынын мойындап, табиғатгтың санадан тыс, оған бағынышсыз екенін дәлелдеді. Ол рух пен дене арасының алшақтығын жойды. Фейербах болмысты - бастауыш, сананы баяндауыш деп қарады. «Шындық - идеализмде емес, материализмде емес, шындық тек антропология», - деп жазды Фейербах. Бірақ ол өзінің антропологиялық материализмінің нағыз метафизикалық материализм екенін байқамады. Таным сезімнен басталады, -деп уағыздады Л. Фейербах. Шындықтың дәйегі – оның іштен туған санаға сай келуі деп түсінді. Бұл онын идеализмге жасаған орынсыз кешірімі болатын. Л. Фейербах Гегельдін идеализмін орынды сынай отырып, оның диалектикасының мәнін түсінбей, оны керексіз деп, теріске шығарды. Л. Фейербах христиан дінін де орынды сынады, бірақ діннен ол біржолата кол үзбеді. «Болашақ философиясының негізгі қағидалары» деген еңбегінде Л. Фейербах қоғамның қозғаушы күші – адамның адамға сүйіспеншілігі, әсіресе, ерлер мен әйелдер махаббаты деп түсінді. Осындай байланысты ол дін деп қарады. Бұл да Л. Фейербахтың идеализмі болатын. Л. Фейербах Гегельдің идеалистік философиясын сынап талдағанымен, айналып келгенде, ол әсіресе қоғамтануда идеализм шеңберінен шыға алмады
М
№56. Марксизмфилософиясының жалпы сипаты:диалектикалық және тарихи материализм
Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалық неміс философиясы,классикалық ағылшын саяси экономиясы жәнефранцуз утопиялық социализм ілімі.Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды. Философия саласында марксизм табиғат, қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдарын (қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, терістеуді терістеу заңы, т.б.),Гегельдің идеалистік философиясы ережелерін тұжырымдап, қоғамды, ең алдымен, экономиканы талдау кезінде қолданды. Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары-қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысындажұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік формациялардан тұрады.
№69. М. Дулатұлының дүниетанымдық көзқарастары
Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері . М.Дулатовтың өмірлік мақсатының нысанасы, туған халқының бостандығы, өзін-өзі билеуі, отарлық езгіден құтылуы, ол қуғын-сүргін көріп, түрмелер азабын тартып жүрген азапты күндерінің өзінде ол жолдан тайған жоқ. Дулатовтың даңқын қазақ арасы ғана емес, Россиядағы түрік әлеміне тұтас жайған «Оян қазақ» 1909 ж.Ол өзінің ақындық, журналистік қызметін ұлт мәселелерінің өзекті істеріне арнады. Халықтың тағдырын ойлап, толғанып, елдің бірлігін, бірауыздылығын арттыру, заманның ыңғайына қарай қам жасау, харекет қылу, талаптану, адал қызмет қылу, жастарға білім беру, ғылым үйрету, мұсылманшылық жолын ұстау, орыс тілін,, өнерін білу секілді аса маңызды қоғамдық мәселелерді қозғайтын өлеңдерінен азамат ақын, жалынды публицист, батыл күрескер, қажырлы қоғам қайраткері. Қазақстан бостандық алғаннан кейін ғалымдар Міржақыптануға өз үлестерін қосты.
№80. Материя ұғымы, материя өмір сүруінің атрибуттары
Материя ұғымы (лат. materia – зат) категориясы философияға объективтік реалдылықты, шындықты белгілеуге енгізілген.«Материя» категориясы – бұл абстракция. Жалпы адам, жалпы өсімдік, жалпы құс, жалпы оқу мекемесі және осы сияқты жоқ болғандай, жалпы материя деген де жоқ. Сонымен бірге материяны оның белгілі бір нақты түріне – заттардың бөлшектеріне, сезіммен қабылданатын денелерге т.б. теңемейді. Материя дегеніміз – кеңістік пен уақытта өмір сүріп, қозғалыста болатын, сарқылмас көп қасиеттері бар алуан түрлі объектілер мен жүйелердің (системалардың) сансыз көп жиынтығы. Біздің сезім мүшелеріміз барлық реалды материя формаларының ең болмашы бөлігін ғана қабылдай алады.Қазіргі кезде ғылымдардың жаңа жетістіктеріне байланысты материяның атрибутивтік түсінігі дамуда. Оның мағынасы барлық материалдық объектілерге (Күн жүйесі, жер қыртысы, әлеуметтік институттар және т.с.с.) тән «жалпылық» немесе «атрибутты» белгілеу. Материяның атрибуттық қасиеттері (белгілері).1)Қозғалыс-жалпы кез келген өзгеріс,қозғалыс абсолютті,тыныштық салыстырмалы (тыныштық моменті).2) Өзіндік ұйымдасу (самоорганизация)- материяның сыртқы күштердің қатысуынсыз өзін өзі жасауы,жетілдіруі,қайтадан өндіруі(синергетика).3) Кеңістік пен уақытта орналасуы-бар объектілердің орналасу тәртібі,олардың созымдылығы, бірін-бірі ауыстыратын құбылыстардың тізбектілігі және ұзақтығы. 4) Бейнелеуге қабілеттілік-Нәрселердің өз құрылымында («денесінде») басқа нәрселердің әсерін, ізін қалдыру, белгілеу(сыртқы әсерге жауабы). Бұл обьективті реалдықты білдіретін адам санасынан тәуелсіз тірішілік ететін материя- түйсіктер арқылы сезілетін обьективтілік. Материяда болмыс категориясы нақтыланады. Материя мәңгі шексіз жоғалмайды, күнделікті қозғалыста болады. Ол өзіне өзі себептеген материяның атрибуттарын білдіреді. Материяның атрибуттары материяның обьективтілігіне тән қасиет. Материяның негізіг формасы уақыт, қозғалыс. Бұл материя тіршілігі жалпы және обьективті формасы. Ол бір мезетте тіршілік ететін орын тәртібін білдіреді. Уақыт узактыгы бір олшемдігі қайта айналмауды және жалғастықты материя тіршілік обьективті түрі. Қозғалыс материяның тіршілік ету тәсілі демек ол материя сияқты мәңгі жоғалмайтын бір формада басқа формаға өту үшін жалпы және абсолютті.
МАТЕРИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕРІ .Материяның құрылымдық даму деңгейі
Табиғат Қоғам Неорганикалық табиғат: элементарлы бөлшектер, галактика
Органикалық табиғат ДНК, РНК, белок, атомдар, молекулалар, клетка, организм Адам, жанұя, әлеуметтік топ, этнос, халық
МАТЕРИЯНЫҢ ФОРМАЛАРЫ .Материя формалары ТүрлеріКеңістік Физикалық үш өлшемді кеңістік Трансфизикалық көп өлшемді кеңістік Уақыт Физикалық бір өлшемді уақыт Трансфизикалық көп өлшемді уақыт Заттар (вещество) Кварктер, протондар, нейтрондар, атомдар, молекулалар және т.б. Физикалық өріс Гравитациялық өріс Электромагниттік өріс Әлсіз ядролық өрі Күшті ядролық өріс.
Материя өмір сүруінің атрибуттары.
Материалдық әлемнің басы, соңы жоқ, ол ұдайы даму, ұдайы өзгеру, ұдайы қалыптасуда болып отырады. Материяға біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік тән. Әлемнің әр түрлі бөліктері мен қырлары өзара тікелей немесе бір бірі арқылы байланысқан – табиғат пен қоғам, тұлға мен тап. Материяның өмір сүру тәсілі - қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз кез келген өзгеріс. Қозғалыс объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі. Қозғалыс көп түрде болады. Ф.Энгельс қозғалыстың негізгі бес түрін көрсетіп, жүйелеген еді. Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік деп аталған. Қозғалыстың ең қарапайым түрі механикалық қозғалыс, ол заттар мен құбылыстардың кеңістікте орын алмастыруын білдіреді. Әлеуметтік қозғалыс қоғам өміріндегі шым-шытырық құбылыстар мен процестерді бейнелейді.
Кеңістік пен уақыт
Материя кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Уақыт дегеніміз заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзындығын, олардың әр түрлі жағдайының ауысуын білдіреді. Ол оқиғалар ағымы. Платонның сөзімен айтсақ “Мәңгіліктің қозғалу бейнесі”. Әр түрлі материалдық обьектінің өз уақыты бар. Сондықтанда физикалық, әлеуметтік уақыт болады. Уақыттың үш өлшемі бар: қазіргі, кешегі және болашақ. Уақыт ұдайы алға ұмтылады , ешнәрсе, ешкім оның обьективті бағытын өзгерте алмайды. Оны тоқтатуға болмайды. Қоғамда уақыт ағысы жылдам және күрделі. Ол адамның іс әрекетімен тығыз байланысты. Уақыт - тіршіліктің мықты да аяусыз өшірушісі, сонымен қатар оны жаратушысы да. Уақытша деген ұғым өткіншілікті жоғалып кетуді білдіреді. Керісінше, мәңгілік ұғымы ұдайылықты, ұдайы болып отыруды меңзейді. Адам өмірі биологиялық тұрғыдан өткінші. Сондықтан да ойлы адам өзінің өмірінің жүгіртпе секундтарына жоғарыдан қарай алмайды. Ол өзінің бұл дүниедегі өткінші жағдайын жақсы түсініп, өз өмірінің мән мағынасы, мақсаты туралы ойланып, толғанады. Әлеуметтік кеңістік пен әлеуметтік уақыт бұл адамның іс - әрекетінің бүкіл дүние жүзілік тарихы. Адам уақыттың есебін жүргізбей өмір сүре алмайды. Мұндай есеп жүргізудің әдістері тым ерте ойлап табылды. Кеңістік - заттар мен құбылыстардың бір - бірімен қатар орналасу, өзара әрекеттесу ретін білдіретін философиялық ұғым. Дүниедегі заттардың барлығы да, кеңістікте орналасқан. Кеңістіктің негізгі бірліктері - нүкте, көлем, ұзындық, қашықтық. Кеңістік объективті, өйткені ол материяның ажырамас қасиеті. Кеңістіктің үш өлшемі бар, ол ұзындығы, ені және биіктігі. Бұл өлшем тек заттық формаға ғана тән емес, әр түрлі процестерге де тән. Уақыт пен кеңістік бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, уақыт оның төртінші өлшемі болып табылады. Кеңістік пен уақыт туралы ұғым мифтік дәуірдегі дүниетанымдық жүйесінің негізгі түпқазығы болып табылады. Дәстүрлі мәдениет үлгілерінен уақытты игеру әрекетінің көптеген мысалын табуға болады. Уақытты тоқтату талпынысы дәстүрлі салтты қайталау арқылы іске асады. Болмыс, материя, қозғалыс ұғымдары дүние дегеніміз бір-бірінен оқшау тұрған заттар мен құбылыстардың ретсіз жиынтығы емес, тұтас байланысты бірліктегі құбылыс екендігін айқын көрсетіп отыр. Өлі табиғат пен тірі табиғат арасында өзара тылсым байланыс пен бір-біріне өту бар. Қоғам өмірі, оның заңдылықтары өзінің материалдық негізі болып табылатын табиғатпен тығыз байланысты. Жердегі тіршілік космос әлемімен байланысты. «Адамның мәңгі арқа сүйейтін, рухани - тірегі-ол жарық Дүние, осы жарық Дүние мен өмірдің ажырамас мәңгі біртұтастығын сезіну - түсіну. Осы сезіну-түсіну әр адамның таным -білімінің ең терең деңгейі болып табылады. Сондықтан адаммен әр уақытта бірге өмір сүретін арқа сүйеудің күші мен мәңгілігіне еш уақытта күмәндануға болмайды. Осы тірек әр адамға өмірдің ерекше тереңдігін сыйлайды, өйткені әр адам өмірді өзі жеке, жеке мүмкіндіктерімен қабылдай отырып, оның мәңгілігіне, дүниенің мәңгілігіне өз өмірінің (ұрпағының) баласының өмірі арқылы мәңгі жалғаса беретініне сенеді. Адамның рухани, мәңгі тіреуі - бұл жарық Дүниені ешнәрсемен салыстыруға болмайды. Сондықтан да қазақтар естіртіп те және естіртпей де өзінің арқа сүйеуі Жарық Дүниеге - О, Жарық Дүние-ай, деп сиынып отырады”-деп жазды Қ.Ш. Нұрланова. Қорыта айтқанда, дүниенің ғылыми картинасы ұғымы: 1) біртұтас дүние жайлы біртұтас білімді білдіреді; 2) олар фундаменталдық сипатта болады; 3) жалпы заңдар мен принциптер негізінде бір жүйеге келтірілген; 4) ол өлі табиғат пен тірі табиғатты да әлеуметтік өмір мен адамның өзін де қамтиды; 5) ол практикада әбден тексерілген, объективтік ақиқатты білдіретін білімдер; 6) айтарлықтай тұрақты; 7) ғылыми танымның алдағы дамуында, соның негізінде жаңа білімдердің тууында эвристикалық роль атқаратын білімдер”.21 Дүниенің ғылыми картинасына жақындау ұғым “әлем үлгісі” категориясы. В.Н. Топоровқа сүйеніп, бұл ұғымды кеңінен пайдаланған Ж.Ш.Резин. Әлем үлгісі дегеніміз - өмірде бар заттар мен құбылыстарды түсіндірудің жалпы және қарапайым бейнесі. Үлгі әрдайым нысанды түгелдеу емес, оның белгілі бір жақтарын, функциялары мен қалып - күйін туындатады, бұндайда таңдау ісінің өзі танымның маңызды буыны болып табылады. Әлемді игерудің көне әмбебап тәсілдерінің бірі болып табылатын үлгі жасау дүниенің ғылыми картинасын жасау жолындағы алғашқы қарапайым қадамдардың бірі болып табылады. Өйткені, оған да біртұтастық, жүйелік тән, ол да дүниенің біртұтастығын, ажырамас бірлігін түсіндіруге тырысқан. Физикалық әрекеттесу - байланыс, өзара әрекеттесу және қозғалыс материяның негізгі атрибуттары. Дененің барлық қасиеттері өзара әрекеттесуден шығады және олардың құрылымдық байланыстарының нәтижесі болып саналады.Өзара әрекеттесу деген уақыт пен кеңістік шеңберінде бір объектіге материя және қозғалыс алмасуы арқылы әсер етуі.Әрбір өзара әрекеттесудің негізіне заттардың өздеріне ең басынан қатысы бар қасиеттер жатады. Бөлшектердің өзара әрекеттесуге қабілеттерін тасушы, әрі өзара әрекеттесудің сандық өлшемі заряд болып табылады. Зарядтың ең кіші дискреттік шамасын (квантты) жекелеген заряд ретінде қарастырады. Өзара әрекеттесу күші кез кел-ген жағдайда әрекеттесетін екі бөлшектің көбейтіндісіне тура пропор-ционал, ал өте күрделі түрде бөлшектердің арасындағы қашықтыққа байланысты.Қазіргі көзқарастар бойынша, кез келген өзара байланыс турінің өзіндік физикалық агенті бар, яғни онсыз өзара әрекеттесу болмайды. Заттардың бір-біріне тартылуы немесе тебілуі оларды бөліп туратын орта арқылы беріледі. Ондай орта - вакуум. Өзара әрекеттесу теория-сын жасаған кезде процестің белгілі бір жобасы пайдаланылады: фермион - заряд бөлшектер маңында бозон-бөлшектерін тудыратын өріс қалыптастырады. Екі реальды бөлшек белгілі бір әрекеттесу радиу-сында бір-бірімен қозғалмалы бозондарымен алмаса бастайды, яғни бір бөлшек бозон бөлген кезде екіншісі оны жутып, өз бозонын оған береді немесе керісінше, бозондармен алмасу бөлшектердің арасында тартылу немесе тебілу қубылыстарын қамтамасыз етеді.
Н
№34. Николай Кузанскийдің философиялық идеялары: натурфилософия және пантеизм, «ғылымпаздық» (ученого незнания) концепциясы
Натурфилософиямен қатарласа жаңа жаратылыстану ғылымы дамыды (ірі ғылыми жаңалықтар ашылды, ол ғылыми-техникалық прогрессті көрсетті). Қайта Өрлеу дәуірінің ғалымдары бірінші орынға тәжірбиені, зерттеудің эксперименталды әдісін қойды. Натурфилософияны дамытқандар: Д. Бруно, Б. Телезио, Н. Кузанский, М. Монтень, Н. Коперник, Г. Галилей, Леонардо да Винчи.
Қайта Өрлеу дәуірінің натурфилософиясы – жаратылыстану ғылымдарының пайда болып, дамуын жүзеге асырды. Натурфилософиясы дүниенің суретін қайта жасауға тырысты. Қайта Өрлеу дәуірінің натурфилософиясының негізгі сипаттары:
- пантеизм – Құдай мен табиғаттың өзара теңестірілуі;
- микро және макро космостың теңдігі идеясы, бұл дүниетаным адамның шығармашылық қабілетін табиғатпен теңестіруді негіздейді;
- гилозоизм – барлық болмысты жанды деп ұғыну;
- табиғатты сапалық тұрғыдан түсіндіру;
- материяның өздігінен әрекетшілдігін тұжырымдау.
№37. Никколо Макиавеллидің саяси философиясы: саяси билік теориясы
Никколо Макиавелли (1469-1522 жж.)
Еңбегі: «Билеуші»
Ол адам табиғатының зұлымдығын жоюға көмектесетін, қоғамға қажетті тәртіпті орнататын зайырлы мемлекетті құрудың қажеттілігін тұжырымдаған.
Күшті мемлекетті құрудың жолдарын іздестірді. Макиавелли мынандай сұрақтарды қарастырды: «Не жақсы: сүйіспеншілік тудырған жақсы ма, әлде үрей ме?», «Билеуші өз сөзінде тұрғаны дұрыс па?», «Билеуші өзіне халықты бағындыруы үшін өзін қалай ұстауы қажет?», «Билеушінің кеңесшілері кімдер болуы керек?», «Жағымпаздардан қалай құтылу керек?» және т.б.
Макиавелли идеялары күшті мемлекет құру үшін мемлекеттік билікті күшейту және өзінің саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін тіпті антигуманды құралдарды қолдануы,билікті шексіз пайдалану,моральға бағынбау арқасында макиавеллизм деген атауға ие болды. Билеуші күшті мемлекетті құру жолында өзінде арыстан мен түлкі қасиеттеріне ие болуы қажет. Ол саясат пен діни түсініктер ара жігін ашты. Саясатты дін немесе мораль емес,өмір заңы мен адам психологиясы айқындайды. Адам өз күшіне сеніп, тағдырын жасауы тиіс. Саясат адам ерікі мен мінез ерекшелігінің жемісі. Сатқындық, өлтіру, арбау, күнә жасау, қатыгездік, уәдесін бұзу – мемлекеттік билікті нығайтуға бағыталған саясатта қолдануға болатын жағдайлар деп тұжырымдады.
№50. Неміс классификалық философияның ерекшеліктері, жалпы сипаты мен жетістіктері
Неміс классикалық философия – Жаңа заман батыс философиясының жоғарғы жетістігі. XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басында Батыс Еуропа елдерінде көптеген өзгерістер мен жаңалықтар болды. Ғылым мен техника жоғарғы дәрежеде дамыды. Осы кезе Неміс жерінде әдебиет пен өнер, ғылым мен мәдениет ерекше даму деңгейін көрсетті. Сөйтіп неміс жерінде жаңа класикалық философияның озық үлгісі жасалды. Неміс классикалық философиясының әрбір өкілі ерекше бай идеялар мен концепцияларға толы етіп жасады, соымен қатар олар өздерінің рухани бірлігін көрсете білді. Неміс классикалық философиясына мынандай жалпы сипаттар тән болды:
1. философияның рөлін өзіндік ерекшеліктермен түсіндіру, олар философияның рөлін мәдениетке сыни көзқарастармен түсіндіріп, философияның негізгі сұрағы ойлаудың болмысқа қатынасы екендігін анықтады;
2. Неміс классикалық философиясы бүкіл философия тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйене отырып, сол кедегі қоғамдық дамуды терең талдады;
3. Неміс классикалық философиясы жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының, логиканың шығуына түрткі болды.
4. Неміс классикалық философиясы ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша отырып, танымдағы субъектінің рөлін айқындады.
5. Неміс классикалық философиясы таным теориясындағы субъект пен объектінің диалектикалық арақатынасын ашып, теоретикалық ойлау формасын жаңа сатыға көтерді.
6. Философияға нақты катигориялар мен идеялардан тұратын ерекше философиялық пән ретінде қарады, сөйтіп философиялық катигориялардың атқаратын рөлін көрсетті.
7. Неміс классикалық философиясы гуманизм мәселесінің философиялық рөхлін айқындай отырып, адамзат өмірінің әрекетін талдауға тырысты. ХVІІІ ғ. Француз ағартушыларынан кейін адамның табиғат пен рухқа қожайын екенін айтты, ақылдың жасампаздығын, тарихи процесстің заңдылыққа сүйенетіндігін тұжырымдады.
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы – Иммануил Кант (1724-1804) болды. Қолөнершінің семьясында, Кенигсберг қаласында туылған. Оның өмірлік ұраны: «Шыдамдылық және өзіңді ұстай білу». Канта философиясы трансцендентальды идеализм деген атау алды. Сонымен немістің трансцендентальді-сыни философиясын бұрынғы батыстағы екі мың жылдық философиялық тарихтың қорытындысы, жаңа еуропалық рационалистік философияның жоғарғы, шешуші буыны деп түйсінуге болатындықтан, жүйелі бүтіндік пен аяқталғандық, әлем құрылымының жаратылыстану бойынша да тәртіпке енгізілуін басшылыққа алуды және оған рационалдық тұрғыдан келуді негіздегендіктен ол «классикалық» деп аталған.
№78. Н.А.Бердяевтың діни экзистенциализмі
Николай Александрович Бердяев (1874-1948) - орыс философы, экзистенциалист.Оның философиясының негізі - еркіндік. Еркіндікпен бір қатарда шығармашылық, тұлға, рух, Құдай ұғымдары тұрады.[1]Бердяев ұлт пен мәдениет, мөдениеттегі жалпыадамзаттық және ұлттық бастаулар, мәдениет және өркениет, соғыс сияқты" бегейлі мөселелерді талқылауға көп көңіл бөлді. Орыс рухы туралы пайымдауларында Бердяев орыс pухының пейзажы" орыс жерінің "пейзажына" сәйкес келеді - деді. Сонымен бірге, Бердяев орыс халқына тән бюрократгық орталықтандырылған билікгі жақтау, саяси өмірдегі стихия мен иррационалдылық, ұйымдастыруға әлсіздік сияқты ділдік белгілерді атап өтгі. "Орыс халқыңда, - деді Бердяев, - кез келген мәдениетке, тұлғалық бастауларға, оның құқықтары мен абыройлығына, барлық құндылықтарға қарсы мистикалық толассыз қарсы әрекет бар . Жалпы орыс мәдениетіне, оның пікірі бойынша амбиваленттік тән. Бердяев орыс халқындағы мейірімділікті, тынымсыз адамгершілікті жоғары бағалады. Сондықтан 1917 жылдан кейін рухани мәдениетті талкаңдау ұзаққа созыла алмады, түбіңде мәңгі рухани күш қайтадан құдіретіне енеді, - деді. Басқа да орыс философтары сияқты Бердяев "мәдениет" және өркениет ұғымдарын бір-бірінее ажырта қарастырады.Адам экзистенциалистік әлемнің ортасы болып табылады. Алайда еркіндік болмыстан бөлініп кете алмайды, ол болмысқа дейін болатын нәрсе, яғни болмыс еместен шығады. Адам құдайдың және анықталмаған еркіндіктің перзенті. Сондықтан құдай-жаратушы болмысқа үстемдік ете алады, ал болмыс емеске, анықталмаған еркіндіктің алдында дәрменсіз. Еркіндік құдай мен адамнан аластатылған. Бірақ шығармашылық еркіндіктен шығатын болғандықтан жаңа діни кезеңге жол ашылады.
Оның шығармасындағы негізгі идея антропозиция, яғни адамды шығармада ақтау немесе шығарма арқылы ақтау. Ол көне өсиеттің «діни шығармашылықтың кезеңі» бөлімінде айтылады. Бірақ, Бердяев бойынша үшінші ашылымды күтпеу керек, оны адам жасау керек. Сондықтан құдай жаратушы барлық болмыстан күшті. Бірақ болмыс еместе, жасалмаған еркіндікте ешқандай күші жоқ. Бұл еркіндік түбінде жамандықтың көзіне айналады. Бұл бағыттың көрнектіөкілдері С.Н.Булгаков, И.А.Ильин, С.Л.Франк, Л.П.Карсавин, Н.О.Лосский. Орыс философиясындағы діни-идеалистік бағыт 1922 жылға дейін өмір сүрді. Себебі, саяси жағдайларға байланысты көптеген көрнекті өкілдері жер аударылып кеткен.
О
№25. Ортағасырлық Батыс Еуропа философиясы, философия мен теологияның принциптері: теоцентризм, креационизм, провиденциализм
Ортағасырлық Батыс Еуропа философиясы – Рим империясының күйреуімен байланысты (5ғ.) капиталдық қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін
(14 — 15 ғ.) өмір сүрді. Ортағасырлық философия дінмен байланысты дамыды.
Теоцентризм - барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш - Құдай арқылы түсіндіру. Орта ғасырларда теоцентризм ұстанымына сәйкес Құдай бүкіл әлемнің орталығында болды. Құдай бүкіл болмыстың, берекенің бастамасы болып табылады, өмірдегі ең негізгі мақсат – ол құдайға құлшылық деп көрсетеді. Орта ғасырларда Құдай мен дін философияның басты объектілері ретінде саналды.
Креационизм – Құдай тірі және өлі табиғатты жоқтан жаратты деген принцип. Биологияда органикалық дүниенің көп түрлілігі, теологиялық және дүниетанымдық түсінік (өмір), органикалық өмірдің негізгі формалары, адамзат, Жер планетасы, сонымен қатар әлемнің өзі де, Құдай құдіретімен жасалды деп уағыздайтын көзқарас. Ол биологияда түр өзгермейді, эволюциялық дамымайды деп қарайды. 18-19 ғасырлардың басында көптеген зерттеушілер осы көзқарасты қолдады. Бірақ Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі креационизмге қирата соққы берді. Ол биологиялық түрдің өзгеретіндігін дәлелдеп, олардың өзара байланыстылығын ашты.
Провиденциализм – әлемдік оқиғаларды, тарихты, адам әрекетін құдай басқарады деген көзқарастар жүйесі. Провиденциализм барлық діни жүйелерге әсіресе христиандық пен исламға тән. Орта ғасыр тарихшылары шығармаларында тарих құдай құдіретінің көрінісі, адамдардың іс-әрекеттері арқылы байқалатын құдай ісі деп дәлелдеді.
№26. Ортағасырлық Батыс Еуропалық философиясының негізгі фазалары мен формалары: патристика және схоластика
Орта ғасыр философиясының патристика және схоластика деп аталатын маңызды кезеңдері бар.
Патристика дәуірі I-VI ғасырларды қамтиды. Патристика – қасиетті жазбаларда белгіленгендей, жүйелі догмаларды жасау кезеңі болды.Ұлы Василий, әулие Августин, Григорий Нисский, Тертуллиан, Ориген және тағы басқалары христиан дінінің негізгі догматтарын жасаған.Патристиканың негізгі мәселелері: Құдайдың мәні және ақылдың, грек даналығы мен христиан әулиелігінің өзара қарым – қатынасы, тарихты белгілі бір мақсатқа ұмтылушылық деп түсіну және осы ақырғы мақсатты анықтау, адамның ерік бостандығы және оның жанын құтқару, әлемдегі зұлымдықтың шығу себептері, оны құдайдың қабылдауының себептері.
X-XV ғасырларда схоластика дамиды. «Схоластика» сөзі «мектеп», яғни «оқу» философиясын білдіреді. Патристика дәуіріндегі негізгі мәселелер одан әрі зертеледі, толықтырылады, жүйеленеді. Схоластика – бұл кезеңнің негізгі міндеті діни догмаларды негіздеп, дәйектеп, қорғау болды. Схолостикалық философияның әдісі – ақыл көмегімен, яғни философия арқылы ақиқатты анықтау болды. Схоластикалық ойлау мәні жағынан 2 мәселеге шоғырланды: 1) әмбебаптылық мәселесі бойынша номинализм мен реализмнің таласы; 2) Құдайдың бар екендігін дәлелдеу. Өкілдері – Эриугена, ұлы Альберт, Фома Аквинский, Росцелин, Абеляр, Ансельм Кентербийский. Схоластикалық философия христиан ілімін тек сенім арқылы ғана емес, ақылдың көмегімен де игеру қажеттігін мойындайды. Философия ғылыми дәрежеге көтеріледі. Антикалық философияға көңіл бөлінеді, оның көптеген ұғымдары мен категориялары христиан философиясын дамытуда кеңінен қолданылады.
№29. Ортағасырлық араб-мұсылман философиясының қалыптасуы және сипаты
Араб философиясы — орта ғ-ларда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философиялық ілімдерінің жүйесі. Араб философиясы шығу тарихы мутазилиттер қызметімен байланысты. Басты назарда Аристотель философиясы болды. Аристотель философиясы кейде мұсылман философиясы немесе араб тіліндегі философия деп те аталды. Себебі бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі, т.б. халықтар өкілдерінің философиялық көзқарастары да енеді. Араб философиясының қалыптасуының негізгі бағыттары:
Калам - исламдағы діни-саяси ағымдардың пайда болуымен қатар
дамыған дискуссиялар, мұсылмандардың басқа сенім өкілдерімен, христиан
өкілдерімен пікірталасы. Бұл пікірталаста құдайдың мәні, құранның негізі,
құдайдың жазуы, бостандық мәселесі қаралды. Каламда екі бағытты атап
көрсетеміз: ерте калам-мутазализм, кейінгі калам - ашаризм.
Мутазалиттер (ерекше, айрықша) - ХІ ғасырдың бірінші
жартысында гүлденген калам мектебінің өкілдері. Олар Алладан басқа ешкімді
мойындамайды, ең құдіретті Алла. Сондай-ақ мутазализм-шийттердің идеялық
ағымы болып табылады. Мутазализмнің атақты өкілдері ал-Алляф, ан- Наззам,
ал-Джахисс.
Суффизм - исламдағы мистикалық аскеттік ағым. Адам үшін жоғарғы
игілік адамның қоршаған ортадан, барлық қызықтан бас тартуы. Өкілдерінің
бірі Қожа Ахмет Яссауи.
Шығыс перипатетизмі - Аристотель еңбектерін насихаттау талқылау жасаған философиялық мектеп. Мұның басында әл-Кинди (IX ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр.
№79. Онтология болмыс туралы философиялық ілім ретінде : болмыстың негізгі формалары.
