- •Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-
- •Вайшешика
- •1. Атомистер
- •2. Милеттік мектеп (физиктер )- Фалес, Анаксимандр, Анаксимен.Милетті мектеп Ежелгі Грецияда б.Э.Д 6 ғ әрекет етіп, өзі қалыптасқан өаладан өз атауын алды. Милетта орта азиядағы ірі сауда полисі .
- •3. Эфестен шыққан Гераклит (6 ғ аяғы мен 5 ғ басы б.Э.Д)-философиялық бағыттың негізін қалаған ірі көне гректің материалист философ алғашында логикалық мектепке жататын.
- •Xvііі ғасырдың аяғы кезеңінде неміс жерінде философия жаңа толқынмен дами бастады. Бұл кезеңді бастап берген Имануил Кант болды.
- •Онтология(болмыс туралы философиялық ілім ретінді).
- •Ғасырлар
1. Атомистер
Атомистер қайраткерлері барлық тіршіліктің құрылыс материалы , алғашқы кірпіш деп микроскопиялық бөліктер – атомдар деп есептеген, материалистік философиялық мектеп (Демокрит, Левкипп). Демокрит философиядағы материалистңк бағыттың негізін қалаушысы болып есептелінген. (Демокрит жолы, бағыты – Плотон бағыты – қарама-қарсы бағыт).Демокрит ілімінің негізгі жағдайлары. Барлық материалды дүние атомдардан тұрады. Атом тіршілік атаулының кішкентай бөлшегі, алғашқы кірпіші.Атом бөлінбейді (бұл жағдай ғылыммен бүгінгі таңда жоққа шығарылды)Атомның түрлі өлшемі бар, түрлі формасы бар.Атомдар арасында, бостықпен толтырылған кеңістік бар. Атомдар айналысы бар.Заттар тірі организмдер өмір сүреді.өледі, адам басқа, жақ заттар, организмдер қалыптасады.Атомдарды сезімдік таным арқылы көруге мүмкін емес.
2. Милеттік мектеп (физиктер )- Фалес, Анаксимандр, Анаксимен.Милетті мектеп Ежелгі Грецияда б.Э.Д 6 ғ әрекет етіп, өзі қалыптасқан өаладан өз атауын алды. Милетта орта азиядағы ірі сауда полисі .
Ерекшеліктері: Милет мектептің философтары материалистік көзқараспен жүрді. Тек философиямен ғана емес, басқа да нақты және естественный ғылымдар мен айналысады.Табиғат заңдарын түсіндіруге тырысады (физика атауын осыған байланысты алған) Қоршаған ортаның пайда болуын іздеді.
Қайраткерлер.Фалес (640-560 б.э.д.ғ) Милеттік мектептің негізін қалаушы, әйгілі грек ғалымы, философиялық мұралар қалдырған.
Негізгі көзқарастар: Барлық тіршіліктің негізі су дейді. Жерді тегіс диск ретінде көрсетіп, суда тыныш деп айтқан. Барлық өлі табиғат пен заттардың жаны бар деп есептеген көптеген құдайлар болуы мүмкін деген.Жер жүзінің орталығы жер деп білген жылдың нақты ұзақтығын анықтады 365 күн. Бірқатар математикалық жаңалықтар жасады (Фалес теоремасы)Анаксимандр (б.э.д 610-540 ғ) Фалестің ізбасары.
Барлық тіршілікті бастауы Апейрон деп есептеген, яғни бәрі шексіз, мәңгілік, өлшенбейтін субстанция дейді.Материяның сақталуының заңын ашты (заттың аталарлық құрылымын айтты.) Барлық тіршілік атаулы заттар микроскопиялық элементтерден тұрады.Тірі организмнің өлімінен кейін заттар элементі (атомдар) қалады, нәтижесінде жаңа заттар организмдер пайда болады. Алғашқы болып адамның басқа жануарлардың эволюциясының нәтижесінде қалыптасқан деген ойды ұсынған . Анаксимен (б.э.д. 546-526 ғ) Анаксимандрдің оқушысы
Негізгі көзқарастар.Барлық тіршіліктің бастауы ауа деп есептейді. Жердегі барлық заттар ауаның түрлі концен-нан туған деген ойды ұстанды. (ауа қысылып суға, сосын жерге , тасқа айналды деген.Адам жаны мен ауа арасында паралельдер жүргізді) Құдайшылықты табиғат күштерін қатар көрген.
3. Эфестен шыққан Гераклит (6 ғ аяғы мен 5 ғ басы б.Э.Д)-философиялық бағыттың негізін қалаған ірі көне гректің материалист философ алғашында логикалық мектепке жататын.
Негізгі көзқарастар.
Тіршіліктің бастауы от деп білді.Қарама қайшылықпен күресу мен тұтастықтың заңын алты диалектиканың басты заңы (Гераклиттің ең маңызды философиялық жаңалығы.) Бүкіл әлем үнемі қозғалыс пен өзгерісте болады деп есептеді.Табиғаттағы заттар айналымда болады және тарих циклды болып келеді деп айтқан.Қоршаған әлемнің қатыстылығын мойындаған (теңіз суы адамға кір, балыққа таза, әртүрлі жағдайларда адамның бір қылығы жақсы да, жаман да болуы мүмкін ) Ең құдіретті деп, әлемдік ақылды есептеген.Адамзат пен әлемдік рухтың, жанның материалдығын қолдаған қоршаған шындықтың сезімдік танымын жақтаған барлық процестің қозғаушы күші деп күресті есептеген.
4. Пифагорэйлер ежелгі грек философы, математигі Пифагордың (6 ғ басы-5 ғ аяғы) ізбасарлары мен жақтастары.
Негізгі көзқарастар Тіршіліктің бастауы сандар деп білген (барлық қоршаған шындықты, барлық болып жатқан дүниені санға келтіріп, сан арқылы өлшеуге болады),Әлемді, дүниені сан арқылы тануға шақырған бірлікті тұтастың ұсақ бөлігі деп есептеген әлемнің диалектикалық бірлігін көрсететін , қарама-қарсы категорияларды анықтауға тырысты. (тақ-жұп, жарық-қараңғы, түзу-қисық).
5 Элеаттар.
Элеаттар – қазіргі кездегі Италия территориясындағы 6-5 ғ б.э.д. өмір сүрген ежелгі грек Элеа деп аталатын көне грек полисінде өмір сүрген, Элеаттың философиялық мектептің қайраткерлері Осы мектептің әйгілі философтары.Парменид Зенон Элейский Мелисс Самосский.
Негізгі көзқарастар Таным мәселелерін зерттеді .Сезімдік таным мен жоғары деңгейдегі рухани идеолгоияның танымды қатаң бөлектеген.Монизмнің жақтастары болған барлық құбылыстарың көптігін тұтас бастаудан шығарып отырған барлық тіршілікті ойдың материалдық сипаты деп есептеген.
Ж
№39. Жаңа заман философиясының сипаты, ерекшелігі, ілімдері: эмпиризм, сенсуализм, рационализм.
Жаңа заман философтарының қарастырған мәселелері:
1.Таным мәселесі
2.Танымның жаңа әдістерін жасау;
3Онтология мәселелері; болмыс мәселесі субъстанцияны қарастыруда көрінді;
4.Әлеуметтік өмір мәселелері. XVII ғасыр философиясы гуманистік идеалдар мен құндылықтырды саналы түрде қорғады, әсіресе ақыл мен бостандық принциптерін талдауға ерекше мән берді.
Жаңа Заман философиясының дамуының
негізгі бағыттары (XҮІІ-ХҮІIIғғ)
Бағыты Өкілдері
Эмпиризм және сенсуализм Ф. Бэкон, Т. Гоббс, Дж. Локк
Рационализм Р. Декарт, Б.Спиноза, Лейбниц, Ньтон
Метафизикалық материализм Гольбах, Ламетри, Гельвеций
Идеализм Юм, Беркли
Ағартушылық философия Т. Гоббс, Дж. Локк, Толанд, Вольтер, Руссо, Дидро, Кондильяк, Даламбер, Вольф және т.б.
№43. Жаңа заман ағылшын философиясының сенсуализмі: білімнің қайнар көзі мәселесі, тәжірибе құрылымы (Т. Гоббс, Дж. Локк)
Джон Локк эмпириялық психологияның, философияның теориялық негіздерін белгілерін белгіледі. Ол өзінің философия – психологиялық тұжырымдамасында сенсуалистік (сезімдік) көзқарасты дамытады. Бұл көзқарас бойынша жан нәсіл арқылы берілмейді. Адам туғанда оның жаны– табула расса (таза тақта) есебінде болады. Елестеулер сыртқы дүниеден келіп бірте–бірте снаны толтырады; елестеулердің бұлағы (негізі) – түйсіктер, сыртқы дүниенің әсерлерін түсіну арқылы ғана елестеулер пайда болады.
Локк «негізгі принципке білімдердің және идеялардың сезімді дүниеден пайда болуына» (Маркс пен Энгельс шығармалары.3–том, 158 бет) толық түсінік берді. Бірақ сыртқы және ішкі тәжірибелерді ажыратуда Локк дуалистік философияның жолына түсті. Ол өзінің «сыртқы тәжірибесін» дәлелдеуге – материалист, «ішкі тәжірибесін» дәлелдеуде идеалист болып көрінеді. Оның ұғымынша, біз сыртқы тәжірибе арқылы ғана дүниедегі заттарды сезім мүшелерімізбен түйсіну, қабылдау арқылы ғана танимыз, онсыз сыртқы дүниеден еш бір мағлұмат ала алмаймыз.
Локктың айтуынша, біздің біліміміз заттар туралы білім емес, тек қана заттардың елестеулері туралы білім. Ақиқаттың, сыртқы дүниенің біздің санамызға сәуле түсіруі емес, елестеулер мен ұғымдардың бір–бірімен келісімі. Бұл айтылғандардан Локктың сенсуализмі дуалистік философияға негізделгенін, оның «сыртқы тәжірибесі» – материализмге, «ішкі тәжірибесі» идеализмге негізделгенін көруге болады.
№46. Г.В.Лейбниц және оның монадологиясы
Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716 жж.) XVII ғасырдағы неміс рухы туғызған терең де жан-жақты дамыған ғалым-философ. Екінші жағынан, ол - математик, физик, саясаткер, тарихшы, құқтанушы. Лейпциг университетін бітірген. Онда ол құқтанумен қатар логика және математика пәндерімен айналысқан. Университетті бітіргеннен кейін, екі ғылым саласынан докторлык диссертация қорғайды (логика мен құктанудан). Аз уақыт дипломатикалык кызметте Париж каласында болып, Германияға қайтып келгеннен кейін, өмірінің аяғына дейін ғылыми жұмыстармен айналысқан.
Негізгі еңбектері: «Адам зердесі жөніндегі жаңа тәжірибелер», «Теодицея», «Монадология» т.с.с.
Лейбницті алдында өткен философтардың (Декарт, Спиноза) болмыс жөніндегі ілімдері канағаттындырмайды. Расында да, Декарттың екі бір-біріне тәуелсіз субстанциялары дуниені қақ бөліп, олардың бірегейлігін дәлелдеу үшін ол Құдай идеясын енгізуге мәжбүр болды. Ал Спинозаға келсек, ол бір ғана субстанцияны мойындағанымен, оның екі атрибуты — созылу мен ойлау бұрынғысынша бір-бірінен тәуелсіз болып қала берді. Бұл екі ұлы философ дүниенің шексіз әртүрлілігін өздерінің онтологиясында дұрыс түсіндіре алмады.
Олай болса, Лейбництің қойған негізгі максаты түбі бір, сонымен қатар шексіз әртурлі субстанцияларды табу қажеттігінде болды.
Лейбництің ойынша, жалғыз ғана субстанциядан қайталан-байтын шексіз әртүрлі заттар пайда болуы мүмкін емес, сондықтан сапалы көптүрлі субстанция ұғымын мойындау қажет. Болмыстың терең табиғатының өзі көпсапалықтан тұруы керек. Сондықтан дүниедегі субстанциялардың саны шексіз және сапа жағынан әртүрлі. Бірақ олар бытыраған (хаос) емес, белгілі бір тәртіпке келіп жүйеленген.
Мұндай ой-өрісі Лейбницті дүниенің негізінде жатқан өте ұсақ, өз-өзіне жеткілікті, іштей неше түрлі күштерге толы монадаларды (monos - грек сөзі, бір) мойындауға әкелді.
Монадалар, негізінен алғанда, физикалык ұсак бөлшектер емес, онда ол Демокриттің атомына ұксас болар еді. Олар кеңістікте ешқандай орын алмайды, оның заттық өлшемі жоқ. Монадалар -рухани-жандық, органикалық сапалы нүктелер, әрбіреуі тек өзіне тән даму сатысында. Өзіне ғана тән ерекшеліктері бар, бір-бірін қайталамайтын тұлғалар сияқты, монадалар да әртүрлі. Олардың бір-біріне ұқсастығы тек кана олардың бөлінбейтіндігі мен мәңгілігінде.
Сөзсіз, мұндай ойларға Лейбницті Левенгуктың микроскоп жасап, адам ұрықтарын үлкейтіп көрсетуі себеп болса керек.
Лейбництің монадалары іс-әрекетке толы, олардың әрбіреуі мәңгілік езгеру, жетілу толкынында. Монадалар рухани нүкте болғаннан кейін әртүрлі ішкі күштерге толы, олар өздерін шындыкка айналдыру жолында материалдық өмірді, физикалық процестерді тудырады.
Монадаларды жете түсіну үшін ойшыл адамдардың өмірімен оларды салыстырады, өйткені адамның жан дүниесінің өзі әртүрлі монадалардан тұрады. Мысалы, әрбір тұлға өзінің өмірінің шеңберінде өне бойы өзгергенмен, бірақ сол тұлға болып калады, монадалар да сол сияқты.
Адамдар бір-біріне ұксамағанмен, қоғамда әртүрлі топтарға бөлініп өмір сүреді, монадалар да сол сияқты..
Әрбір монада - өзінше жабық ғарыш. Лейбниц: «Монадалардын әйнегі жок, сондықтан еш нәрсе оған кіріп, еш нәрсе одан шыға алмайды», — дейді. Монада басқа монадаларға өзінің әсерін тигізе алмайды, басқалардан да әсер ала алмайды. Олардың әрбіреуі - өз-өзіне жеткілікті және өзін-өзі шектеген.
Бұл арада өте қиын сұрақ туады. Егер олар бір-біріне өз әсерін тигізе алмаса, онда Дүние бытырап, тәртібі жоқ тұңғиык болып кетпей ме? Лейбництің ойынша, бізді коршаған Ғарыш, Дүние - болуы мүмкін дүниелердің ең тамашасы, ондағы монадалар жүйеге келтірілген, үйлесімді түрде өмір сүреді, өйткені олар алдын ала орнатылған сәйкестіктіңнегізінде өмір сүреді.
Дүниеде алдын ала сәйкестік орнату мәселесі Лейбництің Теодицея деген ұғымымен беріледі (teos - грек сөзі, құдай, dike -әділеттілік, бүкіл сөз Құдайды актау идеясын береді).
Монаданың ішкі өзгеру даму сатысын көрсету үшін Лейбниц тағы да оны адамның жан дүниесімен салыстырады. Түйсіктер, аңдау, қабылдау, өзіндік сана - бұл рухани даму сатылары. Монадалар адамдар сияқты осындай сатылардан өтеді.
Ең төменгі дәрежедегі монадалар, негізінен, тау-тас, жер, шөптерден тұрады. Олардың рухани дамуы өте төмен, олар «түс көрмей ұйықтайды».
Екінші сатыдағы монадалардың түйсіктері, аңдаулық қасиеттері бар. Олардың сана-сезімі әлі көмескі, іс-әрекеттері әлі енжар болып келеді. Оларға, негізінен, жануарларды жаткызуға болады.
Үшінші бізге белгілі монадалар — адамдардың жан дүниесі. Бұл монадалардың есі, ойлау қасиеті, өзіндік сана-сезімі бар.
Төменгі дәрежедегі монадалар жоғарылауға, келесі сатыға өтуге тырысады. Адамның жан дүниесін кұрайтын монадалардын өзі енжарлык сезімдіктен, ғылыми ұғымдар мен фантастикалық қиялдарға дейін өрбиді. Жоғарғы сатыдағы монадада төменгі сатылар сақталады.
№59. Ж.Баласағұн дүниетанымы.
. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Құтты білік" дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге күт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік. .«Құтты білік» ұзақ уақыт тезінен өткен және өзінің жетістігімен авторының есімін аспан көгіндегі жұлдыздай етіп, әлем әдебиетінің тарихына жазып қалдырған классикалық түркі әдебиеті мен мәдениетінің айрықша ұлы ескерткіштерінің бірі. Түркі тілінде жазылып әлемге әйгілі болған «Құтты білік» дастанының авторы Жүсіп Баласағұн Хас Хажыб түркі әлемінің ХI ғасырдағы аса көрнекті ақыны, данышпан ойшылы, энциклопедист-ғалымы, қоғам қайраткері болған. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанын хижра есебі бойынша 462- ші жылы, яғни жаңаша жыл санау есебі бойынша 1069- 1070- ші жылдары жазып бітірген. Өз заманының өзіндік адамгершілік кодексі «Құтағду білік» басқару даналығын, тұрмыстық және адамдармен қарым-қатынасты үйрететін жол, көрсетіп, бағыт сілтейтін этикалық дидактикалық тұрғыда жазылған шығарма. Белгілі философ М.С. Орынбеков «Бұл шығармада сол кездегі қоғамның әлеуметтік шындығы көрініс тапқан Сондықтан да нақты философиясы көзге ұрып тұр» [1, 32б.] деп жазады.
Әлеуметтiк философияның маңызды бiр мәселесiне қоғамдық әлеуметтiк жiктелу талдау жатады. «Құтты біліктің» әлеуметтік-саяси философиясының мәні неде деген сұрақ қойсақ, онда оны адамдық ізгілікті, ынтымақтастықты дәріптеу деп жариялауға әбден болады. Ынтымақтастыққа негізделген қоғамда мемлекет көркейіп, гүлденеді. Мұндай мемлекетте адам құқығы аяқ асты болмайды: елі бай, қазынасы толы, халқы бейбітшілік пен береке-бірлікте өмір сүреді
№61.Жыраулар дүниетанымының әлеуметтік философиялық мәселелері
Қазақ Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Жыраулар философиясы - қазақ философиясындағы, әлеуметтік ойы мен қоғам санасындағы ерекше құбылыс.Бұл ағым қазақ ақын –жыраушыларының поэзиясында қалыптасқан. Олардың дүниетанымы, философиялық ойлары, әлеуметтік көзқарастары жыр-толғауларында баяндалды. Ақын-жыраулар философиясын шартты түрде екі үлкен кезеңге бөлуге болады:
1)ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. арасы
2) XIX ғ. «зар заман» философиясы.
Бірінші кезең Шалкиіз жыраудан (1465-1560)басталып, Доспамбет, Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар жыраулар мен Шал ақынның шығармашылығында жалғасты. Олардың шығармалары, толғаулары негізінен көшпелілер болмысы, ата-қоныс, адам, сол кездегіәлеуметтік жағдайлар, батырлық, ерлік, өз Отанын сүю, адамгершілік, ел бірлігі, өмір мен өлім, үлкендіқұрметтеу, кішіні сыйлау, отбасының берекесі және т.с.с. бүкіл халықты, қоғамды толғандыратын мәселелер туралы болды.
2)XIX ғ. патшалық отарлау саясатының ең күшіне еніп, казақ халқын тәуелсіздігінен айырған,оның жерінің нағыз талауға түскен кезең еді. Осының салдарынан кәсіби шаруашылықтың ыдырауы, ата дәстүрінің үзіліп, ұлттық рухани мәдениетінен, дінінен айыру қаупі, өмірде болып жатқан жат өзгерістер халықарасында сары уайымшылдық пен болашаққа күдермен қарау пиғылдарын тудырды. «Зар заман»поэзиясының өкілдері Дулат Бабатайүлы, Шортанбай Қанайүлы, Мұрат Мөңкеүлы ел басына күн туған қиынсәт кезеңінде елдің, жердің қамын, халыктың болашағын ойлап, азаттык пен еркіндікті аңсап патшалықРесейдің отарлау, орыстандыру саясатына тікелей қарсы шығып, отты жырларымен, терең философиялық,азаматтық толғауларымен әділетсіздікті, озбырлықты, елді-жұртты қанауды батыл әшкереледі.
«Зар заман» Шортанбайдың философиялық толғауларының бірі, содан «зар заман» философиясының атауышыққан. Әдебиетте мүны кейде «қай заман», «кер заман», «тар заман» деп те атайды.
И
№51. И.Канттың таным теориясы: трансцендентальды идеализм, агностицизм
Кант Иммануил (1724-1804 жж.) — неміс философы және жаратылыстанушы. Оның шығармашылығын дәстүрлі түсінікте екіге бөліп қарастыру қолға алынған: сыншылдыққа дейінгі және сыншылдық кезең. Алғашқы кезеңде ойшыл күн жүйесінің жаратылуы мен дамуы, жер тарихы мәселелерімен айналысты. Оның нәтижесі: «Жалпы жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» атты еңбегінің тууы. Ал екінші кезеңінде ол: гносеология, этика, эстетика мәселелерімен шұғылданып, «Таза ақылға сын», «Практикалық ақылға сын», «Ойтолғам қабілетіне сын» еңбектерін тудырды. Сондықтан ол «философия сынаудан басталуы керек» деп пайымдады. Канттың философиясы таным теориясында көпқырлы терең дүниетанымды басшылыққа алды. Оның осындай трансцендентальді философиясы – барлық пайымдаулар мен ойталқылардың заттардың мәнімен қаншалықты байланысты екендігінен туындайтын, олардың сезімдік көрсеткіштерінің тәжірибе арқылы бекітіле түсетіндігін негіздейді.
Кант өзінің трансцендентальді идеализмін ұсына отыра, универсумдық-континуумдық ойтолғамдарында «антиномиялар» деп аталған қайшылықтарын дәйектей түсіп, ондағы өмір сүрмейтіндік парадигманың көріністерін жалпы концептуалдық мәнде шолып өтеді.
Агностицизм- объективті әлемді, ақиқаттың объективті белгісін мойындауды жоққа шығаратын, оларды жай елес етіп түсіндіру арқылы ғылымның рөлін шектейтін, табиғи, соның ішінде әлеуметтік процесс заңдылығы мен заттың мәнін түсіну мүмкін емес деп есептейтінфилософиялық ілім. Агностицизм ұғымын XIX ғасыр діни сайыстарда ғылыми көзқарасты айқындаушы ретінде 1869 жылы Т. Гексли енгізген. Агностицизмнің қайнар көздері -скептицизм, Зенонның апориялары. Д.Юм ілімі, И.Канттың антиномиялары агностицизм негізгі көзі болып табылады. Кант «таным субъекті» және «таным объекті» деген ұғымдарды жаңаша қарастырды. Таным субъекті - өзімен өзі өмір сүретін, дара адам, аралдағы Робинзон емес; Ол - басқа адамдармен әр алуан қарым-қатынаста болатын, әлеуметтік ортада тәрбиеленіп жетілген қоғам өкілі; таным субъекті бүкіл қоғам. Субъект бүкіл адамзат игілігіне мәдениетіне, ғылымына, біліміне, техникасына арқа сүйеді.
№52. И.Канттың этикалық ілімі, оның нормалар мен мораль принциптерін айқындауы
«Категориялық императив» саяси-құқықтық көзқарастардың негізі ретінде
