- •Қазақ тіл білімінің тарихын зерттеудің мақсат-міндеттері
- •Тіл білімі тарихнамасының зерттеу нысандары
- •Қазақ тіл білімі ғылымының даму ұстанымдары
- •Әлішер Науаидің лингвистикалық көзқарастары
- •В.В. Радловтың түркі тілдерінің зерттелуіне қосқан үлесі
- •Ш.Ш. Уәлихановтың лингвистикалық ойлары
- •Ы. Алтынсариннің лингвистикалық көзқарастары
- •Ресей ғалымдарының қазақ тілі жайлы зерттеулерінің маңызы
- •Хіх ғасырдың екінші жартысындағы қазақ тіл білімі жөніндегі зерттеулер
- •А.Байтұрсынов - қазақ тіл білімінің негізін қалаушы
- •А.Байтұрсыновтың еңбектеріндегі тіл біліміне қатысты терминдері
- •Хх ғасырдың басындағы қазақ тіл білімі
- •Хх ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер
- •Қошке Кемеңгерұлының қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Профессор с.А.Аманжоловтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Профессор қ. Жұбановтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •С.С.Жиенбаевтың қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі
- •Академик ә.Қайдардың ғылымдағы ғұмыры
- •Қазақ тіл білімінің жеке салаларының Кеңестік дәуірдегі даму тарихы
- •Академик Нығмет Сауранбаевтың қазақ тілі жөніндегі зерттеулері
- •М.Балақаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Ы.Мамановтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •С.Исаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •І.Кеңесбаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Ғ.Мұсабаевтың қазақ тіл біліміне қосқан үлесі
- •Түркітанушы қазақ ғалымдары
- •Қазақ әдеби тілінің зерттелуі
- •Қазақ тілінің тарихи лексикологиясының зерттелуі
- •Қазақ терминологиясының өзекті мәселелері
- •Қазақ этнолингвистикалық мектебінің өкілдері
- •Қазақ лексикографиясының басты жетістіктері
- •Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ тіл білімі
- •Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ тіл білімінің басты жетістіктері
Ш.Ш. Уәлихановтың лингвистикалық ойлары
Ы. Алтынсариннің лингвистикалық көзқарастары
Ы.Алтынсарин (1841-1889) – «ең бірінші рет қазақтың ана тілінде оқу құралын жаз,ан және сол ана тілінде қазақ баласын оқытқан ең алғашқы тұңғыш оқытушысы болған» (С.Сейфуллин) «Қазақстандағы педагогикалық ойдың пионері» (Т.Тәжібаев).
Ы.Алтынсариннің 1879 жылы жарық көрген «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» екі мың дана тиражбен шығып, қазақ даласына кеңінен таралған. Бұл еңбектер орыс алфавиті негізінде жазылған алғашқы оқулықтар еді. «Қазақ хрестоматиясында»: «Татар тілінде жазылған кітіптардан құтылу үшін жаздым» дейді. Бұл Ы.Алтынсариннің қазақ тілінің тазалығы үшін күресінің бастамасы болды. Н.И.Ильминскийдің «қазақ тілінде бірде-бір кітап тасқа басылып шыққан емес» деуіне «Хрестоматияға» дейін тілдік жағынан жазба көркем әдебиеттің үлгісі боларлық дүниелердің (ауыз әдебиетінен басқа) жоқтығы себеп болды. 1894 жылы А.Құрманбаев «Дала уалаятының газетінде»: «Бұл кітаптан қазақ тіліне жат бірде-бір бөгде сөз кезіктірмейсіз» деп жазды.
«Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» кітабы 8 бөлімнен тұрады: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу, көмекші сөз, етістік, қазақ тілінен орыс тіліне аударудың үлгілері. Зат есім (нәрселердің аттары), сан есім (есеп аттары), үстеу мен демеу, ақыры өзгермейтін сөздер, көптелу, сөз табы (сөздің бөлімі), осы уақыт, өткен уақыт, болашақ уақыт, бұйрық рай (бұйрық мағынадағы сөз) деген пәндік атауларды (лингвистикалық терминдерді) қазақ тілі біліміне алғаш болып енгізді. «Біздің тілде де, орыс тілінде де қысқа щолақ сөздер бар: ішінде, турасында, шейін деген сөздер. Реуіште мұндай сөздер біздің тілде сөздің аяғына тіркеледі, орысшада басына тіркеседі» деп қазақ тілінің жалғамалылық, орыс тілінің флективтілік белгісін атап отыр. Қазан университеті Шығыс кафедрасының профессоры Н.И.Ильминский: «Мен бұл тілге (қазақ тіліне – Ш.Ж.) лингвистикалық зерттеудің негізгі документі деп қараймын» деген ғылыми қызығушылықпен қарай түсті Ы.Алтынсариннің «Бастауыш құралы» шыққан кезеңде.
«Бастауыш құралда» әдістемелік тұстар да ерекше ескерілді. «Орыс кітаптарын ұғынып оқуға кірісер алдында әрбір сөздің мәні мен негізгі грамматикалық ерекшеліктерді жүйелі түрде меңгеруге тиіс». «Әуелі оларға (шәкірттерге – Ш.Ж) зат есімге ғана жататын зат аттарын үйретемін», «Қазақ балаларына орысша кітаптарды оқытуға, оқығандарын түсіндіріп отыруға кіріспей тұрып, олардың жеке сөздерді болсын және грамматикалық ережелерді болсын түсіну үшін бірқатар жүйелі әзірліктен өткізу керек болды. Мұндай алдын-ала әзірлік жасамаса, оқушылардың шамасы келмей қалады, көпке дейін «она» деген сөздің орнына «он» деп, «иду» деген сөздің орнына «шел» деп, тағы сол сияқты қателер жасап жүретін болады». «Құрал» түсінуге жеңілдігімен, орыс грамматикасының негізгі ережелерін анық жеткізе білумен ерекшеленеді.
1884 жылы «Оренбургский листок» газетінде шәкірттері мен ізбасарлары Алтынсаринді «Қазақтың Ломоносовы» деп те атаған.
Алтынсаринге дүние слар алдында статский советник (кеңесші) атағы, яғни сол кездегі генерал-майор шеніне сәйкес келеді.
Тұжырымдай келгенде, 48 жыл ғана ғұмыр кешкен Ы.Алтынсарин:
Қазақ тілін орыс тілінің қалыпты грамматикасымен салыстыра отырып, қазақ тілінің қалыпты грамматикасының, қазақ-орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасын негіздеді.
Қазақ топырағындағы әдістеме мен аударматануының негізін салды.
Қазақ тілінің тазалығының үлгісін көрсету арқылы көркем әдебиет, ғылыми-педагогикалық стильдерінің негізін салушылардың бірегейі болды.
Қазақ халқын Абай көркем әдебиет, ғылыми публицистика, Шоқан ғылым жолымен, Ыбырай көркем әдебиет және педагогикалық ісімен озық ойлар мен жарқын жолдарға (ағартушылықпен) жетеледі.
