Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-759359893.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.95 Mб
Скачать
  1. Қазақ терминологиясының өзекті мәселелері

Қазақ тілінде термин жасаудың, оны іс жүзінде қалыптастырудың және жүйелі қолданудың нақтылы ғылыми-практикалық шаралары ХХғ. 20-шы жылдардан басталады. Қажеттіліктен өріс алған бұл іске оған тіл табиғатын терен түсінетін сауатты да саналы азаматтар, ғалымдар, жазушы, журналистер, мәдениет қайраткерлері қатынасты. Терминология мәселесі ресми түрде бірінші рет 1924 жылы Орынбор қаласында өткен Қазақстандық мәдениет және ғылым қайраткерлерінің I сьезінің күн тәртібінде қаралған екен. 1926 жылы Баку қаласында өткен терминологтардың Бүкілодақтық I съезі де түркі тілдерінің терминология мәселелеріне ерекше мән берді. Қазақ тілі бойынша жасалған 5 баяндаманың бесеуі де терминология, алфавит және орфография мәселелеріне арналған болатын. 1930 жылы Москва қаласында халық ағарту ісін арнайы қараған Бүкілодақтық мәжілісте де КСРО халықтары тілінде термин жасаудың ғылыми принциптері қарастырылды. 1930 жылдан бастап ұлт тілдерінде термин жасау процесіне Жаңа алфавит Комитеті, ал 1933 жылдан тақ бүгінге дейін КСРО Ғылым академиясы жанынан құрылған Ғылыми-техникалық терминология Комитеті бір ортадан басшылық етіп келеді.

Ал Қазақстан жағдайында, қазақ тілінде термин жасау мәселесіне келсек, оған 1925 жыл мен 1933 жылдар аралығында Қазақ ССР Оқу-ағарту Халық комиссариаты жанындағы методикалық бюро жетекшілік жасап келді. Ол 1930 жылы орталықта құрылған Жаңа алфавит Комитетімен тығыз байланыста жұмыс істеді. Ал 1933 жылы Қазақ автономиялы республикасы Халық Комиссарлар Советінің қаулысы бойынша Мемлекеттік терминология комиссиясы (қысқаша Мемтерминком) құрылды. Оның тұнғыш председательдігіне профессор Құдайберген Жұбанов сайланды.

Тарихи деректерге жүгінсек, қазақ тілі бойынша бірінші терминологиялық сөздік 1931 жылы «Атаулар сөздігі» деген атпен басылып шыққанын білеміз. Мемлекеттік терминология комиссиясының алғашқы еңбегі ретінде Қ. Жұбанов, К.Басымов сияқты ғалымдардың мақалалары мен математика, физика, ботаника т. б. ғылым салалары бойынша бекітілген терминдер тізімі жарияланған «Бюллетеньнің» 4 санын атауға болады.

1935 жылы май айында мәдениет қызметкерлерінің Бүкілқазақстандық I съезі шақырылды. Съезде қазақ әдеби тілінің терминология мәселесі арнайы сөз болды. Сол съезде қазақ терминологиясын жасаудың, интернационалдық терминдерді қабылдаудың, қолданудың және тұрақтандырудың ғылыми принциптері туралы профессор Қ. Жұбановтың ұсынған жобасы талқыланып, ресми түрде бекітілген болатын.

Съезд қабылдаған бұл принциптер қазақ тілінің сол кезге дейін бір ізге түспеген терминологиялық процесіне елеулі өзгерістер енгізіп, өзінің ғылыми дәйектілігімен оған дұрыс бағыт берді. Ендігі жерде жаңа терминдер, ең алдымен, казақ тілінің өз сөз байлығы негізінде жасалып, қажетті балама сөздер бұл тілде болмаған жағдайда совет-интернационал терминдері орыс тіліндегі тұлғасында қабылданатын болды. Осыған орай съезде қазақ алфавитінің құрамына Ф, X, Ц тәрізді әріптерді енгізу туралы да орынды ұсыныстар болғандығы мәлім. Бүл мәселе 1938 жылы орыс графикасын қабылдауға байланысты өз шешімін тапқан еді. Бұрынғы пизика, пабіріика, қыимия, қылор, семент тәрізді халықаралық терминдердің өз нұсқасы бойынша физика, фабрика, химия, цемент түрінде айтылуы және жазылуы, міне, осы дәуірден басталады.Мәселе тек терминдердін айтылуы мен жазылуында ғана болған жоқ. Термин жасау процесіндегі негізгі талас, дау-дамай алғашкы кезде «жалпы совет-интернационалдық терминдерді тілімізге қабылдау керек пе, керек емес пе» деген мәселеге барып сайды. Осы кезде терминология процесінде тілдің тазалығын сақтауды желеу еткен зиянды пуристік ағым бел алып, барлық совет-интернационалдық терминдер қазақ тіліне қарабайыр аударылатын болды. Мәселен: революция — төңкеріс, совет — кеңес, лидер — серке, паровоз — қара айғыр, поезд — отарба, идеалист — мұратшыл, интернационалист — бибауырмашыл, лектор — дәрісші, капитал — дәулет, капиталист — дәулетшіл, реалист — нағызшыл, институт — орда, коммунист — ортақшыл т. б. сол дәуірдін жемісі. Өмір талабына сай келмейтін бұл ағым көп ұзамай-ақ, терминология процесіне саналы түрде қарайтын ғылыми принципке орын берді.

1939 жылы июньнің 23-інде Қазақ ССР Халық Комиссарлар Советінің кезектегі қаулысымен Мемтерминкомның 22 мүшеден тұратын жаңа құрамы бекітілгенмен, көп үзамай Ұлы Отан соғысының басталып кетуіне байланысты Терминкомға өз жұмысын тежей тұруға тура келді. Бұл кездегі жұмыстардан тек 1942 жылы Ғ. Мұсабаев, Ю. Цунвазо, К.Адайхановтар тарапынан жасалған «Орысша-қазақша әскери сөздікті» атауға болады.

Мемлекеттік терминология комиссиясының өнімді жұмыс істеп, қазақ тілі терминология проблемасын жан-жақты дамытуы Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірге жатады. Соғыс зардабынан әлсіреген еліміздің экономикасы мен шаруашылығын қалпына келтіруге байланысты неше алуан маңызды да қауырт мәселелер бола тұрса да, республика партия ұйымы мен үкіметі ғылым мен мәдениет, әдебиет пен тіл мәселесін екінші кезекке қалдырған емес.

1945 жылдың 8 февралында Қазақ ССР Халық Комиссарлар Советінің қаулысына сәйкес Мемтерминкомның құрамы қайта бекітіліп, ол Халық Комиссарлар Советінің жанында болсын деген қарар кабылданды. Құрамы 23 адамнан тұратын комиссияның председателі әуелі Ілияс Омаров, кейіннен Төлеген Тәжібаев болды да, ғалым хатшылығына Мәулен Балақаев тағайындалды.

Мемтерминкомге жүздеген, мыңдаған саяси-коғамдық терминдерді көпшілік талқысынан өткізіп, өз мәжілістерінде заңдастырып, бекітіп беруге байланысты қыруар жұмыс істеуге тура келді. Сонымен қатар Мемтерминком экономика, тарих, лингвистика, заң, медицина, зоология, тау-кен істері, металлургия сияқты ғылымдар саласында әрқилы қолданылып, тіл практикасында қиындық туғызып жүрген терминдерді реттеуге де белсене қатынасты. Осының нәтижесінде 1948 және 1950 жылдары академик Н. Т. Сауранбаев пен С. Б.Бәйішевтердің басшылығымен екі томдық «Орысша-қазақша термиологиялық сөздік» жарық көрді.

Қазақ тілі терминологиясының қарқындап дамып, тағы бір сатыға жоғары көтерілуі 1955 жылдан кейінгі кезеңге жатады. Оған, біріншіден, калың жұртшылықтың өскелең талабы, баспасөз, радио, телевидение сияқты көпшілікке арналған информация құралдарының дами түсуі түрткі болса, екіншіден, терминология мәселелерінің ғылыми түрғыдан зерттеле бастауы, республикадағы ғылым салала-рының қазақ тіліндегі терминдерге мұқтаждығы, терминология мәселесіне білікті мамандардың тікелей араласуы, сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталығы ретінде 1956 жылы ТІл және әдебиет институтының құрамында Терминология бөлімінің ашылуы себепкер болған еді.

Басқа мамандармен тізе қоса отырып, бұл іске қызу араласқан тілшілер қауымы көптеген көкейтесті мәселелерді дұрыс шешіп, терминологияны өмірдің өзімен өзектесіп жаткан проблема дәрежесіне, әлеуметтік мәнін мемлекеттік деңгейге көтере білді. Ғылымның әр саласы бойынша бірнеше сөздік және зерттеулер дүниеге келді; тек 1959 бен 1962 жылдар аралығында ғана 24 терминологиялық сөздік басылып шықты. Әрине, бұл сөздіктердің бәрі бірдей Терминком мәжілісінде қаралып бекітілген жоқ. Соның өзінде де олардың терминология практикасы үшін үлкен жәрдемі болды. Айта кететін тағы бір жағдай: Терминкомда бекітілген, не бекітілуге тиісті терминдер, көбінесе Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институты тарапынан қаралып, сұрыпталып отырылды. Терминдердің тіл заңдылығына сәйкес дұрыс алынуында, терминологиялық сөздіктер жасаушы әртүрлі мамандарға бағыт-бағдар сілтеуде де бұл институт күні бүгінге дейін Мемтерминкомның бірінші жәрдемшісі болып келеді.

Кейінгі он жылда Терминком мен оның секретариаты 3 мыңнан астам термин, терминдік тіркес және номенклатуралық атауларды қарап, заңдастырды, сондай-ақ 1976 және 1979 жылдары «Бекітілген терминдер мен атаулар» жинағын екі рет шығарды және үшінші рет баспаға дайындауда. Бұл кезде ғылымның әр саласынан 20-дан астам терминологиялық сөздіктер шығып,тіл практикасына белгілі үлес қосылды. Қазақ ССР Министрлер Советінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы өзінің жарты ғасырлық өмірінде қазақ әдеби тілінің қатынас құралы ретіндегі қолданыс шеңбері мен қоғамдық қызметін кеңейтуде, оның жан-жақты дамып, кемелдене түсуіне ұлан-ғайыр үлес қосып, мемлекеттік қамқорлық жасап келді. Тіліміздің бүгінгі деңгейі мен 50 жыл ішінде жүріп өткен жолына бағдарлап қарасақ, кешегіміз бен бүгінгіміздің аралығы жер мен көктей. Әдеби тіліміздің, әсіресе, ресми ғылым-техника тілінің дәл бүгінгідей жан-жақты шарықтап дамуына игі ықпалын тигізіп отырған қоғам өміріндегі объективті факторларды былай қойғанда, тек Мемлекеттік терминология комиссиясының тікелей қатысуымен ғана тындырылған істер аз емес. Кейбіреулерін ғана атап өтейік:

1. Қазақ тілінің терминологиялық лексикасы, яғни ресми ғылым-техника тілінің сөз байлығы, тек қолда бар терминологиялық сөздіктер бойынша бағдарлағанда, 50 жыл ішінде жүз есе өскен.

2. Осы мерзімнің ішінде ғылымның әр түрлі саласы бойынша 60-қа жуык (58) терминологиялық сөздік басылып шығарылды.

3. Термин жасаудың, термин қабылдаудың нақтылы ғылыми принциптері белгіленіп, 30-шы, тіпті 40—50-ші жылдарға дейін ала-кұла, екі үдай қолданылып келген терминдердің тіл практикасында біркелкі жұмсалып, қалыптасуына арнайы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстар мен Мемтерминкомның өзі зор ықпал жасады. Терминологиялық процесте ана тіліміздің өз байлығын сарқа пайдалану, тілімізде дәл баламасы жок совет-интернационалдық терминдердің өзін қабылдау принципі, әсіресе қоғамдық ғылымдар саласында біршама дұрыс жүзеге асырылып келеді.

4. Күні бүгінгі дейін екі ұдай қолданылып жүрген терминдер мен термин варианттарын сұрыптауда, мағына аралығын айырып, совет-интернационалдық терминдердің баламасы ретінде қолдану мәселесіне Мемтерминком үлкен үлес қосты. Бұл арада кейбір белсенді де білікті Терминком мүшелерінің, терминология техникасын жете меңгерген жеке адамдардың өз үлесі бар екендігін де ұмытпағанымыз жөн. Мәселен, терминология процесіне көп енбек сіңірген білгір маман Құрманбек Сағындықов өз кезінде уақыт, мезгілге байланысты көптеген ұғымдардын терминдік мәнін тұрақтандыру мақсатымен төмендегі қазақ сөздерінің мағыналық жігін ажырата келе жасаған ұсынысы тіл игілігіне жарағанын атамасқа болмайды; мәселен, эпоха — заман, этап — кезең, период — дәуір, мезгілдік; век — ғасыр, момент — мезет, осыдан келіп: периодический закон — мезгілдік заң, периодическая печать — мезгілдік баспасөз, т. б. Бұл тәрізді ұтымды ұсыныстар болашақта терминология тарихын зерттеушілердің назарынан тыс қалмауға тиіс. Сондай-ақ термин түзіп, оны қалыптастыруда үнемі зерделілік танытып келген марқұм Әбен Са-тыбалдиевті, әлі күнге белсенді араласып келе жатқан Іслам Жарылғапов, Жұмагали Ысмағұлов тәрізді жазушы, журналистердің есімін ерекше атауға болады.

5. Совет-интернационалдық терминдердің құрамында кездесетін әр түрлі қосымшаларды (аффикс, суффикс, инфикс, префикс) қазақ тілінің табиғатына сай етіп қабылдау, немесе тиісті баламасымен алмастыру мәселесі де көпке дейін дұрыс шешімін таппай, дау-дамай туғызып келгендігі мәлім. Мәселен, елу жылдың ішінде әрқилы эво-люцияға душар болған: социал-социалис-социалды-социалдық-социалистік сияқты бір мысалдың өзі нені көрсетеді. Бүгінде бұл біршама қалыптасқан дүние болып кетті. Мәселен, ыңғайына қарай бірде: автогрузчик — автотиеуіш, автодорога — автожол, ультразвук — ультрадыбыс, радиоузел — радиоторап деп алсақ, бірде антикоммунизм — антикоммунизм, контрреволюция — контрреволюция ретінде қабылданып жүр.

6. Қазақ тілінің орыс графикасына көшуіне байланысты совет-интернационалдық терминдердің жазылуы мен айтылуындағы 20—30 жылдардағы «қазақшалау» дәстүрі бүгінде мүлдем өзгерген: олар орыс тілі нормасымен айтылып, жазылатын болған.

7. Бір кездерде әр түрлі себептермен асығыс қабылданған, не калька жолымен қазақшаға қарабайыр аударыла салынған терминдер мен терминдік тіркестерді (мәселен: метеорит — көктен түскен тас) оқтын-оқтын қайта қарап, зандастыру процесінде Мемтерминком олардың мағыналық дәлдігіне, ықшамдылығына, т. б. терминдік қасиеттеріне назар аудара отырып, қатарласа, жарыса жүргендерінен тілді арылтып келеді, 12 томдық ұлттық энциклопедияның дүниеге келуі ұлт мәдениетінің шарықтау шегін нышандайды. «Ұлттық энциклопедиясын жаратқан ел еш уақытта жойылмайды» деген қанатты сөзге толық дәлел бола алады. Сондай-ақ бүгінгі қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігінің жасалуы, казақ тілінде жүздеген газет-журналдың басылуы, радио, телехабарлардың жүргізілуі, мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған сан алуан оқу құралдарының шығуы т. б. осы сияқты объективтік факторлар бүгінгі қазақ тілі терминологиясының қай дәрежеде екендігінен толық дерек бере алады.

Енді қазақ тіліндегі терминологиялық лексиканың жасалу, қалыптасу жолдары мен оның түлғалық және мағыналық кұрамына әдеби тіл статусы тұрғысынан аз-кем тоқталып өтелік.

30-жылдары қабылданып, күні бүгінге дейін барлық ұлт тіл-дерінде қолданыс тауып келе жатқан «әрбір тілдің ішкі мүм-кіншіліктерін сарқа пайдалану» мен «орыс тілінен және орыс тілі арқылы шет тілдерден қабылдау» деген ғылыми принциптер негізінде барлық ұлт тілдерінде терминологиялық фонд жасалғандығы бәрімізге белгілі. Терминология мәселелері әрбір тілде біршама зерттелсе де, осы бір ортақ дүниенің тілдік табиғаты мен жасалу жолда-ры, құрамы мен мазмұндық сапасы әлі күнге дейін арнайы да, салыстырылып та сөз болған емес . Дегенмен осы мәселенің егжей-тегжейін ойластыратын уақыт жеткен сияқты. Өйткені түркі тілдерінде жасалып жатқан ортақ тер-минологиялық фонд жайында біз көп айтамыз да, осы фондтың құрамы мен мазмұнына, әрбір тілдің табиғатына үйлесімділігі мен сыйымдылығына көп мән бермейміз, бұл процестің сыры мен сипатын жеке тілдердің шеңберінен шығып, бүгінгі талап биіктігінен қарау қажеттігі туындайды. Ең алдымен туыстас тілдердің терминологиялық лексика құрамындағы интернационалдық фонд деген не, соған тоқталайық. Мәселен, қазақ, қырғыз, өзбек т. б. туыстас түркі тілдердің бәрінде де революциядан кейін термин жасаудың бірден-бір қайнар көзі және оны бағыттаушы, бағдарлаушы, әрбір тілдің өзіндік потенция-сын ашушы орыс тілі болып саналады. Ғылым мен техника саласындағы жаңа ұғымдар мен саяси-әлеуметтік өмірімізде күн санап туындап жатқан жаңа түсініктердің бәрі де ең алдымен орыс тілінің негізінде қалыптасып, КСРО халықтарының тілдеріне бірдей «тарап» отыруда. «Тарау» деген сөздің мәнісін жоғарыда аталған термин жасаудың екі принципі тұрғысынан «термин жасау», «термин қабылдау» деп түсіну керек.Шынында да осы екі принцип бойынша мыңдаған ғылыми-техникалық, табиғи және қоғамдық терминдерді жасауда әрбір тіл өзінің лексикалық байлығын, дербестігін, өзіне тән ерекшелігін сақтап келеді. Осының нәтижесінде бір «ортадан» тараған терминдер мен терминдік тіркестер бірде аударылып, бірде аударылмай сол қалпында туыстас тілдерден орын алып келеді.

Орыс тілі арқылы тарап, ҚСРО халықтарының тілдерінде қолданыс тауып отырған ғылыми-саяси терминдер көп-ақ. Сондықтан да оларды әртектес тілдерде кең тарауына байланысты интернационалдық термин деп қарауға болатын сияқты.

Ендігі мәселе осы ұлтаралық ортақ терминдердің ара салмағын ажыратуда. Бұл мәселенің төркіні, түптеп келгенде, тілімізде термин жасаудың алғашқы кезеңдеріне барып саяды. Біз жоғарыда тіліміздегі терминологиялық лексиканың жалпы лексикалық байлығымыздан {сан жағынан) асып бара жатқанын ескерткен едік. Енді осы терминологиялық лексикамызды іштей сұрыптап, тілдік та-биғатына қарай жіктеп көрсек, терминдік мәнге ие болған байырғы қазақ сөздері (оған тілімізге ертерек еніп, сіңісіп кеткен араб, парсы, монғол элементтері де жатады) мен орыс және интернационалдық термин-сөздерінің ара салмағы айрықша назар аударады. 70 мыңнан асып бара жатқан тіліміздегі терминологиялық лексиканың басым көпшілігі совет-интернационалдық терминдердің үлесіне тиеді екен. Сөзіміздің дәлелді болуы үшін біз мәдени өмірімізде басқаларға қарағанда көбірек қолданылатын әлеуметтік-экономикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігіне талдау жасап көрдік. Осы сөздікте қамтылған 1150 терминнің тікелей орыс тілінен қабылданғандары 531 единица (олар мына тәрізді: коммюнике, компаньон, комплекс, локаут, ломбард сиякты жеке сөздер мен компрадор буржуазия — компрадорская буржуазия, монополиялық рента — монопольная рента сиякты калька-сөз тіркестері) болса, 232-сі (сыртқы заемдар — внешние заемы, ішкі рынок — внутренний рынок, қорытынды баланс — заключительный баланс тәрізді) жартылай калька да, қалған 387 единица (алым — подать, пайда — прибыль, өсімқор — ростовщик, қайта құру — перестройка; реорганизация, қосымша еңбек — прибавочный труд) тәрізді таза қазақ тілінде жасалған терминдер екен. Сонда орыс тілінен толық, жартылай калька түрінде қабылданған жеке терминдер мен терминдік тіркестер (жалпы саны 763 единица) таза қазақша алынған терминдерден (ол 387 единица) екі еседей артық болып тұр.

Осы келтірілген деректер дәл болмаса да, жалпы тіліміздегі терминологиялық лексиканың тілдік құрамын, қазақша терминдер мен шеттен қабылданып жаткан совет-интернационалдық және құрамы аралас терминдердің ара салмағын біршама дұрыс айқындайтыны сөзсіз. Сонда қазақ тілінде жасалған терминдердін үлесіне 34—35 процент тисе, калған 64—65 процент орыс тілінен алынған таза және аралас терминдердің есесіне тиіп тұр.

Бұл объективті факторлар нені көрсетеді? Біріншіден, бұдан біз тіліміздегі совет-интернационалдық терминдерінің қазақ тілі негізінде жасалған терминдерден басым екендігін көрсек, екіншіден, «қазақшаланған» терминдердің көпшілігі халықаралық емес, орыс тілі негізінде жасалған терминдердің баламасы болып отыр. Оған дәл осы сөздіктің өзінен де көптеген мысалдар келтіруге болады, Мәселен: прибавочный продукт - қосымша өнім, прибавочная стоимость — қосымша құн, платежеспособность — төлем қабілеттілігі, издержки производства — өндіріс шығындары, срочная ссуда — мерзімді қарыз, торговая прибыль — сауда пайдасы, удешевление — арзандату, уборожание — қымбаттау т. б.

Бұдан шығатын қорытынды: орыс тілінде жасалған терминдердің ұлт тілдеріне аударылуға бейім тұратындығы. Оның бір себебі: түсінуге жеңіл, аударуға оңай. Орыс тілінің ұлтаралық қатынас құралы ретінде басқа ұлт өкілдеріне етене жақын болуы, белгілі дәрежеде меңгерілуі оның аударылуына мүмкіншілік тудырып отыр. Ал халықаралық терминдер жайында оны айтуға болмайды. Олар (мәселен: коммунизм, социализм, демократия т. б.) термин ретінде тұтас қабылданады да, оның құрамы, о бастағы мағынасы біз үшін айқын бола бермейді. Сондықтан болу керек, орыстың байырғы төл сөзі ретінде (совет, председатель, сот, пулемет, самолет т. б.) алынған терминдері қазақ тілінде де, басқа түркі тілдерінде де өте аз. Өйткені олар көбінесе аударылып алынады да, түпкі тегі ха-лықаралық терминдер болса, негізінен аударылмай алынады. Осы арада орыс тілі интернационалдық терминдерді тек өз қорына қабылдаушы, яғни аккумулятивті қызмет атқарушы ғана емес, сонымен бірге басқа халықтардың тіліне өткізуші (индукциялаушы) тіл ретінде де белгілі роль атқарып отыр.

Бұл мәселенің бір жағы ғана. Оның екінші жағы: тек орыс тіліне ғана бағдарлау деген сөз барлық тілдерге тән болса да, ол өз мүмкіншіліктерін сарқа пайдалануға тежеу салып, біршама шектейтін сияқты.

Егер (20-30 жылдары) түркі тілдері біресе пуристік тенденцияға бой ұрып, орыс-интернационал терминдерін қайткен күнде де аударуға, одан кейінгі бір дәуірде оларды сол қалпында қабылдауға тырысса, қазіргі кездегі терминология жасау процесіне тән принцип — дифференциациялық бағытта жүргізіліп отыр.

Бұл принциптің ерекшелігі ертеректе өз тіліміздің мүмкіншіліктерін толық ескермей, қабылдана салынған кейбір терминдерді қайта қарап, оларға жаңа балама табу, немесе мағыналық жағынан өзара жіктеу арқылы терминдік мән беру болып саналады.

Осыған орай айта кететін бір жағдай: сол 20-30 жылдары жасалған терминдердің кейбір ғылым саласында тұрақтап, күні бүгінге дейін өзгеріссіз қолданылып келе жатқандары да жоқ емес. Бұған мысал ретінде Ахмет Байтұрсынов тарапынан жасалған тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы әбден қалыптасып кеткен көптеген терминдерді келтіруге болады. Тіл білімінде қолданылатын орыс және халықаралық терминдерді басқа ғылымдар саласындағыдай қалай болса солай ала салмай, оқырман көпшілікке түсінікті болу үшін оларды жүйелі түрде қазақ тілінің өзіне тән байырғы сөздер негізінде тыңнан жасауға ғалым көп күш салған. Қазақ тілімен туыстас түркі тілдерінде терминология проблемасы белгілі бір жүйеге түспей, үйлесім таппай жатқан кездерде А, Байтұрсыновтың жаңашыл әрекеті түркологияда ерекше көзге түскен еді. Оның байырғы қазақи сөздер негізінде жасаған қарапайым халыққа түсінікті терминдері о баста жеке мақалаларында, кейінірек «Оқу қүралы», «Тіл-құрал» деп аталатын (I. Фонетика —«дыбыс жүйесі», II. Морфология - «сөз жүйесі», III. Синтаксис - «сөйлем жүйесі»), «Тіл жұмсар» («Қолданбалы грамматика») деп аталатын енбектерінде кеңінен қолданыла бастайды. Мәселен: дыбыс, дауыссыз дыбыс, жарты дауысты дыбыс, қатаң дыбыс, ұяң дыбыс, ымыралы дыбыс, буын, сөз аясы, сөз басы, қос сөз, туынды сөз, тұлга, түбір, жалғау, жұрнақ, қосымша, септік — атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, демеу, одағай, сөйлем, жай сөйлем, жалаң сөйлем, жаңылма сөйлем, сұраулы сөйлем, болымды сөйлем, болымсыз сөйлем, бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, т. б. жүздеген лингвистикалық терминдер қазақ тіл білімінде А. Байтұрсынов есімімен байланысты айтылады. Әрине, отызыншы жылдардан кейінгі жарты ғасырдың ішінде қазақ тіл білімі қарқындап дамыды, жаңа терминдік үғымдармен толыға түсті, байи түсті. Бірақ А. Байтұрсынов жасап кеткен терминдердің кейбіреуі болмаса (мыс.: ымыралы дыбыстар — индифферентные звуки т. б.) басым көпшілігі ғылыми терминдік статусқа ие болып, күні бүгінге дейін қолданылып келеді.

Терминолог ғалымдардың пікірі бойынша, кейбір терминдерді орыс тілінің үлгісімен жасалған деген сылтаумен қолданыстан шығарып тастауға, не ауыстыруға әрекеттер де болған. «Бірақ— деп жазады Ө. Айтбаев,— бұл әрекеттен ештеңе шықпады. Қайта бұдан артық үлгіні қанша әрекет еткенмен, жасай алмайтындарына көздері жетіп, елдің бәрі А. Байтұрсынов терминдерін негізге алды. Күні бүгінге дейін мектеп пен жоғары оқу орындарында пайдаланып келе жатқан оқулықтардағы терминдік жүйе түгелімен Ахаң есімімен байланысты» Бұл келтірілген фактіден біз екі түрлі қорытынды шығара аламыз. Біріншіден, орыс және халықаралық ғылыми терминдерді түркі тілдер негізінде де қалыптастыруға болатындығы, екіншіден, мұндай терминдер басқа ауыс-түйіс терминдерге қарағанда өзінің қарапайым халыққа түсініктілігімен, дәлдігімен және өміршеңдігімен ерекшеле-нетіндігі.

Енді осыдан келіп, «әрбір ұлт тілі термин жасауда өзінің ішкі мүмкіншіліктерін сарқа пайдалануы керек» деген қағиданың шын мәнісінде іске асырылуы, немесе үстірт орындалуы жалпы ұлт әдеби тілдерінің қалыптасуына және оның өзекті саласы — ғылым тілі статусына тигізетін ықпалы анық байқалады.