- •Қазақ тіл білімінің тарихын зерттеудің мақсат-міндеттері
- •Тіл білімі тарихнамасының зерттеу нысандары
- •Қазақ тіл білімі ғылымының даму ұстанымдары
- •Әлішер Науаидің лингвистикалық көзқарастары
- •В.В. Радловтың түркі тілдерінің зерттелуіне қосқан үлесі
- •Ш.Ш. Уәлихановтың лингвистикалық ойлары
- •Ы. Алтынсариннің лингвистикалық көзқарастары
- •Ресей ғалымдарының қазақ тілі жайлы зерттеулерінің маңызы
- •Хіх ғасырдың екінші жартысындағы қазақ тіл білімі жөніндегі зерттеулер
- •А.Байтұрсынов - қазақ тіл білімінің негізін қалаушы
- •А.Байтұрсыновтың еңбектеріндегі тіл біліміне қатысты терминдері
- •Хх ғасырдың басындағы қазақ тіл білімі
- •Хх ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер
- •Қошке Кемеңгерұлының қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Профессор с.А.Аманжоловтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Профессор қ. Жұбановтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •С.С.Жиенбаевтың қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі
- •Академик ә.Қайдардың ғылымдағы ғұмыры
- •Қазақ тіл білімінің жеке салаларының Кеңестік дәуірдегі даму тарихы
- •Академик Нығмет Сауранбаевтың қазақ тілі жөніндегі зерттеулері
- •М.Балақаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Ы.Мамановтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •С.Исаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •І.Кеңесбаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Ғ.Мұсабаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Түркітанушы қазақ ғалымдары
- •Қазақ әдеби тілінің зерттелуі
- •Қазақ тілінің тарихи лексикологиясының зерттелуі
- •Қазақ терминологиясының өзекті мәселелері
- •Қазақ этнолингвистикалық мектебінің өкілдері
- •Қазақ лексикографиясының басты жетістіктері
- •Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ тіл білімі
- •Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ тіл білімінің басты жетістіктері
Хх ғасырдың басындағы қазақ тіл білімі
Хх ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер
Ғалымдардың тіл білімінің дамуына қосқан үлесін зерделеу, түптеп келгенде, ғылымның тарихын зерделеу болып табылады. Қай ғалымның да белгілі бір ой-тұжырымдарының кейінгі ғалымдарда жалғасын табуы немесе үзіліп қалуы – заңды құбылыс. Сондықтан ғалымның өзіне дейінгі зерттеушілердің қандай ойларын қаншалықты дамытқанын, өз тарапынан қандай тұжырымдар қосқанын, ол тұжырымдардың кейінгі ғалымдарда қаншалықты дəрежеде сабақтастық тапқанын байыптау арқылы тіл біліміндегі теориялардың даму тарихына көз жүгіртеміз, ғылымның қалыптасу, даму, өзгеру, жаңару үрдісін танимыз. Сол арқылы тіл білімінің даму деңгейін, ондағы түрлі бағыттарды анықтаймыз.
Бұл орайда ұлттық тіл білімінің бастау көзінде тұрған ғалымдардың орны ерекше. ХХ басырдың басы қазақ тарихында рухани ояну дəуірі болғаны белгілі. Ұлттың өзіндік белгісін сақтап қалатын негізгі қасиеттерінің бірі – тіл екенін терең түсінген қазақ зиялылары өз беттерінше білімін жетілдіре отырып‚ қазақ тілі бойынша оқулықтар жазған‚ баспасөз бетінде түрлі пікірталастар ұйымдастырып отырған. Қазақ тіл білімінің сол кезге дейінгі зерттелу жайы мен жалпы тіл біліміндегі түрлі бағыт-көзқарастармен таныса отырып‚ қазақ тілінің өзіндік болмысын танытуға тырысқан.
Осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму тарихы, белгілі бір теорияның зерттелу деңгейіне қатысты ғана сөз болып келді. Онда да ол нысанға алынып отырған мəселе тұрғысынан ғана қарастырылып, көбінесе А.Байтұрсынұлы еңбектерінен кейін бірден Қ.Жұбанов есіміне көшумен шектеледі. Ал осы аралықта сол кезеңде тіл білімінің дамуына, белгілі бір теориялардың орнығуына өзіндік үлес қосқан Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанов, М.Мырзаұлы, Ж.Аймауытұлы, Б.Байтоғаев, Б.Малдыбайұлы, А.Мамытұлы т.с.с. білімпаздар назардан тыс қалып келді. Аталған зерттеушілердің қай-қайсысы да – жеке тақырып өзегі етіп алуға тұратын, тіл білімінің дамуында өзіндік орны бар ғалымдар.
Алаш зиялыларының тіл төңірегіндегі еңбектеріне шолу жасай келе, олардың төмендегі бағыттар бойынша жазылғанын көреміз:
әліпби жасау және емле мәселелері;
қазақ тіліндегі термин сөздер мен кірме сөздер (жат сөздер) жайы;
ұлт тілі, ана тілі, әдеби тіл, тіл тазалығы және стилистика жайы;
қазақ мектебі, оқу құралдары, оқыту әдістері.
Бүгінгі күнде біраз ғалымдардың мұрасы кандидаттық диссертациялар деңгейінде зерттелді. (Жұбаева О. Қ.Кемеңгерұлының тілтанымдық мұрасы және лингвистикалық тұжырымдамалары: филол. ғылым канд. ... автореф.: 10.02.02. – Алматы, 2002. – 29 б.; Мірәлиева А. Ж.Аймауытұлының психологиялық және педагогикалық көзқарастары. –кандидаттық диссертация. – Алматы, 1998, Б.156.; Жазықова М.Қ. Құдайберген Жұбановтың әдістемелік мұрасы: пед. ғыл.канд. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2008. - 137 б., Ә.А. Өскембай С. Аманжоловтың өмірі,қоғамдық қызметі, шығармашылық мұрасы. – Алматы, 2007. – т.ғ.к. дисс.).
Сонымен қатар алаш зиялыларының тілдік мұралары жинақталып, араб, латын графикасынан бүгінгі алфавитке көшіріліп, жинақтар ретінде шығып жатыр.
Олар - «Алаштың тілдік мұрасы» (Мақалалар жинағы. /Құраст. С.Шүкірұлы, Е.Тілешов. –Алматы: «Кие» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2009.-364 б.), «ХХ ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» (Құрастырған О.Жұбаева. – Алматы: Қазығұрт, 2013. – 640 бет.), «ХХ ғасыр басындағы қазақ терминологиясы. 1910–1930 жылдар» (Алматы: Ел-шежіре ҚҚҚ, 2008) т.б.
Болашақта аталған еңбектер негізінде мәтіндік талдаулар жүргізіліп, қазақ тіл білімінің бастау көздерінде тұрған алаш азаматтарының еңбектері өздерінің лайықты бағаларын алуға тиісті.
