Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-759359893.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.95 Mб
Скачать
  1. Профессор с.А.Аманжоловтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі

Сәрсен Аманжолов – қазақ филологиясына үлкен еңбек еткен ғалым. Ол 1931 жылдан Қазақтың Абай атындағы ұлттың педагогикалық институтында дәріс оқып, 20 жыл бойы сол институттың кафедра меңгерушісі болумен қатар, басқа да филология майданындағы мекемелерде қызмет атқарды.

С. Аманжоловтың 1930 жылдардағы еңбектерінің аса құндылығы хылқымыздың мәдени дәрежесін, көтеруге зор көмегін тигізді.

1932 жылы С. Аманжолов ІV класқа арнап жазған «қазақ тілі грамматикасы» Алматыдағы мемлекеттік баспадан басылып шықты. Осы жылы С. Аманжоловтың басқаруымен I-II-III класс оқушыларына арналған қазақ тілі оқулығы шықты.

1934-40 жылдары орталау, орта мектептерге арналған грамматикалық оқулықтар шықты.

Бұл оқулықтар республикадағы басқа да көрнекті ғалымдарымыздың оқулықтарымен қатар күні бүгінге дейін жас ұрпақтарға ана тілін оқутыдағы басты құрал қатарында. 1938, 1939, 1957 жылдары Аманжолов бастауыш, орталау, орта және жоғары оқу орындарына қазақ тілін қазақ тілін оқытудың, ЖОО-на диалектологияны оқытутың тұңғыш бағдарламаларын жасады.

Қазақ тілінің асыл қазынасын халық аузынан жинау С. Аманжолов басшылығымен басталды. 1937 жылдары қазақ тілін зерттейтін экспедициялар ұйымдастырып, халық ауыз әдебиетінің таңдаулы нұсқаларын жинауға басшылық етті, оларды бастырып шығарып отырды. Бұлардың қатарына совет дәуіріндегі ауыз, әдебиеті үлгілерін ғылыми жүйеге келтіріп, ең алғаш С. Аманжолов шығарған, «Қазақ совет фольклоры», «Он алтыншы жыл», «Бөгенбай батыр», т.б. көлемді еңбектер жатады. Өнерді аса бір шебер үлгісі – жұмбақтарды да 1940 жылы бір том етіп шығарды.

С. Аманжолов осындай ұйымдастыру-басшылық жұмысын атқара жүріп, негізінен ғылыми еңбектер, оқулықтар жазу ісімен шұғылданды. Сндықтан, оның ғылыми-педагогтік еңбектері бағаланып, 1938 жылы ССР оқу министрлігінің жанындағы жоғарғы аттестациялық комиссия (ЖАК) С. Аманжоловқа доцент атағымен қоса, қорғамай-ақ филология ғылымының кандидаты дәрежесін берді.

1930 жылдардың аяғына дейін үлкен еңбектерімен танылған С. Аманжолов бұдан былайғы еңбектеріне қазақ тілінің фактілерін басқа түрік тілдерімен салыстыра зерттеуді мақсат етті. Бұл мақсатына ғалым жетті де оның еңбектері түркологияда үлкен орын алды. С. Аманжолов көрнекті түрколог деген атаққа ие болды. С. Аманжолов өзбек, қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт, чуваш, алтай, якут т.б. түрік семьясындағы толып жатқан тілдерді жақсы білгендігін былай қойғанда, басқа семьядағы парсы, араб тілдерін де тәуір білетін, еңбектерін орыс тілінде өте шебер жазатын.

С. Аманжолов тіл ғылымының өзекті мәселелеріне ат салысып отырды. Мәселен, 30 жылдарды қазақ халқының өскелең мәдениетіне латын алфавиті айтарлықтай дәрежеде қызмет ете алмайтыны іс жүзінде дәлелдене бастады. Латын алфавиті бұрынғы араб жазумен салыстырғанда біраз алға басқандық еді. Бірақ бұл алфавит орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздерді және халықаралық терминдерді дұрыс бере алмады. Сондықтан орыс алфавитіне көшу мәселесі күн тәртібіне қойыла бастады. Орыс алфавитіне көшу ісіне С. Аманжолов белсене қатысты. Осы тақырыпқа бірнеше мақала жазып, өз пікірін жұртшылықтың ортасына салды. 1939 жылы Қазақстан орталық партия комитеті ұйымдастарған мәжілісте С. Аманжоловтың әліпби жобасы қабылданды.

Жаңа алфавиттің құрамында 41 әріп болды. Бұл алфавитте орыстың әріптері түгел сақталып, қазақ тіліне тән 8 әріп қосылды. Сәрсен Аманжолов 1940 жылы 26-29 тамызда өткен республикалық ғылыми конференцияда жаңа алфавитке көшуге байланысты қазақ тілінің орфографиясы туралы баяндама жасады. Бұл баяндамадағы ережелер негізінен қабылданып, сол жылы 10 қарашада қазақ КСР жоғарғы кеңесінің V сессиясы С. Аманжоловтың жасаған жобасын бекітті. 1940 жылы орыс алфавитіне негізделген С. Аманжолов жасаған қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясы басылып шықты.

С. Аманжолов осындай творчестволық өрлеу үстінде жүргенде, Ұлы Отан соғысы басталды. С. Аманжолов өз тілегімен майданға аттанды. Сұрапыл соғыс оның творчествосына тоқырау бала алмады. Ол 1942-1944 ж. наурыз айына дейін Карел майданында орыстан басқа ұлттардың жауынгерлері арасында үгітші болып қызмет атқарды. 1944 ж. наурыз айынан 1946 ж. июнь айына дейін майор С. Аманжолов Совет Армиясының жоғарғы саяси басқармасында қызмет істеді. Майданда жүріп, Ұлы Отан соғысының батырлары туралы очерктер, саяси листовкалар жазды. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы орыстан басқа ұлттардың жауынгерлері арасындағы саяси-тәрбие жұмыс тәжрибесі туралы деген 400 беттік үлкен еңбек жазды. Майданның алдындағы шебіне өзі барып, материалдар жинап, газеттерге үздіксіз мақалалар жазып тұрды.

Соғыс аяқталған соң 1945-46 жылдары Москвада әскер қатарында Совет Армиясының жоғарғы Саяси Басқармасында қызмет істеп жүріп, кешке, демалыс күндері Ленин кітапханасынан өзінің докторлық диссертациясына материал жинай бастады.

Осы кітапханада ол соғыстан бұрын бастаған «Қазақ диалектологиясының негізгі проблемалары» деген докторлық диссертациясын аяқтап, 1948 жылдың басында қорғады. Осы жылы С. Аманжоловқа профессор деген атақ берілді.

Ғалым 1959 жылы «Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясының мәселелері» атты монографиясын жарыққа шығарды. Бұл ғылыми мұра тек қазақ тіл білімінде ғана емес, сонымен бірге жалпы түркітану ғылымында елеулі орынға ие болды. С.Аманжолов бұл еңбегінде қазақ тілін басқа түркі тілдерімен салыстыра қарастырып, тек диалектология мәселелерін ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының ертедегі және кейінгі тарихы, этнографиясы, мәдени мұраларын да терең және кең көлемде қамтыды.

С. Аманжолов қазақ тілі ғылымында үнемі ат салысқан мәселелерінің бірі – терминология мәселесі. 1934 жылы терминология жөнінде жазған мақаласынан бастап, өмірінің соңғы минутына дейін қазақ тілінің терминология мәселелсіне үнемі араласып отырды. С. Аманжолов тіл мен әдебиет институтының жанындағы терминология бөлімінің меңгерушісі еді. Оның редакциясынан өткен терминологиялық алты сөздік (физика, математика, астрономия, металлургия, тау-кен ісі, география) басылып шықты.

С. Аманжолов аударма туралы мәселені терминологиямен тығыз байланысты деп қарады. Шығармалардың аудармасы ұғымды болуы керек деген көзқараста болды.

«Социалистік Қазақстан» газетінің 1958 жылғы 15 ақпандағы санында оқулықтарды, көркем шығармаларды аудару және терминология жайында көлемді мақала жазып, нақты фактілермен география, адам анатомиясы мен физиологиясы, зоология, ботаника пәндерін және ауыл шаруашылығына байланысты әдебиетті аударуда терминдерді қолданудағы жетістіктер мен кемшіліктерді кеңінен баяндады. Осы мәселеге байланысты бірсыпыра күрделі мәселелер көтерді. Бұл мақалада көркем әдебиет аудармасы туралы да сөз қозғады.

С. Аманжолов орфографиялық, екі тілді және түсіндірме сөздіктер жасау ісіне де зор көңіл болды. Оның 1940 жылы шығарған орфографиялық сөздігі жұрттың қолынан түспейтін кітабы болды. Профессордың қатысуымен екі рет басылып шыққан орысша-қазақша сөздік баспасөз қызметкерлері аудармашылар, мұғалімдер т.б. қалам қайраткерлерінің үнемі қолданатын еңбегі болды.

Профессор С. Аманжолов зерттеген тағы бір сала - қазіргі қазақ тілінің синтаксисі болды. Бұған қатысты 1940 жылы «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» және 1950 жылы «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» атты көлемді ғылыми еңбектері жарық көрді. Бұл еңбектер 1935 жылдан бастап студенттерге оқылған лекцияларының қорытындысы еді. Жалпы бұл жылдарда қазақ тілінің синтаксисі алғаш шағын мақалалар күйінде ғана зерттеле бастағанын ескерсек, С. Аманжоловтың монографиясы сол кездегі жоғары оқу орнында қолданылып келген бірден-бір оқу құралы болды.

Профессор С.Аманжолов үйірлі мүшелерді басқа зерттеуші ғалымдар тәрізді (С.Жиенбаев, Н.Т.Сауранбаев, Т.Р.Қордабаев) құрмалас сөйлем тұрғысынан емес, жай сөйлем синтаксисі тұрғысынан зерттейді, екіншіден, үйірлі мүше құрылыс жағынан сөйлемге ұқсағанымен, сөйлемге тән басқа белгілері – предикативтік қасиеті, интонациясы болмағандықтан, сөйлем бола алмайды, тек сөйлем мүшесінің ғана қызметін атқарады, оның құрамында бастауыш тұлғалы сөздің болу-болмауы үйірлі мүшеге негізгі критерий бола алмайды дегенді айтты. «Әкесі қаладан келген бала қатты қуанды» деген мысалды келтіре отырып, үйірлі мүшенің анықтамасын жан-жақты дәлелдеп береді.

Профессор С.Аманжолов сөз тіркестерін үйірлі мүшеге жатқызғанда, соңғы «үйіруші» сөздің жаратылысына, қызметіне көңіл аударды, осындай белгісіне сүйеніп, құрамында бастауыш тұлғалы сөздің болу-болмауы үйірлі мүшенің негізгі белгісі емес деген қорытындыға келді.

Профессор С.Аманжолов құрмалас сөйлемнің «аралас құрмалас» деген түрін қазақ тілі синтаксисіне алғаш рет енгізіп, оның грамматикалық айырықша белгілерін, ішінара бөлінетін түрлерін және орын тәртібін теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеді.

Халқына өшпес мұра қалдырған ғалым еңбегін ұлы Алтай Сәрсенұлы жалғастырды. Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің профессоры, филология докторы, Қазақстан Гуманитарлық Ғылымдар академиясының академигі «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері А. Аманжолов әкесі салған сара жолды жалғастырып, түркі филологиясымен тіл біліміне байланысты 200-ге жуық еңбектерінің авторы атанды. С. Аманжоловтың - әкесінінің қолымен жазылып, бастыруға үлгірмеген еңбектерін қайта құрастырып, жарыққа шығарды.