- •Қазақ тіл білімінің тарихын зерттеудің мақсат-міндеттері
- •Тіл білімі тарихнамасының зерттеу нысандары
- •Қазақ тіл білімі ғылымының даму ұстанымдары
- •Әлішер Науаидің лингвистикалық көзқарастары
- •В.В. Радловтың түркі тілдерінің зерттелуіне қосқан үлесі
- •Ш.Ш. Уәлихановтың лингвистикалық ойлары
- •Ы. Алтынсариннің лингвистикалық көзқарастары
- •Ресей ғалымдарының қазақ тілі жайлы зерттеулерінің маңызы
- •Хіх ғасырдың екінші жартысындағы қазақ тіл білімі жөніндегі зерттеулер
- •А.Байтұрсынов - қазақ тіл білімінің негізін қалаушы
- •А.Байтұрсыновтың еңбектеріндегі тіл біліміне қатысты терминдері
- •Хх ғасырдың басындағы қазақ тіл білімі
- •Хх ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер
- •Қошке Кемеңгерұлының қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Профессор с.А.Аманжоловтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Профессор қ. Жұбановтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •С.С.Жиенбаевтың қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі
- •Академик ә.Қайдардың ғылымдағы ғұмыры
- •Қазақ тіл білімінің жеке салаларының Кеңестік дәуірдегі даму тарихы
- •Академик Нығмет Сауранбаевтың қазақ тілі жөніндегі зерттеулері
- •М.Балақаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Ы.Мамановтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •С.Исаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •І.Кеңесбаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Ғ.Мұсабаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Түркітанушы қазақ ғалымдары
- •Қазақ әдеби тілінің зерттелуі
- •Қазақ тілінің тарихи лексикологиясының зерттелуі
- •Қазақ терминологиясының өзекті мәселелері
- •Қазақ этнолингвистикалық мектебінің өкілдері
- •Қазақ лексикографиясының басты жетістіктері
- •Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ тіл білімі
- •Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ тіл білімінің басты жетістіктері
А.Байтұрсынов - қазақ тіл білімінің негізін қалаушы
ХХ ғасырдың алғашқы он жылдықтарындағы қазақ қоғамының саяси, мәдени өміріндегі орны айрықша ірі тұлға Ахмет Байтұрсынов алдымен, халқының өз тұсындағы рухани көсемі, өз сөзімен айтсақ, «адамдықтың тұқымын себуші» парасатты перзенті деп танылады. А. Байтұрсынов сол кездегі алты миллион қазаққа ұлтгық жазу жасап берген реформатор, қазақ балаларының ана тілдерінде оқуына күш салған қоғам қайраткері, ұлттық мектептерде балалардың өз тілінде сауат аштыратын «Әліппелердің», әрі қарай оқытатын оқулықтардың авторы, ұлтгык ғылым саласы қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы лингвист-ғалым, қазақ әдебиеттану теориясын тұңғыш рет ұсынушы филолог- ғалым, ана тілін оқыту методикасын жаңа сипатта ұсынушы жаңашыл-педагог, осы күнгі Қазақстан ғылымын ұйымдастырушылардың бірі. Ол қазақ сөзінің құдіретін танытқан сөз зергер - ақын, кезінде «көсем сөз»деп аталатын жанрдьің көшбастаушысы - ірі публицист, қазақтың ән-күйін жақсы білген өнер иесі.
А.Байтұрсыновтың қазақ тілі туралы білім-ғылымының негізін салуына оның ағартушылық идеясын ұсынуы басты себеп болды. Ол ұлттык сананы көтерудің, өз сөзімен айтсақ, қазақты «өзге жұрттар өрге қадам басқанда қатарынан қалыспайтын» халық етіп ілгері бастырудың алғашқы каналы – оқу-ағарту деп білді, осы жолда нақты іс-әрекеттерге көшті: оқулықтар жазды, оқыту әдістерін көрсетті, 1913-1928 жылдары газет-журналдар беттерінде, мәслихат-жиындарда қазақ даласындағы оқу-ағарту жайын кеңінен сөз етті, ұсыныстар жасады, 13-14 жыл бойы (1895-1909 жылдары) бала оқытты.
Ағартушылық идеясын жүзеге асыруға қажет шаралардың ең зоры - ұлттық жазу жүйесін жасау болды. Өзі «қазақ жазуы» деп атаған, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» атандырған араб таңбалы қазақ графикасы өз кезінде 18 жыл бойы қолданылып, қазақтын мәдени өмірінде үлкен рөл атқарды, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыруға көмектесті, жазба дүниелердің дамуына себепкер болды, баспа жұмысын жандандырды.
Қазақтың ұлттық жазуын түзу үшін, сан ғасыр бойы пайдаланылып келген араб әліпбиі қазақ тілінің дыбыс жүйесіне сай болуы керек болды. Онда, біріншіден, халық бұрынғы жазба мұраларынан, бұрынғы жазу-сызу дәстүрінен және туысқан түркі халықтарының да мәдени қазынасынан қол үзіп қалмау мұраты көзделді. Екіншіден, осы әліпбимен жазудың дұрыс тәртібін, яғни емле ережелерін сәтгі түзу керегін жақсы түсінді. Сондықтан ол қазақ жұртының көзі үйреніп, қолы жаттыққан араб таңбаларының ішінен қазақ тілінің дыбыстық табиғатына сай түсетіндерін таңдап алып, араб, парсы сөздеріне ғана тән таңбаларын шығарып тастап, араб жазуында жоқ бірен-саран таңбаны жаңадан қосып, мүлде соны әліпби түзді. Ең үлкен жаңалығы өз әліпбиіне "дәйекші" дегенді енгізгені. Сөздің оң жағына қойылатын дәйекші белгісі сол сөздің тұтас жіңішке оқылатындығын көрсетеді, ал бұл алфавитті қазақ тілінің ерекшелігі болып саналатын үндестік заңына икемдеу амалы екенін көреміз. Сондықтан- Ахаң: "Жіңішкелік үшін жалғыз ғана дәйекші белгі алып, 43 түрлі дыбысты 25 белгімен дұрыстап жазуға болады, - дейді.
Байтұрсынов түзген араб таңбалы қазақ жазуында әріптер саны аз, бірақ олар қазақ тілінің барлық дыбысын таңбалай алады. Мысалы, осы күнгі жазуымыздағы е, ө, і, ү сияқты төрт дыбысқа Байтұрсыновта таңба жоқ, олар не дәйекші арқылы, не сөз ішіндегі е, к, г сияқты жіңішке дыбыстарға қарап оқылады.
А.Байтұрсынов түзген әліпбиді оның алғашқы ұсынылған кезінен бастап қазақ жұртшылығы, әсіресе сол кезеңдегі мұғалімдер бастады. Мысалы, 1915 жылдың бір өзінде бұл жазумен 15-тей кітап басылып шығыпты. Сондай-ақ Ахаң ұсынған "жаңа емле" 1913 жылдардан бастап мұсылман медреселерінде де, қазақ-орыс мектептерінде де қолданыла бастайды. А. Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдар арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидін» жаңа нұсқасын жазды. Өз кезінде берілген сипаттаманы оқысақ, әліппенің соңғы түрі «бұрынғысынан қай ретте болса да артық, Мемлекет Білім Кеңесінің жаңа программасына үйлесімді, әңгімелері балалар үшін қызық, жаңа заманға лайық» болып шыкқан (Қазақ тілінде шыққан кітаптардың көрсеткіші. Қызылорда, 1926).
А.Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Өз сөзімен айтқанда, «қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар қазақ тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін де үйрету керектігін» міндетіне алады да, сол міндетті орындау үшін «Тіл - құрал» деген атпен үш бөлімнен, үш кітаптан тұратын оқулық жазады. Оқулықтың қосымша аты және бар, ол - «Тіл танытқыш». Ғалымның әдебиеттанудан жазған екінші еңбегінің аты «Әдебиет танытқыш».
«Тіл - құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, «қазіргі қазақ тілі» атты ғылым саласының іргетасы болып қаланды. Жалпы, қазақ тілін зерттеп, танып білу тарихымызда А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл -құралдарының» орны айрықша. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ фонетикасы мен грамматикасы жайындағы оқулықтары осы ғылым саласының бастамасы, іргетасы деп батыл айта аламыз. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша термин ұсынды. Осы күнгі қолданылып жүрген «зат есім», «сын есім», «етістік», «есімдік», «одағай», «үстеу», «бастауыш», «баяндауыш», «жай сөйлем», «құрмалас сөйлем» деген сияқты сан алуан лингвистикалық терминдердің баршасы А.Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жаңғырту, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыккан атаулар. Мұны бұлардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан өміршеңдігі дәлелдейді.
А.Байтұрсынұлы қаламынан қазақ тіліне қатысты жалғыз жоғарыда аталған екі оқулығы емес өзге де құралдар мен кітаптар шыккан. Олар: осы күнде қолданбалы грамматика деп атап жүрген кітаптар қатарына жататын жұмыс «Тіл жұмсар», екі бөлімнен тұратын екі кітап 1928 жылы Қызылордада жарық көрді. Ол әдістеме саласында 1910 жылдардан бастап 1928 жылдарға дейін бірнеше материал жариялаған. Жазу таңбаларын (әріптерді) үйрету амалдарын түсіндіретін «Баяншы» атты кітапшасы 1912 жылы жарық көрген. Жалпы сауат аштыру әдістерінің жөн-жобасын «Әліп-би астары» деген әдістемелік енбегінде тағы көрсетеді.1927-1928 жылдары «Жаңа мектеп» журналында қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған бірнеше мақала жариялайды.
Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын (графикасын) жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынов жазуы» дүниеге келген, екінші, сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы атты» оқулығын жазған, одан соң қазақ тілінің грамматикалық құрылысын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған, мұны орындау үшін «Тіл құралды»жазған, төртінші, тілді дұрыс қолдана білу тәртібін көрсетуді көздеген, бұл үшін «Тіл жұмсарды» ұсынған, бесінші, сауат аштыру, қазақ тілін оқыту әдістемесін жасауды міндетіне алған, ол үшін «Баяншы» мен «Әліп-би астарын» жазған. Міне, бұлар -Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін зерттеудегі және оқу-ағарту майданындағы істеген істері мен жасаған еңбектері, осы салалардағы орнын көрсететін үлесі, Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың ұлттық білім-ғылымының көшбастары дегізетін тарихи мұра.
