Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-759359893.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.95 Mб
Скачать
  1. Әлішер Науаидің лингвистикалық көзқарастары

  1. В.В. Радловтың түркі тілдерінің зерттелуіне қосқан үлесі

Радлов Василий Васильевич (Фридрих Вильгельм) (1837-1918)

В.В.Радлов Берлинде запастағы офицер, қала полициясы комиссарының семьясында дүниеге келген. 1854-1864 жылдары гимназияда оқып, Берлин универсиетінің философия факультетін 1858 жылы бітірді. ХІХ ғасырдағы әлем лингвистикасының Отаны болған Германияда Ф.Бопп, Г.Штейнтальдан, Галле қаласында тұратын фонетист А.Поттан 2 семестр, полиглот-ориенталист В.Шоттардан дәріс алды. Бұл кезеңде санскрит тілі мен үндіевропа тілдерімен салыстырып зерттеу модаға айналған еді. Осы мәселеге қызыға кіріскен В.В.Радлов үндіевропа тілдерін салыстырмалы-тарихи тұрғыда зерттеудің негізгі мәселелерінің қарастырылып болғанына көзі жетеді. Шоттан тыңдаған монгол, татар, манчжур, қытай тілдері жөніндегі курсқа қоса, өздігінен еврейғ араб, парсы, түрік тілдерін үйренеді. Студент кезінде түркологиядағы алғашқы классикалық еңбектердің бірі С.Бетлингтің «Якут тілінің грамматикасымен» танысып, ерекше әсер алады. Радлов өз өмірін шығыстық түркі халықтарының тіліне арнауға бел байлайды. 1854 жылы Петербург университетінде Шығыс факультеті ұйымдастырылып, онда О.Бетлингтің жұмыс істегені белгілі. Сондықтан да Радлов орыс тілін өздігінен үйренеді.

Ол 1858 жылы «Солтүстік Азия халықтарының тілі мен ұлттарына діннің әсері туралы» деген тақырыпта диссертация қорғап, докторлық атақ алады. Ұстазы Шоттың ұсынысымен Петербургқа келді. Петербургқа келген соң унивеситеттің Шығыс факультетіне түспекші болды, бірақ райынан қайтып, Азия музейі кітапханасында біраз жұмыс істейді. Кабинеттік тіл үйренудің жеткіліксіздігін түсінген ол түркі тілдерінің өкілдерімен бетпе-бет кездесуді жөн санап, Ф.В. Шмидт бастаған орыс географиялық қоғамының Амур өлкесі экспедициясына қатыспақ та болды. Россияның Берлиндегі бұрынғы елшісі Т.К.Мейендорфтың ұсынуымен Барнаулдағы тау-кен училищесіне неміс және латын тілдерінің мұғалімі болып орналасады. Радлов 1885-1890 жылдары Азиялық музейдің, 1894-1918 жылдарда Антропологиялық және этнографиялық музейдің директоры, 1901-1918 жылдары Орталық және Шығыс Азияны зерттеуге арналған Орыс коммитетінің төрағасы, 1908-1918 жылдар аралығында Сібір мен оның тұрмысын зерттеу қоғамы басқармасының төрағасы қызметтерін атқарған. 1868 жылы Дерпт (Польша) университетінің филология докторы атағын алып, 1884 жылы Россия Ғылым академиясының толық мүшесі (ол кезде-«ординарлық академик») болып сайланады.

Әлемдік түркология тарихына «Радловтың дәуірі» (А.Н.Кононов) болып енген оның қыруар еңбегі 4 саладан тұрады:

  1. 1866-1904 жылдарда 10 бөлім болып жарияланған «Түркі тайпалары халықтық әдебиетінің үлгілері» (бұдан былай – «Үлгіер») атты еңбегіндегі фольклорлық туындыларды синхрониялық, диахрониялық аспектіде зерттеуі-баға жетпес игілік.

  2. Түркі тілдерінің тұңғыш салыстырмалы фонетикасын жасады.

  3. Өзі, өзіне дейінгі зерттеушілер жинаған түркі тілдерінің деншілігінің лексикасын қамтыған 8 кітаптан тұратын 4 томдық (1888-1911 жж.) түркі тілдерінің сөздігін құрастырды.

  4. Негізгі көне түркі жазба ескерткіштерін аударып, зерттеп, басып шығарды. Түркі тілдес халықтардың тарихы, этнографиясы әне археологиясына арналған бірнеше еңбегі бар.

В.В.Радловтың өмірі мен творчествосын зерттеушілер: 1)Берлин, Барнаул (1859-1871 жж.); 2) Қазан (1871-1884); 3)Петербург (1884-1918 жж.) кезеңі деп бөледі.

Радлов Барнаулда, О.Бетлингтің якут тілін үйренгеніндей, орысша да, немісше де білмейтін қалмақтан қалмақ тілін, телеуіт тайпасының сауатты өкілі Чевалковтан телеуіт тілін үйренеді. Алтай, Саян, Шығыс Қазақстан өлкелеріне, Іле, Ыстықкөл, Ташкент, Түркістан, Сырдария өңіріне, Зеравшан, Самарқанд, Алтынемел, Верный бекінісіне саяхаттар жасап, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Барнаул кезеңінде, 1860-1865 жылдарда, саяхаттарының есептері мен хабарламалары жарияланады, оның 3-еуі Шығыс Қазақстан экспедициясына арналған. 1866 жылы «Үлгілердің» 1-бөлімі жарық көрді. Онда алтай, телеуіт, татар, шор және саяндықтар жөнінде, олардың әдебиет үлгілері, сөздіктер, наречиелердің салыстырмалы грамматикасы сөз болды. 1868 жылғы «Үлгілердің» 2-бөліміне шұлым түркілер мен хакастардың (қазіргі бетлир, сагай, қашын, қойбалдықтар) фольклорлық материалдары енген. 1870 жылға 3-бөлім қазақ фольклорына арналған. Онда «қазақ» этнонимінің, этносының шығу тегі, тілдің түрлі диалектілері және фольклоры, оның жанрлары, өлең өлшемдері туралы іргелі ойлар білдіреді. Ұлттық рухтың тазалығы тілдің тазалығын сақтаудың негізі болған деген тұжырым жасайды. 4-бөлімде барабин, тар және Тобыл, Түмен татар тілдеріне, 5-ші қырғыз, 6-шы таранчай, 7-ші Қырым татарлары, 8-ші кітап Осман наречиесіне арналып, текстерді всигер түркологы И.Кунот, кейбір бөлігін В.А. Гордлевский аударған, 9-кітапта тува, хакас, қарагастар тілі деректері берілген, оны жинаған және аударған Н.Ф.Катанов, 10-кітап гагауыз тіліне арналған (жинаған және аударған В.А.Мошков). Радлов Барнаулда неміс, орыс, француз тілдерінде 21 еңбек жариялайды.

1872 жылы қыста Қазан оқу округіне татар, башқұрт, және қазақ мектептерінің инспекторы болып орналасады. Мұнда татар қыздарына арналған алғашқы мектеп ұйымдастырады. Түркі тілдерінің грамматикасына арналған алғашқы еңбегі «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» (Іле өңірі ұйғырларының тіліне арналған) атты еңбегін «Дауыстылар» және «Дауыссыздар» деген 2 бөлімге бөліп жариялайды. Радловтың айтуынша, түркі тілдерінің грамматикасын жазудың жеделдетілуіне Қазандағы лингвистикалық қоғам немесе «сенбілік кештердегі» дискуссиялар әсер еткен көрінеді. Бұл кезеңде Қазан университетінде Б. де Куртенэ бастаған Н.В. Крушевский , В.А. Богородицкийлер қызмет етіп, даңқты Қазан лингвистикалық мектебін құрғаны белгілі. Радлов олардың лекцияларына, дискуссияларына, Б. де Куртенэнің жазғанындай, белсене қатысып отырған. Осы пікірталастардағы жалпы тіл білімінің теориялық мәселелері Радлов жинаған материалдарға шұғыл түрде лингвистикалық талдаулар жасауына зор ықпал етеді. Бұл еңбекте Радлов түркі тілдеріндегі дауыстылар гармониясы, екпін тұрақтылығы және агглютинативті тіл екендігін айқындады. Дауыстылардағы үндестік заңын түркі тілдерінің жалғамалылығымен түсіндіреді. Радловтың зерттеуі Бетлингтің гипотезасынан гөрі қазіргі қорытындыларға жақын пайымдау болды.

В.Смирнов Радловты еңбектің аты солтүстік түркі тілдеріне арналғанмен, еңбекте оңтүстік түркі тіліне жататын ұйғыр тілі сөз болды деп әділ сынады. Бұл еңбекті Радловтың замандастары «дәуірлік дәрежедегі еңбек», «ғылыми маңызы жағынан Орал-алтай тілдері үшін ғана емес, жалпы тіл білімі үшін де ерекше (Л.Штенберг) деп бағалаған.

«Құман тілі туралы» атты еңбегінің жазылуы қыпшақ ескерткіші «Кодекс Куманикусты» Г.Куунның басын шығаруымен байланысты. Құман тілінде 1) түркі тілдеріне тән 8 дауысты ( а-о, о-ө, ы-і, у-ү) да бар; 2) ерін үндестігі әлсіз; 3) еріндік дауыстылар екінші буыннан ары бармайды; 4) құман тілі Волга бойындағы мишар наречиесіне жақын деген қорытындылар жасайды. Алғашқы 3 тұжырымның дұрыстығын С.Е.Малов, Н.Т.Сауранбаев, Э.Тенищевтердің зерттеулері барысында жасаған құман тіліндегі етістіктің жақтық, шақтық қосымшаларды салыстырғанда қазіргі қазақ, қарақалпақ, ноғай сияқты қыпшақ тілдерімен жақын екендігін дәлелдей түссе, соңғы «мишар теориясының» қателігі айқындалды. Бұл еңбек Радлов өмірінің Петербург кезеңіндегі көне түркі жазба ескерткіштерін ден қоя зерттеуінің беташары еді.

Радлов өмірінің Петербург кезеңі: 1) лексикографиялық жұмыстар, 2) «тірі» түркі тілдерін, 3) Орхон-Енисей және ұйғыр азба ескерткіштерінің тілін зерттеу, 4) ғылыми-қоғамдық қызметі деген 4 бағыттан тұрады.

Бұл кезеңде «Түркі тайпалара халықтық әдебиетінің үлгілері», «Түркі тілдері сөздігін жасаудың тәжірибелері» атты сөздіктерін басып шығаруды аяқтады. Радловтың бұл еңбектері түркі тілдері мен диалектілерінің қазіргі кезге дейінгі бірден-бір салыстырмалы типтегі сөздігі болып қалды.

«Түркі тілдері морфологиясын айқындау туралы қосымша ойлар» атты мақаласында түркі тілдеріндегі агглютинацияның сөз және сөз жасау барысындағы көріністерін, морфологиялық элементтердің шығу тегін айқындауға ден қояды. Радлов бұл мақалада: 1) Г.Штейнталь мен А.Поттың алдымен аналитикалық құрылыстағы тілдер, содан кейінгі агглютинативті, соңында флективті типтегі тілдер қалыптасады, яғни эволюционизм сақталады деген концепциясын қайталауын, 2) Г.Штейнтальдың түркі, монғол тілдеріндегі сингорманизмнің шығу тегін бұл халықтардың «рухани жалқаулығымен» байланыстыруын О.Бетлингк пен В.В.Радловтардың мақұлдауын, яғни тілдік фактілерге деген шовинистік көзқарастарды кезінде Б.де Куртенэ, Кеңестік заман түркологтары, оның ішінде профессор Қ.Жұбанов «тіл намысын империалистерге сатқан ғылыми жезөкшелік» деп қатты сынаған.

Ол Петербургте «Түркі дауыстылар жүйесінің тарихына» (1901), «Якут тілінің басқа түркі тілдеріне қарым-қатынасы» (1908) деген мақалаларын жазды. Алғашқы мақалада кейбір түркі тілдеріндегі созылыңқы дауыстардың кейіннен пайда болған құбылыс екенін баяндаса, екіншісінде якут тілінің түркі және монғол элементтерінен құралған аралас тіл екенін өздерінің аңыздары мен Рашид ад-диннің еңбегі арқылы дәлелдеген болды. ..

1893 жылдың 26 қарашасы күні дат лингвисі В.Томсен Орхон-Енисей жазуларының кілтін тапқаны (дешифровка) белгілі. Ал Радлов келесі жалдан бастап-ақ «Монғолияның көне түркі жазбалары» деген атпен бірнеше жинақ шығарса, 1899 жылы Талас бойынан табылған жазуды оқып аударады. Ж.Баласағұнның «Құтадғу білігін» зерттеп, ұйғыртанудың негізін салды.