Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
235.18 Кб
Скачать

А

19. Антикалық философия

Антикалық философия: ойшылдары мен негізгі мектептері. Антикалық философия” деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. "Антика” сөзінің латын тілінен аударғанда “көне” деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Бұл кезеңнің басты өкілдері—софистер және Сократ. Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтезі кезеңі.Александр Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептердің—кинизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм жэне эклектицизм бағыттарының дәуірі.Антикалық дүниетанымдық ойының діни дәуірі - неоплатонизм және оның модификацияларының қайта жандану кезеңі. Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа діннің догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі. Софистер бұл 5-6 ғ.б.э.д өмір сүрді. Ежелгі Грецияда өмір сүрген философиялық мектеп. Бұл философиялық мектептің қайраткерлері теоретик философ болып қана емес, азаматтарды философияға, орталық өнерге басқа да білімдер түріне үйреткен, оқытушы философияға орталық өнерге басқа да білімдер түріне үйреткен , оқытушы философ ретінде де болған. Софизм Софистердің негізі логикалық әдісі ретінде. Сократ философиясы Сократ (б.э.д 469-399ғ) Софистикаға қатынасы бар, ең қадірлі философтың бірі.Ерекшеліктері:Сократ мағыналы шығармалар қалтырғанмен тарихқа әйгілі полемист, ойшыл оқытушы философ ретінде қалды.Сократ жасап , қалданған негізгі әдісін майевтика деп атаған. Оның мәні – логикалық әдістер арқылы қойылған сқраққа әңгімелесушінің өздігінше дөрыс жауапқа келуіне көмектесу.Сократ өз философиясын, ағартушылық жұмысын ең өзекті мәселелер бойынша, қалың халықтың, базарларда ашық әңгіме базар құрып жүрген. Жақсылық пен жамандық махаббат, бақыт, адамдық т.б тақырыптарға.Сократты ресми билік органдары мойындамаған, оны қарапайым софист , яғни жастар арасына бүлік салып жолдарын басқа жаңа бұрып , қоғамның тыныштығын бұзушы деп қараған. Платон Сократ ілімін ары қарай жалғастырды. Заттарды тек эмпирикалық тұрғыдан қарастыруға болмайды дейді Платон. Әр заттың өз идеясы, мәні болады. Дүние заттардан және олардың идеяларынан тұрады. Заттар мен идеялар екі түрлі байланыста болады. Заттан идеяға өту, идеядан затқа өту. “Идеялар адамсыз өмір сүре алады” дейді Платон. Идеялар космоста өмір сүреді. Олар затқа қонады, әрі заттарды тастап кете алады. Платон жалпылық туралы ілімін идеалистік тұрғыдан шешті. Жалпылық өз бетінше өмір сүреді дейді. Зенон, элейлік (б.з.б. 490 – 430 ж.ш., Оңт. Италия, Элея қ.) – ежелгі грек философы. Зенон дүниенің біртұтастығы туралы Парменид (б.з.б. 540 ж.ш.) ілімін дамытып, сезімдік болмысты түсініп болмайды деп дәлелдейді. Аристотель Зеноны диалектиканың негізін салушы деп атаған, себебі ол қайшылықтарды ашумен көп шұғылданып, қарама-қарсы пікірлер мен қайшылықтар туралы айтыс көмегімен немесе оларды талдап түсіндіру арқылы ақиқатқа жете аламыз деп ойлаған. Демокрит ( 460 б.э.д. — 370 б.э.д. ) - алғаш рет адамның, адамзаттың, қоғамның пайда болып, қалыптасуын әлемдік даму процесінің бір бөлігі ретінде қарастырды. Осы даму процесінің кезінде адамдар қажеттілік әсерінен табиғат пен аңдарға қарап және өздерінің тәжірибесіне сүйене отырып, қоғамдық өмірге қажетті білімдерін ала алады

23. Аристотель философиясы

Аристотельдің философиялық көзқарасы «Метафизика», «Рух туралы», «Категориялар» және «Алғашқы және кейінгі Аналитика» деген шығармаларында жете пайымдалған. Аристотель философияны "шынайы ғарыштың себептерін зерттейтін ілім" деп бағалады. Бұл Платонның философияны "Идеяны тану ілімі" дегеніне қарсы айтылған. Ұстаз да, шәкірт те философияны ғарышты тану деп түсінген. Бірақ ғарышты қалай тану және ғарыштың негізгі мәні не деген мәселеде екеуі екі бағыт ұстанды. Платонның айтуынша, идея барлық нәрсені сомдаған арытқы себеп. Алдымен ғарыштық идея өмір сүреді, ол тұрақты, баянды, бірегей, мәнді, ал құбылыс идеяның көрінісі болып, уақыттық, ауыспалы, өткінші нәрсе[26]. Аристотель бұған келіспеді. Ол әрбір нақты нәрсені негіз етіп ғарышты зерттеудің ғана болашағы бар екенін, егер нақты осы заттар болмаса идея да өмір сүрмейтінін уәж етті. Платонда нақты нәрсе мен идея ортасындағы байланыс күңгірт болып, идея ғарыштың бір қалыбы, үлгісі дегеннен ары ұзамады. Платон нақты нәрсе туралы білім мәнді білім емес, шынайы білім біртұтас идеяны білу деп есептеді. Аристотель тек нақты білім ғана шынайы білім береді, біз өз тәжірибеміз бен зердеміз арқылы нақты нәрселерді зерттегенде барып дүниенің мәнін түсіне аламыз деп есептеді

Аристотель ғылым классификациясында онтологиялық философияны ең жоғары орынға қояды. Басқа ғылымдар болмыстың кейбір жақтарын ғана зерттеумен шұғылданса, онтологиялық философия болмыстың жалпы табиғатын зерттейді деп есептеді.

Философияның басқа ғылымдардан артықшылығын Аристотель былай деп түсіндірді: “Шындығында даналық бүтіндей үстемдік құрушы, жетекші ғылым болғандықтан, басқа ғылымдар оған қарсы сөз айтуға дәрменсіз. Сондықтан мақсат пен игілікті зерттейтін ғылым бірінші орынға қойылады.” (Метафизика, М., 1934,с45).

Аристотель айтқан "Табиғат философиясы" сөзі табиғат дүниесіндегі қозғалыс, жарық, физика заңдары қатарлылы құбылыстарды зерттеуге қаратылады. Бұл араға бәлен ғасыр салып қазіргі заманның ғылымына, ғылыми зерттеу методикасына арқау болды және арнайы пәндер болып философиядан бөлінді.

Қазір философия десе көбінесе метафизика саласы көзде тұтылады, бірақ табиғат дүниесін ғылыми зерттеу айтылмайды. Өйткені табиғатты танитын ғылым әлдеқашан философиядан бөлініп кеткен. Аристотель заманында философия барлық білім қабатын түгел қамтыған болатын.

Негізінен айтқанда, Аристотель философия мен логикалық тұжырымдауды бір нәрсе деп есептеп, философияны ғылыми түсінді. Яғни, ғарыш туралы, не басқа туралы кез келген ойда ғылыми логикалылық болса, онда ол философия есептеледі. Бұл қазіргі ғылымдар философиядан бөлініп кеткен замандағы нақты ғылымдардың түрлі ғылыми әдістеріне ұқсамайды.

Аристотель бойынша, ғылым (логикалық тұжырым) дегеніміз не нақты, не қиялдауға болатын, не теориялық нәрсе. "Нақты" дегеніміз этика, саясаттану секілді қолданылу мағынасы бар екендікті білдірсе, ал "қиялдауға болатын" деген сөз поэтика, эстетика секілді тек елестету арқылы түсінуді көрсетеді. Ал теориялық дегеніміз физика, математика, және метафизика секілді терең зерттеу, толғаныс салаларын көрсетеді.

Метафизика мен философия Аристотельдің анықтамасы бойынша "пішінсіз затты тану", яғни "бірінші философия", "теориялық философия", немесе "ең жоғары дерексіз қабаты тану" деп атады. Ал, логиканы (анализдеу) осынау жоғары деңгейдегі философияны үйренудің алғашқы сатысы деп есептеді.

Аристотель Философияны 3 негізгі пәнге бөлді:

1. Теориялық пәндер — математика, жаратылыстану ғылымы, метафизика деп аталған бірінші философия. Кейінгісі болмыс туралы ілім, болмыстың құрамы, себептері және бастауы туралы ілімдерді көрсетеді.

2. Тәжірибелік пәндер — адамдардың іс-әрекеті турлы ілімдер, мысалы этика, саясаттану, экономика, стратегия және риторика

3. Поэтикалық пәндер — ақындық шығармашылық, сурет, музика қатарлылар.

Аристотель өз философиясында болмыс туралы ілімге, табиғатқа, яғни барлық заттардың негізі болып табылатын алғашқы материяға көп көңіл бөлді. «Метафизика» кітабында Аристотель табиғатты жан-жақты зерттеумен шұғылданды. Табиғат – бір жағынан заттың пайда болуының, зат құрамының негізі және “әрқайсысындағы алғашқы қозғалыстың көзі” болатын болса, екінші жағынан, табиғат өздігінен өмір сүретін заттардың мәні, “табиғат дегеніміз – форма және мән

27. Аврелий Августин ілімі: патристиканың шыңы ретінде. «Құдай қаласы туралы» трактат

Патристикалық кезеңнің көрнекті өкілі, шіркеу әкесі Аврелий Августин (354-430 жж.) болды. Еңбектері: «Донатаға хат», «Қуғындаудың апологиясы», «Ақиқат дін туралы», «Тәубе», «Үштік туралы», «Құдай қаласы туралы».

Августин бойынша, адам өмірінің мақсаты құдайға құлшылық ету мен сүйіспеншілік, адам құдай идеяларын қабылдаушы. Аврелий Августин философиясының теоцентристік көзқарастағы философия, құдай жалғыз түпнегіз ретінде бәрі соған тәуелді, барлық нәрселер соның көлеңкесі. Августин құдай мен адам арасындағы күнә ұғымына қатысты өз көзқарасын баяндай отырып, адам құдай алдында күнәлі. Күнә антропологиялық, метафизикалық, космологиялық мәнге ие. Адам ең алдымен жан иесі. Августин неоплатонизм мен христиандыққа тән адам тәніне деген жиренішті көзқарасты қолдайды.

«Құдай қаласы» трактатында адамзат тарихы құдай патшалығы мен ібіліс патшалығының ымырасыз күресі болып табылады. Оның философиясының негізгі жақтары: Қоғам өмірі – екі қарама-қарсы патшалықтардың күресінен тұрады, Жергілікті және Құдайлық қалалар. Жердегі қала – жауыздар мен перілердің әлемі, онда басқарушылар мен оларға бағынышты халықты басқару жүзеге асады.Құдай қаласы – бұл адамгершілік пен құдай әлемі, сүйіспеншілік бойынша басқарылады, құлдық етеді. Құдай патшалығы – шіркеу, ал мемлекет – күнә патшалығы. Себебі мемлекет пенденің өзімшілдігіне негізделген. Рим империясы мемлекеттің жоғарғы сатысы. Римнің құлауы заңды. Өйткені Рим мемлекетінің тарихы ібілістік негізде құрылған. Адамзат тарихын ол алты кезеңге бөлді. Бес кезеңді Көне өсиет тарихымен байланыстырады. Алтыншы кезең Иисустың бірінші келуімен басталып, Иисустың екінші келуі сот күнімен аяқталады.

30. Араб тілдік философиясындағы универсализм, энциклопедизм, пантеизм, перипатетизм; әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, ибн-Рушд.

Араб халифатының құрылуымен мәдени және ғылыми байланыстар, ғылыми зерттеулер тереңірек әрі нақты бағытта жүргізілді.

ҮІІІ-ХІІ ғасырдағы шығыс мәдениеті мен философиясында перипатеттік мектептің құрылуында «Бірінші ұстаз Аристотельдің» ықпалы зор болған. Перипатеттер мектебі, перипатетизм— Аристотель философиясының ізбасарлары. Аристотель өзінің тыңдаушыларымен лицей бағында серуендеп жүріп сабақ беріп, пікір алысуды әдетке айналдырған. Осыған байланысты оларды Перипатеттер мектебі деп атаған.

Пантеизм – Құдай мен әлем біртұтас деп танитын, құдіретті табиғатпен бірлікте қарастыратын философиялық ілім; Құдай барлығы деген ілім; бар ғаламды, табиғатты дәріптеу ілімі.

Перипатетиктік мектептің негізін салушы Әбу Юсуф Ибн Исхак әл-Кинди (800-879 жж.) болды. Ол «араб философы» деген құрметті атқа ие болған ортағасырдағы шығыс антикалық ойшылдарының шығармаларын аударған, терең білімді ойшыл. Кинди Исламға қарсы шықпағанымен, «шектеулі адамдарды» сынаған. Оларды сенімділікті жақтамайтындар сенімнің жаулары санаған. Кинди мұсылмандық теологияға қарсы шыққан кейбір ойлары болды. Киндидің Шығыс перипатетизмнің тарихында ақыл-ой туралы тұжырымы ерекше. Ақыл тек адамға тән, ол дәлелдеумен қатар жүреді. Философия «барлық сұраққа жауап береді». Аристотельден кейін Кинди

ақыл-ой туралы нақты анықтама береді.

Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-

Фараби (870-950 жж.) философияда әл-Киндимен қоса, Аристотельдің ізін

қуып, басып озған. Фараби көптеген антикалық философтарды сынап,

жетістікке жеткен; аударды, жинады және Аристотельдің «Органонын»

жинақтап, ортағасырлық идеологияның сұранысы бойынша Стагириттің

логикалық ілімдерін жетілдіріп, оған пікір жазған. Фараби, адамгершіліктің басты мақсаты – бақыт дейді. Оны танымсыз және еріксіз тану мүмкін емес. Ерік – сезіммен, еркіндік – логикалық ой-санамен байланысты. «Қайырымды қала тұрғындары» трактатында Платонмен Аристотельдің ізін жалғастырып, өзі құрған идеалды мемлекет моделін ұсынады. Бөлектенген қалада адамдардың жақсылық жасауы, бақытқа жетуі

оңайырақ. Осындай мемлекеттің саяси құрылымын адамдардың дене

мүшелері қалай берік орналасса, сол секілді мемлекетте де бірлік

болатындығын аңғартады. Адамдардың осындай ой-санасы оны жақсылық

жасауға, жақсы мен жаманды ажырата білуге мүмкіндік береді.

Ибн Сина (980-1037 жж.) шығыс философиясының және

медицинасының патшасы саналады. Оның 18 бөлімнен тұратын «Сауығу

кітабы» атты философиялық шығармасы логика, физика, математика,

философия салаларын қамтиды. Осы энциклопедиялық еңбегі XII ғ. батыс

философиясының ӛркендеуіне үлкен септігін тигізген баға жетпес білім

көзіне айналды. Ибн Сина өзінің трактатында Аристотель философиясымен ғана

шектелмей, Құдай, табиғат, әлем мен заттардың жаратылысы туралы ӛзіндік

ой қосады. Ол барлық жанды затты Құдайдың уақыттан тысқары жағдай

туғызуына байланысты жаратылды дейді. Аристотель ойы бойынша, Құдай –

«ойлау туралы ой», ойлаудың нағыз биік шыңы.

Егер Ибн Синаны шығыс философиясының патшасы атаса, батыстың араб-мұсылман философиясының патшасы деп Испанияның Кордовасынан шыққан Ибн Рушдты атаған (1126-1198 жж.) Бұл әмбебап оқымысты еді: дәрігер, құқықтанушы, теолог, математик, философ-перипатетик. Оның трактаттары бізге ислам теологтары тарапынан жоққа шығарылып, испан еврейлері арқылы жеткен. Ол орта ғасыр перипатетиктерінің ӛзекті мәселесіне айналған сенім мен білімнің, дін мен ғылымның рационалистік бағытын зерттеген. Гносеологияны зерттеуде Аверроэс пассивті және активті сана деп бөледі. Пассивті сана адамнан, оның ынтасынан бӛліп қарастырылмайды. Активті

сана жалпыға ортақ және ол мәңгілік. Жалпы ой-сананы ғажайып санмен

қатар алып қарастырамыз. Жеке тұлғалардың санасы жалпыадамзаттық

санамен байланысты.

62.Асан Қайғының дүниетанымы

Асан Сәбитұлы –жырау ойшыл, мемлекет қайраткері. Ол қазақ этносын әрі мемлекетін қалыптастырып, нығайтуда «Жерұйық» ілімін дүниеге әкелді. Бұл – халықтың қауымдасып ұлттық мемлекет құру идеясы болатын. Асан Қайғы өз жыр-толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттайды. Оның Асан Қайғы атануы – ғұламаның ойшылдығының, парасаттылығының айғағы. Асанның қайғысы тек өз заманына қатысты емес, оны қайғыға салып отырған – болашақ туралы болжамдары, халық қайда бара жатыр, ертеңі қандай болады деген күрделі сұрақтар. Асан Қайғы – түркі жұртының әйгілі ойшылы Қорқыттың дүниетанымын жалғастырушы.

. Асан Қайғы Қаласының философия дүниетанымы үш бағытқа бөлінеді:

этикалық дүниетаным – ұлы жыраудың философия ойларының өзегін құрайды. Адам, адамшылықтың басты қасиеттері, олардың мәні мен сипаты жоғары имандылық деңгейінде қарастырылған. Поэтикалық формамен берілген этикалық ұғымдар, түсініктер, қағидалар Шығыс өркениетіне тән ерекшеліктермен сабақтастық тауып, адамгершіліктің алуан қырлы болмысын айқындайды.[5]

Поэтикалық зерде және философияның қазақ дүниетанымында егіз ұғым екенін жырау өз толғаулары арқылы толық дәлелдеп берді. Адам өмірінің мәні, мақсаты, өлімнің растығы, қоршаған дүниені тану мәселелері Асан Қайғы философиясының басты бағыттары.

Асан Қайғы гуманизмі, адамға деген сүйіс пеншілігі тарихи сана арқылы түркі халықтарының жадында сақталған. Ноғай, өзбек, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ халықтары арасында Асан Қайғы есімі ілтипатпен аталып, құрмет тұтылады. Оның ақындық ойы мен жыраулық философиясы өзінің танымдық құдіреттілігімен ерекшеленеді. Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихи сатыларында Асан Қайғы есімін үстемдікке, озбырлыққа, әділетсіздікке қарсы ұстанған ізгілік символына айналдырды. Асан Қайғы Оқшы ата қорымына жерленіп, басына кесене тұрғызылған.

64.Абай философиясы: ағартушылық, философиялық антропология, этика, әлеуметтік философия.

Абай Құнанбайұлы (1845-1904)ақын, ойшыл, қайраткер, сазгер. Хакім Абай өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге сол кездегі қазақ қоғамын толғандырған әлеуметтік-философиялық мәселелерге жауап беруге ұмтылған.

Абай философиясында сүйспеншіліктің үш түрі айтылады, олар Жаратушыны, адамзатты, әділетті – иманигүл ретінде сүю.

Абайдың философиялық көзқарастарының өзегі:

- дүниенің объективтілік заңдылығын мойындады, дүние мен адамзат қоғамы бір қалыпты тұрмай, өзгеріп отырады деп таниды «Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел».

- философиялық антропологиясында толық адамды (ақыл, рақым, әділет) дүниенің ең маңызды бөлігіне жатқызады, оның бойындағы асыл қасиеттерге былай сипат береді: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

- этика тақырыбын қозғағанда иман мәселесіне көңіл аударады. «Ұят кімде болса иман сонда», «Адам баласына адам баласының бәрі дос» дейді. Мына дүниенің шолақтығын біле тұра бір-бірімен өшігіп, не болса соған көрсеқызарлық, алауыздық, бақталастықтың адам жанына берері шамалы деп ой тұжырымдайды. Қазақ еліне рухани бағдар ұсынған Абай нағыз адам болуды ұрпаққа өсиет еткен.

- Ағартушылық көзқарастарында жастарға білім-ғылым адам үшін рухани және материалдық құндылық, өмірлік бағдар екендігін айқындайды.

66. Алашордашылар ұсынған ұлттық үлгі

Алаш Орда (1917—1920) — Ақпан мен Қазан төңкерістері соң 1917 ж. желтоқсанның 13 құрылған қазақ-қырғыз Алаш автономиясының үкіметі. 1917 ж. желтоқсанның 5—13 Орынборда 2-ші бүкіл қазақ-қырғыз құрылтайы өткізілді.Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды.[2]Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы Ә. Бөкейханов, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы — Семей (кейін Алаш-қала атауын алды) қаласы еді.Бұл туралы кейіннен Ә. Бөкейханов (1919 ж. ақпанның 11) былай деп мәлімдейді: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады…». Үкімет төрағалығына үш қайраткер — Бөкейханов, Құлманов және Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Бөкейханов төраға болып сайланды. А. азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына жау күштер жағында болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен А. үкіметін таратты. Кеңес өкіметі Алаш пен А-ны Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап, күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919, 1920 ж.) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды. Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды.Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Өйткені Кеңес үкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дәлірек айтқанда Ә.Бөкейханов бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп санады

67. А. Бөкейханұлының саяси философиялық көзқарасы

Әлихан Бөкейханұлы (1866-1934) ұлттық мемлекетті құру жолындағы ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы.

Санкт-Петербургтегі орман шаруашылығы институтының экономика факультетін бітірген, экономист, ғалым ретінде қазақ даласының экономикалық қал-ахуалы мен дәстүрлі шаруашылығын ғылыми тұрғыдан зерттеді.

1905 жылы Әлихан Бөкейханұлы Қоянды жәрмеңкесінде жазылған, Қарқаралы петициясында қазақтың өзекті мәселелері діни сенім, оқу-ағарту, баспасөз, жер, сот ісі мәселелерін көтерген қазақ зиялыларына басшы болды.

1906 жылы Ресейдің Бірінші Мемлекеттік Думасына депутат болып сайланды. Ол Петербург қаласынан шыққан бірнеше газеттердің редакторы қызметін де атқарды. «Қазақ», «Сарыарқа» газеттері мен «Айқап» журналында халықтың тұрмысы мен шаруашылығы туралы мақалалар жазып тұрды. Ұлт зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы жұмыстарына басшылық етті.

1917 жылы желтоқсанда Алашорда өкіметінің төрағасы болып сайланды. Әлихан Бөкейханұлы халқымыздың өз мемлекетін құрудағы ниетін саяси-әлеуметтік теориялар негізінде ғылыми тұрғыдан өркениеттік негізде белгілеп берген тұлға.

Ұлттық саяси философияны теориялық және практикалық тұрғыдан айқындаған саясаткер. Әділдік пен бірлікті ұлттық мүдде жолында жоғарғы құндылық екендігін пайымдайды. «Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды» – деген, Әлихан Бөкейханұлы қазақтың берекелі, ынтымақты өмірін, азат күнін аңсап, саналы өмірін халқын адал қызмет етуге арналған қайраткердің адами және азаматтық болмысын мына сөздері айқындайды: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!».

Зайырлы мемлекетті жақтаған саясаткер. Дін мен білім берудің, дін мен мемлекеттің бөлектігін дәлелдеген.

68. А. Байтұрсынұлының әлеуметтік-саяси және ағартушылық ұстанымдары

Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.

Байтұрсынұлы – әлеуметтік мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. Абайдың қоғам өмірінің демокр. құрылысы туралы ойларын дамытып, саяси-әлеум. жағдай, оқу-ағарту, халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы мәселелерді қозғады. Қазақ зиялыларының жан-жақты білімдар әрі саяси күресте шыңдалған легін қалыптастыруда Байтұрсынұлының публицист, баспасөз ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшантеңіз. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор. А. Байтұрсынов өзінін әлеуметтік-саяси көзқарастарын бірнеше еңбектерінде баяндады, атап айтқанда, «Тағы да народный сот хақында», «Қазақтың өкпесі», «Қазақ һәм 4-ші Дума», «Қазақ жерін алу тұрғысындағы низам», «Қазақша оқу жайынан», «Оқу жайы», «Мектеп керек тері», «Соғысушы патшалар», «Қазақ халқын билеу туралы 1868 жылы шыққан уақытша положение», «1891 жылы 25-ші мартта шыққан степной положение, яғни осы күнгі положение. Сайлау һәм партия пәлесі», «Осы күнгі соттың тәртібіндегі кемшіліктер» және т.б.

Ахмет Байтұрсынұлының бүкiл шығармашылығы жаңа тарихи қауымдастықтың негiзiн қалайтын, орыс және қазақ халықтарының мәдениетiн байланыстыратын әдебиеттiң жалпы қатпарын жасауға қызмет еттi. Ол iрi тюрколог ғалым, ұлт-азаттық қозғалысының қайраткерi болды. Ахмет Байтұрсынұлы фольклорлық шығармаларды жинау және бастырып шығарумен айналысып, қазақ фольклористикасына елеулi үлес қосты. Ол абайтанудың негiзiн қалаушы болды, халықтың ауыз әдебиетiн жеткiзген ақын-жыраулар туралы жазды. Қазақтың әдебиеттану ғылымында оның «Әдебиет танытқыш» атты кiтабiнiң маңызы зор болды. Қазақтың тiл бiлiмi ғылымын дамытуда А. Байтұрсынұлының еңбегi ерекше. Қазақ тiлiнiң табиғатын терең зерттей келе ол араб әрпiнiң негiзiнде түңғыш рет қазақтың мүлдем жаңа әлiппесiн жасады.

Ол сол кезеңде қазақ тiлiн дамытудың қажеттiлiгiне жарамайтын, оның грамматикалық және фонетикалық құрылымына сай келмейтiн латын және орыс жазуын енгiзуге қарсы болды. 1924 жылы оның «Тiл бiлiмi» атты еңбегi жарық көрдi. Ол өз халқына әлiппе сыйлады, қазақ тiлiнiң фонетикасы, морфологиясы, синтаксисiнiң негiзiн қалады, алғашқы оқулықтарды жазды.

Ә

31. Әл-Фарабидің қоғамдық-саяси көзқарастары

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.) музыка, логика және басқа да ғылым салаларын жеткілікті меңгергені соншалық, оны әлі күнге дейін Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз», яғни біріншіні басып озды деп атайды. Фараби жеке әлеуметтік топтардың арасындағы күрес туралы , « байлар мен кедейлер » арасындағы айырмашылық туралы , адамды адамның қанауы мен әлеуметтік әділетсіздік туралы айтқаны мен , ол мемлекеттік құрылыспен қоғамдық саяси өмірдің дамуының себептерін түсінуден аулақ тұрды . Оның адамдардың адамгершілік және қоғамдық өмірі жайлы пікірімен адам қоғамының дамуы туралы пікірі көп жағдайларды абстрактылы түрде шектеулі болды . Фараби « идеялық » қаланың утопиялық сипатын жақын арада болады деп есептеді. Бірақ Фарабидің әлеуметтік - этикалық қоғамдық философиялық көзқарас жүйесінде жаңа бағытқа жол ашты .

Фараби қоғам мен мемлекет туралы діни – теологиялық ілімнен бас тартты , қоғам мен мемлекеттің ішкі заңдылықтарына сәйкес пайда болуы туралы теорияны ұсынды .

Фараби қоғамның дамуын бағыттайтын басты күш адамның ақыл – ой мен көрегендігі деп түсіндірді .Құдайдың қоғамдық өмірге кедергі жасауын ол адамның белсенділігімен , білімге , бақытқа ұмтылуымен алмастырды . Ойшылдың теориясында құдайдың еркі орнына адамның еркі , « ол дүниедегі » бақыттың орнына бұл өмірдегі шын бақытты ұсынды . Орта Азия , Индия , Иран және басқа шығыс халықтарының философия - әлеуметтік ойларының жетістіктерін жалпылай отырып ежелгі грециялық философиялық қоғам туралы ілімнің барлық мәселелерін қамтитын бірыңғай жүйесін жасады .

88. Әлеуметтік философия

«Әлеуметтік философия» терминін айналымға қашан және кім енгізгені туралы дөп басып, дәл жауап беру қиын. Біздің ойымызша оның философияға енуі ХІХ ғасырдың екінші жартысы – соңғы ширегінде іске асуы мүмкін. Бұл мәселенің шешімі әлеуметтік философия немен айналысатынын., пәндік ерекшеліктерін, оның философиядағы орны мен негізгі функцияларын талдауға онша ықпалын тигізе қоймайды. Бұл сала қоғамдық өмірдің мәні және іргелі заңдылықтарымен, социум болмысының логикасымен, қоғам мен тұлғаның өзара байланысы және өзара қатынастарымен, жалпы әлеуметтік таныммен қатар, қоғам мен адам туралы философиялық пайымдар принциптері және логикасы, заңдылықтары, ерекшеліктерімен байланысты болды. Осы сала әлеуметтік философия деп атала бастады.

Әлеуметтік философияға ерекше анықтама берген орыс ойшылы С.Л. Франктың пайымдауына тоқталайық.

1929 жылы ол өзінің негізгі шығармаларының бірі  — «Қоғамның рухани негіздері» атты кітабын жариялады. Ол бұл еңбегінде әлеуметтік философияға мынадай анықтама береді: “   әлеуметтік философия мәселесі – бұл қоғам деген не, ол адам өмірінде қандай мағынаға ие болады, оның шынайы мәні неде және ол бізге қандай міндет жүктейді деген сұрақтарға жауап береді”.

С.Л Франктың әлеуметтік философияға қатысты негізгі ойлары мынадай сұрақтарға жауап беру төңірегінде:

Қоғамдық өмір деген не?

Адам өмірінде қоғамдық өмір қандай орын алады және оның шынайы мақсаты неде?

Адам өзінің қоғамдық болмысы  формасын құра отырып неге ұмтылады және неге жетуі мүмкін?

Адамның қоғамдық өмірі әлемдік, ғарыштық болмыста қандай орын алады? Қоғамдық өмір болмыстың қай саласына жатады және оның нағыз мәні неде?

Қоғамдық өмірдің жалпы өмір негізін құрайтын абсолюттік бастаулар мен құндылықтарға қатынасы қандай?

Оның айтуынша әлеуметтік философия – “қоғамдық болмыстың жалпы мәңгі негіздерін” зерттеумен  айналысатын философиялық таным. “Әлеуметтік философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен нақтылығында көруге ұмтылу болып табылады”. Мұнан шығатыны: әлеуметтік философия адамның қоғамдық өмірінің барлық “әлемдерінің” – тарих, мәдениет, дін, саясат, құқық, экономика және т.б. әлемдерінің түпкі, онтологиялық негіздерін зерттейтін философиялық ілім саласы.

Бұдан әлеуметтік философияны әлеуметтік құбылыстар мен үрдістерді танудың теориялық-методологиялық мәселелері, заңдылықтары, социум болмысының логикасы қызықтыратыны туралы тұжырымдаманы қосайық. Және ақырында, С.Л.Франктың анықтауынша, әлеуметтік философияның зерттеу аймағы – қоғамдық өмірдің мәні, оның индивидуалды адам өмірімен қатынасы және қоғамдық өмірдің құндылық қырларының жалпы өмірдің фундаментальды құндылықтарына қатынасы.  Осылайша, “әлеуметтік философияның” көпқырлы, көпөлшемді “түпкілікті формуласын” тауып және тегі жағынан тарихи, табиғаты жағынан философиялық болып табылатын әлеуметтанумен, мәдениеттанумен салыстырғанда оның немен айналысатынын біле аламыз.

Бұл формуладан шығатыны — әлеуметтік философия функцияларын тек философиялық жүйеде ғана емес, бүкіл әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесінде де жеткілікті түрде айқын жеткізуге болатындығы. Ең алдымен, әлеуметтік философия бойынша оқулық және арнайы әдебиет авторларымен толық келісе отырып, оның дүниетанымдық қызмет атқаратынын тиянақтауға болады, өйткені ол “әлеуметтік әлемді” бейнелеп қана қоймай, оның саналы бейнесі ретінде “оны жаратады да”. Әлеуметтік философия әлеуметтік әлемнің тек картинасы, бейнесі ғана емес. Ол сонымен қатар, әлеуметтік идеалдар мен құндылықтарды нақты шындықпен салыстыра отырып, оның нақты өмірмен байланысын анықтай отырып, осы әлемді жаратады да.

Екіншіден атқаратыны – методологиялық функция. Әлеуметтік философия мұны пәндік және теориялық форма ретінде қызмет ете отырып және әлеуметтік құбылыстарды тануда методологиялық бағдарлар мен жалпы философиялық принциптерді пайдаланудың үлгісі бола отырып жүзеге асырады. Олардың қатарында диалектика принципі мен синергетика принципі жатады. Әлеуметтік философия әлеуметтік-гуманитарлық білімдерді пәндік тұрғыда ұйымдастыра отырып, оның методологиялық өзегі ретінде көрінеді.

Әлеуметтік философияның үшінші функциясы оның танымдық, эвристикалыққызметі болып табылады. Ол танымдық мәдениеттің элементі ретінде шындықты тек бейнелеп қана қоймай, қоғамдық өмірдің заңдылықтары мен принциптерін қалыптастыра отырып, бір нәрсені ашуға қабілеті бар, белгілі бір эвристикалық ерекшеліктерімен айрықшаланады.

Төртіншіден, әлеуметтік философия әлеуметтік болмыстың құндылық негіздерін пайымдай отырып, аксиологиялық қызметті атқарады. Оның ішінде белгілі бір дәрежеде тәрбиелеуші функция да кіреді: әлеуметтік функция, біріншіден, танымның, гуманитарлық ойлаудың белгілі бір мәдениетін тәрбиелейді; екіншіден, адамдардың және бүтіндей қоғамның белгілі бір құндылық бағдарларын тәрбиелейді.

Бесіншіден, әлеуметтік философия кейбір философиялық концепциялардағы әлеуметтік болжау сәтсіз және ғылыми негізі жоқ деп жарияланғанына қарамастан, болжамдық қызмет те атқарады.

Қоғамды зерттеу тек философия үшін ғана емес сонымен бірге басқада қоғамдық ғылымдар үшін күрделі мәселе болып табылады. Коғам мағналы ұғым болып табылады. Философия қоғамды біртұтас, яғни адам болмысының әлеуметтік тәсілі, адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуінің жемісі, адам шығармашылығының нәтижесі ретінде қарастырады. Философия үшін қоғамды қызмет арқылы, яғни әлеуметтік тұрғыдан қарастыру өте маңызды.

Қоғамға деген көзқарастардың тарихи эволюциясы нарутиализм, идеализм, материализм деген сияқты теориялық үлгілерде көрініс береді. Қоғам мәнін дұрыс түсіну үшін «материалдық», «руханилық», «практикалық»  ұғымдарының ара қатынасы ең маңызды болып табылады. Қоғамдық дамудың негізінде қоғамның жүйелілігін құрайтын қоғамдық қатынастар жатыр, өйткені мұнда қызметтің экономикалық, саяси және т.б. формалары көрініс береді.

Қоғамның дамуы революциялық немесе эволюциялық сипатқа ие. Философия қоғамның дамуын әлемдік тарихтың бірлігімен алуан түрлі принципі арқылы қарастырылады, өйткені мұнда жалпылықпен жекеліктің бір-бірімен өзара байланысының жалпы диалектикалық заңы көрініс береді. Қоғамдық дамудың басты мәселесіне қоғамдық прогресс ұғымы мен оның өлшемдері жатады.

Қоғам дамитын жүйе ретінде өзінің қозғаушы болады. Тарихи процестің субъектісі және қозғаушы күші әр түрлі философиялық бағыттарда қоғамды рухани және материалдық тұрғыдан негіздеуде көрініс береді. Қоғам дегеніміз мүдделері, құндылықтары және мақсаттары әр түрлі адамдар қауымдастығымен әр түрлі әлеуметтік топтардың жиынтығы болып табылады.   Осыған орай тарихи процесс күрделі және ықтималды сипатқа ие. Сондықтан тарихтағы жекелеген тұлғалардың, сонымен бірге әлеуметтік топтардың ролін зерттеу өте маңызды. Осы диалетиканың арқасында тарихи процесс стихиялық пен саналылықтың бірлігінде жүреді.

Әлеуметтік философия бүгінгі күні де сөздер мен пікірлер шырмауынынан шығып, адамның қоғамдық және индивидуалдық өмірінің мағынасы мен мақсаты, ерекшеліктері, принциптері, мәні туралы қандай да бір нағыз сөзге ұмтылуда. Бұл тұрғыда ол адамның өзіне өз санасы көмегі арқылы ие болу формасы ретінде, өзін «жинақтауға» деген саналы рухани жігер ретінде көрінеді. Мұның барысында ол қазіргі «дәуір талабына» жауап іздеу негізін құрайтындай кейбір сүйеніш болар теориялық-методологиялық конструкцияларды, терминдерді, категорияларды іздейді және табады.

Б

18. Буддизм жіне оның негізігі идеясы

Буддизм (санскритше – बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) — дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Гаутама Сиддхартха (б.д.б.563-485 жж.) деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады.Буддизмде дүниені жаратушы құдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты, Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет:

1) өмір — азап;

2) азап нәпсіден туады;

3) нәпсіні ауыздықтаса — азаптан құтылады;

4) нәпсіден құтылудың төрт сатысы бар: а) жүректің оянуы; ә) ниет, ақыл, ойды түзету; б) мінез-құлықты түзету; в) адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаббатқа жету (аїимса — адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бір көрінісі). Будда діні өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу — өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. 5 ғ. — б.з. басы); екінші, бодхисаттва — құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б.з. 5 ғ-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (көкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (5 ғ-дан кейін). Ол ваджраяна деп те аталды.Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттва - құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол важраяна деп аталады.

45. Б.Спиноза философиясы

Барух Спиноза (1632-1677 жж.) Амстердам каласында еврей отбасында дүниеге келеді. Ең алдымен ол діни училищеде оқиды, бірақ оны әкесі саудаға тартып, ол оку орнын бітіре алмай калады. Сондықтан ол өз білімін дербес өзіндік дайындық арқылы толтырады. 1656 ж. Библияны сынағаны үшін оны жергілікті еврей қауымы өз қатарынын шығарып, оған лағынет айтады. Сондықтан ол жеке басын асырау үшін өмір бойы көзілдірік шыныларын өңдеп өте ауыр жағдайда өмір сүреді. 45 жаска келгенде өкпе ауруына шалдығып, өмірден ерте кетеді.

Негізгі еңбектері: «Ақыл-ойды жетілдіру жөніндегі трактат», «Этика», «Саяси трактат» т.с.с.

Онтологиялық мәселелер. Құдай-Субстанция-Табиғат

Спиноза болмыстың ең соңғы себебі Құдайда деп есептейді. «Құдай... барлық заттардың бірінші себебі және өз-өзінің себебі, өз-өзі арқылы танылады». Ол Құдайдың болмысын дәлелдеу үшін онтологиялық дәлелдемелер келтіреді. Бірақ ол Құдайға пантеистік мағына береді, яғни оны бізді қоршаған табиғатқа теңейді. Олай болса, Құдай табиғаттан тыс мәңгілік өмір сүріп жатқан рухани тұлға емес, оны тек қана зерде (intelligere) арқылы ғана түсінуге болады.

Мұндай көзқарас сол кездегі Құдай жөніндегі деистік пікірлерге қарсы болды. Егер деистер Құдай дүниенің ең алшақтағы соңғы себебі деп есептесе, Б.Спиноза ол дүниенің ең тікелей жақын себебі деген тұжырымға келеді.

Табиғатпен теңелген Құдай сонымен катар субстанция ретінде қаралады. Егер Р.Декарт Дүниенің негізінде екі бір-біріне тәуелсіз субстанция жатыр, ал олардың үстіндегі Құдай екеуін бір-бірімен үйлестіреді деген болса, Б.Спиноза Құдай мен субстанцияны бір-бірімен қосып, оларды табиғатпен теңейді. Сондыктан оның метафизикалық-онтологиялық негізгі формуласы — ол Құдай, иә Субстанция, иә Табиғат, өйткені оның бәрі - бірегей.

Табиғаттың өзі Құдаймен тең болғаннан кейін, онда «Жаратушы» жэне «Жаратылған» деген діннің негізгі ұғымдары керек болмай қалады. Субстанция, я Табиғат, Б.Спинозаның ойынша, «өзіне-өзі себепті» (causa sui - латын сөзі, себеп өзінде). Онымен бірегей Құдай ешқандай жаратушылық қасиеттерімен танылмайды. Осыған орай, Б.Спиноза деизмнің де негізгі қағидаларын теріске шығарады, өйткені ол, аз да болса, Құдайдың алғашқы сатыдағы Дүниені жаратқан қызметін мойындайды.

Табиғаттан жоғары Дүниені жаратқан Құдай болмағаннан кейін, Құдайдың өзі Табиғатпен тең болған соң, ол екі ұғымды пайдаланады. Ол «тудыратын табиғат» (natura naturans) жэне «туды-рылған табиғат» (natura naturata). Бірінші ұғым - ол интуитивтік ой елегі арқылы түсінілетін табиғат. Екінші ұғым - ол сезімдік білім тудыратын бізді қоршаған жеке заттар мен құбылыстар.

Б.Спиноза өзінің болмыс ілімінде Дүниенің бірлігіне аса көп көңіл бөледі. Оның негізінде бөлінбейтін субстанция жатыр. Ол -шынайы шексіз, абсолютті ұзақтық. Болмыстың екінші жағы - бір-бірінен бөлінген, сезім арқылы бізге берілген шектелген жеке заттар мен құбылыстар. Жоғарыда көрсеткендей, бірінші екіншіні тудырады. Егер субстанция мәңгілік болса, жеке заттар уақыт шеңберінен шыға алмайды, сол шеңберде өзгереді, туады, құриды.

Б. Спиноза нақтылы заттарды субстанцияның тудырған «модустары» ретінде қарайды. Заттар-модустар арқылы субстанция өз-өзін шектейді. Ал шектеу дегеннің өзі - ол терістеу (determinatio est negatio). Нақтылы заттың шектелгені оны басқа заттардан бөледі, өзіне ғана тән айырмашылығын тудырады. Сондықтан әр зат болмыста өзінің орнын алады, өйткені ол - сол зат, басқа оған толығынан ұқсас еш зат жоқ. Сонымен қатар ол бейболмыста, өйткені басқа жағынан алғанда анықталмайды.

Субстанцияның модустарынан басқа бірнеше атрибуттары (қасиеттері) бар. Олар - созылу (extensio) жэне ойлау (cogitatio). Адам дүниені танығанда, оның осы қасиеттері арқылы нақтылықка жете алады. Сонымен Р.Декарттың екі субстанциясы Б.Спинозаның бір субстанциясының екі негізгі қасиеттеріне айналады.

Енді субстанцияның осы екі негізгі қасиеттеріне сипаттама берелік. Сонымен Б.Спиноза заттықтың негізгі қасиетін созылудан, яғни кеңістіктен көрді. Онда мынандай сұрақ ойымызға келеді: осы айтылған кеңістікте саны шексіз болғанымен, неше түрлі шектелген заттар қалай пайда болады? Оның негізгі себебін ойшыл қозғалыс пен тұрақтылықтан көреді, өйткені олардың бір-біріне деген қатынасы мен нақтылы шектелген заттарды құрайды. Расында да, әрбір заттың көлемі бар, ол бір жағынан, тұракты, екінші жағынан, үнемі козғалыста. Яғни қозғалыс пен тұрақтылық субстанцияның созылу қасиеті мен нақтылы шынайы өмірдегі заттардың арасындағы дәнекер ретінде каралады.

Субстанцияның келесі атрибуты оның «шексіз ойлау қабілетіне» келер болсақ, ол - бүкіл табиғатқа тән нәрсе. Олай болса, Б.Спиноза бүкіл дүниені тірі деп есептейді. Мұндай көзқарасты гилозоизм (hileo - грек сөзі, зат, zоо - тірі) дейді. Тек адам ғана емес, сонымен катар барлық табиғаттың заттары мен құбылыстары әртурлі деңгейдегі тіршілікте, - дейді ұлы ойшыл.

В

77. В. С. Соловьевтың жалпы бірлік философиясы

Владимир Сергеевич Соловьев (1853-1900)- философ, ақын, публицист. Неміс классикалық философиясын, ғылыми эмпиризм мен христиандық дүниекөзқарастарды біріктіріп, жаңа философиялық жүйе құрған.

- Оның ілімінің негізі - Құдайды абсолютті бастама мен әлемдік дамудың мақсаты ретінде қарастырған біртұтастану идеясы. Әлемнің алғашқы бейнесін Құдайлық даналық-София кейпімен түсіндірген.

- Біртұтастық идеясын ұсынды. Өз ілімдерінде бүкіл әлемдік теократия мен христиандық шіркеулердің бірігуін, ұлттық өзіндік сананың дамуын, ұлтшылдыққа қарсы идеяларды үгіттеді.

- Негізгі шығармалары: "Өмірдің рухани негізі”, "Ресей және Бүкіл әлемдік шіркеу”, "Табиғаттағы сұлулық”, "Сүйіспеншіліктің мәні”

- Соловьев бірлікті үш аспектімен түсіндіреді:

1. гносеологиялық-яғни үш білімнің бірлігі ретінде: эмпирикалық (ғылымдар), рационалды (философиялық), мистикалық (діни), гносеологияда білім таным әрекетімен емес интуиция, сенім арқылы танылады;

2. әлеуметтік-практикалық-мемлекет, қоғам, шіркеудің католиктік, протестанттық, православиялық діндермен араласып барып бірігуі;

3. аксиологиялық-үш абсолютті құндылықтың бірлігі:жақсылық, ақиқат және сұлулық.

Барлық орыс діни-философиясы гуманизм рухымен қамтылған. Онда адам құндылығы ғана мойындалады. Адам мәселесі, оның бостандығын қарастырған орыс діни философиясының, экзистенциализм өкілі Н.А. Бердяев

Римдік басқарудағы бүкіләлемдік теократияны қолдады. Самодержавиелік Ресейдің қатысуымен теократияны ұйымдастыруда, оның әлеуметтік құрылымында үш элементті көрсеткен: священиктер (құдайлық бөлік), князьдер мен бастықтар (белсенді адамдық бөлік), жердегі халық (белсенді емес адамдық бөлік). Мұндай бөлу тарихи үрдістің қажеттілігінен туады және теократиялық қоғамның органикалық түрін құрайды. Халықты жеке басқарушылардың қажеттілігі бұқара халықтың белсенді емес мінез-құлқынан туындаған деп есептеген.Әлеуметтік христиандық және христиандық саясат тақырыбын талқылауда да өз үлесін қосқан. B.C.Соловьев пікірінше, нағыз христиандық - қоғамдық болуы қажет, жеке адамдардың жандарын сақтаумен қатар әлеуметтік белсенділікті, әлеуметтік реформаларды талап етеді. Саяси ұйым оның түсінігінде табиғи-адамзаттық іс, өмірге ағза тәрізді қажеттілік. Бұл жерде христиандық мемлекет пен христиандық саясаттың мәні аса зор деп көрсеткен. Мемлекеттің қорғау міндеттерінен басқа, христиандық мемлекеттің прогресшіл міндеті - өмір сүрудің жағдайларын жақсарту. Нағыз үдемелі дамудың ережесі: мемлекеттің адамның ішкі дүниесін тарылтпауы.

Г, Ғ

53. Г.Гегельдің саяси-әлеуметтік көзқарастары: құқық философиясы

Георг Вильгельм Фридрих Гегель немістің идеалист философы (1770 – 1831 жж.). 1801 жылы Иен университетінде жоғары лауазымға ие болып, «Фихте мен Шеллингтің философиялық жүйелерінің айырмашылығы» атты бірінші басылымын шығара отырып, 1807 жылы «Рух феноменологиясы» туындысын жариялады. 1812-1816 жылдары «Логика ғылымы» еңбегін жазып шықты. Ал Берлиндегі кафедрада жұмыс жасаған кезінде ол «Құқ философиясының очерктері», 1827-1830 жылдары энциклопедиялар өнімдерін тудырды. Гегель - объективтік идеалист. Оның еңбектері: ”Логика ғылымы”, ”Право философиясы”, ”Рух феноменологиясы”, ”Философиялық ғылымдар энциклопедиясы”. Гегель Кант философиясының қайшылықтарын жеңбек болды. Гегель: “Қандай білім болса да –дамудың нәтижесі”, - деп жариялады. Білім ішкі қайшылықтар нәтижесінде пайда болады, дамиды. Гегельдің ең басты жетістігі: ол таным процесін адамның іс-әрекетімен байлаыстырды. Бірақ адамның іс-әрекеті тек рухани сферамен шектелді. Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады: а) логика; б) табиғат философиясы; в) рух философиясы. Гегель философиясының басты мәселесі әлемдік рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны. Гегель абсолюттік идеяны табиғат, қоғам пайда болғанға дейін таза идея күйінде қарап, оның дамуын табиғаттың пайда болуына дейін алып қарастырды. Гегельдің “Логика ғылымы” еңбегі үш бөлімнен тұрады: 1-ші бөлім - “болмыс”; 2-бөлімі - ”мән”; 3-ші бөлімі –“ұғым” деп аталады. Гегельдің айтуынша, логиканың басты мәселесі - абсолюттік идеяның өздігінен қозғалуы. Бұл еңбегінде Гегель диалектиканың үш жалпылық заңының негізгі категорияларын ашты. (Категория – бұл жалпы, универсальды, философиялық ұғым). Гегель берген көптеген философиялық анықтамаларды біз пайдаланып жүрміз. Бірақ Гегель таза идеяның абсолюттік идея, әлемдік санаға, демиургке айналуын қиял түрінде тұжырымдады. (Демиург-шебер жаратушы). Идеяның даму заңдары объективті щындықтың даму заңдарының санадағы көшірмесі екенін Гегель түсінбеді. Оның пікірінше табиғат - абсолюттік идеяның екінші өмірі. Бірақ табиғат дамымайды, дамитын тек идея деген қате пікірде болды. Олай болса білім физикалық дүниеге сәйкес келмей қалады. Оны сәйкестіндіретін адам іс-әрекеті, танымдағы практикалық тарихи қызмет. Ойдың өмір сүру шындығы - бұл тіл. “Материя—бұл ұғымның бір көрініісі”, - деп қарастырды Гегель.

54.Г.Гегельдің саясы-әлеуметтік көзқарастары:құқық философиясы

Вильгельм Фридрих Гегель – неміс пәлсапашысы,немiс классикалық философы.Фихте және Шеллингпен бірге неміс идеализмінің негізін қалаушы. Еңбектері: "Германияның Конституциясы", "Рух философиясы", "Құқық философиясы", "Тарих философиясы", "1831 жылы реформа жайлы ағылшындық билль" және т.б. Құқық философиясы - философияның гегельдікі жүйесінің аса маңызды құрамдас бөлігі. Гегель азаматтық қоғам мен саяси мемлекеттің ара-жігін ажыратып қарастырады. Оның ойынша, мемлекет дамудың ең жоғарғы сатысы - азаматтық қоғамда пайда болады. Азаматтық қоғам деп ол буржуазиялық қоғамды түсінеді. Азаматтық қоғам - ерекше, жеке мақсаттарды және жеке адам мүдделерін жүзеге асыру аясы.Азаматтық қоғамның үш негізгі тұсы: қажеттіліктер жүйесі, әділ сот, полиция және бірлестіктер.Азаматтық қоғам құрылымында үш сословиені атап көрсетеді: 1) субстанционалды (жериеленушілер - дворяндар мен шаруалар); 2) өнеркәсіптік(фабриканттар, саудагерлер, қолөнершілер); 3) жалпылама (шенеуніктер). Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастыра отырып, Гегель азаматтық қоғам қанша байлыққа кенелсе де, кедейлікпен күресуге қабілетсіз екендігін мойындайды.

85.Ғылым танымның арнайы формасы ретінде

Ақыл парасат, сана – сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі — өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үнілнді, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым – қатынасын белгілейді.

Басқашаайтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәлімет ңшкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.

Философиядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда дүниені танып – білуге болатындығын мойындайды.

Ғылыми танымның эмпериялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс – бақылау деп аталады. Оның мәні – зерттеу объектісін белгілі бір мерзім арлығында нысаналы ұйымдасқан тұрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау. Келесі әдіс – эксперимент – ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі – зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушіні тікелей әсер етіп, ондағы процестерге арласуы.

Осы заманға кең пайданылатын әдістердің бірі – модельдеу. Модельдеу дегеніміз эксперименттің бір түрі, бірақ мында объектінің өзі емес, оның орнын басатын модель зерттеледі.

Ғылыми теоррияның қалыптасуы барысында гипотезаның маңызы зор. Гипотеза – ғылыми тұрғыдан дәйектелген болжамға негізделген теория. Әрине, кез келген болжам гепотеза бола алмайды.

Қысқасы, ғылыми жолы – қиын жол, инемен құдық қазғандай. Ғылыми танымның жеңісіне үлкен ізденіс, қажылы еңбек, шыдамдылық, терең білім жеткізеді.

Д

4.Дүниеге көзқарас ұғымы,дүниеге көзқарастың тарихи типтері:миф,дін,философия.

Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында білімдер жинақтайды, ара – арасында ол заттар мен құбылыстар неге олай , дүние неге бұлай құрылған , адамның тууы мен өлімнің , бақыты мен қайғы – қасіретінің себебі неде деген сияқты мың- сан сұрақтар қояды өзі-өзіне. Сөйтіп, әрбір адамның санасында біртіндеп ол сұрақтар жайында трлеше ой – пікіррлер, көзқаратар қалыптаса бастайды. Адамның дүниетанымы дамып, тереңдеген сайын ақиқат айыруға болады, ар, намыс, борыш, жауапкершілік, әділеттілік пен әділетсіздік, зұлымдық пен қайырымдылқ дегеніміз не деген сияқты әлеуметтік сұрақтар да қалыптаса бастайды.Бұл сияқты сұрақтар ға жауап беру үшін олар жайында дұрыс ұғым , дүниенің өзгерісі мен дамуы туралы кең көлемді көзқарас, ой – пікір керек. Дүние және адамның ондағы орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниеге көзқарас деп аталады. Дүниегекөзқарас адамзат санасының , дүниетанымының қажетті бөлігі. Білім мен сенімнің , ой мен сезімнің , көңіл – күй мен мақсат – мүдденің , үміт пен ниеттің т.б. түрлі жақтарының бірігуі болып табылатын дүниеге көзқарас адамдардың дүние және өзі туралы біртұтас ұғымдарының жиынтығы деуге болады. Дүниегекөзқарас дегеніміз шындық дүние және адам туралы, адамның мінез – құлқы мен іс — әрекеттері туралы ең жалпы ұғымдарды айқындап беретін пікірлер мен тұжырымдардың жиынтығы екен. Философия дүниеге көзқарастың бір түрі. Дүниеге көзқарас - дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.Мифология (гр. Myfos - аңыз, logos - ілім) - әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.Философия (қазақша пәлсапа) - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы.

11. Даосизмнің онтологиялық, моральдық, әлеуметтік-саяси көзқарастары

Дао, бір жағынан, Дүниенің қайнар көзі, алғашқы негіз ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан ол - аспан заңдылықтары, бүкіл Дүниедегі заттар мен құбылыстар оған бағынышты.

Дүниенің негізінде жатқан Даоны біз: «...мәңгілік, ол өзгермейді, бітімсіз, танылмайды», - дейміз. Оған қаншалықты мұқият қарағанмен, ол көрінбейді, зер қойып тыңдасақ - естілмейді, оған ат қояйық десек, қалай атарымызды білмейміз: оның аты жоқ. Ол - еш нәрсе, бейболмыс. Дао - бүкіл өмірге келетіннің терең қақпасы.

Ал біз өмір сүріп жатқан нақтылы Дүниеге, бізді қоршап жатқан сан алуан заттарға келер болсақ, олардың әрқайсысының аты бар. Олардың бәрі де қозғалыста, өзгерісте, олар уақытпен шеңберленген, яғни бұл Дүниеге келіп, аяғында Даоға айналып мәңгілікке кетеді.

Дао тудырған болмысты, заттар әлемін Лао-Цзы «Де» деген сөзбен береді. Дао заттарды тудырса, Де оларды асырайды. Денелік заттардың бітімін кұрайды, инь мен янның күштері арқылы зат қалыптасады. Сондықтан бұл Дүниеде Даоны құрметтейді, «Дені» бағалайды.

Адам жерге бағынады, жер - аспанға, аспан - Даоға, Дао - өз-өзіне.

Дао – мәңгілік және аты жоқ-ты. Солай бола тұра, оны ешбір бұл Дүниедегі нәрсе өзіне бағындыра алмайды.Теңізге әр жерден келіп құйылып жатқан кіші-үлкен өзендер сияқты, Дао өзінің бойына Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстарды сіңіріп, қайтадан өз бойынан оларды тудырып отырады.

Даосизмнің моральдық, әлеуметтік-саяси көзқарастары

Даосизмнің моральдық ілімі Кун-фу-Цзы іліміне қарама-қарсы. Конфуций адамдардың бір-біріне жақсылық жасау керектігі қағидасын сынға алып, олар оны «мен - саған, сен - мағанға» теңеп, «оның ешқандай моральдық мәні жоқ, тек қана пайда табушылыққа итереді» деген ойды айтады.

Даосизмнің этикалық идеалы - жақсылық жасауға ұмтылмау. Сондықтан ондай адам - ізгі адам. Мұндай идеяға оларды итерген өмірде көп кездесетін жақсылықтың жамандық болып оралуы болса керек. Сондықтан даостардың ізгі адамы еш нәрсе жасамай жеңіске жетеді. «Күреспей-ақ жеңіске жетеді», - дейді даостар.

Даосизмнің әлеуметтік-саяси көзқарастарына келетін болсақ, қоғам өмірінде адамдардың тәтті тамағы, жылы киімі, тұрақты үйі болса, онда олардың өмірі қуанышты. Сонда ғана көрші мемлекеттер бір-біріне алыстан карап, бір-бірінің әтештерінің шақыруын, иттерінің үруін тыңдап, өздерінің қартайып өлгендеріне шейін бір-біріне тимейтіндігін айтады.

Даосизм ілімі адамдарға білім беруге, оларды ағартуға қарсы, ал білімді адамдардың өзін іс-әрекет жасауға жібермеу керек деген пікір айтады. Өйткені әрекет жасамау, барлық заттардың өзінің мақсатына лайықты өзгеруіне, өзіне-өзі жеткілікті болуына әкеледі.

Ал енді басқару мәселесіне келетін болсақ, онда олардың пікірінше, «ең жақсы елбасын, яғни тек оның бар екенін ғана халық біледі. Ал халық сүйетін және көтеретін елбасы - екінші дәрежеде. Содан кейін халықты қорқытып ұстайтын елбасы келеді. Егер халық елбасынан жиіркенсе - онда ол ең жаманы».

Даосизм елдің әділеттік аркылы басқарылатынын, соғыстың қулық арқылы жүретінін айтады. Елді басқару дәрежесіне көтерілу еш нәрсе жасамау арқылы болмақ (У.Вей заттың табиғи қалыптасуына тежеу жасамау). Егер елбасы еш нәрсеге килікпесе, онда қоғам өмірінде тыныштық орнап, барлығы да өз орнымен келе береді. Егер үкімет тыныш болса, онда халықтың көңілі де жайлы. Бірақ үкімет неше түрлі іс-әрекетте болса, онда халық бақытсыздыққа ұшырайды.

Даостар үкімет басындағы адамдарды байлыққа, қымбат заттарға қызықпауға шақырады. Әсіресе тәкаппарлықтың зияндылығын аса көрсетеді. «Ең бақытсыздық - өз іңкәрінің шегін білмеуде, ең қауіптілік - асқан байлыққа жетуге ұмтылуда».

Даостар - соғысқа қарсы. Соғыста болған жеңісті мадақтау -адамдарды өлтіргенмен тең. Сондықтан ізгі басшы көршілермен тату тұруға, егер қайшылықтар пайда болса, оны бейбіт түрде жол беру арқылы шешу керектігін айтады. Сондықтан қашанда соғысты бірінші болып ашудан бас тартқан жөн деп есептейді.

17. Джайнизм ілімі

Джайнизм - көне үнді философиясының Веда әдебиетіне сүйенбей дамыған ағымы. Джайнизм философиясының негізінде - татва яғни мән туралы ілім жатыр. Татва - дүние құрылатын бастапқы құрылыс материалы сонымен бірге білімнің негізі құрылатын ақиқат.Джайнизм (Джина – жеңіс) философиясының негізін қалаған Махавира Вардхамана (б.д.б. ҮІ).деген ойшыл болған.Джайнизм ²жеңіс² деген сөзден шыққан.Джайнизм философиясында 9 ұғым бар. Олар – тірі (джива), өлі (аджива), ізгі, күнә, жанның бұзылуы (ашрава), самвара – жанның тазалануы, тәуелділік, карманы бұзу – нирджара, жанның денеден құтылуы – босау.Джайнизм философиясының негізгі ұғымдарының бірі – святвада (свят – белгілі бір жағдайда). әрбір заттың шексіз әртүрлі қасиеттері мен белгілері бар..Джайнизм ілімі- солтүстік шығыс Үндістанда пайда болып, кейін бүкіл ел аумағына таралды. Ұзақ жылдар бойы ауызша түрде таралды. Б.з. Ү ғасырында жазбаша каноны құрастарылды.- Адам мәні материалды (аджива) және рухани (джива) негіздерден тұрады. Екеуін байланыстыратын карма болып табылады. Карма арқылы жан материямен байланысады. Өлі материяның жанмен қосылуы индивидтің пайда болуына әкеледі. Карма адам жанын қайта туылудың шексіз тізбегінде болуын қамтамасыз етеді.- карманың сегіз түрі бар: зұлым карма жанның негізгі қасиетіне теріс ықпал етеді. Қайырымды карма адам жанын қайта туылу айналымынан сақтайды. Адам зұлым және қайырымды кармалардан құтылғанда ғана, сансара торынан азат болуына мүмкіндік туады. Джайнизм ілімі бойынша адам рухани мәнінің көмегімен өзінің материалды мәнін қадағалайды және оны басқара алады. Жанның карма мен сансара ықпалынан азат болуы, тек тақуалық өмір кешу және қайырымды істер жасау арқылы қол жеткізеді. Содықтан да, Жайнизм ілімі этикаға ерекше мән береді.- Жайнизмде «үш асыл» туралы ілім бар, олар: дұрыс сенім, дұрыс білім, дұрыс өмір сүру. Алғашқы екі қағида Жайнизм іліміне деген сенім және осы ілімді білуге қатысты. Ал дұрыс өмір тақуалық өмір сүрумен байланысты.- адам тек өзі, ешкімнің көмегінсіз құтқарылуы керек. Адам өзін құтқару үшін бірнеше қағидаларды ұстану керек, олар:

Апариграха – дүние заттарына қызықпау, байланбау, самарқаулық таныту;

Сатья – ешбір қиындыққа қарамастан шындықты айту;

Астья – ұрлық жасамау;

Ахимса –еш нәрсеге зәбірлік көрсетпеу.Дайнизмде- екі бағыт қалыптасты: дигамбарлар (киінуді мойындамайтындар) және шветамбарлар (ақ киімділер

41. Декарттың онтологиясы мен антропологиясының дуалистік сипаты

Болмыс жөніндегі көзқарасында Р.Декарт дуалистік (екілік) көзқараста болды. Оның ойынша, жалпы дүние жөнінде екі субстанцияны мойындауға тура келеді. Олардың біреуі - материалдық, заттық, денелік субстанция. Оның негізгі атрибуты (қасиеті) - созылу, кеңістікте белгілі бір орын алу. Екінші субстанция - рух. Оның негізгі атрибуты - ойлау. Жан-дүние бір сәт те тоқтамай, тұрақты ойлайды.

Бұл екі бір-бірінен тәуелсіз жатқан субстанция адам мәселесіне келген кезде үлкен қиындықтарды тудырады. Қалайша адамның денесі оның рухына, жан дүниесіне, ал соңғы оның денесіне сондай үйлесімді өз әсерін тигізе алады? Оны өз кезіндегі жаратылыстану тұрғысынан түсіндіре алмай, Р.Декарт Құдай идеясына келуге мәжбүр болады. Оның ойынша, тек Құдай ғана дене мен ойдың үйлесімді қарым-қатынасын тудыра алады. Бірақ Р.Декарт өзінің космогониялық (ғарыштың дүниеге келуі жөніндегі ) болжамында Құдайдың рөлін тек қана материяны жаратып, оны алғаш рет қозғап жіберуімен шектейді. Әрі қарай Дүние өзінің табиғи заңдылықтарының негізінде қалыптаса бастайды. Құйын сияқты қозғалған материалдық бөлшектер қыза келе жұлдыздарға, күнге айналады. Екінші ұсақ дөңгелек қозғалғыш элементтерден аспан пайда болса, ең соңында үлкен аз қозғалатын бөлшектер бір-бірімен қосылып, жер және басқа планеталардың денесін кұрайды.

Ал жер бетіндегі өмір сүріп жатқан тіршілікке келгенде, Р.Декарт бұрынғы философиядағы гилозоистік көзқарастардан бас тартады. Өз заманында Аристотельдің болжаған өсімдік пен сезімдік жандарын Р.Декарт жоққа шығарады. Оған себеп болған 1628 ж. Гарвейдің ашқан қан айналысы болса керек. Соған сәйкес, Р.Декарт жануардың өмірлік мүшесі - ол оның жүрегі деген пікірге келеді. Ол ғылымда алғашқы болып, жануарлардың сыртқы әсерге жасайтын ішкі реакциясының механизмін ашты. Оның ойынша, сыртқы әсерді миға жеткізетін - артериялар ішінде қозғалатын ең ұсақ қан бөлшектері. Әрине, бүгінгі физиология ғылымының тұрғысынан мұндай пікірді тұрпайы деп бағалауға болар еді. Бірақ шартсыз рефлекстің алғашқы болжамын жасаған Р.Декарт екені сөзсіз. Сонымен егер жануарлардың жан дүниесі болмаса, онда олар өте күрделі машиналар.

Адам дене ретінде жануар әлеміне жақын, сонда ол да машина ма? деген сұрақ заңды түрде ойға келеді. Оған Р.Декарт үзілді-кесілді теріс жауап береді. Біріншіден, адам мақсатқа лайықты іс-әрекет жасай алады. Ол қандай да болсын сырттағы қалыптасқан ахуалға үйлесімді жауап бере алады, өйткені ол ақыл-ой елегінен барлығын өткізіп, шешімін табады. «Адамның ақыл-ойы, зердесі - жан-жақты құрал», - дейді Р.Декарт. Адамның екінші ерекшелігі - ол сөйлей алатын пенде. Олай болса, адамның басқа тіршіліктен негізгі айырмашылығы - оның рухында.

47. Д.Беркли және Д.Юмнің субъективті идеализмі

Жаңа заман ойшылдарының бірі – Беркли Джордж (1684-1753 жж.) ағылшын теолог-философы, субъективті идеалист, өзінің тұжырымдамасын «имматериализм» деп атаған. Ойшылдың түсінігі бойынша, санадан тыс ештеңе де болмайды, адамдардан басқа ешнәрсе де шынайы өмір сүрмейді, саналы тіршілік иесінен басқаның бәрі индивидумдардың өмір сүруінің модустарынан басқа түк те емес. Сонымен қатар ойлаусыз әлем – «пес quid nес quantum пес quale» (ештеңе, ешқандай). Шындығында, біз заттарды көре алмаймыз, тек іштей «заттарды» көретін «идеялар» ғана бар. Түсінуге болатын тек қана идеялар, одан басқа ештеңе де жоқ.

Осындай тұжырымдарды айғақтаған ойшыл адам болмаған күнде заттардың құдайдың ақыл-ойында сақталатындығын атап өтеді. Демек, Берклидің субъективті идеализм деп аталған, өзінің «имматериализм» деп көрсеткен осы тұжырымдамасы бойынша, заттардың қабылдауға дейінгі күйі «жоқ» деп атауға болатындай бірдеңелік болмыссыздықты көрсетеді. Материалдық дүниенің мәніне енетін идея алғашқы және бастапқы болып тұжырымдалса, бұнсыз материалдық дүние толыққанды болмыс болып табылмайтын болса, сана мен идея оның болмысының мәнін ашатын белсенді айқындаушы. Яғни, болуға ұмтылған материяның шынайы өмір сүруге жетуін қамтамасыз ететін сана әлемнің басты орталық субстанциялық феноменіне айналады.

Юм Дэйвид (1711-1776 жж.) – ағылшын философы, тарихшы, экономист және публицист. Субъективті идеалист ретінде белгілі, агностицизмнің негізгі қағидаларын негіздеуші және позитивизмнің басты ұстанымдарын алғаш ұсынушылардың бірі. . Юмның түсінігі бойынша, таным мәселелерінде ғылым мен философияның мақсаты түсіндіру емес, түйсінілгенді бірден-бір реалдар деп суреттеу болып табылады. Заттар туралы елесті затпен парапар, зат деп аталғандар – адам елестерінің тұтастығынан басқа ештеңе де емес. Ендеше елестетулерді философия қарастырмайды, бұл олардың шегінде идеалды субстанция ма, әлде материалды жатырма ма деген сұрақ тәрізді болып кетеді. Бұл мәселе адам үшін шешілмейді, принципті түнде танылмайды. Ойшылдың түсінігі бойынша, ғылым прогресі мен тәжірибе тек объектілердің үстірт сипаттары туралы білімдерді, жеңіл-желпі түсініктерді ғана береді. Ал шынайы философияның өзі осы білместіктен алшақтауға ғана көмектеседі, метафизикалық философия тек құбылыстардың жаңа бөлігін ашуға ғана жәрдемдеседі.

82. диалектика теор. мәселелері.

Осы уақытқа дейін біз қарастырған әлем мен адам қарым-қатынасының барлық қырында даму құбылысымен жеткілікті түрде таныстық. Әлем де, адам да, табиғат та, қоғам да ұдайы өзгерісте, дамуда. Даму дегеніміз-мәңгі, қажетті қозғалыс, өзгеріс. Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды. Диалектика дегеніміз-болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Диалектика-дамудың философиялық теориясы. Сонымен қатар, ол-әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі. Диалектика әлем үлгісін өзгеріп тұратын түрлер, жағдайлар және дәуірлердің бір-бірімен ауысуының мәңгі процесі деп қарастырады. Ф.Энгельстің анықтамасы бойынша‚ диалектика дегеніміз - әлемдегі байланыстар, табиғаттың, қоғам мен ойлаудың қозғалысы мен дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Философия объективті және субъективті диалектика ұғымдарын қолданады. Ойлау және таным процестері үшін бұл өте маңызды ұғымдар. Объективті диалектика дегеніміз-әлемнің, табиғаттың, объективті дүниенің дамуы, өзгеруі. Ал оның адам санасында бейнеленуінен субъективтік диалектика туындайды. Әлем, дүниенің дамуымен, өзгеруімен қатар оны бейнелейтін, түсіндіретін ұғымдар да дамып, өзгеріп отырады. Диалектика зерттейтін маңызды сұрақтардың қатарына: “Даму дегеніміз не?”, “Ол неліктен болады”, “Даму қалай іске асып отырады”, “Даму қайда бағытталған” сияқты маңызды проблемалар жатады. Осылар төңірегіндегі ізденістер мен ойлау иірімдері материалдық әлемнің терең қабаттарын ашып, оның даму тетіктерінің мәнін зерттеуге мүмкіндік береді. Диалектика да грек сөзі. Ол бірден даму теориясына айналмаған. Грек мәдениеті аясында диалектика сұрақ - жауап арқылы пікір таластыру қабілетін, ұғымдарды саралау, заттарды түрі мен шыққан тегіне қарай ажырату өнерін білдірген. Сонымен қатар, оның қайшылықтар туралы ілім деген анықтамасы да болған. Көрнекті грек философы Аристотель диалектиканы ықтимал пікірлер туралы ғылым деп есептеген. Бірте-бірте диалектика даму туралы ілімге айналды. Қарапайым диалектика антикалық философияда қалыптасты. Ол көне гректердің табиғатты қарапайым пайымдауынан туындады. Диалектикалық дәстүрдің бастауы, негізі Гераклит ілімі деп есептелінеді. Табиғатты бөлінбейтін біртұтастық дей отырып, Гераклит “от”, “әлемдік өрт”, “космос” ұғымдары арқылы ондағы ұдайы болып тұратын өзгерістерді түсіндіруге тырысты. Әлемдегі барлық нәрсе өзгермелі, қатып, семіп қалған еш нәрсе жоқ. Барлығы бір-біріне қарама-қарсы жақтардан тұрады, олар бір-бірімен әрекеттеседі. Қарама-қарсылықтардың өзара күресі әлем дамуының қозғаушы күші және негізгі заңдылығы. Гераклит мәңгілік және өткіншілік, Құдай және адам, өмір және өлім, сабан және алтын сияқты қарама-қарсылықтарды атап көрсеткен. Орта ғасырларда кейбір ойшылдардың шығармашылығында диалектикалық ізденістер орын алған. Мысалы, П.Абеляр диалектиканы әртүрлі пікірлер сайысында ақиқатқа жетудің тәсілі деп қарастырған. А.Августин жалпы тарихтың дамуы туралы ілім жасаған, онда балалық, бозбалалық, өрлеу, қартаю және өлу кезеңдері атап көрсетілген. Қайта өркендеу мен жаңа Дәуір философиясында диалектика Д.Бруно, Н.Коперник, Р.Декарт, Б.Спиноза, Н.Кузанский шығармашылығында дамыған. Неміс философиясы дамытқан идеалистік диалектиканың маңызы аса зор болды. Неміс философы И.Гердер әлемдік мәдениеттің даму идеясын ұсынса, И.Кант таным процесінің қозғалу логикасын анықтады. Диалектиканың дамуына қомақты‚ сүбелі үлес қосқан философ-Г.Гегель. Ол тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп: яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуда деп таныды, сөйтіп, осы қозғалу мен дамудың ішкі байланысын ашуға тырысты. Диалектиканың негізгі ұғымы - даму. Даму дегеніміз- қозғалыстың, өзгерістің бір көрінісі. Ол көп жақты, ескіден жаңаға, жаңадан ескіге, қарапайымнан күрделіге, күрделіден қарапайымға, төменгіден жоғарыға, жоғарыдан төменге даму болады. Диалектиканың маңызды принциптері бар. Оған дүниенің объективтілігін, оның негізгі бөліктері мен қасиеттерінің, құбылыстарының бір-бірімен байланыста, өзара әрекеттесуде, қайшылықта болатындығын мойындау жатады. Қайшылық - даму мен қозғалыстың ішкі қозғаушы күшін көрсетеді. Қайшылық дегеніміз қарама-қарсылықтардың өзара қатынасын білдіреді. Қайшылықтар тірі, өлі табиғатта да, қоғам өмірінде де кездеседі.

Диалектиканың негізгі заңдарыДиалектика жүйесіне оның негізгі заңдары кіреді. Заң ұғымының маңызды екі мағынасы бар. Біріншіден, заң дегеніміз-заттар мен құбылыстар арасындағы жалпы, тұрақты және қажетті байланыстарды білдіретін ұғым. Мысалы, әлемдік тартылу заңы, табиғи сұрыпталу заңы. Бұлардың бәрі объективті материалдық әлемнің заңдары. Екіншіден, заң дегеніміз-әлемнің байланыстарын бейнелейтін білім жүйесі. Бұл-ғылым заңдары. Диалектиканың негізгі үш заңы бар. Олар даму процесінің маңызды заңдылықтарын түсіндіреді. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі туралы заң материалдық әлемнің дамуының негізін түсіндіреді. Даму процесі ішкі де, сыртқы да қарама-қарсылықтардың қақтығысы арқылы іске асады. Диалектика сыртқы қарама-қарсылықтардың бірегейліктің екіге бөлінуінің нәтижесі, түптеп келгенде ішкі қарама-қарсылықтар туындысы деп қарайды. Бұл заңның үлкен дүниетанымдық және тәрбиелік мәні бар, өйткені ол дамудың белгілі бір сатысын, тарихтың ешбір жетістігін, адам қол жеткізген биікті ең соңғы деп қарастырмауға үйретеді және шексіз шығармашылыққа бағдар береді. Қоғам өміріндегі қайшылықтар өте күрделі және жан-жақты. Сандық және сапалық өзгерістердің өзара өту заңы дамудың нақты тетігін көрсетеді. Диалектика кез келген затты оның қасиеттері, саны және сапасы жағынан сипаттайды. Қасиет дегеніміз - заттың басқа заттармен байланысындағы сипаты. Сапа - бұл қасиеттердің бірлігі. Сапалық айқындылық зат пен құбылысты тұрақты етеді, бір-біріне ажыратып, дүниенің шексіз саналуандылығын айқындайды. Сапа дегеніміз-заттың барынша өзінділігі. Сан заттың біркелкі бөліктерге бөлінуін айқындайтын ұғым. Бір-біріне ұқсамайтын нәрселердің айырмашылығында сапалық, ол бір-біріне ұқсайтын нәрселердің айырмашылығында сандық сипат бар. Кез келген заттың негізгі бір сапасы бар. Мысалы, стақан-ең алдымен ішуге арналған құрал. Әрбір зат сапалық, тұрақты және сандық, тұрақсыз қасиеттердің қайшылықты бірлігі. Бұл бірлік белгілі бір интервалға дейін сақталады. Оны шама арқылы анықтаймыз. Шама-нәрсенің немесе құбылыстың сапалық және сандық айқындылығының табиғи бірлігін білдіретін философиялық категория. Зат пен құбылыс өз дамуының белгілі бір деңгейінде жаңа сапаға көтеріледі. Сан өзгерістерінің нәтижесінде ескі сапаның жаңаға айналып, заттың немесе құбылыстың түпкілікті, сапалы өзгеруін, секіріс деп атаймыз. Кез келген сапалы өзгерістің тек секіріс арқылы дамуы маңызды бетбұрыс. Өйткені секіріс кезінде зат өзінің сапалық қасиетін жоғалтып, басқа қасиеттердің жиынтығына айналады. Сан мен сапалық өзгерістердің өзара байланысын химия жақсы дәлелдейді. Мысалы, кәдімгі ауаның молекуласына ауаның бір ғана атомы қосылса, онда озон пайда болады. Озон - басқа сапалы құбылыс. Сондықтан да болар, Ф. Энгельс химияны мөлшерлік, сандық өзгерістердің нәтижесінде заттардың сапалық қасиеттері өзгеріп отыратындығы туралы ғылым - деп анықтады. Терістеуді терістеу заңы даму процесінің түрі мен жалпы бағытын көрсетеді. Мұнда ерекше танымдық рольді терістеу ұғымы атқарады. Терістеуді - терістеу заңының аясында аса маңызды заңдылықты-сабақтастықты түсіндіруге болады. Терістеу‚ сабақтастық-жалпы дамудың, соның ішінде ғылыми, көркемдік дамудың да объективті заңдылығы. Сабақтастық жоқ жерде ілгері өрлеу, даму болмайды. Адамзат баласы тарихи дамудың әр сатысында әдебиет пен көркемөнерді, ғылыми жетістіктерді қайта жасамайды. Өткен заманда істелген жұмыспен, пайда болған әдеби туындымен таныс болмасақ, онда біз дүниені танудың бұрыннан белгілі әдіс, жолдарын қайта қарастырып, уақыт өткізер едік. Сабақтастықтың арқасында мұндай жағдайды бастан кешірмейміз. Жоғарыда атап өткен диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары оның негізгі идеяларын қорытындылауға мүмкіндік береді. Біріншіден, құбылыстардың бір-бірімен тығыз байланыстылығы идеясын әлем мен жаратылыстану тарихы толық дәлелдейді. Екіншіден, әлемнің өмір сүруі мен дамуының негізгі шарты - оның ішкі қайшылықтары идеясы. Үшіншіден, әлемдегі құбылыстардың ұдайы өзгеріп отыратындығы туралы идея.

Е

10.Ежелгі Қытайдың мифологиялық дүниетанымнан философияға көшу үдерісі,ұлттық ілімдер: даосизм, конфуцийшілдік, легизм.

Біздің заманымыздан бұрын VIII—VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж.-б.д.220 ж.). Зерттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған. 

Ұлттық ілімдер. Даосизм. Негізін қалағандар :Лао-цзы (б.д.б. ҮІ-Ү ғғ.)

Чжуан-цзы (б.д.б. 369-286 жж.). Еңбектері :«Дао дэ цзин», «Дао цзан», «Чжуан-цзы», «Ле-цзы», «Хуайнань-цзы». Даосизм ілімінің негізінде табиғат, ғарыш, адама негізгі ұғымдар болып табылады. Ойлаудың мақсаты – адамның табиғатпен қосылуы болып табылады. Әлем ешбір себепсіз үнемі қозғалыс пен даму күйінде болады.

- ілімнің негізгі категориялары табиғи жол – дао, ізгі қуат – дэ, әрекетсіздік – у вэй.

- дао – бүкіл мәннің заңды негізі; ғарыш, адам және қоғам болмысының заңы; универсум бастауының бастау көзі; заттар әлемінің алғы шарты; циклдік уақыттың қағидаты және өмір салты.

Конфуций ілімі. Негізін қалаушы:Конфуций (б.д.б. 551-479 жж.). Еңбектері:«Лун юй» «Әңгімелер мен пайымдар». Конфуцийшілдік бұл – ең алдымен, моралдық-этикалық ілім. Ол әрбір адамның қоғам мен әлемдегі алатын орны туралы сұраққа жауап іздеді.

- Конфуций адамды әлеуметтік қызметімен байланысты түсіндірді. Оның әлеуметтік-этикасында адам өзін қоғам игілігі үшін арнауы тиіс.

Легизм б.д.б. ҮІ-ІІІ ғ.ғ. Негізін қалаушылар:Гуань Чжун, Цзы Чань, Ли Куй, Хань Фэй, Шан Ян және Шэн Бухай .Еңбектері:«Хань-Фэй-цзы», «Шан-цзюн-шу». Әлеуметтік теория және мемлекетті басқарумен байланысты мәселелермен шұғылданды.

- Легистер Конфуций ілімін өткір сынға алды. Легизмнің көрнекті өкілі Хань Фэй басқарушы мен қоғам арасындағы қатынастарды қайта реттеу керек деген ұсыныс жасады. Билеушінің шығарған заңдары мен өкімдері қоғам мүддесімен көп жағдайда сәйкес келе бермейді, сондықтан қатаң да күшті мемлекеттік билікті жүзегее асырауды ұсынды.

15.Көне Үнді философиясының даму кезеңдері және философиялық жүйесі

1

ВЕДАЛЫҚ КЕЗЕҢ

б.з.б. VI-V Ғ.Ғ.

2

КЛАССИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ

б.з.б. VI Ғ. – 1 мыңжыл. алғашқы жартысы

3

ПОСТКЛАССИКАЛЫҚ (СХОЛАСТИКАЛЫҚ) КЕЗЕҢ

1 мыңжыл. алғашқы жартысы-ХҮІІІ ғ.

4

НЕОИНДУИЗМ НЕМЕСЕ ҚАЗІРІГІ ЗАМАН ҮНДІ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢІ

ХІХ-ХХ Ғ.

Ежелгі Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вай-шьялар және шудралар. «Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна — тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар — ой еңбегімен, кшатрийлер — әскери істермен, вайшьялар — жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар — қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік — варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.

16. Ежелгі Үнді философиясының ортодоскальді (астика-Ведалық) мектептерінің дүние түсініктері

Үнді философиясы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады: 1.Брахмандар Абыздық варна 2.Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары 3. Вайшьялар Егінші-варналар 4. Шудралар Төменгі варна. Текті абыздық жанұялар қоғамға айтарлықтай ықпал етті және білімділік пен арнайы білімдерді иеленушілер болды, діни идеологияның дамуына ықпал етті. Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды. «Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бірақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Веданы мойындайтын философиялық мектептер. Вайшешика– атомистикалық ілімге негізделген мектеп.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]