Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-759359893.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.95 Mб
Скачать
  1. Қошке Кемеңгерұлының қазақ тіл біліміне қосқан үлесі

Алаш қайраткері. Қошке Кемеңгерұлы 1896 жылы 15 шілдеде Ақмола облысы, Омбы уезі, Қаржас ауылында дүниеге келген. Ол Алаш қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Т.Шонанұлы, Қ.Жұбанов, М.Жұмабаев сынды азаматтармен бірге өз ұлтының келешегі үшін ұлттық ғылым тілін қалыптастыру мен мәдениетті елдер қатарына қосылу жолында еңбек етті. 1917 жылы сәуірде Ақмолада қазақ комитетін құруға және Сәкен бастаған “Жас қазақ” ұйымының жұмысына қатысқан. 1917 жылы Алаш Орда комитетін ашуға атсалысқан.

Тарихшы. Қошке Кемеңгерұлы  - қазақ тарихын жасаушылардың бірі де бірегейі. Мәскеуден 1924 жылы шыққан «Қазақ тарихынан» атты еңбегінде елдің отар­лануы, орыстандырудан туындаған қысымға қазақтардың саяси және рухани тұрғыдан қарсылық көрсетуі және ұлттығын сақтап қалу жолында өткен тарихи өткелдері жайлы жазған.

Ағартушы. Ғалымның ағартушылық бағыттағы мақалаларында сол кездегі оқу-білім, мектептердің жағдайы сөз етіледі. Өз мақалаларында ұлт мектептерінде ана тілінде оқыту керектігін, егер орта мектепте оқу орыс тілінде болса, бізден еш уақытта жеткілікті оқытушы шықпайтынын айтқан.

Тілші-әдіскер. Әдіскердің «Жабропалықтарға арналған оқу құралы» - өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуға арналған алғашқы оқулықтардың бірі. Отандық әдістеме ғылымында тыңдарман грамматикасының негізін қалаған. Әдістемелік мұрасының бір ерекшелігі – сөздік түзуінде. «Оқу құралында» «әліпбилі тілмаш», «мақалалы тілмаш» деген екі түрлі сөздік берген.

Педагог. 1920 жылы Ақмола облысына қарайтын Петропавл (Қызылжар) уезіне мұғалімдікке шақырылады. Мұнда ол жаңадан құрылған “Қызыл мұғалімдер курсында” оқытушы ретінде дәріс оқи бастайды.1926 жылы Орта Азия университеті мен Түркістан әскери училищесінде, сонымен қатар шығыстану, кеңестік шаруашылық пен құқық, педагогика факультеттерінде қазақ тілінен сабақ берген.

Драматург. "Алтын сақина" пьесасымен 1926 жылы 13 қаңтарда Қазақ мемлекеттік ұлттық театрының ресми шымылдығы ашылған. Бұдан басқа «Күнәсіз күйгендер», «Парашылдар», «Ескі оқу» актілі пьесалары бар.

Жазушы. Жазушының әңгімелерін тақырыптық жағынан үш топқа бөлуге болады: қорғансыздар өмірі («Жетім қаз», «Момынтай», «Қойшы бала»), әйел теңдігі («Назиқа», «Дүрия», «Ерлік жүректе», «Қазақ әйелдері», «Қарашаш»), отаршылдық зәбірі («Тұтқынның ойы», «Отаршылдық ұсқындары», «Қанды толқын»).

Журналист. Баспасөз беттерінде елде болып жатқан жағдайлар жайлы мақалаларын жариялап тұрған. Тілші болудың негізгі шарттары - елді жан-тәнімен сүюі керек, тілші сөзі қазақтың қоспасыз ел тілімен жазылуы керек; әлінің келгенінше емлемен жазуы керек және жазған әңгімесіне ат қоя білуі керек деп көрсеткен.

Аудармашы. Қ.Кемеңгерұлы - А.С.Пушкиннің «Пайғамбарын» қазақ әдебиетінде тұңғыш тәржімалаушы. Бұл аударма - өз кезеңінің ғана емес, қазақ әдебиетінің аударма саласындағы табысы. Сонымен қатар ол жаратылыстану пәндері бойынша оқулықтар мен С.В.Лебедевтің «Химия» атты оқулығын аударған. «Химия» оқулығының соңғы жағында өзі аударған 200-ге жуық химия терминдерінің тізбегін берген.

Кеңестік дәуірде екі рет тұтқындалып, 1937 жылдың қарашасында Омбыда ату жазасына кесілген. 1957 жылы 17 тамызда Сібір әскери округі Қошкені ресми түрде ақтады. 2004-2006 жылы “Алаш” баспасы қайраткердің үш томдық шығармалар жинағын жариялаған. Жұмат Шанин ауылындағы орта мектепке аты берілді. Шөбересі - Қайырбек Кемеңгер бүгінде елге танымал ақын, әрі әдебиеттанушы. Қ.Кемеңгеров есімі бүгінгі ұрпаққа танымал, Қошкетану ғылымы да қалыптасып келеді.