Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-759359893.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.95 Mб
Скачать
  1. Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ тіл білімі

  2. Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ тіл білімінің басты жетістіктері

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты ХХ ғ. 90 жылдары қазақ қоғамының алдында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Қазақстандағы тіл саясатының бағыт-бағдарын айқындау, тіл экологиясын қалпына келтіру, білім беру, кеңсе, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, тіл мәдениетін арттыру, терминологияны біріздендіру және терминдердің жасалу принциптерін нақтылау, қазақ графикасын латын графикасына көшіру жолдарын қарастыру, емлені жетілдіру, екі тілді, көптілді аударманы қамтамасыз ету, лексикографиялық еңбектерді жандандыру т.с.с. қолданбалы-практикалық маңызды міндеттерді шешу мәселесі қойылды. Сондықтан да бұл кезеңде қазақ тілінің практикалық қолданылуы бағытындағы жұмыстарға басымдылық берілді. Дейтұрғанмен, тілдің фундаментальдық ғылыми проблемалары да назардан тыс қалмады.

ХХғ. 90 жылдарынан бастап қазақ тіл білімінде антропоцентристік парадигма өрістеп, «тіл және қоғам», «тіл және мәдениет», «тіл және этнос», «тіл және таным», «тіл және ұлттық сана» бірлігін зерттеуге ден қойылды. Сөйтіп қазақ тіл білімінде этнолингвистика, әлеуметтік лингвистика, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану тәрізді жаңа ғылыми зерттеу бағыттары туындап, әр қайсысы дербес ғылыми пәндік тұғырнамаларын қалап, дамуға бет алды.

ХХІ ғасырдың алғашқы 10-15 жылы қазақ тіл білімі үшін ХХ ғасырда қол жеткізген табыстарды қорытындылаған, антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің нысаны мен мақсат-міндеттерін, қарастыратын мәселелерін нақтылаған кезең болды. Мәселен, салыстырмалы-тарихи және құрылымдық парадигма аясында жүргізілген зерттеулерді жүйелеп, тіл білімі ғылымының тарихын бағамдау бағытында келесі істер атқарылуда. А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, М.Балақаев, А.Ысқақов, Ә.Қайдар, Ш.Сарыбаев, Р.Сыздық, Ы.Маманов, Т.Томанов, Т.Сайранбаев, Қ.Өмірәлиев, М. С.Исаев, А.Аманжолов, Ә.Құрысжанов, Ә.Ибатов, М. Серғалиев, Н.Оралбаева т.б. тілші ғалымдардың зерттеулерін жинақтап, «Қазақ тіл білімінің антологиясы», «Қазақ тіл білімінің мәселелері» айдарында қайта бастыру жұмыстары жүргізілуде. Қазақ тілінің лексикографиясы бойынша әр жылдары жарық көрген сан алуан сипаттағы сөздіктер мол тиражбен қайтадан бастырылып, қазақ қауымының игілігіне жаратылуда. Қазақ тіл білімінде салыстырмалы-салғастырылмалы, этнолингвистикалық, концептологиялық, лингвомәдениеттанымдық, әлеуметтік лингвистикалық зерттеу жұмыстарына басымдылық берілуде.